Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19637 болып тіркелді.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Жумагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
  № 314/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

      Ескерту. Бағалары жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 25.09.2023 № 431/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге

1

Халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасын қоса алғанда, байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі:

1.1.

радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі бойынша жұмыстарды орындау

жылына
1 қызмет

823 330 347

1.2.

байланыс қызметтерінің сапа параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау

жылына
1 қызмет

204 883 110

1.3.

халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау

жылына
1 қызмет

51 690 976

2

Қазақстан Республикасының радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу:

2.1.

Қазақстан Республикасының орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 спутниктік желі

4 004 445

2.2.

Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер ресурстарын (жерүсті радиоқызметтерін) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 радиобайланыс түрі

15 762 146

3

Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу:

3.1.

радиорелелік станциялар

1 станция үшін 1 радиожиілік

9 513

3.2.

стационарлық (базалық) ұялы байланыс станциялары

1 сектор үшін
1 станция

6 579

3.3.

теледидарлық хабар таратуға арналған радио таратқыш құрылғылар;
эфирлік-кәбілді теледидар станциялары;
дыбыстық (радио) хабарларды таратуға арналған радио таратқыш құрылғылар

1 станция үшін 1 радиожиілік

4 450

3.4.

спутниктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары

1 станция үшін 1 радиожиілік

3 595

3.5.

сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL)

1 станция үшін 1 радиожиілік

13 673

3.6.

ультрақысқатолқынды радиобайланысқа және УҚТ-диапазонына сымсыз радиоқолжетімділік жүйелеріне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары;
транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары;
радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау-тарату станциялары;
ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары

1 станция үшін 1 радиожиілік

8 890

4

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуді, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету:

4.1.

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына қол жеткізуді қамтамасыз ету

айына 1 қызмет

5 444 412

4.2.

Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқор ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету:

4.2.1.

ұялы байланыс операторларына

айына 1 қызмет

3 337 667

4.2.2.

қалааралық және халықаралық байланыс операторына

айына 1 қызмет

188 417

5

Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік берілімдер тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету:

5.1.

Радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік тоқтауларының тізілімін (деректер базасын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету

жылына
1 қызмет

52 518 179

     

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 314/НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 69 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13280 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14394 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15206 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      5. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 208 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15536 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      6. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15536 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады