Шектеу іс-шараларын алу және Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 10 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-13-4/152 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің "Мейрбек" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Құмсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Құмсай ауылдық округінің әкімі Н.Д. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады