"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50% пайыз көлемінде белгіленсін.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Сарысу аудандық | |
мәслихат төрағасы | Ш. Мұсабеков |