2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 200 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы "17" 10 № 200 қаулысына қосымша

2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

25 000

2

Дәндік жүгері

20 000

3

Майлы дақылдар:
Мақсары
Күнбағыс
Қытай бұршағы

20 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады