Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы.

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртүтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1008 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с № Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

I. Жаңа экономикалық саясат

1.

Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден біртіндеп бас тарту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БҚДА, СЖРА

2022 жылғы
қазан

2.

"Тарифті инвестицияға айырбастау" деген жаңа тариф саясатына көшуді қамтамасыз ету, онда мыналарды да қамту:
инфрақұрылымға инвестицияның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуы бөлігінде монополистердін (операторлардың) қарсы міндеттемелері; өндіруші қуаттардың, электрмен жабдықтау, жылу коммуникациялары желілерінің және су құбыры желілерінің тозу көрсеткішін біртіндеп кемінде 15%-ға төмендету; кәсіпорындарда инновациялық шешімдерді енгізу және жабдықтарды жаңғырту үшін пәрменді ынталандыру;
табыстың белгілі бір үлесін монополистің иелігінде қалдыру;
шығындардың бір бөлігі өндірістік персоналдың еңбекақысын арттыруға, жедел жөндеу жұмыстарын жүргізуге және т.б. жұмсалған жағдайда монополистің оларды тарифтік сметаның әртүрлі баптары арасында өз бетінше қайта бөлу мүмкіндігі

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
қазан

3.

Табиғи монополиялар саласында және қоғамдық маңызы бар нарықтарда тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тарту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БҚДА

2022 жылғы
қараша

4.

“Конгломерат” ұғымын заңнамалық деңгейде, сондай-ақ конгломераттың барлық мәмілесін, оның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері бойынша мұқият тексеру жүргізу мүмкіндігін айқындау

Қазакстан Республикасы Заңының жобасы

БҚДА, Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
маусым

5.

“Бірыңғай оператор” институтын регламенттеу, бұл олардың қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық шеңберінде реттеуді енгізуді де білдіреді

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БҚДА, Үкімет

2023 жылғы
сәуір

6.

Жаңа Салық кодексін әзірлеу, онда мыналарды да көздеу:
салықтық әкімшілендіруді жаңарту; салықтық бақылауды бар мүмкіндігінше цифрландыруды қамтамасыз ету; экономиканың әртүрлі секторларында сараланған салык мөлшерлемелеріне көшу; пайданың технологиялық жаңғыруға және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративтік табыс салығын азайту немесе одан босату тетігін енгізу;
салық төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнайы салық режимдерін жеңілдету;
салық жүктемесін азайту мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу; ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы

Үкімет, СЖРА, ЖС

2023 жылғы
желтоқсан

7.

“Сән-салтанатқа салық” салуды енгізу мүмкіндігін қарастыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
қаңтар

8.

Автомашиналарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің барлық тиесілі алымдар мен төлемдерді төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін арналарының бәрін жабу үшін шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҰҚК, ҚМА, СЖҚА

2022 жылғы
қазан

9.

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделмеген автомобильдер үшін оларды кэдеге жарату және алғашкы тіркеу алымдарының жиынтығын 250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу арқылы заңдастыру мүмкіндігін бір реттік тәртіппен беру, бұл шараны іздеу салынбаған және тиісті кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қолдану

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҮҚК, ҚМА, ҚНРДА

2022 жылғы
желтоқсан

10.

Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіруді аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
шілде

11.

"Бір терезе" қағидаты бойынша интеграцияланған кедендік бақылауды енгізу (оның шеңберінде бақылау, оның ішінде фитосанитариялық, ветеринариялық, санитариялық-эпидемиологиялық, радиациялық бақылау, техникалық реттеу іс-шараларын жүргізу)

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
шілде

12.

Жаңа Бюджет кодексін қабылдау, онда мыналарды да көздеу:
бюджет процесін барынша жеңілдету;
“бюджетті басқарудан” “нәтижені дөп басуға” көшу жолымен бюджет саясатының моделін реформалау;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін айтарлықтай арттырып, блоктык бюджет элементтерін енгізу;
бюджет саясатының шекті параметрлерін айқындау;
Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы еліміз үшін маңызы зор жобаларды іске асыруға ғана жұмсау; салықтық түсімдер мен шығыстардың қосымша түрлерін республикалық бюджеттен жергілікті бюджет деңгейіне беру арқылы фискалдык орталықсыздандыруды күшейту

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
Қазақстан Республикасының Кодексі

Үкімет, СЖРА, ЕК

2023 жылғы
қыркүйек
2023 жылғы
желтоқсан

13.

Игерілмеген бюджет қаражатын белгілі бір жағдайларда келесі жылға ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

14.

Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасының жобасы шеңберінде Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы еліміз үшін маңызы зор жобаларды іске асыруға ғана жұмсау туралы норманы енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет, ҰБ

2022 жылғы
қазан

15.

“Халық қатысатын бюджет” практикасын төртінші деңгейдегі бюджеттерге (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар) кеңінен тарату, оның мөлшерін ТКШ шығыстарының кемінде 10%-ы көлемінде айқындау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
сәуір

16.

Реттеушілік жаңа актілерді әзірлеу мен келісу процесінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес талаптар мен реттеушілік құралдарды қалыптастырудың базалық шарттарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ете отырып, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік қызметті “басынан бастап” реттеуді іске қосу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2023 жылғы
шілде,
2023 жылғы
қаңтар

17.

Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын ұсынуды реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілері мен шешімдеріне енгізу арқылы мемлекеттік колдау шараларын алушы бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындарды айқындауға арналған базалық өлшемшарттарды (еңбекакы төлеу қорының өсуі және салық аударымдарының артуы) енгізу.
“е-Қаржымині” ақпараттық жүйесінің базасында базалық өлшемшарттарға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімін автоматтандыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, СЖРА, БҚДА, “Атамекен” ҮКП (келісім бойынша)

2023 жылғы
шілде

18.

“Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа Заң қабылдау, онда мыналарды да көздеу: сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасынын төмен болуы емес, сапасының басымдығы;
барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуын бірыңғай платформаға ауыстыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Заңы тәжірибелік пайдалануға беру актісі

Үкімет, БКДА, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2023 жылғы
қыркүйек
2023 жылғы
желтоқсан
2023 жылғы
наурыз

19.

Конкурстық негізде келісімшарттар жасасу тәртібін қоса алғанда, МЖӘ-нің тиімді жаңа үлгісіне көшуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша Заң қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, БКДА, СЖРА

2023 жылғы
қыркүйек

20.

Экономиканың нақты секторын қолжетімді әрі тұракты, оның ішінде коммерциялық банктердің еркін өтімділігі есебінен кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ, ҚНРДА, Үкімет

2022 жылғы
қараша

21.

Кәсіпкерлерге жер учаскелерін жедел әрі ашық бөлудің тиімді тәсілдерін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БҚДА, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы
желтоқсан

22.

Әрбір өңірде және ірі елді мекенде бос жатқан және мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлердің бар-жоғына бағалау жүргізіп, кейіннен ақпаратты жариялау және оның бизнес үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
маусым

II. Нақты секторды дамыту

23.

Жер қойнауын игеру ісіне инвестициялар тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді жеңілдету

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
желтоқсан

24.

Геологиялық ақпараттың ұлттық дерекқорын өнеркәсіптік пайдалануға беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
мамыр

25.

АЭА қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында: АЭА-да “неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың” қағидаты бойынша инвестициялық жеңілдіктер беруге қатысты сараланған тәсілді енгізу;
жұмыс саласы қызметтің басым түрлеріне жатпайтын инвесторлар үшін салықтық және кедендік преференцияларды қолданбай, АЭА-ға жер учаскелерін беру мүмкіндігін ұсыну; барлық инвестициялық міндеттемелерді адал орындаған кәсіпорындар үшін АЭА аумағында жер меншігі құқығы мәселесін шешу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, БҚДА

2023 жылғы
ақпан

26.

Индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
наурыз

27.

“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ қызметін стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвестор ретінде қайта форматтап, оның жеке инвесторлар іске асыра алмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын аса маңызды жаңа жобаларға ғана қатысуын көздеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, БҚДА

2023-2024 жылдар
шілде, желтоқсан

28.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясын ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялауды қамтамасыз ету

Жол картасы

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2022 жылғы
қазан

29.

Автомобиль жолдарынын құрылысы кезінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі нақты нәтижелерді қамтамасыз ете отырып, автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы сапасын арттыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ЕК, БП, СЖҚА, ҚМА

2023 жылғы
шілде, желтоқсан

30.

Жол-құрылыс саласын битуммен іркіліссіз қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2022 жылғы
желтоқсан

31.

Қала құрылысы кодексін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
желтоқсан

32.

Әрбір ірі қала бойынша жер учаскелері мен коммуналдық желілердін схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
маусым, желтоқсан

33.

Жер кадастрының өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер учаскелерінің картасын көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен толықтыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
маусым, желтоқсан

34.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БҚДА Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2022 жылғы
қараша

35.

Өңірлердің ерекшелігі мен ауылдық кооперацияларды дамытуды ескере отырып, Жамбыл облысындағы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны кеңінен тарату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
маусым, желтоқсан

36.

Жер учаскелерінің, табиғи және минералды учаскелердің кадастрлық жүйелерін интеграцияланған дамыту үшін бірыңғай цифрлық платформада экономика салаларының кеңістіктік деректері инфрақұрылымын құру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, СЖРА

2023 жылғы
маусым, желтоқсан

37.

Игерілмей жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлер бойынша 2023 жылдың соңына дейін шешімдер қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, СЖРА

2023 жылғы
қаңтар, маусым, желтоқсан

38.

Су саласында қордаланған проблемаларды шешу үшін сарапшыларды тарта отырып, Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру

Президент Әкімшілігіне акпарат

Үкімет, ҰҚК, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2022 жылғы
қараша

39.

Қазіргі заманғы білім беру бағдарламасын әзірлей отырып және тиісті қаржыландыруды боле отырып, су саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін базалық жоғары оқу орнын айқындау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
мамыр

40.

Су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
ақпан

III. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар

41.

Тұтастай алғанда ерікті медициналық сақтандырудың рөлін күшейте отырып, денсаулық сақтауды және әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, СЖРА

2022 жылғы
қараша

42.

“Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде 2023-2024 жылдар ішінде:
құрылыстың біріздендірілген жобалары бойынша 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салуды және тиісті жабдықпен жарақтандыруды;
32 аудандық аурухананы жаңғыртуды және олардың деңгейін ауданаралық көпбейінді мекеме мәртебесіне дейін көтеруді қамтамасыз ету

Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, СЖРА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы
қараша

43.

Телемедицина қызметтерін көрсету жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, оның ішінде диагностикалық көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту және қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді (деректерді жинаудың, өңдеудің, берудің, сақтау мен олармен алмасудың бұлтты технологиялары және басқалар) пайдалану

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2022 жылғы қараша,
2023 жылғы
маусым

44.

Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді университеттік ауруханалар мен клиникалар құру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023-2025 жылдар
шілде, желтоқсан

45.

Резидентурада даярлау гранттарының санын 3 жыл ішінде 70%-ға ұлғайту

Президент Әкімшілігіне акпарат

Үкімет

2023-2025 жылдар
шілде, желтоқсан

46.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша пәрменді шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы
желтоқсан, 2023-2025 жылдар
шілде, желтоқсан

47.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы шілде, желтоқсан

48.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің тәрбиеленушілерге арақатынасын және кәсіптік жүктемені ЭЫДҰ нормаларына дейін келтіру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023-2024 жылдар
желтоқсан

49.

МЖМБС-ға сәйкес кемінде 800 мың орынға арналған орта оқу орындарын салудың және тиісті жабдықпен жарақтандырудың біріздендірілген қазіргі замангы жобалары бойынша 2025 жылдың соңына дейін “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде мектептер салу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, СЖРА, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы
қараша

50.

Сыбайлас жемқорлық істері бойынша қылмыстық қудалау органы қаулыларының және сот шешімдерінің нәтижесінде бюджетке түсетін қаражатты мектеп құрылысына жұмсауды заңнамалық регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, ЖС, БП, СЖҚА

2022 жылғы
желтоқсан

51.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарындағы балаларды мектеп формасымен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы
мамыр

52.

Мектеп формасын мемлекеттік тапсырыс есебінен отандық тауар өндірушілерден сатып алу тетігін әзірлеу және іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2022 жылғы желтоқсан,
2023 жылғы шілде,
желтоқсан

53.

Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандартын және “педагог құзыретінің шеңбері” - “Педагог” кәсіптік стандартын қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
қыркүйек

54.

Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығы мен сапасын күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
маусым

55.

Қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеу жөнінде кешенді шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы
желтоқсан

56.

"Әлеуметтік әмиян" жобасы шеңберінде баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін барлық қаражатты жинақтау үшін жеке білім беру ваучерлері мен Бірыңғай білім беру есепшотын енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан,
2023 жылғы
шілде

57.

Білім беру гранттары жүйесіне ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге қарай саралауды (30%-дан 100%-ға дейін) енгізе отырып, гранттар құнын қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

58.

Жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге жылдық 2-3%-бен ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит алуға мүмкіндік беру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

59.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік- жекешелік әріптестік тетігін жетілдіру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

60.

Басқа қалалардан келген студенттердің тұратын орынмен камтамасыз етілуін жекеменшік жоғары оқу орындарының мемлекеттен қаражат алу өлшемшарттарының бірі ретінде айқындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

61.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының жекелеген санаттарындағы басқа қалалардан келген студенттердің пәтер жалдауға кететін шығындарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы
қазан

62.

Білім беру экожүйесін дамыту мақсатында жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлардың қызметін жетілдіру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, "Қазақстан халқына" ҚҚ (келісім бойынша)

2022 жылғы
қараша

63.

Серпінді тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштер ескерілетін ен төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет

2023 жылғы қаңтар
2023 жылғы желтоқсан

64.

Ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың тенгеге дейін ұлғайту

Қазакстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

65.

Заң қабылдау, онда мыналарды: базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%- ына, жоғарғы шегін 120%-ына дейін жеткізуді; әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыруды;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемдер тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайтуды;
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар жұмыссыз қалған кезде МӘСҚ-тан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табысының 45%-ына дейін ұлғайтуды көздеу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

66.

Жеке компанияларды зейнетақы активтерін басқаруға тарту мүмкіндігін көздейтін БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

¥Б, ҚНРДА, БҚДА, Үкімет

2022 жылғы
қараша

67.

2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы мен "Әлеуметтік әмиянды" енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2022 жылғы
желтоқсан

68.

Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген микрокредит беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы
қаңтар

69.

100 мың жасты еңбекпен қамтамасыз ету шараларымен қамту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2023 жылғы
қаңтар

70.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алу құқығынсыз, кейін оларды баспана және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударып тұруды көздейтін "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҰБ

2022 жылғы
қараша

71.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның таза табысының кемінде 7%-ын жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудару

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

2022 жылғы
желтоқсан

72.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу, онда мыналарды:
ғылым, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт пен мәдениет және басқа салаларда Қазақстан үшін бағалы машық иелері үшін тұруға ықтиярхат алу құқығымен виза енгізуді; біздің экономикамызға 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетел кәсіпкерлеріне тұруға ыктиярхат алу құқығымен 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруді көздеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет

2023 жылғы
маусым

73.

Демографиялық және экономикалық үрдістерді, сондай-ақ жалпыұлттық мүдделерді ескере отырып, қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияны реттеуге қатысты саясатты түбегейлі реформалау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, СЖРА

2022 жылғы
қараша

74.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарын қолдау мәселелері жөніндегі омбудсмен институтын құру

Қазакстан Республикасы Президентінің өкімі

Үкімет

2023 жылғы
ақпан

75.

Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу және қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2022 жылғы қараша

IV. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту

76.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, оның ішінде саяси қызметшілердің нәтижелілігі мен жеке жауапкершілігін арттыруға назар аудара отырып, орталық ведомстволар вертикалін оңтайландыру бойынша жаңа әкімшілік реформаны іске асыру

Жол картасы

Үкімет, СЖРА, МҚІА, ЖС

2022 жылғы қараша

77.

Ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мен салааралық мәселелерді шешуге назар аудара отырып, Премьер-Министр Кеңсесін Үкіметтің ықшам Аппараты етіп трансформациялау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2022 жылғы қазан

78.

Қоғамдық кеңестердің және МИБ қызметін өзгерту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2022 жылғы желтоқсан

79.

Тұрғын үйлерді, оның ішінде олардың сыртқы көрінісі мен қалалардың инфрақұрылымын абаттандыру бойынша шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023-2025 жылдар
қаңтар

80.

Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін, оның ішінде мемлекеттік қызметтің жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІА, Үкімет

2022 жылғы қараша

81.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігін толыққанды стратегиялық HR институты етіп қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІА

2022 жылғы қараша

82.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын қазақстандықтарды жұмылдыру мүмкіндігі, Қазақстандағы қоғамдық өмірмен байланысын қолдау мақсатында оларға арналған арнайы сервисті іске қосу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІА

2023 жылғы сәуір

83.

Әлемдегі үздік инвестициялық және өндірістік компанияларды үлгі ретінде алып, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ жұмысының жаңа үлгісін түпкілікті айқындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, СЖРА

2022 жылғы қазан

84.

Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және оны Парламентке ұсыну

Қазакстан Республикасы Заңының жобасы
Ұлттық баяндама

Үкімет

2022 жылғы желтоқсан
2024 жылдан бастап жыл сайын

V. Заң және тәртіп

85.

Судьялардың сот төрағаларына тәуелділігін азайтып, оның ішінде сот төрағалары позицияларының бір бөлігін судья лауазымдарына өзгерту есебінен олардың тең мәртебесін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

ЖС, ЖСК

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы
маусым

86.

Сот төрағалары мен сот алқалары төрағаларын судьялардың өздері сайлайтын элементтерді енгізу

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

ЖС, ЖСК

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым

87.

Жоғарғы Сот судьяларын Президенттің Сенатқа үміткерлерді баламалы негізде енгізуі арқылы сайлау элементтерін енгізу

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

ЖС, ЖСК

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым

88.

Сот жүйесіне мықты заңгерлерді тарту үшін тиісті ынталандыру және жағдайлар жасау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЖС, ЖСК,
Үкімет

2022 жылғы қараша

89.

Барлық деңгейдегі судьяларды іріктеуден бастап оларды тағайындауға ұсыным беруге дейін нақты кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретінде Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін нығайту, оның құзырына судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін арттыру, шекті жасын ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін беру

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының,
Қазақстан Республикасы Заңының жобалары
Қазақстан Республикасының Конституциялык заңы, Қазақстан Республикасының Заңы

ЖСК, ЖС

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым

90.

Күштік органдардың судьяларға әкімшілік қысым көрсетуінің барлық амал-тәсілдерін жойып, олардың ықпал етуін доғару

Қазакстан Республикасы Заңының жобасы

ЖС, БП, ІІМ, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, ЖСК

2022 жылғы желтоқсан

91.

Судья заңдылықты өрескел бұзып сот актісін шығарған кезде күшін жойған әрбір сот актісін Сот жюриінің тексеруі тетігін енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЖСК, ЖС

2022 жылғы қараша

92.

“Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы” өлшемшарты бойынша судьяларды бағалау және жауапкершілікке тарту институтын қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЖС, ЖСК

2022 жылғы қараша

93.

Апелляциялық сатының бірінші сатыдағы сотка қайтармай, нақты мән-маңызы бойынша шешім қабылдауын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

жс

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым

94.

Әкімшілік әділеттің қолданылу аясын кеңейтіп, рәсімдік-процестік кодекске әкімшілік теріс қылықтардың ауқымды бөлігін және азаматтық- құқықтық дауларды беру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2023 жылғы маусым

95.

Сот төрелігінің тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында қазіргідей талап- арызда көрсетілген сомадан алынатын пайыз мөлшерінің орнына мүлік даулары бойынша ойға қонымды алым мөлшерін белгілеу

Қазакстан Республикасы Заңының жобасы

ЖС, Үкімет, “Атамекен” ҰКП (келісім бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

96.

Заңнама нормаларын түсіну бойынша мемлекеттік органдар арасындағы, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке бекіту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, ЖС, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2023 жылғы маусым

97.

Сот төрелігін атқару ісінде бірізділікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалды талдау жүйесін толыққанды енгізуді жеделдету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЖС, Үкімет

2023 жылғы наурыз

98.

Жаппай тәртіпсіздікке үндегені үшін жазаны қатаңдату жөнінде шаралар қабылдау

Қазакстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, БП, ЖС

2022 жылғы желтоқсан

99.

Тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар басты айыпталушыларды, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталушыларды, террористік және экстремистік қылмыс жасағандарды, рецидивистерді, сондай-ақ жұртты азаптаған адамдарды қоспағанда, “қаңтар оқиғасына” қатысушыларға рақымшылық жасау туралы Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы

БП, ЖС, Үкімет

2022 жылғы 10 қазан
2022 жылғы қараша

100.

"Қаңтар оқиғасы" кезінде қаза болғандардың қаржылық жағдайы қиын отбасыларына материалдық қолдау көрсету, оның ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен материалдық қолдау көрсету мәселелерін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, "Қазақстан халқына" ҚҚ (келісім бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

101.

Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру және қарақшылық жасау үшін жауапкершілікті, оның ішінде мұндай қылмыстар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды доғару арқылы күшейту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, БП, ЖС

2022 жылғы
желтоқсан

102.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, БП, ЖС

2022 жылғы
желтоқсан

103.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Үкімет, ҰҚК, БП, ҰБ, ҚМА

2023 жылғы
қаңтар

104.

Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді анықтау және бейтараптандыру жұмысын күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, ҮҚК

2022 жылғы
желтоқсан

105.

Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, ҚНРДА, ҚМА

2022 жылғы
желтоқсан

106.

Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізіп, қолданылмайтын не сот төрелігінің сапасына кедергі келтіретін нормаларды алып тастау

Қазақстан Республикасы Занының жобасы

Үкімет, БП, ЖС, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА

2023 жылғы
наурыз

107.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету өкілеттігін құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП, ЖС

2022 жылғы
қыркүйек


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

-

- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрыұ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы

МҚІА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

БҚДА

-

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

СЖҚА

-

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚНРДА

-

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

СЖРА

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі

ҚМА

-

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖСА

-

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі

"Атамекен" ҰКП

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

“Қазақстан халқына” КҚ

-

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры

ЕК

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады