Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 22.07.2024 № 434/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК-ға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
бұйрығымен бекітілген |
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
№ р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге |
1 | Халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасын қоса алғанда, байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі: | ||
1.1. | радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі бойынша жұмыстарды орындау |
жылына | 823 330 347 |
1.2. | байланыс қызметтерінің сапа параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау |
жылына | 204 883 110 |
1.3. | халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау |
жылына | 51 690 976 |
2 | Қазақстан Республикасының радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу: | ||
2.1. | Қазақстан Республикасының орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу | 1 спутниктік желі | 4 004 445 |
2.2. | Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер ресурстарын (жерүсті радиоқызметтерін) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу | 1 радиобайланыс түрі | 15 762 146 |
3 | Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу: | ||
3.1. | радиорелелік станциялар | 1 станция үшін 1 радиожиілік | 9 513 |
3.2. | стационарлық (базалық) ұялы байланыс станциялары |
1 сектор үшін | 6 579 |
3.3. |
теледидарлық хабар таратуға арналған радио таратқыш құрылғылар; | 1 станция үшін 1 радиожиілік | 4 450 |
3.4. | спутниктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары | 1 станция үшін 1 радиожиілік | 3 595 |
3.5. | сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL) | 1 станция үшін 1 радиожиілік | 13 673 |
3.6. |
ультрақысқатолқынды радиобайланысқа және УҚТ-диапазонына сымсыз радиоқолжетімділік жүйелеріне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары; | 1 станция үшін 1 радиожиілік | 8 890 |
4 | Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуді, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету: | ||
4.1. | Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына қол жеткізуді қамтамасыз ету | айына 1 қызмет | 5 444 412 |
4.2. | Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқор ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету: | ||
4.2.1. | ұялы байланыс операторларына | айына 1 қызмет | 3 337 667 |
4.2.2. | қалааралық және халықаралық байланыс операторына | айына 1 қызмет | 188 417 |
5 | Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік берілімдер тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету: | ||
5.1. | Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік тоқтауларының тізілімін (деректер базасын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету |
жылына | 52 518 179 |