ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 12 (он екі) ай ішінде (осы бұйрықтың 9-т. қараңыз)ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 9-т. қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 67-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 82-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) "Әлеуметтік әмиян" арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен Қазақстан Республикасы бойынша іске қосылсын.
2. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ақпараттандыру объектілері:
1) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша актінің болуын;
2) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын (бұдан әрі – АҚМЖО) құруды немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан АҚМЖО қызметін сатып алуды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мен ақпараттандыру объектілері "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 3-2-тармағы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4-тармағы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелердің интеграциясын, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамына, білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары және ақпараттандыру объектілері пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
8. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін хабардар етсін.
9. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 12 (он екі) ай ішінде қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі __________Ғ. Бейсембаев |
Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрі__________Б. Мусин |
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс – қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі арқылы проактивті тәсілмен "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Қызмет) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) абоненттік нөмір – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;
2) "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰББД) – білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйесі;
3) көрсетілетін қызметті беруші – көрсетілетін Қызметті көрсететін білім беру ұйымы;
4) көрсетілетін қызметті алушы – көрсетілетін Қызметті алушы (жалпы білім беретін мектептің білім алушысы мен тәрбиеленушісінің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері);
5) оқушы – жалпы білім беретін мектептегі білім алушы және тәрбиеленуші, көрсетілетін Қызметті тікелей алушы;
6) қысқа мәтінді хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – қысқа мәтінді хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;
7) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) - жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламаларды жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын "электрондық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;
8) проактивті тәсілмен мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
9) "Smart Data Ukimet" ақпараттық – талдау жүйесі (бұдан әрі – SDU) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған және мемлекеттік органдарға деректерге негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін талдамалық платформа ұсынады;
10) "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі (бұдан әрі – ОЦК) – SDU-да іске асырылған талдамалық кейс;
11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
12) "электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасы (бұдан әрі – eGov Mobile) – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет желісі арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
13) әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға арналған, оларды иeлік етуді қамтамасыз ететін, еGov Mobile-ға енгізілген жеке тұлғаның электрондық әмияны.
Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Проактивті тәсілмен қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. Қызметті проактивті тәсілмен көрсетуге арналған пилоттық жоба "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына және осы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қолда бар интеграцияны пайдалана отырып, SDU "Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығының 5-тарауының талаптарына сәйкес ҰБДБ-дан оқушылар (тегін және жеңілдікті тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар, тегін және жеңілдікпен тамақтану алуға үміткер оқушылар) туралы мәліметтерді қабылдайды.
5. ҰБДҚ және ОЦК алынған мәліметтер негізінде SDU Қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға сәйкес мынадай оқушылар санаты бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін сегменттейді және қалыптастырады:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар.
6. Қызмет көрсетуге тиісті оқушылардың қалыптастырылған тізімін, сондай-ақ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар болып табылатын оқушылардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің тізімін SDU ЭҮП-ке береді.
7. SMS-хабарлама жіберу үшін ЭҮП-да алынған әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша көрсетілетін қызметті алушының МАБ-да абоненттік нөмірінің бар-жоғына автоматты тексеру жүргізіледі.
8. БМГ-да абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП Қызмет көрсету процесін аяқтауға бастамашылық жасайды. Абоненттік нөмірдің жоқтығы туралы жазба ЭҮП тіркеу журналында тіркеледі және одан әрі ҰБДБ-ға беру үшін SDU-ға беріледі.
9. БМГ-да көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылардың бірінің (басымдықта анасының абоненттік нөмірі, содан кейін әкесінің абоненттік нөмірі) және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады, осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуға бастамашылық жасайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда, 3 күнтізбелік күн өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтадан SMS-хабарлама жіберіледі. көрсетілетін қызметті алушыдан 3 күнтізбелік күн өткеннен кейін қайта SMS-хабарламаға жауап болмаған не көрсетілетін қызметті алушы қызметтен бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті көрсету процесі аяқталады.
11. Қызметті көрсетуге келіскен кезде көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, Әмиянға кіру үшін eGov Mobile-ға ауысады.
12. ЭҮП көрсетілетін қызметті берушінің есепке алуды жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметті алғаны туралы мәртебелерді SDU-ға, ал SDU ҰБДҚ-ға береді.
13. Қызметті сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде қызмет көрсету кезінде процестердің, тәсілдердің өзгеруі мүмкін.
14. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс қимылы қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
___________________________________
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін проактивті тәсілмен көрсетуге оның келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау
1. SMS-хабарлама-бастау
Құрметті ___________________!
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сіздің балаңызға ___________ жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтану қарастырылған.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тегін тамақтануды алу үшін мәтінмен SMS жіберіңіз: 3#1. Егер Сіз келіспесеңіз, 3#2 енгізіңіз немесе осы хабарламаны елемеңіз. Жауап 3 күнтізбелік күн ішінде беру керек.
3#1 мәтінді жіберген кезде Сіз "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді растайсыз.
Осы Келісім көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезеңінде қолданылады. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берудің және трансшекаралық берудің жоқтығын атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.
2. SMS-хабарлама, бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға жауап (көрсетілетін қызметті алушы 3#2 терген)
Сіз қызметтен бас тарттыңыз.
3. SMS-хабарлама, келісім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жауап (көрсетілетін қызметті алушы 3#1 терген)
Тегін тамақтану туралы келісіміңіз оң өңделді. Цифрлық ваучерді алу үшін https://egovmobile.page.link/socwallet сілтемесі арқылы Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік әмиян" қосымшасына тіркелу қажет.
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
1. Осы "Әлеуметтік әмиян" арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритм (бұдан әрі – Алгоритм) "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – Қызмет) көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс қимылын айқындайды.
2. Осы Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға арналған, оларды иeлік етуді қамтамасыз ететін, еGov Mobile-ға енгізілген жеке тұлғаның электрондық әмияны;
2) көрсетілетін қызметті беруші – мемлекеттік қызмет көрсететін білім беру ұйымы;
3) көрсетілетін қызметті алушы – көрсетілетін Қызметті алушы (жалпы білім беретін мектептің білім алушысы мен тәрбиеленушісінің ата-аналары және өзге де заңды өкілдері);
4) оқушы – жалпы білім беретін мектептегі білім алушы және тәрбиеленуші, көрсетілетін Қызметті тікелей алушы;
5) цифрлық ваучер – Әмиянда мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шараларын алу құралы;
6) мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары – мемлекет жеке тұлғаларға (отбасыларға) ақшалай баламасы жоқ тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер түрінде беретін көмек;
7) "Электрондық үкімет" порталының "eGov Mobile" мобильді қосымшасы (бұдан әрі – eGov Mobile) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет желісі арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
8) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;
9) "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰББД) – білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйесі;
10) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы-облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, облыс бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме, республикалық маңызы бар қалалар, Астана;
Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
Глава 2. "Әлеуметтік әмиян" арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. "Әлеуметтік әмиян" арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде қызмет көрсетуге арналған пилоттық жоба "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына және осы бірлескен бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Әмиянда ЭҮП-дан алынған көрсетілетін қызметті алушылардың деректері негізінде Цифрлық ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша не AppStore немесе Play Market қосымшалар дүкені арқылы өз бетінше өтіп, eGov Mobile жүктейді, авторизациядан өтеді және "Әлеуметтік әмиян" белгішесін басады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы Әмиянда цифрлық ваучерді белсендіреді. Әмиян оқушының ЖСН-ін одан әрі есепке алу және тамақтандыруды тіркеу үшін мектеп асханасында орнатылған білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісінің ақпараттық жүйесіне жібереді.
7. Цифрлық ваучерлерді пайдалануды есепке алу және тіркеу сәйкестендіру карталары бойынша және (немесе) мектеп асханасында қолданылатын оқушыны сәйкестендірудің өзге де баламалы тәсілімен жүзеге асырылады.
8. Динамикалық QR-кодты пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушы әмиянда QR-кодты жасайды және оны оқушыға электронды түрде береді.
9. Цифрлық ваучерлер әр оқушыға жеке бөлінеді.
10. Мектеп асханасының қызметкері ұсынылған динамикалық QR-кодын Әмиян арқылы оқиды.
11. Сандық ваучерді қолданғаннан кейін әмиянның Тарих бөлімінде оны пайдалану күйі көрсетіледі.
12. Әмияндағы көрсетілетін қызметті алушының мектеп асханасында көрсетілетін қызметтің сапасын бағалауға, пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Әмиянда көрсетілген функциялардың іске асырылуына қарай "e-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға шағым жіберуге мүмкіндігі бар.
13. Қызмет шеңберінде берілген цифрлық ваучерлердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларының 5-тармағына сәйкес оқу жылына қолданылу мерзімі болады.
14. Әмияннан ҰБДҚ-ға күн сайын цифрлық ваучерлерді жандандыру және қызмет көрсету туралы есептілік ұсынылады.
15. Қызметті сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде тараптардың келісімі бойынша қызмет көрсету кезінде процестердің, тәсілдердің өзгеруі мүмкін.
16. Мемлекеттік органдар мен ақпараттандыру объектілерінің өзара іс қимылы қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүзеге асырылады.
___________________________________