Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 11 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 20 қаңтарда № 4076 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 538 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 08.12.2023 № 538 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тамрақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Құматаев Нурлан Орынбасарұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады