Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 18.05.2023 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 03 сәуірдегі № 02-13-4/57 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің м.а ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында вирусты диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Даурен" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округі әкімінің м.а | Н.Т. Ибраева |