Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі туралы Ереженің 19-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2-нқ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 5-ші шағын ауданы, 1-ші ғимарат.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы |
Ж. Элиманов |