Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімінің 29.11.2023 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 және 50-бабтарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Семей қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 14 тамыздағы № 9 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Семей қаласы Ертіс ауылдық округінің Прииртышское ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 14 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қала әкімі | Н. Нұрсағатов |