Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасымен, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 10 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 шілдедегі № 3 "Абай облысының Бесқарағай ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі | Т. Муратов |