Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 28.09.2023 № 6/118-VIII (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабынының 8-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI шешімінің және "Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI "Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 4 наурыздағы № 13/219-VIІ шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы | М. Оспанбаев |