Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65- бабының 3- тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 12 қантардағы №11 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулының күші жойылсын деп танылсын.
2. Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №255 "Іле ауданы бойынша адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселлері жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы" қаулының күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ауесбайға жүктелсін.
Аудан әкімінің | м.а. А.Курмангалиев |