Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы |
|
Ұлттық экономика министрлігі | |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына қосымша |
Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 365-бабы 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеуге арналған.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қалдықтардың түзілуі немесе қалдықтарды түпкілікті қалпына келтіру немесе жою сәтіне дейін одан әрі басқару процесінде жүзеге асырылатын мерзімдер ішінде арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинап қою қалдықтарды жинақтау деп түсініледі.
2) қалдықтарды қалпына келтіруге немесе жоюға одан әрі жіберу мақсатында мамандандырылған ұйымдардың жеке және заңды тұлғалардан қалдықтарды ұйымдасқан түрде қабылдау жөніндегі қызметі қалдықтарды жинау деп түсініледі.
Қалдықтарды жинау жөніндегі операциялар қалдықтарды жинау процесінде сұрыптау және жинақтау жөніндегі қосалқы операцияларды қамтиды.
Жинау процесінде қалдықтарды жинақтау деп Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған жерлерде қалдықтарды сақтау түсініледі, оларда түзілген жерінен әкетілген қалдықтар осы қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге одан әрі тасуға дайындау мақсатында түсіріледі.
3) қалдықтарды тасымалдау деп қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою процесінде олардың пайда болу, жиналу орындары арасында мамандандырылған көлік құралдарының көмегімен қалдықтардың орнын ауыстырумен байланысты қызмет түсініледі. Полигонның жою қорын полигон операторы – полигонның меншік иесі оны жабу, жерді рекультивациялау, полигон жабылғаннан кейін қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін құрады.
4) қандай да бір пайдалы функцияны орындау үшін пайдаланылуы мүмкін басқа материалдарды алмастыру мақсатында көрсетілген функцияны орындау үшін қалдықтарды пайдалану басты мақсаты болып табылатын, қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған кез келген операция, оған қосанақты өндірістік объектіде немесе экономиканың белгілі бір секторында жүзеге асырылатын, осындай функцияларды орындау үшін осы қалдықтарды дайындау жөніндегі қосалқы операциялар қалдықтарды қалпына келтіру деп танылады.
Қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі операцияларға:
5) қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау;
6) қалдықтарды қайта өңдеу;
7) қалдықтарды кәдеге жарату жатады.
Қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау жай-күйін тексеруді, тазалауды және (немесе) жөндеуді қамтиды, солар арқылы қалдыққа айналған өнім немесе оның құрамдастары қандай да бір өзгеше өңдеу жүргізілмей қайтадан пайдалануға дайындалады.
Қалдықтарды қайта өңдеу деп осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мақсатына қарамастан өнімді, материалдарды немесе заттарды одан әрі өндіруде (дайындауда) пайдалану үшін жарамды болатын пайдалы құрамдастарды, шикізатты және (немесе) материалдарды қалдықтардан алуға бағытталған механикалық, физикалық, химиялық және (немесе) биологиялық процестер түсініледі.
Қалдықтарды қайта өңдеуден басқа мақсатта, оның ішінде жылу немесе электр энергиясын алу, әртүрлі отын түрлерін өндіру үшін қайталама энергетикалық ресурс ретінде пайдалану, сондай-ақ құрылыс салу, жердегі немесе жер қойнауындағы қазылған кеңістіктерді (бос жерлерді) толтыру (салу, көму) мақсатында немесе ландшафтарды жасау немесе өзгерту кезінде инженерлік мақсатта қайталама материалдық ресурс ретінде пайдалану процесі қалдықтарды кәдеге жарату деп түсініледі.
3. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға:
1) түзілген жерінде қалдықтарды жинақтау;
2) қалдықтарды жинау;
3) қалдықтарды тасу;
4) қалдықтарды қалпына келтіру;
5) қалдықтарды жою;
6) операцияларды жүзеге асыру процесінде орындалатын қосалқы операциялар;
7) қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды байқауды жүргізу;
8) жойылған (жабық, пайдаланудан шығарылған) қалдықтарды жою объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі қызмет жатады.
4. Бөлек жинау мынадай фракциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) "құрғақ" (қағаз, картон, металл, пластик және шыны);
2) "дымқыл" (тамақ қалдықтары, органика және өзге).
Қалдықтарды басқарудың одан арғы барлық кезеңдерде бөлек жиналған қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.
5. Қалдықтарды түзушілер мен олардың иелері қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесіне орай, қалдықтардың түзілуін болғызбау және түзілген қалдықтарды басқару жөніндегі шараларды олардың артықшылығының кемуі тәртібімен мынадай реттілікпен қолдану:
1) қалдықтардың түзілуін болғызбау;
2) қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау;
3) қалдықтарды қайта өңдеу;
4) қалдықтарды кәдеге жарату;
5) қалдықтарды жою.
6. Халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті (бұдан әрі – тариф) аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Әдістемеге сәйкес әзірлейді және тиісті жергілікті өкілдік органдарға бекітуге ұсынады.
2-тарау. ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу
7. Тарифті есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, ол калькуляция баптары бойынша топтастырылған ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және нормативтік шығындарын көрсетеді.
8. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны (Ө) ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптаужәне көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады.
Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны жиналған және әкеткен ҚТҚ көлеміне бөлінген ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнға сұрыпталған ҚТҚ көлеміне бөлінген ҚТҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды және көмілген ҚТҚ көлеміне бөлінген ҚТҚ көму бойынша толық өзіндік құнды қосу арқылы айқындалады.
ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындар жұмысының негізгі көрсеткіштері осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген.
ҚТҚ жинаудың, тасымалдаудың, сұрыптаудың және көмудің толық өзіндік құнын есептеуге арналған кестенің нысаны осы Әдістемеге 2-қосымшада берілген.
9. Тарифті есептеудің алдындағы төрт тоқсан ішінде ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша нақты келтірілген шығындар болмаған жағдайда, оны есептеу кезінде бір өңір шегіндегі ұқсас (әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бойынша) елді мекендерде ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын нарық қатысушыларының есептері негізге алынады.
10. Қаржылай қаражатқа деген қажеттілікті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
ҚҚ жинау және тасымал. = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ жинау және тасымал. – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер.– пайданың жол берілетін деңгейі.
ҚҚ сұрып. = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ сұрып. – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер. – пайданың жол берілетін деңгейі.
ҚҚ көму = Ө*(1 + Пжол бер./100),
мұндағы:
ҚҚ көму – қаржылай қаражатқа деген қажеттілік;
Ө – толық өзіндік құн(шығындар);
П жол бер. – пайданың жол берілетін деңгейі.
11. Пайданың жол берілетін деңгейі (Пжол бер.) тариф есептелетін күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары емес деңгейде айқындалады.
12. ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша қызметтер көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген толық қажеттілік мынадай формуламен айқындалады:
ҚҚ жалпы = ҚҚ жинау және тасымал. + ҚҚ сұрып. + ҚҚ көму,
Бір немесе бірнеше қызмет болмаған жағдайда, 0 - мәні пайдаланылады.
13. Бірізді пайдалану және есепке алу үшін шығындар қалдықтардың көлеміне (м3) есептеледі. Массаны көлемге айналдыру үшін мынадай формула қолданылады:
Текше метрлер саны = Масса (тонна) / ҚТҚ тығыздығы
ҚТҚ тығыздығының кестесі осы Әдістемеге 3-қосымшада берілген.
14. ҚТҚ бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф былайша есептеледі:
мұндағы:
Т – ТҚҚ бір бірлігіне (1 м3) жылдық тариф, теңге;
ҚҚ жинау және тасымал. – жылына ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген қажеттілік, теңге;
К жинау және тасымал. – жылына жиналған және әкеткен ҚТҚ көлемі, м3;
ҚҚ сұрып.– ҚТҚ сұрыптау бойынша қызметтер көрсету үшін қаржылай қаражатқа деген қажеттілік, теңге;
К сұрып. – жылына сұрыптауға жіберілетін ҚТҚ көлемі, м3;
ҚҚ көму – жылына ҚТҚ көму бойынша қызметтерді көрсету үшін қаржылай қаражатқа дегенқажеттілік, теңге;
К көму – жылына көмілген ҚТҚ көлемі, м3.
15. Бір тұрғынға шаққандағы айлық тариф мынадай формуламен айқындалады:
мұндағы:
Та – бір тұрғынға шаққандағы ТҚҚ айлық тарифі, теңге;
Н – бір тұрғынға шаққандағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы, м3.
Бір тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
16. Тарифті есептеу үшін жергілікті атқарушы органдар ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарыққа қатысушылардан есепті кезең үшін мынадай құжаттарды:
1) еңбекақы бойынша есептік ведомосты;
2) ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыру кезінде тартылған, әрбір негізгі қаражат бөлігінде есепті кезең үшін негізгі қаражатқа амортизацияны есепке жазу ведомосын;
3) атауы, саны мен сомасы міндетті түрде көрсетілген, ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыру кезінде пайдаланылған шикізат пен материалдарды есептен шығару жөніндегі ведомосты;
4) негізгі шығыстар (шикізатқа, негізгі материалдарға, отынға және энергияға, негізгі еңбекақыға) және жүкқұжат шығыстары (жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық, өндірістен тыс) бойынша ведомостарды сұратады.
17. Әрекет ететін, ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарыққа қатысушылар болған кезде, тарифті есептеу кезінде олардың қатысуы міндетті.
18. Кодекстің 365-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту арқылы іске асырады.
Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған тарифті есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
ТҚҚ жинау және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындар жұмысының негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Есепті кезең үшін нақты деректер (кезеңді көрсету) | Ескертпе |
---|---|---|---|---|
1. | Көлік құралдарының паркі, барлығы, оның ішінде көлік құралдарының маркалары бойынша | бірлік | ||
2. | Маркалары бойынша көлік құралдарының пайдалану мерзімі | жыл | ||
3. | Ауысым ұзақтығы | сағат | ||
4. | ТҚҚ-мен жасалған рейстердің саны, барлығы, оның ішінде көлік құралдарының маркалары бойынша | бірлік | ||
5. | 1 рейсте көлік құралдарына тиелетін ТҚҚ мөлшері, барлығы, оның ішінде машиналардың маркалары бойынша | м3 | ||
6. | Әкетілген ТҚҚ, барлығы, оның ішінде көлік құралдарының маркалары бойынша | м3 | ||
7. | Көлік құралдарының жүріп өткен жолы, барлығы, оның ішінде көлік құралдарының маркалары бойынша | км |
Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған тарифті есептеу әдістемесіне 2-қосымша |
ҚТҚ жинаудың, тасымалдаудың, сұрыптаудың және кәдеге жаратудың толық өзіндік құнын есептеу
№ | Көрсеткіштер | Есепті кезең | Шығындар және өзіндік құн, теңге/жыл | Ескертпе |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-кесте. ҚТҚ жинаудың және тасымалдаудың толық өзіндік құны | ||||
1. | ҚТҚ жинауға және тасымалдауға жұмсалатын шығындар, оның ішінде: | |||
Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбекақы төлеу қорына аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Отынға жұмсалатын шығындар | ||||
Материал мен шикізатқа жұмсалатын шығындар | ||||
ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша арнайы машиналар мен жабдыққа техникалық қызмет кетуге және оларды жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау бойынша шығыстар | ||||
2. | ҚТҚ жинаудың және тасымалдаудың толық өзіндік құны |
№ | Көрсеткіштер | Есепті кезең | Шығындар және өзіндік құн, теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2-кесте. ТҚҚ сұрыптаудың толық өзіндік құны | ||||
1. | ҚТҚ сұрыптауға жұмсалатын шығындар, оның ішінде: | |||
Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбекақы төлеу қорына аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Электр және жылу энергиясына арналған шығындар | ||||
Материалдар мен шикізатқа жұмсалатын шығындар | ||||
ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша арнайы машиналар мен жабдыққа техникалық қызмет кетуге және оларды жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау бойынша шығыстар | ||||
Сұрыптау желілерін сатып алуға арналған шығындар | ||||
Ұсақтау және престеу аппараттарын сатып алуға арналған шығындар | ||||
2. | ҚТҚ сұрыптаудың толық өзіндік құны |
№ | Көрсеткіштер | Есепті кезең | Шығындар және өзіндік құн, теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3-кесте. ҚТҚ көмудің толық өзіндік құны | ||||
1. | ҚТҚ көмуге жұмсалатын шығындар, оның ішінде: | |||
Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбекақы төлеу қорына аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Электр және жылу энергиясына арналған шығындар | ||||
Материалдар мен шикізатқа жұмсалатын шығындар | ||||
ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша арнайы машиналар мен жабдыққа техникалық қызмет кетуге және оларды жөндеугежұмсалатын шығындар | ||||
Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау бойынша шығыстар | ||||
Қоршаған ортаға эмиссияға жұмсалатын шығындар | ||||
Полигонды жою қорына аударымдар* | ||||
2. | ҚТҚ көмудің толық өзіндік құны |
* Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылады
Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған тарифті есептеу әдістемесіне 3-қосымша |
ТҚҚ тығыздығының кестесі
№ | ТҚҚ атауы | Тығыздығы, т/м3 |
---|---|---|
1.Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) | ||
1 | Аралас тұрмыстық қалдықтар | 0,2 |
2 | Шыны қалдықтары | 0,3 |
3 | Мата қалдықтары | 0,18 |
4 | Пластмасса қалдықтары | 0,4 |
5 | Аллюминий қалдықтары | 0,37 |
6 | Қағаз бен картон қалдықтары | 0,109 |
7 | Ірі габаритті қоқыс (ІГҚ) | 0,214 |
8 | Керамика сынығы | 1,7 |
9 | Ылғал топырақ | 1,6 |
10 | Құрғақ топырақ | 1,4 |
11 | Құм қалдықтары | 1,65 |
12 | Битум, асфальт қалдықтары | 1,1 |
13 | Қож-мақта қалдықтары | 0,3 |
14 | Болат сынықтары | 0,8 |
15 | Шойын сынықтары | 0,9 |
16 | Қиыршық тас қалдықтары | 2 |
17 | Фанер қалдықтары | 0,65 |
18 | Ағаш конструкцияларды бұзудан қалған қалдықтар | 0,6 |
19 | Қалдықтар рубероидтері | 0,6 |
20 | ҚТҚ құрамы бойынша ұқсас коммуналдық қалдықтар | * |
* коммуналдық қалдықтарға құрамы жағынан ҚТҚ-ға жақын қалдықтар қолданылады.