Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 190 Жарлығына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қордай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 26-2 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2119 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Қордай аудандық мәслихатының регламентінде: бүкіл мәтін бойынша "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысының", "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысына", "мәслихаттың хатшысы", "мәслихат хатшысын", "мәслихатының хатшысы", "жаңа хатшыны", "мәслихаты хатшысының" деген сөздер тиісінше "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасының", "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасына", "мәслихаттың төрағасы", "мәслихат төрағасын", "мәслихатының төрағасы", "жаңа төрағаны", "мәслихаты төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай аудандық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |