"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17-4) тармақшасы және "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергетикалық аудит (Энергия аудиті)" қоса беріліп отырған кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Қ. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
2023 жылғы "___" _______ № __ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітілген |
Кәсіптік стандарт: "Энергетикалық аудит (Энергия аудиті)"
1-ші тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: Энергия аудиті Энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау, энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығындарды бағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есепті дайындау мақсатында жүргізіледі.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) энергия аудиторы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудиторы аттестаты бар жеке тұлға
2) энергияны үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру
3) энергетикалық аудит (энергоаудит) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау
4) энергетикалық ресурстар – сақталған энергиясы қазіргі уақытта пайдаланылатын немесе болашақта шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінде пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия тасымалдаушылардың жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химиялық, электромагниттік, жылу және энергияның басқа түрлері)
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық мүмкін және экономикалық негізделген деңгейіне қол жеткізу
6) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі-энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы
7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты – уәкілетті орган беретін және энергия аудиторының "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығына сәйкес бекітілетін рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжат (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 12566 нормативтік құқықтық актілер)
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады
1) СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;
2) ТПЕ – Техникалық пайдалану ережелері;
3) ҚЕ – Қауіпсіздік ережелері.
2-ші тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Энергетикалық аудит (Энергия аудиті)
5. Кәсіптік стандарттың коды: M71127005
6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
M Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
71 Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет
71.1 Сәулет саласындағы қызмет, инженерлік ізденістер және осы салаларда техникалық кеңес беру
71.12 Инженерлік ізденістер саласындағы қызмет және осы салаларда техникалық кеңес беруді ұсыну
71.12.7 Инженерлік-техникалық консультацияларды ұсыну бойынша қызмет
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Энергия аудитін уәкілетті органды энергия аудитінің қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар жүргізеді. Энергия аудиті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) бекітілген энергия аудитін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – энергия аудитін жүргізу қағидалары)сәйкес жүргізіледі
8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:
1) Энергия аудиторы - 6 СБШ-нің деңгейі
3-ші тарау. Кәсіптер карточкалары
9. Кәсіптің карточкасы "Энергия аудиторы": | |||
Топтың коды: | 2133-3 | ||
Қызмет атауының коды: | 2133-3-005 | ||
Кәсіптің атауы: | Энергия аудиторы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: | 6 | ||
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі: | - | ||
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі: |
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. | ||
Кәсіптік білім деңгейі: |
Білім деңгейі: |
Мамандық: |
Біліктілік: |
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: | жоғары инженерлік-техникалық білімі, жалпы техникалық өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл | ||
Формалды емес және информалы біліммен байланыс: | жоқ | ||
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары: | |||
Қызметтің негізгі мақсаты: | Энергия аудитін жүргізу және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша қорытындылар жасау | ||
Еңбек функциялардың сипаттамасы | |||
Еңбек функцияларының тізбесі: | Міндетті еңбек функциялары: |
1. Дайындық кезеңі шеңберінде жұмыстарды орындау: сауалнама парақтарын әзірлеу, бастапқы ақпаратты жинау, Тапсырыс берушінің энергия үнемдеу бағдарламасын және энергия аудитін жүргізу кестесін әзірлеу және бекіту; | |
Қосымша еңбек функциялары: | |||
Еңбек функциясы 1: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | жоқ | ||
Дағды 2: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | жоқ | ||
Еңбек функциясы 2: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | жоқ | ||
Еңбек функциясы 3: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | жоқ | ||
Еңбек функциясы 4: | |||
Дағды 1: |
Машықтар: | ||
Білімдер: | |||
Дағдыны тану мүмкіндігі: | жоқ | ||
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар: |
Жауапкершілік | ||
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі: | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 211-НҚ "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3838-2023 "Энергетикалық аудит (Энергоаудит)" Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты | ||
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс: | СБШ-нің деңгейі: | Кәсіптің атауы: | |
6 | Энергоменеджер | ||
6 | Инженер-энергоменеджер | ||
6 | Энергия тиімділігі саласындағы инженер-зерттеуші | ||
6 | Энергия тиімділігі жөніндегі инженер-зерттеуші |
4-ші тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері
12. Мемлекеттік органның атауы:
Қазакстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Орындаушы: Айтбаева Айгерим Талгатовна, +7 (776) 000 02 93, aigerim.2023@internet.ru
13. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):
14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес отырысының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №25-19-6/1473-вн хаттамасымен "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру" саласының салалық біліктілік шеңбері бекітілді.
15. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 11.12.2023 г.
16. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №16920/19 хатымен келісілді.
17. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: Нұсқа 1, 2023 г.
18. Бағдарлы қайта қарау күні: 31.12.2026 г.