Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы мәслихатының 26.09.2024 № 19 /134-VIII шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1-абзацының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы | У. Майжанов |
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIII шешімнің қосымшасы |
Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері
1. Осы Абай облысында ортақ су пайдалану ережелері (әрі қарай – Ереже), Қазақстан Республикасы Су кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 38-бабының 1-абзацының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Абай облысында ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органы белгілейді.
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Абай облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Ереженің 1 және 2- қосымшаларына сәйкес айқындалады.
12. Абай облысының қалалар мен аудандар әкімдіктері тиісті аумақта орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Абай облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Абай облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
15. Абай облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушыға жолдайды.
16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
17. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Абай облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
18. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
19. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Абай облысында | |
ортақ су пайдалану ережелерінің | |
1-қосымшасы |
Абай облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайтын жерлер
Р/с № | Су объектісінің атауы | Ауылдық округ, жақын орналасқан елді мекен, аудан (координаттары) | Ескертпе |
Семей қаласы | |||
1 | Ертіс өзені |
Солнечная поляна саяжайлар алабы ауданында. | шомылу жүзеге асырылмайды |
Мұрат саяжайлар алабы ауданында (50026′5.53″С; 80010′0.29″В) | |||
Бобровка саяжайлар алабы ауданында (50025′53.87″С; 80012′6.45″В) | |||
Семей кемеқұрлыс-кемежөндеу зауыты ауданында (50027′9.36″С; 80012′41.78″В) | |||
Аквапарк ауданында (50024′53.10″С; 80013′19.48″В) | |||
Аквапарктің сол жағалауы бөлігі | |||
Смычка суқақпасы мен бұрынғы понтон көпірінің арасы ауданында (50023′59.71″С; 80015′2.71″В) | |||
Абай көшесіндегі орталық мешіт ауданында, | |||
Тұлпар көлік базарынан кейін орналасқан шығыс кенті ауданында (жеке тұрғын сектор) (50024′8.66″С; 80016′30.85″В) | |||
Смычка суқақпасы мен ат-арба көлік көпірі (ескі көпір) арасы ауданында (50023′39.74″С; 80017′43.60″В) | |||
Бейбітшілік аралы (биологиялық орталықтан кейін) (50023′2.06″С; 80017′56.05″В) | |||
Шығыс кенті саяжайлар алабы ауданында (саяжайлар) (50023′2.52″С; 80017′58.94″В) | |||
"Саржайлау" демалыс базасы, Семей қаласы аумағында, | |||
"Бобровка" демалыс базасы, Семей қаласы аумағында, | |||
2 | Колхозка көлі | Озерка ауылы, Озерский аулыдық округі (50023′31.68″С; 80028′35.74″В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
3 | 1 Мұрат қазаншұңқыры |
Мұрат кентіндегі Бобровка мен 35-ші колония арасында | шомылу жүзеге асырылмайды |
4 | 2 Мұрат қазаншұңқыры |
Мұрат кентіндегі Бобровка мен 35-ші колония арасында | шомылу жүзеге асырылмайды |
5 |
Атауы жоқ көлі |
"Мақсал" демалыс базасы, | шомылу жүзеге асырылмайды |
6 |
"Колхозное" көлі |
"Тополек" шаруа қожалығының жағажайы, Озерки ауылдық округі, Озерки ауылы | шомылу жүзеге асырылмайды |
Абай ауданы | |||
7 | Қарашоқы өзені | Кеңгірбайби ауылдық округі (49084′09.42″С; 79079′25.23″В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
8 | Оспанкөл көлі | Кеңгірбайби ауылдық округі (49017′55.95″С; 79028′65.10″В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Аягөз ауданы | |||
9 | Аягөз өзенінің бойында орналасқан "3 скалка" орны | Аягөз қаласы (47056′20.59′′С; 80039′14.99′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
10 | Аягөз өзенінің бойында орналасқан "Спартак" орны | Мамырсу ауылы (47056′27.54′′С; 80023′14.99′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Бесқарағай ауданы | |||
11 | Ертіс өзені | Глуховка ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу жүзеге асырылмайды |
Стеклянка ауылы (50049′79.25′′С, 79093′71.19′′B) | |||
Бірлік ауылы (50030′56′′С, 79042′44′′B) | |||
Белокаменка ауылы (50056′63.44′′С, 79059′71.22′′B) | |||
Долонь ауылы (50056′63.44′′С, 79059′71.22′′B) | |||
Мостик ауылы (50041′15′′С, 79006′44′′B) | |||
Черемушки ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | |||
Бөдене ауылы (50056′63.44′′С, 79059′71.22′′B) | |||
Грачи ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | |||
Жетіжар ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | |||
Кривинка ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | |||
12 | атауы жоқ көл | Канонерка ауылы (50056′63.44′′С, 79059′71.22′′B) | шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу жүзеге асырылмайды |
13 | атауы жоқ көл | Беген ауылы (50029′09.11′′С, 79052′50.81′′B) | шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу жүзеге асырылмайды |
Бородулиха ауданы | |||
14. алып тасталды - Абай облысы мәслихатының 28.06.2024 № 16/116-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |||
15 | Абдулка су айдыны | Бородулиха ауылы (50077′37.58′′С; 80098′41.72′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
16 | Горчак көлі | Ауыл станциясы ауданында (51001′16.81′′С; 81000′88.66′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
17 | атауы жоқ су айдыны | Дмитриевка ауылы шетінде (50074′44.20′′С; 80082′40.00′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
18 | атауы жоқ тоған | Ивановка ауылы (50054′4′′С; 81031′5′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
19 | Неміс тоғаны | Переменовка ауылы (50048′30′′С; 81021′49′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
20 | Веселов тоғаны | Жаңа Шүлбі ауылының оңтүстік-батыс бөлігі (50052′88.70′′С; 81031′16.16′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
21 | атауы жоқ тоған | Жерновка ауылы (50052′67.34′′С; 81012′88.95′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
22 | Жерновка өзені | Жерновка ауылының оңтүстік ауданында (50051′33.55′′С; 81012′88.95′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
23 | Казенное көлі | орман алқабының шетінде, Жерновка ауылынан 1,5 километр (50049′17.41′′С; 81010′70.69′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
24 | Черемушное көлі | орман алқабының шетінде, Жерновка ауылынан 6 километр (50049′17.41′′С; 81010′70.69′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
25 | Оба өзені | Красный Яр ауылы (50051′61.05′′С; 81069′60.55′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
26 | Жаңа Шүлбі су қоймасы | Уба-Форпост ауылы (50028′05.64′′С; 81062′11.92′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
27 | Михайловск көлдері | Семей орманы территориясы, Михайловка ауылы ауданында (50066′25.25′′С; 80068′01.60′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
28 | Дюкала көлі | Семей орманы территориясы, Камышенка ауылы ауданында (50067′78.59′′С; 80082′67.59′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
29 | атауы жоқ қазаншұңқыр | Камышенка ауылының солтүстік-шығыс бөлігі (50071′30.20′′С; 80077′53.50′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
30 | Старый тоғаны | Шелехово ауылы (50079′04.87′′С; 80051′39.63′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
31 | кіші Палевск тоғаны | Шелехово ауылы (50079′22.53′′С; 80048′84.47′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
32 | Первый 1 тоғаны | Шелехово ауылы (50081′66.87′′С; 80049′20.93′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
33 | Первый 2 тоғаны | Орловка ауылы (50082′52.38′′С; 80056′41.01′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
34 | Троицкое 1 тоғаны | Шелехово ауылы (50078′15.22′′С; 80041′51.47′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
35 | Троицкое 2 тоғаны | Шелехово ауылы (50078′91.98′′С; 80039′62.62′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
36 | Бригадный тоғаны | Орловка ауылы (50083′31.43′′С; 80056′33.58′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
37 | Летний тоғаны | Орловка ауылы (50083′31.43′′С; 80056′33.58′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
38 | Қызылтай 1 тоғаны | Орловка ауылы (50078′15.22′′С; 80041′51.47′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
39 | Қызылтай 2 тоғаны | Орловка ауылы (50078′91.98′′С; 80039′62.62′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
40 | атауы жоқ су айданы | Шаңырақ көшесі ауданында, Новопокровка ауылы (50068′37.33′′С; 80045′60.56′′В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Жарма ауданы | |||
41 | Шар өзені | Суықбұлақ кенті (49°47'42"С; 80°49'30"В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Жаңаөзен ауылы (49°19'18"С; 81°28'11"В) | |||
Шар қаласы (49°35'19"С; 81°02'43"В) | |||
42 | Шар су қоймасы | Қалбатау ауылы (49°19'41"С; 81°34'14"В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
43 | Ортабұлақ су қоймасы | Қалбатау ауылы (49°19'41"С; 81°34'14"В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
44 | Қызылсу өзені | Шалабай ауылы (49°41'59"С; 81°30'25"В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Үржар ауданы | |||
45 | Егінсу ауылындағы су қоймасы | Егінсу ауылы (46°57'39.99"С; 81°28'17.71"В) | шомылу жүзеге асырылмайды |
Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерінің 2-қосымшасы |
Абай облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 28.06.2024 № 16/116-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Су объектісінің атауы | Ауылдық округ, жақын орналасқан елді мекен, аудан (координаттары) | Ескертпе |
Семей қаласы | |||
1 | Ертіс өзені |
Понтон көпірінің сол жағалауы, | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
2 |
Пристань ауданы | ||
Бесқарағай ауданы | |||
3 |
"Шошқалы" көлі |
Қарабас ауылдық округі | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
Бородулиха ауданы | |||
4 | Шүлбі су қоймасы |
Жерновка ауылдық округі | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
5 | Жерновские көлдері |
Жерновка ауылдық округі, | |
6 | Михайловские көлдері |
Подборный ауылдық округі, | |
7 | Большое көлі |
Бородулиха ауылы | |
Жарма ауданы | |||
8 | Арасан көлі |
Қалбатау ауылдық округі, | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
Мақаншы ауданы | |||
9 | Алакөл көлі |
Қабанбай ауылы | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
Курчатов қаласы | |||
10 | Ертіс өзені |
Маяк қонақ үйі ауданында | жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан 50 метрден кем емес |
11 |
№ 2 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ ауданында | ||
12 |
Саяжай алабы ауданында |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
22.06.2023 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
19.06.2023 жыл
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясының басшысы
____________________ Р. Иманбет
13.06.2023 жыл
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
____________________ Е. Мәдиев
20.06.2023 жыл