Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 02-12-4/86 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің "Дәурен" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында вирусты диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі | А. Муханов |