"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Байзақ ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 50% пайыздан аспайтынкөлемінде белгіленсін.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Ақбаев |