Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
  жинағында жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

      2) Агенттіктің құрылымы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

      4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.12.2022 № 40 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1006 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауда дербес болады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 16.09.2023 № 355 Жарлығымен.

      2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Агенттік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 10.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.12.2022 № 40 Жарлығымен.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл салаларында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық деректер базасын жүргізу;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіру;

      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      7) Агенттіктің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      сұрау салу бойынша немесе дербес шет мемлекеттің құзыретті органымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратпен, мәліметтермен және құжаттармен алмасу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа, оның ішінде шарттық негізде тарту;

      тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу немесе бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберу;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ақпаратпен, мәліметтермен және құжаттармен алмасу әрі оларды беру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындау;

      өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының үйлестіру кеңестерінің, ведомствоаралық комиссияларының, жұмыс және сараптама топтарының жұмысына қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен криминалистік зерттеулер жүргізу;

      Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;

      Агенттіктің өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процестік әрекеттерді жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында және Президенттің актілерінде айқындалған тәртіппен уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизия, аудит және тексерулер жүргізуді талап ету;

      қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрату;

      Агенттік анықтайтын тәртіп пен мерзімде заңды тұлғалардан және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардан бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды сұрату;

      күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешім шығару;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалану;

      2) міндеттері:

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

      өз қызметін атқару барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және сақталуын қамтамасыз ету;

      қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Агенттіктің қызметіне талдау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыру;

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік органдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру;

      4) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпарат беру;

      5) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіз бар күдікті операциялар бойынша, оларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер ұсынған құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарын банк шоттары бойынша шығыс операциялады тоқтата тұру туралы хабардар ету;

      6) жеке, заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлау;

      7) Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      9) республикалық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігі мен келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпарат негізінде қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізу;

      12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;

      13) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      14) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;

      15) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      17) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру;

      18) Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      20) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қоғамды Агенттіктің қызметіне қатысты хабардар ету, соның ішінде оның қызметі туралы ресми мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      21) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      22) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз ету;

      23) ақпараттандыру объектілерін сақтауға, Агенттіктің қызметінде оларға заңсыз және (немесе) әдейі емес қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;

      24) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      25) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша шешімдерді қарау және қабылдау, сондай-ақ осы жолданымдарда көрсетілген жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;

      26) қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің өзгешелігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, өз құзыреті шегінде нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және бекіту;

      27) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      28) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісім бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру тәртібін және күдікті операцияны анықтайтын белгілерді айқындау;

      29) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен қылмыстық жазасын өтеген жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қорытынды дайындау тәртібін айқындау;

      30) қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындау;

      31) өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға қаражат төлеу тәртібін айқындау;

      32) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдардың өз ақпараттық жүйесінен және ресурсынан мәліметтер ұсыну тәртібін айқындау;

      33) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органы мен Бас прокуратурасының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру тәртібін айқындау;

      33-1) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      33-2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлескен нормативтік құқықтық актіде активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты электрондық нысанда беру тәртібін айқындау;

      34) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізімін жүргізу;

      34-1) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу;

      35) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдар мен жеке тұлғалар қызметін талдау және мониторинг жүргізу туралы ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар мен практиканы қорыту;

      35-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Агенттіктің қарамағындағы ұйымдар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;

      35-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударылуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      36) Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 05.12.2022 № 40; 16.09.2023 № 355; 26.08.2024 № 630 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

3-тарау. Агенттік Төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікті басқаруды Агенттік Төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болды.

      17. Агенттіктің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      19. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің жұмысына басшылық жасауды және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Агенттіктің атынан орындауға міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде – өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін (жұмыскерлерін), аумақтық органдардың басшыларын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекеменің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне), аумақтық органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекеменің басшысына тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар белгілейді;

      6) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау және олардың жоғары арнаулы атағын белгілеу туралы ұсынулар енгізеді;

      7) қарамағындағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

      8) Агенттіктің аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі туралы ережелерді бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

      11) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      12) кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесін бекітеді;

      13) кәсіптік құзыреттерді, түйінді көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді;

      14) құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жұмысқа кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібін және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығарып жіберу негіздерін айқындайды;

      15) құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесін айқындайды;

      16) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      17) ұстап алынғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін бекітеді;

      18) аға басшы құрамның арнаулы атағын бір сатыға төмендету туралы шешім қабылдайды;

      19) полковникке дейінгі арнаулы атақтардан айыру туралы шешім қабылдайды;

      20) атқаратын штаттық лауазымына қарамастан, арнаулы атағы төмендетілген қызметкерлердің бұрынғы арнаулы атағын, бірақ арнаулы атағы төмендетілген күннен бастап алты айдан кейін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;

      21) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      22) құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадрлық болжам әдістемесін бекітеді;

      23) құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу мақсатында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызметінің алгоритмі, қағидалары мен нәтижелеріне қойылатын талаптар) белгілеу тәртібін бекітеді;

      24) ротациялауға жататын басшы лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;

      25) конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдардың тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды;

      26) кадр резервін қалыптастыру тәртібін, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық дерекқорымен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      27) қызметкерлердің кәсіптік қызметтік және дене даярлығын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібін белгілейді;

      28) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырудың мазмұны мен тәртібін айқындайды;

      29) қызметкердің дербес деректері қамтылатын жеке істерді жүргізу тәртібін бекітеді;

      30) қызметтік қажеттілік болған жағдайда, органның қарамағындағы қызметкерге органның құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған органның алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау жөніндегі қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы;

      31) аттестатталуға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттарын, кәсіптік жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ лауазымдар санаттары үшін шекті мәндерді белгілейді;

      32) жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

      33) бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтанушылық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесін айқындайды;

      34) тікелей басшысының ұсынуы негізінде комиссияда қарамастан қызметкерді көтермелеу туралы шешім қабылдайды;

      35) қызметкерге жаза қолдану кезінде өзге де мән-жайларды жеңілдетуші деп таниды;

      36) қызметкерлерге қызмет өткерудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін бекітеді;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Агенттік Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.12.2022 № 40 Жарлығымен.

      20. Агенттіктің Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.12.2022 № 40 Жарлығымен.

      1) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      4) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      8) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      9) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      10) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      11) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      13) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      14) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      15) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      16) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      17) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      18) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      19) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      20) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Агенттіктің мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Бөліммен толықтырылды – ҚР Президентінің 16.09.2023 № 355 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.08.2024 № 630 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "AML ACADEMY" қаржылық мониторинг академиясы" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Төрағаның хатшылығы

      Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті

      Қаржылық мониторинг департаменті

      Цифрландыру департаменті

      Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

      Тергеу департаменті

      Жедел департамент

      Превенция және талдау әзірлемелері департаменті

      Жеке қауіпсіздік департаменті

      Стратегия және жедел басқару департаменті

      Кадр жұмысы департаменті

      Әкімшілік департаменті

      Криминалистика басқармасы

      Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс басқармасы

      Ішкі аудит қызметі

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

1731

  ".

      2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Энергетика министрі";

      кестенің "4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      "Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      "Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бас Прокурор".

      3. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".

      5. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283қбп Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат): ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).

      6. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):

      Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, құқық қорғау қызметін қоспағанда" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша".

      7. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.05.2023 № 238 Жарлығымен.

      8. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.

      9. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

      6-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары;".

      10. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі" деген бөлімде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".

      11. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 580-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі".

      12. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы";

      С санаттарының тобында:

      С-О-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы".

      13. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 154-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      14. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы".

      15. "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарын және уәкілетті органын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 639 Жарлығында:

      1-тармақта:

      кестеде:

      "Терроризмге қарсы күрес:" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";

      "Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес:" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";

      "Қарудың кез келген түрлерінің және оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, әскери техниканың заңсыз айналымына қарсы күрес" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";

      "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес:" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";

      "Кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес:" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";

      "Контрабандаға қарсы күрес:" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;".

      16. "Қазақстан Республикасынан Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52 Жарлығында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету шеңберінде заттай дәлелдемелер бойынша Қазақстан Республикасынан Хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      17. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін іске асыру жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 65 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      18. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 наурыздағы № 281 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 9, 58-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      19. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары".

      20. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы" деген жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады