Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 27.07.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48- бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 14 шіледегі № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Бесқарағай ауданының әкімі | Т. Муратов |