Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы, Бершүгір ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 20000 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Саус Урал Ресорсиз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен геологиялық барлау жұмыстары үшін 2028 жылдың 7 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |