Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Тараз қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |
Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-4 шешіміне 1- қосымша |
Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,795 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,925 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,146 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,522 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,793 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,698 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,067 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,867 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,62 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,688 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары | 1 отыратын орын | 0,106 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,035 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,005 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,183 |
14 | Азық-түлік дүкендері, өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 1,05 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,073 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 1,115 |
17 | Азық-түлік тауарларының, өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,029 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,073 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
20 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,25 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,404 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орны | 3,305 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,753 |
24 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,33 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,58 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,083 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,029 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,087 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,01 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,007 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,761 |
* Ескертпе:
м2 - шаршы метр
м3 - текше метр.
Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-4 шешіміне 2-қосымша |
Тараз қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы, теңге |
1 | жайлы үйлер | тұрғын/айына | 250,0 |
2 | жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 268,1 |
3 | жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 1671,309 |