"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы "17" 10 № 200 қаулысына қосымша |
2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Қант қызылшасы | 25 000 |
2 | Дәндік жүгері | 20 000 |
3 | 20 000 |