"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 342 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Дуйсенбаев |