Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 9-222/VIII шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | А. Омаров |