Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 138 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 124-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 32560 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Учаскелік комиссиялар туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;  

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.    

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Ж. Б. Сәрсебаевқа жүктелсін.      

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "01" тамыздағы
№ 138 қаулысына
қосымша

Учаскелік комиссиялар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 124-бабының 3-тармағына, "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды (бұдан әрі-үлгілік Ереже).

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

      учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.

      атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады. Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізеді.

      3. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.

      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Комиссиялардың негізгі міндеті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар бекітетін Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.

      6. Комиссияның негізгі функцияларына:

      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

      2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшем шарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның ережесі Үлгілік ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органмен келісіп, облыстық атқарушы орган бекітеді.

      8. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).

      9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауға тиіс.

      10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.

      11. Өтініш берушіні отырыстың өткізілетін күні туралы хабардар етуді, Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Комиссия отырысына қажетті құжаттарды, материалдар даярлауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      12. Өтініш беруші қалауы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады.

      13. Комиссия:

      мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.

      14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      16. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

      17. Комиссияның қорытындысына келіспеген кезде, өтініш беруші уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасайды.

Об утверждении Положения об участковых комиссиях для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью

Постановление акимата области Абай от 1 августа 2023 года № 138

      В соответствии с пунктом 3 статьи 124 Социального кодекса Республики Казахстан, статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 мая 2023 года № 167 "Об утверждении Типового положения об участковых комиссиях, а также критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя" (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 мая 2023 года за № 32560), акимат области Абай ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение об участковых комиссиях, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата области Абай от 5 января 2023 года № 3 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях".

      3. Государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ области Абай" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства Юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата области Абай.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Абай Сарсебаева Ж. Б.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Абай Н. Уранхаев

  Приложение
к постановлению акимата
области Абай
от "01" августа 2023 года
№ 138

Положение об участковых комиссиях

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение об участковых комиссиях (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 3 статьи 124 Социального кодекса Республики Казахстан, Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 23 мая 2023 года № 167 "Об утверждении Типового положения об участковых комиссиях, а также критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя" (далее - Типовое положение) и определяет статус и полномочия участковых комиссий.

      2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении:

      карьерный центр - филиал центра трудовой мобильности, осуществляющий выполнение его функций в районах, городах областного и республиканского значения, столице;

      уполномоченный орган по назначению государственной адресной социальной помощи – местный исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района, города областного значения, района в городе, города районного значения, осуществляющий назначение адресной социальной помощи;

      участковая комиссия (далее - Комиссия) – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

      Уполномоченный орган по назначению адресной социальной помощи осуществляет оказание социальной помощи в соответствии с Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденного Правительством Республики Казахстан в соответствии с подпунктом 17) статьи 11 Социального кодекса Республики Казахстан. Комиссия проводит обследование материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью.

      3. Комиссии являются постоянно действующим коллегиальным органом на территории соответствующих административно-территориальных единиц. Комиссии организовывают свою работу на принципах открытости, гласности, коллегиальности и беспристрастности.

      4. Комиссии в своей деятельности руководствуются Конституцией, Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан, настоящим Положением, а также критериями определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя.

2. Задачи и функции Комиссии

      5. Основной задачей Комиссии является содействие уполномоченному органу по назначению государственной адресной социальной помощи, а в сельской местности - акиму поселка, села, сельского округа в деятельности по оказанию государственной адресной социальной помощи населению (далее – адресная социальная помощь) или социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила), утверждаемыми местными представительными органами в соответствии с пунктом 2-3) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", повышению их адресности.

      6. К основным функциям Комиссии относятся:

      1) проведение обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами (далее – обследование);

      2) направление запроса в соответствующие органы для получения недостающих сведений, необходимых для проведения обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи;

      3) составление акта обследования материального положения лица (далее - заявитель), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами;

      4) на основании представленных документов и (или) результатов обследования подготовка заключения о необходимости предоставления или об отсутствии необходимости предоставления адресной социальной помощи или социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами, с учетом критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя, утвержденными уполномоченным государственным органом.

3. Организация деятельности Комиссии

      7. Положение Комиссии, разрабатывается на основании Типового положения, согласовывается с местным представительным органом и утверждается областным исполнительным органом.

      8. Уполномоченный орган по назначению адресной социальной помощи, а в сельской местности – аким поселка, села, сельского округа создает условия для нормальной деятельности Комиссии (предоставляет отдельную комнату на время заседания, обеспечивает нормативными правовыми актами, техническими средствами).

      9. Cостав Комиссии состоит из представителей органов местного государственного управления, общественных объединений, объединений собственников имущества, простых товариществ многоквартирных жилых домов (простые товарищества), населения, организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты населения, работников правоохранительных органов.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов Комиссии. Общий состав Комиссии составляет не менее пяти человек.

      10. Председатель организует работу Комиссии и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.

      11. Оповещение заявителя о дате проведения заседания, подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола заседания Комиссии после его проведения осуществляет секретарь Комиссии.

      12. Заявитель при желании присутствует на заседании Комиссии.

      13. Комиссия:

      в течение семи рабочих дней со дня получения документов от карьерного центра или акима поселка, села, сельского округа готовит заключение на основании представленных документов и (или) результатов обследования материального положения заявителя, обратившегося за назначением адресной социальной помощи и передает его в карьерный центр или акиму поселка, села, сельского округа;

      в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), обратившегося за оказанием социальной помощи, подготавливает заключение о нуждаемости или об отсутствии нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи в соответствии с Правилами, и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      14. Решения Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее состава.

      15. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      16. Принятое решение Комиссии оформляется в форме заключения, с которым заявитель ознакамливается под роспись.

      17. При несогласии заключение Комиссии обжалуется заявителем в уполномоченном органе, а также в судебном порядке.