Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың:

      1) "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 тамыздағы № 120 (2128) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      2) "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 163-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8447 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 маусымдағы № 80 (2455) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 553 бұйрығына
қосымша

Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

1-тарау. Кіріспе

      1. Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі ̶ БА) Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеуге, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерінің ұйымдарында персоналды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.

      2. БА:

      барлық экономикалық қызмет түрлері ортақ кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейтін және кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда кеңінен таралған басшылардың, мамандардың және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын;

      ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық, технологиялық, жобалау, іздестіру ұйымдарында, редакциялық-баспа ұйымдары мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

      3. БА қабылданған біліктілікке сәйкес қызметшілерді үш санатқа бөлумен әзірленген: басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер.

      Қызметшілерді санаттарға жатқызу жұмыскер еңбегінің мазмұнын құрайтын атқаратын жұмыс сипаттамасына байланысты (ұйымдастырушылық-әкімшілік, талдамалық-конструктивтік, ақпараттық-техникалық) жүзеге асыралады.

      4. Жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар оның лауазымдық міндеттерімен айқындалады, оларға лауазымның атауы негізделеді, соған байланысты БА құру негізіне лауазымдық белгі алынған.

      5. Мамандар лауазымдарының сипаттамаларында атауды өзгертпей сол бір лауазымның шеңберінде лауазымаралық біліктілік санаттандыру көзделеді, оны ұжымның басшысы лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі жұмыскер дербестігінің деңгейін, оның қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілігін, жұмысқа көзқарасын, еңбегінің тиімділігі мен сапалылығын, сондай-ақ кәсіби білімдерін, мамандығы бойынша жұмыс өтілімен айқындалатын практикалық қызметінің тәжірибесін ескере отырып белгілейді.

      6. БА-ға туынды лауазымдардың біліктілік сипаттамалары енгізілмеген (бірінші басшының орынбасарын қоспағанда, аға және жетекші мамандардың және бөлімше басшысы орынбасарларының).

      Бұл жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері, олардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар тиісті негізгі лауазымдар мен басшылар лауазымдары сипаттамаларының БА-сында қамтылғандардың негізінде айқындалады.

      "Аға" және "жетекші" лауазымдары типтік штат нормативтері негізінде белгіленеді.

      Аға мамандар атқаратын лауазымы бойынша көзделген міндеттерін орындаумен қатар, оған бағынысты орындаушыларға басшылықты жүзеге асырады, ал тікелей бағыныстылығында орындаушылар болмаған кезде оған жұмыстың дербес учаскесіне басшылық жасау функциясы жүктеледі.

      Жетекші мамандарға басқарушының және ұйым немесе олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі қызмет бағыттарының бірі бойынша жұмыстың жауапты орындаушысының функциялары не нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда еңбектің ұтымды бөлінісін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерде (бөлімдерде) құрылатын орындаушылар тобын үйлестіру мен оларға әдістемелік басшылық жасау бойынша міндеттер жүктеледі.

      Қажетті жұмыс өтіліне қойылатын талаптар І біліктілік санатындағы мамандар үшін көзделген өтілімен салыстырғанда 2-3 жылға жоғарылайды.

      7. Жұмыскерлердің іс жүзінде орындайтын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамасының талаптарына сәйкестігін комиссия (біліктілік, аттестаттық) айқындайды.

      Бейінді кәсіптік білімі жоқ, бірақ қызмет саласында бес және одан да көп жыл білімі, іскерлігі мен дағдысы, практикалық тәжірибесі бар, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы және толық көлемде орындайтын адамдар комиссияның ұсынымы бойынша тиісті лауазымдарға, сондай-ақ арнайы даярлығы және жұмыс өтілі бар адамдар тағайындалады.

      8. БА-ны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.

2-тарау. Барлық экономикалық қызмет түрлері ортақ кәсіорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейтін және кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда кеңінен таралған басшылардың, мамандардың және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-бөлім. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Автоколоннаның бастығы

      9. Лауазымдық міндеттері:

      шарттық мiндеттемелер бойынша тасымалдауларды орындауды жүзеге асырады, автомобильдерді техникалық дұрыс пайдалануды, жылжымалы құрамдарды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;

      жүк ағынын, жұмыс режимін, тасымалдау көлемін зерттейді және нақты шарттарды ескере отырып жүргізушілер бригадасын ұйымдастырады, тасымалдау жоспарына байланысты оларға тапсырмалар белгілейді;

      автомобильдердің техникалық жай-күйіне бақылауды және тасымалдаудың бекітілген кестесіне сәйкес оларды желіге шығаруды ұйымдастырады;

      желідегі жүргізушілердің жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      жүк карталарын және маршрут желілерін жасауға қатысады;

      автомобильдердің техникалық қызмет көрсетуге уақтылы жіберілуін бақылайды;

      пайдалануға келетін жылжымалы құрам мен жабдықтарды қабылдауды ұйымдастырады;

      жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жұмыскерлердің техникалық білімдерін, өндірістік және еңбек тәртібін нығайту жұмыстарын жүргізеді;

      авариялардың, бұзылудың, ақаулықтардың, жүрмей қалудың, жол қозғалысын техникалық пайдалану тәртіптің бұзылу себептерін тергеп-тексеруге қатысады;

      жүргізушілерге өндірістік нұсқау беруді жүзеге асырады, олардың өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын бақылайды.

      10. Білуге тиіс:

      автокөлiк ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілері;

      жылжымалы құрамның техникалық-пайдалану деректері, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты;

      жүкті (жолаушыларды) автомобиль көлігімен тасымалдау тәртібі, еңбектің ұйымдастырылу негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      11. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автомобиль көлiгiнде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және автомобиль көлiгiнде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

2-параграф. Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысы

      12. Лауазымдық міндеттері:

      акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) бөлімшелері мен лауазымды адамдарының қолданыстағы заңнама нормаларының, қоғам жарғысының талаптарын, сондай-ақ акционерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін өзге де құжаттарды сақтауын қамтамасыз етеді;

      директорлар кеңесі мен қоғамды басқарудың өзге де органдарының корпоративтік басқару практикасын дамыту жөніндегі шешімдерін дайындау бойынша жұмысты басқарады, олардың орындалуын бақылайды;

      қоғамның лауазымды адамдары мен акционерлеріне, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне корпоративтік құқық және басқару мәселелері жөнінде консультация береді;

      акционерлердің жалпы жиналыстарын дайындауды және өткізуді, акционерлердің жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізетін мәселелер бойынша, оның ішінде қоғамның сайлау органдарына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қарауды ұйымдастыруды басқарады;

      акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналыстарында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;

      акционерлік қоғамның жыл сайынғы есебін, жалпы жиналыстарды өткізу үшін (жылдық және кезектен тыс) акционерлерге берілетін өзге де құжаттарды дайындауды, болатын жалпы жиналыс туралы хабарламаны, сайлауға арналған бюллетеньдерді дайындауды және оларды акционерлерге жіберуді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар адамдарға берілуге міндетті құжаттарға қолжетімділігін, қоғамға келіп түсетін толтырылған сайлауға арналған бюллетеньдерді есепке алуды қамтамасыз етеді;

      акционерлердің жалпы жиналысы сайлайтын есеп комиссиясының жұмысын, есеп комиссиясынан хаттаманы, сайлауға арналған бюллетеньдерді, сенімхаттарды алуды бақылайды, сайлау қорытындысы туралы есептің жобасын, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасын дайындауға қатысады, акционерлердің жалпы жиналысын дайындауға және өткізуге байланысты өзге де міндеттерді шешеді;

      директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізудің белгіленген тәртібі мен тәртібінің сақталуын, соның ішінде акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналыстары отырыстарының жұмыс жоспары мен күн тәртібін дайындауды, директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне қоғамның қызметін және оның ішкі құжаттарымен таныстыруды, директорлар кеңесінің мүшелері мен директорлар кеңесінің отырысына шақыртылған қонақтарға болатын отырыс туралы хабардар етуді, оларға күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдарды жіберуді қамтамасыз етеді;

      директорлар кеңесінің отырыстарына қатысады;

      директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырады, олардың сақталуын және қажет болғанда директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары көшірмелерінің немесе хаттамалардан үзінді көшірмелердің берілуін қамтамасыз етеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады;

      заңнамада, қоғамның жарғысы мен өзге құжаттарында белгіленген қоғам туралы ақпараттың жариялану, оның ішінде ақпаратты жариялы түрде ашу тетігі арқылы жариялау рәсімінің сақталуын бақылайды;

      директорлар кеңесі мен акционерлер жиналысының қызметіне қатысты құжаттардың сақталуын және акционерлердің ондағы ақпаратқа қолжетімділігін, құжаттардың көшірмелерін жасауды ұйымдастырады, олардың түпнұсқалығын куәландырады;

      акционерлерден келіп түсетін корпоративтік басқару және акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі өтініштер мен сұрауларды есепке алуды және қарауды жүзеге асырады;

      директорлар кеңесін қоғамды басқаруда қолданыстағы заңнама мен ішкі құжаттар нормалары талаптарының сақталмауының барлық фактілері туралы хабардар етеді;

      қоғам акционерлерінің тізілімін жүргізу жүйесінен ақпарат сұратады және алады, акционерлер құқығының кеңеюіне және олардың корпоративтік басқаруға қатысуына жәрдемдеседі;

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және мемлекеттік басқару органдарымен корпоративтік құқықтық қатынастар және бағалы қағаздар нарығын реттеуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      корпоративтік басқару мәселелері бойынша белгіленген есептілікті дайындауды басқарады;

      белгіленген тәртібі мен рәсімдердің орындалуын, оның ішінде атаулы бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу тәртібінің, ірі мәмілелер мен мүдделілік бар мәмілелерді мақұлдау тәртібінің сақталуын, қоғам акцияларының эмиссиясы рәсімін, оларды орналастыру бойынша акционерлер құқықтарының іске асырылуын, акционерлердің құқықтары мен мүліктік мүдделерін сақтауға бағытталған өзге де рәсімдерді қамтамасыз етеді;

      қоғамның және/немесе оның акционерлерінің шығындарын алдын алу шараларын қабылдайды;

      іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, нарыққа қатысушылардың қарым-қатынасында этиканың сақталуына, корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттарының сақталуына жәрдемдеседі.

      13. Білуге тиіс:

      акционерлердің құқықтарын айқындайтын және корпоративтік басқару органдарының қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      эмиссия және бағалы қағаздар айналымының тәртібі, жарғы және қоғамдағы корпоративтік қарым-қатынастарды реттейтін өзге де құжаттар, директорлар кеңесінің және оның органдарының функциялары;

      акционерлердің жалпы жиналыстары мен директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау, сондай-ақ корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру және өткізу тәртібі;

      қоғам туралы ақпаратты жариялау тәртібі;

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (қоғамдарды тіркеушілер, биржалар) жұмысының тәртібі;

      монополияға қарсы және салық заңнамасының, жекешелендіру туралы заңнамасының негіздемелері, төрелік практика;

      корпоративтік мінез-құлық кодексі, халықаралық корпоративтік басқару негіздері, корпоративтік басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін бейнелейтін нормативтік құқықтық актілер, корпоративтік дауларды реттеу тәртібі;

      ақпаратты алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдары;

      ақпаратты техникалық қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттар;

      ақпараттық технологиялар;

      ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі;

      келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібі;

      корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттары;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      14. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

3-параграф. Ақпарат (ғылыми-техникалық ақпарат) бөлімінің бастығы

      15. Лауазымдық міндеттерi:

      жұмыскерлердің ғылыми-техникалық және экономикалық білімдерін арттыру және ұйымның сыртқы және ішкі ақпараттық ортасын құру мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұйымның бөлімшелері мен жекелеген жұмыскерлерін отандық және шетелдік ғылым, техника, экономика жетістіктері алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибе туралы арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымның өнімінің маркетингтік міндеттерін шешуге қатысады және талдамалық және жарнамалық материалдарды дайындау, ақпараттық өнімнің маркетингтік жеке бағдарламасын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етеді;

      ұйымның басшылары мен мамандарының нарық коньюктурасын және ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігі проблемасын зерттеу, конструкторлық және технологиялық жобаларды әзірлеу, техникалық және ұйымдастыру шешімдерін қабылдау, өндірістік процестерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды дайындау, еңбекті ұйымдастыру мен ұйымды басқару үшін қажетті ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратқа қажеттілігін анықтау жұмысын басқарады;

      ұйымның ақпараттық-анықтамалық қорын жасауды басқарады, қазіргі заманауи ақпараттық-іздестіру жүйесін енгізуді, отандық және шетелдік материалдармен жиынтықтау тақырыптық жоспарларының және жаңа технологияларды пайдаланудың негізінде қорды жүйелі толықтыруды қамтамасыз етеді;

      ақпараттық қызметтер нарығын зерттеуді және ұйымның ақпараттық өнімі мен қызметтерінің маркетингін жүргізуді, ақпараттық материалдарды жинауды, жүйелеуді, зерттеуді және жалпылауды, өндірістің жай-күйі мен даму үрдісі туралы рефераттар мен аннотациялар, тақырыптық шолулар дайындауды, сондай-ақ ұйым қызметінің нәтижелерін ұқсас отандық және шетелдік ұйымдардың жетістіктерімен салыстыру бойынша жұмысты, өзге ұйымдардың сұратуы бойынша ұйымның алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибесі туралы материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

      ұйымның бөлімшелерінде ақпараттық материалдардың пайдаланылуын бақылайды;

      бөлімнің отандық және шетелдік ғылым және техника жетістіктерін, оларды енгізудің алдыңғы қатарлы насихаттауға үгіттеуге, сонымен қатар жиналыстар, семинарлар, лекциялар, экскурсиялар, демонстрациялар, ғылыми-техникалық фильмдер өткізуге қатысуды қамтамасыз етеді;

      ұйым шығаратын өнім бойынша каталогтар, проспектілер және ақпараттық материалдарды шығаруға қатысады;

      қолданыстағы аудармаларды үйлестіру тәртібін ескере отырып, шетелдік әдебиетті, каталогтарды, ғылыми-техникалық құжаттаманы аударуды, алдыңғы қатарлы өндіріс тәжірибесі, ғылым және техника жетістіктері туралы ақпараттық материалдарды ұйымда пайдалану тиімділігінің есебін жүргізуді, бөлімнің ақпараттық жұмысы туралы есептілікті дайындауды ұйымдастырады, бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      16. Білуге тиіс:

      ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратты ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      шығармашылық-техникалық ақпаратты беру, іздеу, сақтау және жинақтау жүйесін айқындайтын тәртібі, нұсқаулықтар және өзге де нормативтік актілер;

      экономикалық қызмет түрі мен ұйымның даму перспективалары;

      экономикалық қызмет түрі мен білімнің тиісті салаларында отандық және шетелдік ғылым мен техниканың дамуының жай-күйі мен перспективалары;

      ұйымның шығармашылық және ұйымдық құрылымы;

      ұйымның өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері;

      ақпараттық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері;

      ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі;

      жаңа ақпараттық технологиялар;

      ақпараттық-анықтамалық қордың ұйымдастырылуы;

      ақпараттық материалдарды, каталогтарды, проспектілерді басып шығаруға дайындау тәртібі және редакциялық баспа жұмысының негіздері;

      қолданыстағы аудармаларды үйлестіру тәртібі, кітапханалық жұмысты ұйымдастыру;

      ғылыми-техникалық ақпаратты ұйымдастыру саласындағы отандық озық тәжірибе;

      экономика, маркетинг, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      17. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ғылыми-техникалық ақпарат бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

4-параграф. Ақпаратты қорғау бөлімінің (зертхана, сектор) бастығы

      18. Лауазымдық міндеттері:

      жұмысты құпиялылық режимде жүргізетін ұйымдарда ақпаратты кешенді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлеуді және ендіруді ұйымдастырады, жүргізілетін жұмыстардың құпиялылық режимін сақтауды және құжаттандырылған ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді;

      перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге, олардың орындалуы туралы есептер жасауға жетекшілік жасайды;

      ақпаратты қорғау мәселелері бойынша ұйымдастыру, үйлестіру, әдістемелік басшылық жасау және олардың орындауын бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге және бақылаудың техникалық құралдарын әзірлеуге басшылық жасайды, олардың даму перспективаларын айқындайды;

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша жұмыстарды бірлесіп орындаушылармен өзара іс-қимылды және қажетті кооперацияны қамтамасыз етеді, жоспарлы тапсырмалардың, шарттық міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ бірлесіп орындаушылар орындайтын жұмыстардың мерзімдерін, толық болуын және сапасын ұйымдастырады және бақылайды;

      ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарға шарттар жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жұмыстарды, оның ішінде шарттар бойынша орындалатын жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      бөлімшелердің ұйымда орындалатын зерттеулер мен әзірлемелердің техникалық тапсырмаларын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді, ақпаратты кешенді қорғаудың талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпараттық технологияларды жасау бойынша жұмыстың мақсаты мен міндетін қалыптастырады;

      ақпараттың жария болу, оның ішінде техникалық арналар бойынша жария болу белгілері мен ықтимал арналарын анықтау бойынша арнайы зерттеулер мен қайтадан бақылап тексеру жүргізуді ұйымдастырады, оларды жою және алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді, сондай-ақ техникалық құралдар мен орын-жайлардың қорғалу дәрежесі туралы актілер және өзге техникалық құжаттаманы жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ақпаратты сенімді қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын бақылайды, техникалық құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру іс-шараларын кешенді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      ақпаратты қорғаудың қолданылатын және ұсынылатын әдістерін, зерттеулер мен әзірлемелердің аралық және түпкілікті нәтижелерін қарауды ұйымдастырады;

      жұмыстардың орындалуын жоспарлауды, бақылауды және ұйымдастыруды жетілдіреді, оларда отандық және шетелдік ғылым мен техникада жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалануды қамтамасыз етеді;

      жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттар мен құрылыстарға жобалау және өзге де техникалық құжаттаманы ақпаратты қорғау талаптарын орындау бөлігінде келіседі;

      бөлімшелердің жұмыстарды жүргізуге қажетті жабдыққа, материалдық, қаржылық және өзге де ресурстарға деген қажеттілігін айқындайды және аппаратураның, құрылғылардың және өзге де жабдықтың ұтымды пайдаланылуын бақылайды;

      жұмыстың жоғары ғылыми-техникалық деңгейін, зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін қамтамасыз етеді;

      көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды, бақылау материалдарын талдауды, бұзушылықтарды анықтауды жүзеге асырады, ақпаратты қорғау бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асыруға қатысады;

      объектілерге, орын-жайларға, техникалық құралдарға, бағдарламаларға, алгоритмдерге тиісті қауіпсіздік кластары бойынша ақпаратты қорғау талаптарына сәйкес келуіне аттестация жүргізуді ұйымдастырады, қолданылып жүрген есептілікті белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етеді;

      кадрларды іріктеуге, бөлімше жұмыскерлерінің қызметін бағалауға және аттестациядан өткізуге қатысады;

      бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер қызметінің бағыттарын айқындайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      жұмыскерлердің біліктілігін және іскерлік қасиеттерін ескере отырып, кадрларды ұтымды орналастыруды жүзеге асырады, олардың біліктілігін және шығармашылық белсенділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      белгіленген тәртіпке сәйкес іс қағаздарын жүргізуді, жұмыстардың режимі жөнінде қолданылып жүрген нұсқаулықтарды сақтауды қамтамасыз етеді және бұзушылықтардың алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды:

      жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларының сақталуын қадағалайды;

      бөлімнің жұмыскерлеріне жетекшілік жасайды.

      19. Білуге тиіс:

      мемлекеттік құпиялар және ақпаратты қорғау туралы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрінің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын актілері, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге материалдар;

      ұйым мен оның бөлімшелерінің даму перспективалары, мамандануы және қызметінің бағыттары;

      экономикалық қызмет түрінің ұйымында шығарылатын өнімнің ерекшелігі және оны дайындаудың технологиялық ерекшеліктері, бөлімшелердің зерттеу және әзірлеу барысындағы өзара іс-әрекет жасау сипатын және қызметтік ақпараттың өту тәртібі;

      экономикалық қызмет түріндегі, ұйымдағы ақпараттың кешенді қорғалуын ұйымдастыру;

      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары;

      қорғалатын мәліметтерді бақылау, ақпараттың жария болу арналарын анықтау әдістері мен құралдары;

      техникалық барлауды ұйымдастыру;

      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру тәртібі, жоспарлау және ұйымдастыру, ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды орындау әдістері; арнайы зерттеулер мен тексерулерді жүргізуге арналған шарттар жасау, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмыстардың тәртібі, елдегі және шетелдегі техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      20. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ақпаратты қорғау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

5-параграф. Ақпаратты қорғау жөніндегі бас маман

      21. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша басшылық жасайды, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      құпия мәліметтерді қорғау және құпиялық режимін қамтамасыз ету мақсатында қолда бар барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды тиімді қолдануды қамтамасыз ете отырып, экономикалық қызмет түрінде, ұйымда ақпаратты кешенді қорғау бойынша жұмыстарды орындауға басшылық жасайды;

      техникалық бақылау құралдарының техникалық саясатын әзірлеуге және даму перспективаларын айқындауға қатысады, құпия ақпаратқа енуге жол бермейтін немесе біршама қиындататын техникалық және бағдарламалық-математикалық қорғаныш құралдарын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;

      бұйымдардың жобаларына арналған техникалық тапсырмаларды, қорғалуға тиіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қарауға қатысады, оларға ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттардың талаптарын енгізуді және осы талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      ақпарат жүйелерін қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды жұмыс жоспарларымен бағдарламаларына енгізу үшін ұсыныстар дайындайды;

      ақпаратты кешенді қорғау талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпараттық технологияларды құру бойынша жұмыстарға қатысады;

      ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер негізінде ақпаратты бақылауға және қорғауға байланысты жұмыстардың (оның ішінде ерекше күрделі) барлық кешенін орындайды;

      ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті арнайы бұйымдарды (өнімдерді) құруға және өндіруге байланысты зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде ақпараттың жария болып қалу, оның ішінде техникалық арналар бойынша ықтималдығы туралы материалдарды жинауды және талдауды ұйымдастырады;

      жүргізілетін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды үйлестіруді, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуді және ақпаратты қорғау, ұсынылатын және іске асырылап жатқан ұйымдастырушылық-техникалық шешімдерді техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізуде қажетті әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      қорғалуға жататын объектілер және қорғалатын мәліметтер туралы қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ақпаратты қорғау жөнінде әзірленген шаралардың техникалық-экономикалық деңгейін және тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа әдістемелік басшылық және бақылау жасауды жүзеге асырады;

      ақпарат қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарына, бақылау аппаратурасына деген қажеттілік туралы деректерді жалпылау, осы құралдарды дайындауға арналған өтінімдерді жасау бойынша жұмысқа басшылық жасайды, оларды алуды және қорғау объектілері арасында бөлуді ұйымдастырады;

      ақпараттың тиімділігін арттыру мақсатында озық тәжірибені таратуға және ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-техникалық шараларын, құралдарын және тәсілдерін ендіруге ықпал жасайды;

      ақпаратты қорғауға қатысты мәселелерді шешу кезінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының орындалуын, жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртібінің, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      экономикалық қызмет саласындағы, ұйымдағы ақпаратты қорғау бойынша бөлімшелер мен мамандардың қызметін үйлестіреді;

      персоналға құпия ақпаратты қорғауды оқытуды ұйымдастырады.

      22. Білуге тиіс:

      мемлекеттік құпияларға, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік, нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің даму перспективалары, мамандануы және қызметінің бағыттары, бөлімшелердің зерттеулер мен әзірлемелер процесіндегі өзара іс-қимыл жасау сипаты және қызметтік ақпараттың өту тәртібі;

      экономикалық қызмет түрінде, ұйымда қолданылып жүрген ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйесі;

      ақпаратты қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары;

      қорғалатын мәліметтерді бақылау әдістері мен құралдарын ақпараттың жария болып қалу арналарын анықтау;

      техникалық барлауды ұйымдастыру;

      ғылыми зерттеулер, әзірлемелер жүргізуді, ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды орындауды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері;

      арнайы зерттеулер мен тексерулерді, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу шарттарын жасау тәртібі;

      техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелер;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      23. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

6-параграф. Архив (техникалық) меңгерушісі

      24. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымда архив ісін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысты басқарады;

      белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      архив құжаттарын есепке алуды және пайдалануды жеңілдететін анықтама аппаратын құрастыру бойынша жұмысты басқарады;

      қажетті құжаттарды іздестіруде әдістемелік көмек көрсетеді;

      істерді құрастыру, дайындау және архивке тапсыру тәртібі туралы құрылымдық бөлімшелер жұмыскерлеріне нұсқау береді;

      архивке іс жүргізу аяқталған құжаттардың уақтылы келіп түсуін бақылайды;

      архив құжаттарының құндылығын сараптау, құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау істеріне құрастыру бойынша жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      құжаттарды мемлекеттік архивке тапсыру үшін істер тізбелерін, сақтау мерзімдері біткен құжаттарды жою туралы актілерді құрастыру бойынша жұмыстарға басшылық етеді;

      құжаттардың жағдайына, олардың уақтылы қалпына келтірілуіне, архив орын-жайларында құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      құжат айналымының және істер санының есебін жүргізу, архив құжаттарында бар ақпараттың негізінде архив анықтамаларды беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      белгіленген есептілікті құрастырады;

      іс-қағаздарын жүргізу және архив ісін ұйымдастыру бойынша тәртіпті, нұсқаулықтарды, ережелерді дайындауға қатысады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

      25. Білуге тиіс:

      іс жүргізу жүйесінің,архивтың жұмысына қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      архивке келіп түсетін құжаттарды ресімдеу тәртібі және оларды сыныптаудың қолданылып жүрген жүйесі, ұйымның құрылымы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      26. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

7-параграф. Асхана (дәмхана, мейрамхана, бар) меңгерушісі

      27. Лауазымдық міндеттері:

      қоғамдық тамақтану ұйымының өндірістік-шаруашылық және сауда-қызмет көрсету қызметіне басшылық жасайды, өндірістік бөлімшелердің: цехтар мен учаскелердің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, олардың қызметін тамақты, сусындарды дайындаудың жоғарғы сапасы мен келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге бағыттайды;

      өндірістік және сауда-қызмет көрсету процесін жүргізу үшін ұйымды қажетті азық-түлік тауарларымен, сонымен қатар азық-түлік емес тауарларды сату ассортиментіне кіретін тауарлармен, сусындармен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      өндіріс тиімділігінің жоғары деңгейін, жаңа техника мен технологияны, қызмет көрсетудің прогрессивті нысандарын енгізуді және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін ескере отырып, қоғамдық тамақтану өніміне тұтынушылардың сұранысын зерттейді;

      жұмыскерлердің олардың мамандығы мен біліктілігін, жұмыс тәжірибесін, тұлғалық қасиеттерін ескере отырып орналастыруды, сонымен қатар ұйымның сауда-қызмет көрсету қызметінде ұтымды еңбек бөлінісін ұйымдастырады;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі туралы есептің жүргізілуін және уақтылы ұсынылуын ұйымдастырады, еңбекақы төлеу және ынталандырудың қолданыстағы нысандары мен жүйесінің дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді;

      тамақ дайындау сапасына, сауда, баға қалыптастыру тәртібінің және еңбекті қорғау бойынша талаптардың сақталуына, еңбек және өндірістік тәртіп жағдайына, өндірістік және сауда-қызмет көрсету бөлмелерінің санитариялық-техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді және қызметтік қарым-қатынас жасау этикасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындауын қамтамасыз етеді.

      28. Білуге тиіс:

      қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      өндірісті ұйымдастыру мен ұйымды, оның бөлімшелерінің мақсаттары мен қызметін басқару, қоғамдық тамақтану мен келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі;

      жұмыс режимі, қоғамдық тамақтану экономикасы, маркетинг негіздері;

      еңбекақы төлеу мен ынталандыруды ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      29. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

8-параграф. Ауысым бастығы

      30. Лауазымдық міндеттері:

      ұйым бөлімшелерінің (учаскелерінің және бригадаларының) ауысымдық өндірістік тапсырмаларды орындалуын, бұйымдарды өндірудің, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуының белгіленген технологиясын сақтауды, жоғары сапалы өнімді ырғақты шығаруды қамтамасыз етеді;

      өндірістің уақытында дайындалуын, жабдықты ұтымды тиеу мен жұмыс істеуін ұйымдастырады;

      материалдық пен энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге, жабдықты және өзге негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануға, шикізатты, жанар майды, материалдарды үнемдеп пайдалануға жедел бақылауды жүзеге асырады және өндіріс барысының бұзылу себептерін айқындайды, алдын алады және жояды;

      еңбек өнімділігі мен өнім сапасын жоғарылатудың қосымша өндірістік резервтерін іздестіру және пайдаланылуын ұйымдастыру бойынша, өндіріс шығындарын (еңбек, материалдық) азайту бойынша жұмыстар жүргізеді;

      өндірісті жедел жоспарлау, нормалауды жақсарту, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру, озық тәсілдер мен әдістерді тарату, еңбек шығындарын азайту бойынша жұмыстарға қатысады;

      ұйым бөлімшесінің ауысымда өндірістік қызмет нәтижелерін, жабдықтың тұрып қалуының және бұйымдар (жұмыс, қызмет) сапасының төмендеуінің себептерін талдайды, айқындалған ақаулықтарды жою бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      өнімнің жұмыс орындар бойынша қозғалуының, өндірістік тапсырмалардың орындалуының жедел есебін ұйымдастырады.

      31. Білуге тиіс:

      өндірісті жедел басқару бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      шығарылатын өнімге қойылатын техникалық талаптар, оны өндіру технологиясы;

      цехтің өндірістік жабдығы және оны техникалық пайдалану тәртібі;

      өндіріс барысын есепке алу жүйелері мен әдістері;

      техникалық-экономикалық және жедел-өндірістік жоспарлау;

      өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары және әдістері;

      еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      32. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және өндірісті жедел басқару бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

9-параграф. Әлеуметтік даму бөлімінің бастығы

      33. Лауазымдық міндеттері:

      тұрақты еңбек ұжымдарының қалыптасуына, ұйымдастырушылық мәдениеттің дамуына, әр жұмыскердің еңбек әлеуетін барынша дамыту және пайдалану мақсатында жұмыскерлерді еңбекке уәждемелеудің, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырудың әлеуметтік-психологиялық факторларын пайдалануға бағытталған ұйымдағы социологиялық жұмысқа басшылықты жүзеге асырады;

      нарықтық экономика жағдайында, дамудың ішкі мен сыртқы факторларын есепке алып ұйымның мақсаттарына, стратегияларына және кадрлық саясатына сәйкес әлеуметтік болжамдар мен әлеуметтік процестерді модельдеу негізінде әлеуметтік дамудың мақсаттық бағдарламалары мен жоспарларының әзірлеуі мен іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      еңбек ұжымдарын тұрақтандыру, персоналдың әлеуметтік құрылымын, оның демографиялық және кәсіби-біліктілік құрамын жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      жұмыскерлер санын реттеу, олардың жалпы білім беру мен мәдени-техникалық деңгейін жоғарылату, тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту, ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат, тиімді тұлғааралық пен топаралық байланыстар құру және ұстап тұру, жаңадан қабылданған жұмыскерлердің бейімделуі бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады;

      еңбек жағдайлары мен мазмұнын және олардың еңбекке қанағаттануға әсерін зерттейді, әсіресе жастардың, жұмыстың эргономикалық, санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту, еңбектің қорғалуы мен жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күрделі жабдықтардың жаңа түрлерін игеру процесін енгізуді әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету, ауыр және аз біліктілікті қажет ететін қол еңбегін қысқарту, еңбектің тартымдылығын, беделділігін және мәдениетін көтеру бойынша шаралардың әзірленуін ұйымдастырады;

      әлеуметтік нормативтердің есебін қамтамасыз ету мақсатымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы объектілерінің құрылысы мен реконструкциясы жобаларын сараптауға қатысады;

      жұмыскерлердің еңбектік және әлеуметтік белсенділігін, іске шығармашылық қатынасын, бірлесе атқарған қызмет нәтижелеріне топтық және жеке жауапкершілікті жоғарылатуды материалдық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-психологиялық ынталандыру жүйелерін жетілдіру бойынша жұмысты басқарады;

      жұмыскерлерге көзделген кепілдерді қамтамасыз ету мен сақтауды бақылайды, еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу шеңберінде ұйым жұмыскерлерін материалдық және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеуді басқарады;

      жұмыскерлерге құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша, еңбек мәселелері бойынша консультация беруді, ұйым жұмыскерлеріне әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктер беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады;

      әлеуметтік қызмет ісіне компьютерлік технологияны және механикаландыру құралдарын кеңінен енгізуді, олардың ақпараттық қорын нығайтуды қамтамасыз етеді;

      ұйым жұмыскерлерінің әлеуметтік процестерді басқарудың әлеуметтік-психологиялық тәсілдерін оқуы бойынша дәрістер, семинарлар өткізуді, бөлімшелерге еңбек ұжымдарын әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады, олардың өндірістің әлеуметтік резервтерін анықтау және пайдалану және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметін үйлестіреді;

      бөлім жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      36. Білуге тиіс:

      әлеуметтік даму мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативті құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      ұйымның мақсаттары, стратегиясы және кадрлық саясаты, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері, еңбек социологиясы, психологиясы және физиологиясы, қарым-қатынас психологиясы;

      адами ресурстарды дамыту теориясының негіздері;

      әлеуметтік жоспарлау негіздері;

      психологиялық тестілеу әдістері;

      социологиялық зерттеулер жүргізу, қоғамдық пікірді зерделеу әдістері;

      ұйымның әлеуметтік дамуының жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу тәртібі мен әдістері;

      ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруды ұйымдастыру;

      әлеуметтік нормативтер, инженерлік және әлеуметтік психология;

      әлеуметтік бағдарламаларды орындау және олардың экономикалық тиімділігін талдауды жүргізу әдістері;

      еңбекке ақы төлеу, материалдық пен моральдық ынталандыру нысандары мен жүйелері;

      әлеуметтік процестерді басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      34. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшы және персоналды басқару бойынша өзге де лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

10-параграф. Байқау кеңесінің хатшысы

      35. Лауазымдық міндеттері:

      байқау кеңесі төрағасының тапсырмаларын орындайды;

      байқау кеңесінің төраға басшылығындағы отырыстарда қатысады;

      байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      отырыстарда қатысатын байқау кеңесі мүшелерін тіркейді;

      байқау кеңесі мүшелерінен түскен ұсыныстарына сәйкес байқау кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібі жобасын дайындауға қатысады;

      байқау кеңесі мүшелерінен байқау кеңестің жұмыс жоспарын құру бойынша ұсыныстарын жинау және байқау кеңесі жұмысының жоспары жобасын төрағаға ұсынуды қамтамасыз етеді;

      байқау кеңесі мүшелерін және шақырылған адамдарға отырысты өткізетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;

      байқау кеңесі отырыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдарды дайындайды және жібереді;

      байқау кеңесі отырыстарының, оның ішінде қатысушы мүшелердің келісімімен аудио-, бейнетаспаға жазуды ұйымдастырады;

      байқау кеңесі отырыстары хаттамалары және байқау кеңесі отырыстары хаттамаларынан үзінділеріне қол қоюды және ресімдеуді жүргізеді;

      байқау кеңесі бекітілген құжаттарды жібереді, қажетті кезде ұйым қызметкерлеріне байқау кеңесі отырыстарында қабылданған шешімдер туралы ақпаратты жеткізеді;

      байқау кеңесінің мүшелеріне жабық дауыс беру және байқау кеңесінің мүшелері толтырған бюллетеньдерді жинау жолымен қабылданатын байқау кеңесінің дауыс беруге және шешімдер қабылдауға арналған бюллетеньдерді жібереді;

      жабық дауыс беру арқылы қабылдаған дауыс беру қорытындыларын шығарады;

      байқау кеңесі атынан сұрау салуды және хаттарға жауаптарды дайындайды;

      байқау кеңесіне оның отырыстарын өткізу туралы түскен ұсыныстарын жүргізуді іске асырады;

      байқау кеңесінің барлық мүшелеріне келіп түскен ұсыныстар туралы хабарлайды және ұсыныстарда көрсетілген мәселелерді қарау және шешуде әр мүшенің мүдделігін анықтайды;

      байқаушы кеңестің жаңадан сайланған мүшелерінеұйымдағы байқау кеңесі және ұйымныңөзге де органдары қызметі қолданыстағы тәртібі, ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын және байқау кеңесі мүшелерінің міндеттерін ұқыпты орындау үшін маңызы бар өзге де ақпаратты түсіндіреді;

      жабық дауыс беру арқылы байқау кеңесі отырыстарында қабылданатын шешімдерді және хаттамаларды, жабық дауыс беру арқылы қабылданатын шешімдерді қабылдау үшін байқау кеңесі мүшелері жіберген дауыс беру үшін бюллетеньдерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      байқау кеңесінің кіріс және шығыс құжаттарын, олардың көшірмелерін тіркеу және сақталуын жүргізеді;

      мүдделі адамдарға архив құжаттары мен үзінділерін ұсынады.

      36. Білуге тиіс:

      кәсіпорындар мен ұйымдардың корпоративтiк басқару органдары қызметін реттейтін және құқықтарын анықтайтын заңнамалық және құқықтық актілері;

      жарғы және ұйымдар мен кәсіпорындарда корпоративтік қарым-қатынастарды, байқаушы кеңесі және оның органдары функцияларын реттеу өзге құжаттарды;

      байқау кеңесі отырыстарын өткізу,сондай-ақ корпоративтік басқару процедураларын іске асыру тәртібі мен дайындау тәртібін;

      мемлекеттік ұйым туралы ақпараттарды ашу тәртібі;

      монополияға қарсы және салық заңнамасының, жекешелендіру туралы заңнамасының негіздері, төрелік тәжірибесі;

      корпоративтік мінез-құлық кодексі;

      халықаралық корпоративтік заңнамалық негіздері;

      корпоративтік басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін көрсететін нормативтік құжаттар;

      корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібі;

      ақпаратты қабылдау, өңдеу және жіберу әдістері мен құралдары;

      ақпаратты техникалық қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттар;

      ақпараттық технологиялары;

      ақпараттық жүйелерін қолдану тәртібі;

      келіссөздерді және жүргізу тәртібі мен ұйымдастыру;

      корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      37. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және корпоративтік басқару бойынша арнайы дайындығы, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

11-параграф. Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері

      38. Лауазымдық міндеттері:

      бекітілген учаскеде өнімдер мен қызметтердің сапасын көтеру және бақылау, шығарылатын өнімдердің жиынтықтылығы және ақаулықты есептеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өнімдердің (бұйымдар, жартылай фабрикаттардың) сорттылығын бекіту дұрыстығын, оның бекітілген үлгілерге (эталондарға), стандарттарға, техникалық шарттарға және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін, өндірістік процестің барлық сатысында техникалық режимдердің, жұмыс орындарда техникалық бақылау бойынша нұсқаулықтар мен әдістемелердің сақталуын, буып-түю және ыдыс сапасын, жабдықтың және көлік құралдарының техникалық жай-күйін, шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жинақтаушы бұйымдардың, дайын өнімдердің сақталуын бақылайды;

      шығарылатын немесе жеткізілетін бұйымдардың сапасын және жиынтықтылығын куәландыратын техникалық құжаттаманы (паспорттар, сертификаттар) ресімдеу, өнімді сапа санаттары бойынша аттестациялау жөніндегі жұмыстарды басқарады;

      өндірістік жабдықтың және құралдардың дәлдігін, бақылау-өлшеу құралдарының жай-күйін тексеру кестесінің сақталуын, олардың жұмыс орындарда болуын, мемлекеттік тексеру үшін уақытында ұсынылуын қадағалайды;

      белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді өндірудің алдын алу, ақаулықтың себептері мен ол үшін айыптыларды анықтау, дайын өнімге рекламацияның түсуі, сонымен қатар өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын көтеруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу бойынша шаралар қолданады;

      өнім сапасын басқарудың аса жетілген жүйесін, бақылау әдістерін (бұйымдардың, материалдардың және жартылай фабрикаттардың келіп түскен құрамдас бөлшектерінің кіріс бақылауын қосқанда), жаңа және қайта қаралған қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттар мен өзге де нормативтер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      бағыныштылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тәртібін, қауіпсіздік техникасын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      тапсырыс берушілерге дайын өнімді, орындалған жұмыстарды (қызметтерді) тапсыруға қатысады;

      жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін және біліктілігін арттыруға, оларды оқытуға, озық тәжірибені енгізуге жәрдемдеседі.

      40. Білуге тиіс:

      өнім сапасын басқару бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      өндірістің технологиялық процестері және режимдері, шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструктивтік деректері;

      шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, құраушы бұйымдарға және дайын өнімге қойылатын техникалық және экономикалық талаптар;

      экономикалық қызмет түрінде және ұйымда қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар;

      сапалы көрсеткіштердің нормативтері;

      технологиялық нұсқаулықтар, өндірістің техникалық бақылау жүйелері, құралдары мен әдістері;

      дайын өнімді, шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикатарды, құраушы бұйымдарды қабылдау және сақтау тәртібі;

      сынамаларды сұрыптау әдістері;

      өнімдерді буып-түю және таңбалау тәртібі;

      тауарлық белгілер мен кодтар туралы тәртібі;

      өнеркәсіп өнімінің сапасын аттестациялау тәртібі, өндірістік ақаулықтардың түрлері, олардың алдын алу және жою әдістері;

      өнімді қабылдау және сынақтан өткізу тәртібі;

      өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын куәландыратын техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      41. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және өндірісте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және өндірісте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

12-параграф. Бас бухгалтер

      42. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады;

      қаржылық-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады;

      бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады;

      есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларды жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжатайналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді;

      ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есеп және есептіліктің оңтайлы ұйымдастырылуын есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың дамыған нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы қамтамасыз етеді;

      ұйымның қызметі туралы, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;

      мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, шоттарда олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуды, шығыстар сметасын орындауды, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды ұйымдастырады;

      құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылылығын және дұрыстығын, өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауды, жалақы бойынша есеп айырысуды, салық және мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді;

      бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым жұмыскерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарын тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады;

      ішкі шаруашылық қорды айқындау, шығындар мен өнімсіз шығындарды тоқтату мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

      жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды;

      ұйымдардың банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады;

      ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жинақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      бос қаржы құралдарын банктердің депозит салымдарына (сертификаттарына) орналастыру және құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара әрекеттесуді, депозиттік және кредит шарттарымен есеп операцияларын жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;

      штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен өзге де шығындарды бухгалтерлік есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен архивке тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;

      баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, өзге бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;

      заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      бөлімшелердің жұмыскерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

      бухгалтерия жұмыскерлеріне басшылық етеді.

      43. Білуге тиіс:

      бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама;

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздері, ұйымның құрылымы, оның даму стратегиясы мен перспективалары;

      ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу тәртібі;

      операцияларды ресімдеу тәртібі және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, қаржы есептерінің нысандары мен тәртібі;

      ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, шаруашылықтың ішкі қорын анықтау әдістері;

      ақша қаражатын, тауар-материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібі;

      дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібі, Заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары;

      бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де ысыраптарды есептен шығару тәртібі;

      ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібі;

      бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;

      тексерулер мен құжаттамалық ревизиялар жүргізу тәртібі;

      заманауи есептеуіш техника құралдары және оларды есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндігі, атап айтқанда салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламасы;

      бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибелер;

      қаржы есептілігінің халықаралық ұлттық стандарттары, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс жүргізу дағдылары;

      өндіріс технологиясының негіздері, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      44. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

13-параграф. Бас дәнекерлеушы

      45. Лауазымдық міндеттері:

      дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың технологиялық дайындығын басқарады;

      жоғары сапалы өнім жасау және шығаруды, бұйымдардың конструкциясын, олардың технологиялылығын, экологиялылығын, еңбегінің жоғары өнімділігін жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық жабдықтау құралдарын әзірлеу және енгізу жүктелген бөлімшелерге техникалық басшылықты жүзеге асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын өндіруді технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, дәнекерлеу жабдығына жоспарлық-алдын ала және күрделі жөндеу жүргізу кестелерін әзірлеуді, жұмыс мерзімдері мен көлемдерін, еңбек және материалдық ресурстардың шығындарын жоспарлауды басқарады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау технологиясы мен сапасын, жабдықтың жұмыс істеу шарттарын зерделейді және талдайды, еңбек шығындарын қысқартуды қамтамасыз ететін прогрессивті дәнекерлеу тәсілдерін әзірлеуді және өндіріске енгізуді, қауіпсіздік және еңбектің техникасы мен қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, олардың сапасын арттыруды ұйымдастырады;

      қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге және онымен өндірісті қамтамасыз етуге, дәнекерлеудің технологиялық режимдерін, материалдардың шығыс нормаларын, жабдықты техникалық пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәртібін қатаң сақтауға бақылауды жүзеге асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындауға қажетті жабдық пен материалдарға өтінімдер жасауды, дәнекерлеу жабдығының есебін, оның паспортталуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарастыруға қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын енгізу, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қолданады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, оларды мамандандыру және еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары мен қауіпсіздік және еңбектің техникасы тәртібін ескере отырып, жабдықты жүктеу бойынша жұмыстарды басқарады, жобалық қуаттарды уақтылы игеруді, жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициентін арттыруды қамтамасыз етеді;

      прогрессивтік техника және технологияны енгізу, технологиялық жабдықты және жарақты, өндірістік алаңдарды пайдалануды жақсарту, дәнекерлеу конструкцияларының сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастырады;

      дәнекерлеу тәсілдері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру және дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарастырады және оларға пікірлер және қорытындылар береді;

      өндірісті мамандандыру және кооперациялау деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігін арттыру резевтерін пайдалануға байланысты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәсілдері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды басқарады;

      кәсіпорынның білікті дәнекерлеушілерге мұқтаждығын айқындау, белгіленген тәртіпте оларды аттестаттаудан өткізуге дайындау бойынша жұмыстарға қатысады;

      ғылыми-техникалық жетістіктерді, дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      дәнекерлеу бойынша жұмысты орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорын бөлімшелері мен жұмыскерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

      46. Білуге тиіс:

      өндірісті технологиялық дайындау жөнінде нормативтік, әдістемелік және өзге де материалдар;

      кәсіпорынның бейіні, мамандануы және ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының ерекшеліктері, оны дамыту перспективасы;

      кәсіпорынның өнім өндіру технологиясының негіздері;

      салада және кәсіпорында дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      дәнекерлеу жабдығының өндірістік қуаттылығы, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану тәртібі;

      өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәртібі және әдістемесі;

      дәнекерлеу әдістері мен тәсілдері;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша тәртібі, нұсқаулықтар және өзге де басқарушы материалдар;

      дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар, оларды шығындау нормалары;

      дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыру;

      дәнекерлеу ақауларының түрлері және оларды жою тәсілдері;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиясын және ұйымдастырылуын жетілдіру саласында зерттеулер және әзірлемелер жүргізу тәсілдері;

      дәнекерлеу жұмыстарына арналған стандарттар және техникалық шарттар, құрылыс нормалары мен тәртібі;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      экологиялық заңнама негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      47. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

14-параграф. Бас диспетчер

      48. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өзінің міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты жүзеге асырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      жабдықтауды, көлікті, байланысты және өткізуді қалыптастыру және реттеу бойынша бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      ұйымның бірқалыпты жұмысын және өнімді біркелкі шығаруды (қызмет көрсетуді), жұмыстың өндірістің бағдарламасына, шарттық міндеттемелерге, күнтізбелік кестелерге және ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның негізгі қорларын (өндірістік қуаттарын) барынша пайдалану бойынша шараларды қабылдайды, жабдықтың тиімді жүктелуіне, персоналдың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі;

      жедел өндірістік жоспарлау және диспетчерлеуді ұйымдастырады;

      өндірістің барысына және ұйымның өзге де негізгі қызмет түрлеріне тұрақты түрде жедел бақылауды жүзеге асырады, өндірістік процестер барысындағы қалыпты жұмыстың бұзылуының алдын алуға және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды, бұзылуларды жою үшін ұйымның қосалқы және өзге де қызметтерін тартады;

      ұйым бөлімшелерінің, өндірістік көлік құралдары мен қоймалардың жұмысын үйлестіреді, диспетчерлік мәжілістер өткізеді;

      цехтар мен учаскелердің өңірлік бөлімшелерінің қажетті шикізаттармен, материалдармен, конструкциялармен, жиынтықтаушы бұйымдармен, жабдықтармен, сондай-ақ көлікпен және тиеу-түсіру құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылайды;

      жіберу топтарының мөлшерін, беру мерзімдері мен қорлардың нормаларын айқындау бойынша нормативтік-жоспарлы есептеулер жүргізуге басшылық етеді;

      өндірістік бөлімшелерде, цехтарда және учаскелерде белгіленген нормативтер деңгейінде аяқталмаған істердің болуына, бұйымдардың өндірістік ағын бойынша іркіліссіз қозғалуына, клиенттерге қызмет көрсету барысына, дайын өнімді немесе аяқталған жұмысты (қызметті) тапсыру кестесінің орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      өндіріс барысына жедел бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлық құжаттарды уақтылы алуды қамтамасыз етеді;

      ұйымның өндірістік бөлімшелерінің диспетчерлік қызметтеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      өндірісті жедел басқару саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибелерді зерделейді, өндірістік жоспарлауды, диспетчерлеуді жетілдіру және өндірістің барысын жедел есепке алу мен бақылау, өндірісті жедел басқарудың техникалық құрал-жабдықтарын енгізу жөнінде іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      ұйым бөлімшелерінің өнім шығарудың (қызмет көрсетудің) өндірістік бағдарламасын орындау жөніндегі жұмыс нәтижелерін қорытындылауға және бағалауға басшылық етеді;

      өндірісті мамандандыру және кооперациялау, оның тиімділігін арттыруды жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысады;

      өнім шығарудың және орындалған жұмыстың есебін жүргізуді, белгіленген есептілікті, бөлімше қызметінің нәтижесіне талдау мен бағалау жүргізуді, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен уақтылығын бақылауды уақтылы қамтамасыз етеді;

      диспетчерлік қызмет жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру, еңбек тәртібін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      диспетчерлердің жұмысына басшылық жасайды, бөлімше қызметінің ақпараттық қамтамасыз етілуін бақылайды, қазіргі заманғы техниканы енгізуге және ақпараттық технологияларды пайдалануға немесе диспетчерлік журналдарды және өзге де техникалық құжаттаманы жүргізуге жәрдемдеседі.

      49. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері жәнеөндірісті жедел басқару бойынша әдістемелік материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы мен құрылымының ерекшелігі, оның даму перспективалары, ұйымның өнім өндіру (қызмет көрсету) технологиясының негіздері;

      тиісті экономикалық қызмет түріндегі және ұйымдағы өндірісті (қызмет көрсетуді) ұйымдастыру;

      ұйым шығаратын өнімдердің номенклатурасы, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің түрлері;

      ұйым құрал-жабдықтарының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану тәртібі;

      өндірістік жоспарлаудың тәртібі мен әдістері, ұйым бөлімшелерінің мамандануы мен аумақтық орналасуы, олардың арасындағы өндірістік байланыстар, өндіріс барысын есепке алу жүйелері мен әдістері;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және өзге де басшылық материалдар;

      өндірістік қоймалардың жұмысын, Көлік және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      ұйым шығаратын өнімді жеткізуге арналған стандарттар мен техникалық шарттар, өндірісті жедел басқару саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      50. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және диспетчердің немесе өндірісті немесе қызметті жедел басқару бойынша басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

15-параграф. Бас инженер

      51. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өзінің міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде нарықтық экономика жағдайында ұйымның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын, жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, іс-қимыл жасау қабілетін, ұтқырлығы мен кірістілігін қамтамасыз ету мақсатында өндірісті мамандандыру және перспективаға әртараптандыру деңгейін айқындайды;

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) өндірістік қызметіне басшылықты және оның тиімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді, олардың жұмыс нәтижелерін,еЕңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылайды;

      өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның үнемі өсуін, еңбектің өнімділігі мен тиімділігін арттыруды, шығындардың (материалдық, қаржы, еңбек) азаюын, өндірістік ресурстардың ұтымды пайдалануды, өндірілетін өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің жоғары сапалылығын және бәсекеге қабілеттілігін, өндірілетін бұйымдардың қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және техникалық эстетика, дизайн талаптарына сәйкес болуын, сондай-ақ сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етеді;

      ұйымды қайта құру және жаңғырту, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау, табиғи ресурстарды ұқыпты қолдану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдениетін көтеру бойынша шараларды дайындауды басқарады;

      жаңа техника мен технологияны енгізудің жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өнертапқыштық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады;

      жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақтылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, өнімді (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) дайындау және өндіру барысында жоғары сапаға жетуді қамтамасыз етеді;

      ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерінің, патенттік зерттеулер нәтижелерінің, сондай-ақ нарықтың конъюнктурасын есепке ала отырып, озық тәжірибенің негізінде ассортиментті және сапаны жақсарту, шығарылатын өнімді, жұмыстарды (қызметтерді), техника мен технологияны жетілдіру және жаңарту, бәсекелестікке қабілетті түбегейлі жаңа өнім түрлерін өндіру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру, өнімділігі жоғары арнайы жабдықты бақылау және сынау құралдарын жобалау және өндіріске енгізу, құралдардың еңбек қажеттілігі нормативтерін және оларды жасау үшін материалдардың шығыс нормаларын даярлау, үнемдеу режимін және шығыстарды азайтуды жүйелеп жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жобалық, өнертапқыштық және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және еңбектің техникасы тәртібінің және нормаларының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің, табиғатты қорғау, санитариялық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді;

      техникалық құжаттаманың (сызбалардың, сипаттамалардың, техникалық шарттардың, технологиялық карталардың) уақтылы дайын болуын қамтамасыз етеді;

      ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен жаңа техниканы және өндіріс технологиясын даярлау, кәсіпорын мен оның бөлімшелерін қайта құру, жабдықты, өндірістік процестерді, өндірісті басқарудың автоматты жүйелерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру бойынша шарттарды жасайды, олардың даярлануына бақылау жүргізеді, өзге ұйымдар даярлаған техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарастыруды және енгізуді, лизинг шарттарында жабдықты сатып алуға тапсырыстарды құрастыруды ұйымдастырады;

      патенттік-өнертапқыштық қызмет, өнімді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды ету, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, оған механикалық-энергетикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;

      инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізудің негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды;

      ғылыми зерттеулер мен эксперименттерді, жаңа техника мен технологияны сынақтан өткізуді, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпарат, ұтымды ету және өнертапқыштық, озық өндірістік тәжірибені тарату саласындағы жұмысты ұйымдастырады;

      енгізілген ғылыми-техникалық шешімдердің басымдылығын қорғау, оларды патенттеу үшін материалдарды дайындау, зияткерлік меншікке лицензиялар мен құқықтарды алу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      жұмысшылар мен мамандарды оқытуды және біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастырады және персоналды дайындаудың үнемі жетілдірілуін қамтамасыз етеді.

      52. Білуге тиіс:

      ұйымныңөндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      экономиканың және экономиканың тиісті саласының басым бағыттарын белгілейтін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері;

      ұйымның қызметіне байланысты өзге органдардың әдістемелік және нормативтік-техникалық актілері;

      ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі;

      экономикалық қызмет түрінің техникалық,экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасы және ұйымның бизнес-жоспары;

      ұйымның өндірістік қуаты;

      ұйым өнімін өндіру технологиясы;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын даярлау және келісу тәртібі;

      шаруашылықты жүргізу және ұйымды басқару әдістері;

      шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі;

      экономиканың тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық ұйымдардың тәжірибесі;

      стандарттау негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      53. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

16-параграф. Бас конструктор

      54. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өзінің міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) ұйымды ғылыми-техникалық дамыту, бейінді бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша қызметіне басшылықты жүзеге асырады және қызметін қамтамасыз етеді, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      ұйымның ғылыми-техникалық дамуының мақсаттарын, міндеттерін, саясаты мен стратегиясын айқындайды;

      технологиялық процестердің, техниканың (кешендердің, машиналардың, аппараттардың, жабдықтардың, механизмдердің), қолданыстағы өндірістің жоғары техникалық дәрежесін, бәсекеге қабілеттілігін, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне, техникалық эстетика талаптарына және өндірістің неғұрлым үнемді технологияларына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрлерін жасауды және оларды жаңғыртуды басқарады;

      перспективалы конструкторлық әзірлемелерді, ең жаңа материалдарды игеру, ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады;

      объектілердің қайта құрылуына, өндірістің автоматтандырылуына және көп еңбекті қажет ететін процестердің механикалануына байланысты жаңа тәжірибелі және өнеркәсіптік құрылғылардың, стандартты емес жабдықтардың және құрылғылардың жобаларын даярлауды ұйымдастырады;

      даярланатын бұйымдардың конструкцияларын біріздендіру, стандарттау және сертификаттау деңгейін арттыру жұмысын жүргізеді;

      жаңа және жаңғыртылған конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, үздік отандық және шетелдік стандарттарға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және қорғау талаптарына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      жаңа конструкторлық әзірлемелердің техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлауды, олардың тиімділігін, бұрын даярланған әзірлемелерден артықшылығын басқарады;

      жаңа техниканы енгізу және игерудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын даярлауды, өндірісті конструкторлық дайындауды, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды;

      автоматтандырылған жобалау жүйелерін енгізуді, конструкторлық бөлімшелер әзірлейтін сызбалардың және өзге де техникалық құжаттаманың уақтылы жасалуын, келісілуін және бекітілуін қамтамасыз етеді;

      тапсырыс берушілермен бірге жобалауға техникалық тапсырмаларды әзірлеуді жүзеге асырады, әзірленген нобайлардың, техникалық және жұмыс жобаларының қорғалуын және келісілуін қамтамасыз етеді, жобалық шешімдерді бекітуге ұсынады;

      сызбаларды және өзге конструкторлық құжаттаманы сақтауды, көбейтуді және өндірісті олармен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      жобалаудың прогрессивті әдістерін, есептеуіш және телекоммуникациялық техниканы, техникалық құжаттаманы көбейтудің үздік әдістерін, жобаларда стандартталған және біріздендірілген бөлшектерді және құрастыру бірліктерін кең пайдалануды енгізу есебінен жаңа техниканы игеру мерзімін, өндірісті конструкторлық дайындау құнын және циклын азайту бойынша шараларды қабылдайды;

      тәжірибелік өндіріс бөлімшелерінде жүргізілетін зерттеу және эксперименттік жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;

      бұйымдардың сапасы мен беріктігін, оның технологиялығын, экологиялық тазалығын үнемі жоғарылатуға, оның өзіндік құнын, көп еңбек мен көп материал қажет ететіндігін төмендетуге қол жеткізе отырып, тәжірибелік үлгілерді даярлауды, оларды эксперименталды тексеруді, бастапқы партияларды жетілдіру және алғашқы өнеркәсіптік серияларды шығаруды ұйымдастырады;

      бұйымның жаңа конструкцияларын монтаждауға, сынауға, жөндеуге және іске қосуға қатысады;

      бұйымдарды жасау және олардың пайдаланылуына авторлық қадағалауды жүзеге асырады;

      өндірісті конструкторлық даярлау жөніндегі техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      өнімді сапа санаттарына аттестаттау, өндірісті қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, қарқындылығын арттыру жөнінде ұсыныстарды даярлау, өндірістің тиімділігін жоғарылату бойынша жұмысқа қатысады, енгізуге қабылданған рационализаторлық ұсыныстардың және өнертапқыштықтардың конструкторлық даярлығын қамтамасыз етеді;

      неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстарды, сондай-ақ кәсіпорынға өзге ұйымдардан келетін стандарттарды және өзге конструкторлық құжаттаманы қарастырады және сын-пікірлер мен қорытындылар береді;

      өндірістің конструкторлық дайындығын жүзеге асыратын жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      өзіне бағынышты бөлімшелердің қызметін басқарады және үйлестіреді.

      55. Білуге тиіс:

      заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері жәнеөндірісті конструкторлық даярлау бойынша әдістемелік материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымы, экономикалық қызмет түрінің және кәсіпорынның техникалық дамуының перспективасы;

      ұйымның өнімін өндіру технологиясы, жобалаудың жүйесі және әдістері;

      экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірістің конструкторлық даярлануын ұйымдастыру;

      ұйым жабдығының өндірістік қуаты;

      техникалық сипаттамасы, конструкциялық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану тәртібі;

      өндірістің конструкторлық дайындығын жоспарлау тәртібі мен әдістері;

      жасалатын конструкцияларға, оларды монтаждауға және пайдалануға беруге қойылатын техникалық талаптар;

      техникалық есептерді жүргізу әдістері;

      дизайн, техникалық эстетика, көркем құрылыс және эргономика негіздері;

      конструкторлық құжаттаманы дайындау және ресімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және өзге басшылық материалдар;

      патенттану, стандарттау және сертификаттау негіздері;

      автоматтандырылған жобалау жүйелері;

      конструкторлық құжаттаманың көшірмесін түсіру және көбейту құралдарын қоса алғанда, қазіргі заманғы есептеу және телекоммуникация құралдары;

      жобалық-конструкторлық әзірлемелерге қойылатын еңбекті қайта ұйымдастыру талаптары;

      ғылым және техниканың өндірістің тиісті экономикалық түріндегі отандық және шетелдік жетістіктері;

      ұқсас өнімді құрастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      56. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті экономикалық қызмет түрінде кемінде 5 жыл конструкторлық жұмыс өтілі.

17-параграф. Бас металлург

      57. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өзінің міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру, қолданылатын технологияларды қалыптастыру мен реттеу бойынша басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді, бөлімше қызметінің нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      металлургия өндірісін технологиялық дайындау бойынша барлық жұмыс кешенінің орындалуын басқарады, белгіленген ассортиментте және белгілі бір техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бәсекеге қабілетті өнім шығарудың өндірістік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      озық отандық және шетелдік үлгілер деңгейінде шығарылатын өнімнің сапасы мен өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін прогрессивті, экономикалық және экологиялық негізделген технологиялық процестерді әзірлеу және өндіріске енгізуді ұйымдастырады;

      өндірісті технологиялық дайындаудың перспективалы және жедел бағдарламаларын және оларға негіздемелер мен есептер әзірлеуге қатысады;

      жаңа техниканы, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізуді, жаңа өнім түрлеріне стандарттарды, техникалық шарттарды және технологияны әзірлеуді ұйымдастырады;

      металлургиялық агрегаттардың өндірістік қуатының есебін жасау және жабдықты жүктеу бойынша, негізгі және қосалқы материалдардың шығыс нормаларын және металлургия өндірісі бойынша өзге де техникалық-экономикалық нормативтерді әзірлеу бойынша жұмысты басқарады;

      технологиялық құжаттаманы әзірлеуді басқарады және онымен өндірісті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;

      өндірістің, ішкі шаруашылық кооперацияның тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге, негізгі агрегаттар мен жабдықтарғаа жоспарлы алдын алу және күрделі жөндеу жүргізудің кестесін әзірлеуге, сонымен қатар оларды жөндеуден кейін қабылдауға қатысады;

      өндіріс қуатын толық пайдалану мен дамытуды, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, жабдықты пайдалану тәртібін, қауіпсіздік техникасы тәртібің, сонымен қатар шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, белгіленген технологиялар мен жұмыс кестесінің қатаң сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      агрегаттар мен жабдықтарды реконструкциялау мен жаңартуға техникалық тапсырма жасауды, жаңадан құрылатын және реконструкцияланатын объектілерді іске қосуға дайындықты басқарады және жобалық қуаттың уақтылы игерілуін қамтамасыз етеді;

      ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын жасауға, жаңа техниканы, озық технология мен көп еңбекті қажет ететін процесті механикаландыруды енгізуге, қолданыстағы өндірісті техникалық қайта жасақтау мен реконструкциялау бойынша ұйымдастырушылық техникалық іс-шараларға;

      өндірісті техникалық бақылау әдістерін жетілдіруге, өнімнің сапасын жақсартуға, еңбекті ұйымдастыруға қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, қайта әзірленетін технологиялық процестерді және өндіріс режимдерін игеру бойынша зерттеу және эксперименталды жұмыстарды жүргізуге басшылық етеді;

      жабдыққа, металлургиялық өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарастырады және оларға қорытынды береді, көрсетілген саладағы озық техникалық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу мен енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      металлургиялық өндірістің технологиялық дайындығын жүзеге асыратын ұйым бөлімшелері мен жұмыскерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      58. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және өндірісті технологиялық дайындау жөніндегі әдістемелік материалдар;

      ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының бағыты, бейіні мен ерекшеліктері, оның даму перспективасы;

      металлургия өндірістің және ұйым шығаратын өнімнің технологиясы;

      ұйымда және экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру;

      ұйым жабдығының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы;

      конструктивтік ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану тәртібі;

      өндірісті технологиялық дайындау тәртібі мен жоспарлау әдістері;

      шикізатқа, материалдарға, жартылай дайын және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      техникалық есепті жүргізу әдістері;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу мен рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар және өзге де басшылыққа алынатын материалдар;

      патенттану, стандарттау және сертификаттау негіздері;

      технологиялық процестерді жоспарлау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастырудың талаптары;

      өндірісті жобалау мен технологиялық дайындаудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      59. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

18-параграф. Бас метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау қызметінің бастығы)

      60. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өзінің міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіруге, қолданыстағы стандарттардың сақталуына және реттелуіне, жаңаларын әзірлеуге басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың стандарттары, рәсімдері мен тәртібіінің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді;

      стандарттау объектілерін айқындайды, жаңа стандарттардың әзірленуін және қолданыстағылардың қайта қаралуын ұйымдастырады, нормативтік және техникалық құжаттаманың сараптамасын жүргізеді;

      ұйым шығаратын өнімнің әзірленуін, өндірілуін, сыналуын және пайдалануын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жаңа өлшеу техникасын енгізу бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды;

      жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      ұйымда әзірленетін, сонымен қатар өзге ұйымдардан келіп түсетін конструкторлық және өзге де техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты басқарады;

      өлшеу құралдарын қолдануға байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін айқындау бойынша жұмыстарға қатысады;

      заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      метрологиялық қамтамасыз ету жағдайларын талдау, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттауды жүргізу бойынша жұмыстарды, оларды тексеру бойынша әдістемелерді, нұсқаулықтарды және өзге де нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді, сонымен қатар өлшеу құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және тексеруден кейін аттестаттауды ұйымдастырады;

      технологиялық процестің регламенттерде көзделген барлық өлшеу құралдарымен жабдықталуына, ұйым бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің өндірістің белгіленген режимі мен өнім сапасының сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асырады;

      арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады;

      өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті күйде ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалар бар өзге де нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі;

      белгіленген есептілікті жасау мен оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органына ұсыну бойынша жұмысқа басшылық етеді;

      метрологиялық қызмет жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      61. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар;

      ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бейіні, мамандануы мен ерекшеліктері, оның даму перспективасы;

      метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері;

      экономикалық қызмет түріндегі және ұйымдағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, өндірістік қуаттар, жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс режимдері, оны пайдалану тәртібі;

      ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және өзге де басшылық материалдар;

      өлшеу құралдарының құрылысы мен пайдалану тәртібі, оларды жөндеуді ұйымдастыру;

      метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістері;

      бөгде ұйымдармен шарттар жасасу тәртібі;

      өндірісті қамтамасыз ету мен метрологиялық бақылау, сертификаттау, стандарттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      62. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

19-параграф. Бас технолог

      63. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      ұйым шығаратын өнім өндірісінің прогрессивтік, экономикалық негізделген, ресурстық және табиғат қорғау технологиялық процестерін және режимдерін әзірлеуді және енгізуді, өндірістің технологиялық дайындығы және техникалық қайта жарақтандыру деңгейін арттыруды, шикізаттардың, материалдардың шығысын, еңбек шығынын қысқартуды, өнімнің, жұмыстың (қызметтің) сапасын жақсартуды және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жұмыстарды (қызметті) орындауды ұйымдастырады;

      прогрессивті технологиялық процестерді, ең жаңа материалдарды өндірісте игеруді жеделдету, ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен енгізу жөнінде шаралар қабылдайды;

      жаңа техника мен технологияны енгізу, өндірістің техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру жоспарларын жасауға, технологиялық құжаттаманы әзірлеуге басшылық жасайды, олармен кәсіпорын цехтарының, учаскелерінің және өзге өндірістік бөлімшелерінің қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;

      өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін түзетуге байланысты техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістерді қарайды және бекітеді;

      өндірістің технологиялық дайындығының перспективалық және ағымдағы жоспарларының орындалуын, белгіленген технологиялық процестердің қатаң сақталуын бақылайды, технологиялық тәртіпті бұзуды анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      жаңа цехтар мен учаскелерді ұйымдастыру және жоспарлау, олардың мамандануы, жаңа техниканы, жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді игеру, өндірістік қуаттылықтар мен жабдықтардың жүктелуін есептеуді орындау, өндірістің техникалық деңгейін және жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициентін арттыру, шикізатқа, негізгі және қосалқы материалдарға, жартылай фабрикаттарға қойылатын техникалық шарттар мен талаптарды жасау және қайта қарау, еңбек шығындарының прогрессивті нормаларын, технологиялық отын мен электр энергиясын, шикізат пен материалдарды, ақаудың алдын алу және оны жою, өнімнің материал сыйымдылығын және оны өндірудің еңбек сыйымдылығын төмендету жөніндегі іс-шаралар бойынша жұмыстарды басқарады;

      бұйымдар дайындау технологиясын жетілдіруді, жұмыстарды (қызметті) орындауды, ғылым мен техниканың жетістіктерін, прогрессивтік базалық технологияларды, жоғары өнімді ресурстық және табиғатты қорғау қалдықсыз технологияларын енгізуді, технологиялық жүйелерді, қоршаған ортаны қорғау құралдарын, өндірістік процестерді, стандартты емес жабдықты, технологиялық жарақты, қосалқы құрылғыларды және құралдарды кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды, өндірістік күштерді уақтылы игеруді, жабдықты пайдалану нормативтерін сақтауды қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарын аттестациядан өткізу және рационализациялау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      өлшенетін параметрлердің және дәл өлшеудің оңтайлы нормаларының номенклатурасын айқындау бойынша, оларды орындауға арналған қажетті құралдарды таңдау, өнім сапасын бақылау әдістерін жетілдіру бойынша жұмысқа қатысады;

      бұйымдар конструкциясының немесе өнім құрамының жобаларын, салалық және мемлекеттік стандарттарды, сондай-ақ өндіріс технологиясына қатысты неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарайды, олардың үнемді және экологиялық өндіріс технологиясының талаптарына сәйкестілігі туралы қорытындылар береді;

      өндірісті технологиялық дайындауға қатысты неғұрлым күрделі мәселелерді кәсіпорынның бөлімшелерімен, жобалау, зерттеу ұйымдарымен, тапсырыс берушілердің өкілдерімен келіседі;

      автоматтандырылған жобалау жүйелерін, ұйымдық және есептеу техникасын, жабдықты және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді қамтамасыз етеді;

      ұйымдарды қайта құру жобаларын, жаңа техника мен технологияны игеру мерзімдерін қысқарту, өндірістік күштерді ұтымды пайдалану, өндірістің энергия мен материалдың көп жұмсалуын төмендету, оның тиімділігін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жаңадан әзірленетін технологиялық процестерді игеру бойынша зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге басшылық жасайды;

      машиналар мен механизмдердің жаңа түрлерін, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру құралдарын өндірістік сынақтан өткізуге, жабдық жүйелерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      64. Білуге тиіс:

      заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері жәнеөндірісті технологиялық дайындау жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдық-техникалық құрылымы, экономикалық қызмет түрінің және ұйымның техникалық дамуының перспективалары, ұйымның өнім өндіру технологиясы;

      жобалау жүйелері мен әдістері;

      экономикалық қызмет түріндегі және ұйымдағы өндірісті технологиялық дайындауды ұйымдастыру;

      өндірістік қуаттар, жабдықтың техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс режимдері, оны пайдалану тәртібі;

      өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен әдістері;

      шикізатқа, материалдарға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және өзге де басшылық материалдар;

      өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру құралдары;

      жаңа техника мен технологияны ендірудің, еңбекті ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;

      өнеркәсіптік өнімнің сапасын аттестациялау тәртібі;

      есептеу техникасының құралдарын қолдану мүмкіндіктерін және оларды пайдалана отырып технологиялық процестерді жобалау әдістері;

      жабдықты пайдалануға қабылдау тәртібі;

      технологиялық процестерді жобалау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары;

      өндірістің тиісті саласындағы ғылым мен техниканың отандық және шетелдік жетістіктері;

      ұқсас өндіріс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      65. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде мамандығы бойынша лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

20-параграф. Бас энергетик

      66. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      энергетикалық және табиғатты қорғау құрал-жабдықтары мен энергия жүйелерін техникалық жағынан дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді, өндірісті электр энергиясымен, бумен, газбен, сумен және энергияның өзге де түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етуді, кәсіпорындағы энергетика ресурстарының тиімді жұмсалуын бақылауды, үнемдеу режимі кезектілігінің сақталуын ұйымдастырады;

      энергетика цехтары мен шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауды, энергетика құрал-жабдықтары мен энергия желілерін жөндеу кестелерін, өндіріс жоспарларын және ұйымның электр энергиясын, технологиялық отынды, буды, газды, суды, сығымдалған ауаны пайдалану кестелерін, энергияның барлық түрлерін пайдалану нормалары мен режимдерін әзірлеуге басшылық етеді;

      энергетикалық жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, кәсіпорынға электр және жылу энергиясын беруге және энергиямен жабдықтау кәсіпорындарына қосымша қуат беру көзін жалғауға арналған тапсырыстар беру мен оларға қажетті есеп айырысуларды, энергия ресурстарының шығын нормаларын азайту, энергия құрылғыларының неғұрлым сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға себепші болатын жаңа техниканы енгізуді қамтамасыз етеді;

      энергия шаруашылықтарының перспективалық даму жоспарларын, өндіріс тиімділігін көтеру жоспарларын әзірлеуге, кәсіпорынды қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, өндіріс процестерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру құрал-жабдықтарын ендіру жөнінде ұсыныстар дайындауға, кәсіпорынды және оның бөлімшелерін энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту мен түрлендіру жобаларын қарауға, жұмыс істеп тұрған энергия объектілерін жаңадан жобалау және қайта жаңғыртуға техникалық тапсырмалар жасауға қатысады;

      дайындалған жобалар бойынша қорытынды береді, өндірістің пайдалануына энергия қондырғылары мен желілерін сынақтан өткізу мен қабылдауға қатысады;

      жерасты ғимараттарды және коммуникацияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, байланыс құралдарын, сигнализацияны, есепті, бақылауды, қорғау және автоматиканы тексеруді ұйымдастыруды, сондай-ақ қазандықтардың және жоғары қысымда жұмыс істеп тұрған ыдыстарды мемлекеттік техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдарға уақтылы көрсетуді қамтамасыз етеді;

      отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін, энергия қондырғылары жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, аварияларды болдырмау, оларды пайдалану барысында қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау бойынша шаралар дайындауды ұйымдастырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіптің, энергия қондырғыларын пайдалану және энергия жабдықтары мен желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      кәсіпорынды электр энергиясымен, бумен, сумен және энергияның өзге де түрлерімен жабдықтауға өзге ұйымдармен шарт жасайды, олардың орындалуын бақылайды;

      кәсіпорындағы энергия жабдықтарының сақталуын, есепте болуын және қозғалысын, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның есебін жүргізу және шығынды, энергия шаруашылығы жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, авариялар және оның себептерін талдауды ұйымдастырады;

      энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдалану, отын-энергетика ресурстарын үнемдеу және тиімді пайдалану саласында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізеді, энергия құрылғыларын пайдалану жөнінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді;

      энергия шаруашылығы учаскелерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді, жұмыс орындарын аттестаттау мен рационализациялауды жүргізуді, энергия жабдықтарын жөндеу мен пайдаланудың жаңа озық әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді;

      энергия жабдықтарын және энергиямен қамтамасыз етуді жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға қорытындылар береді, қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

      67. Білуге тиіс:

      заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және ұйымды энергетикалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдар;

      ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының саласы, бейіні, мамандануы және даму перспективалары;

      ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері, экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірісті энергетикалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмысының жүйесін және құралдарды тиімді пайдалану, энергетикалық жабдықтардың, энергияны пайдаланатын құрылғылардың өндірістік қуатын, техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оларды пайдалану тәртібі;

      құрал-жабдықтардың және өндірістің жұмысын жоспарлау тәртібі мен әдістері, техникалық құжаттарды әзірлеу және дайындау бойынша тәртібі, нұсқаулықтар және өзге де басшылыққа алынатын материалдар, құрал-жабдықтарды құрастыру және жөндеуден кейінгі қабылдау және тапсыру тәртібі;

      қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама, энергетикалық құрал-жабдықтардың пайдалануда, жөндеуде және түрлендіруде еңбекті тиімді ұйымдастыру талаптары, отын-энергетика ресурстарының шығын нормаларын әзірлеу тәртібі;

      ұйымды электр энергиясымен, бумен, сумен және өзге де энергия түрлерімен жабдықтауға арналған шарттарды жасау тәртібі;

      өндірісті энергетикалық қамтамасыз ету саласында отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      68. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті экономикалық қызмет түрінде мамандығы бойынша лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

21-параграф. Баспахана (полиграфия) директоры

      69. Лауазымдық міндеттері:

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестуру бойынша басшылықты жүзеге асырады;

      өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басқаруымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте орындайды;

      баспахана қызметінің барлық түрлерін басқарады;

      жоғары өтімді және сапалы қажетті баспа өнімін шығару мақсатында нысандық, баспалық, брошюралық-мұқабалық учаскелердің, бөлімшелердің, цехтардың және баспахананың өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      тапсырыстардың, шарттардың, міндеттемелердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, тапсырыс берушілердің баспагерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияларының болуын бақылайды;

      баспахананы қажетті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жұмыскерлердің білімі мен тәжірибесін оңтайлы пайдалану, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бойынша шараларды қабылдайды;

      ұжымдық шарттарды дайындауды, жасауды және орындауды ұйымдастырады, өндірістің рентабельділігін арттыру бойынша жұмысты жүргізеді;

      баспахана қызметінде заңдылықтың сақталуын, белгіленген салықтардың және өзге де міндетті төлемдер мен алымдардың уақтылы төленуін, басшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік мәселелерді талқылау мен шешуді, материалдық және моральдық ынталандыруды қолдануды қамтамасыз етеді;

      баспахана жұмыскерлерін басқарады.

      70. Білуге тиіс:

      баспа қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      баспа өнімін өндіру технологиясы, өндірілетін өнім түрлері және ерекшеліктері;

      баспаханалық терімнің нысандары, полиграфия жабдықтары;

      өндірістің мамандануы және баспахана құрылымының ерекшеліктері, оның техникалық даму перспективалары, баспахананың өндірістік қуаттылығы, тапсырыстарды дайындау, жасау және орындау тәртібі;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді, алымдарды төлеудің қолданылып жүрген тәртібі;

      қоршаған ортаны қорғау талаптары, баспа өнімін өндірудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      71. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

22-параграф. Бөлімше басшысы (шаруа қожалығының басшысы, ферма, ауыл шаруашылық учаскесінің басшысы)

      72. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық етеді (ферма, ауыл шаруашылығы учаскесі);

      өндіріс бойынша тапсырмаларды әзірлеуге және ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруға қатысады және олардың орындалуын бақылайды;

      еңбек ресурстары, жер, ғимараттар, құрылыстар, техникалық және өндірістің өзге құралдарының ұтымды пайдаланылуын, өндірістің ұйымдастырылуын, өндірістік процестердің механикаландырылуы мен автоматтандырылуын, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану мен анықтауды қамтамасыз етеді;

      өндірістің ресурс үнемдеуші технологияларын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары сұрыптарын жасаудың озық әдістерін енгізуді және өнімділігі және жоғары тиімділігі бар мал тұқымын шығаруды ұйымдастырады;

      еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының үнемделуіне қол жеткізеді;

      еңбекке ақы төлеу мен материалдық ынталандыру жүйелерін, еңбектің ғылыми-негізделген нормаларын қолдануды, өнертапқыштық пен рационалдауды дамытуды қамтамасыз етеді;

      бөлімше, ферма, ауыл шаруашылығы учаскесінің өндірістік қызметі туралы белгіленген есептіліктің құрылуы мен есепке алынуын ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын бақылайды, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс және өндірістік санитария бойынша тәртібідың орындалуын қамтамасыз етеді;

      кадрлардың біліктілігін жоғарылату мен дайындығын ұйымдастыруға қатысады.

      73. Білуге тиіс:

      ауыл шаруашылығы өндірісі мен бөлімшенің (ферма, ауыл шаруашылығы учаскесі) өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы және озық отандық және шетелдік ауылшаруашылық тәжірибе;

      еңбекке ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру жүйелері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      74. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

23-параграф. Бу қазандағының директоры

      75. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды;

      өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіру бойынша басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді;

      қазандықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      бекітілген кестеге сәйкес тұтынушыларды үздіксіз жылумен жабдықтауды, Жабдықтың қауіпсіз жұмысын, техникалық пайдалану тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі тәртібінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      қазандық жабдығының сенімді жұмысын арттыру, жылу қуатын жоғалтуды төмендету, отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, жөндеу кезеңінде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту, оны мезгілді жағдайларды ескере отырып жұмысқа дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу мен ендіруді ұйымдастырады;

      өндірістің жаңа техникасы мен прогрессивті технологиясын, еңбектің озық тәсілдері мен әдістерін енгізу бойынша шараларды қабылдайды;

      реконструкцияның техникалық жобасын қарауға, жаңа жабдықты пайдалануға беру алдында эксперименталды жұмыстар мен сынақтарды жүргізуге, жабдықты күрделі жөндеуден және монтаждан кейін қабылдауға, сонымен қазандық жабдығының жұмысындағы тоқтап қалу, авариялар, өндірістік жарақаттану себептерін тергеп-тексеру бойынша комиссияның жұмысына қатысады;

      қазандық жұмысының ағымдағы және келешектегі көлемін айқындайды;

      жаңа нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолданыстағыларды қайта қарауды, қазандық жабдығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін қажетті құрал-сайманға, материалға, қосалқы бөлшектерге, қорғаныш құралдарына өтінім жасауды қамтамасыз етеді;

      материалдық құндылықтардың сақталуын және ұтымды пайдаланылуын бақылайды;

      жабдық жұмысын есепке алу мен талдауды ұйымдастырады, қазандық қызметінің нәтижелері туралы есептің уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді;

      қазандық персоналының біліктілігін арттыру бойынша жұмысқа, аттестациялық комиссия жұмысына, персоналдың аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларын ұйымдастыру мен жүргізуге қатысады.

      76. Білуге тиіс:

      тұтынушыларды жылумен жабдықтауға, қазандық жабдықтарының қауіпсіз жұмысына, қазандықтың өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      электр және жылу станциялары мен желілерін техникалық пайдалану тәртібі, қазандық жабдығының техникалық сипаттамалары;

      жылу қуатын өндірудің және тұтынушылардың жылумен жабдықтаудың технологиялық процесі;

      қазандықтың электрлік және технологиялық схемасы, жылу-, бу- және су құбыры мен сыртқы жылу желілері схемалары;

      отынмен жабдықтау схемалары, релелік қорғаныстардың, автоматты және реттеуші құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, сигнал беру және байланыс құралдарының принциптік схемалары мен жұмыс принциптері;

      қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық өндірісте жұмыс істейтін персоналмен жұмысты ұйымдастыру талаптары;

      өндірістегі жазатайым оқиғаларды, жылу желілерінің, энергия жүйелерінің және энергия бірлестіктерінің жұмысындағы бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар, тәртіп;

      жылумен жабдықтау және қазандық жабдығын пайдалану аясындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      77. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс өтілі.

24-параграф. Гараж бастығы

      78. Лауазымдық міндеттері:

      автокөлік құралдарының жұмысқа жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;

      жылжымалы құрамның белгіленген кесте бойынша техникалық жарамды күйде жолға жүруінұйымдастырады;

      жүргізушілердің автокөлік құралдарын техникалық пайдалану тәртібін сақтауына бақылауды және оларға жолда тиісті техникалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

      автокөліктердің жолда техникалық ақаулардың кесірінен тұрып қалуын, уақытынан бұрын қайтып келуін жоюға бағытталған шараларды даярлайды және енгізеді;

      жол-көлік оқиғаларының және жүргізушілердің жол жүру тәртібін бұзу себептерін талдайды;

      өндірістік орын-жайлардың, гараждың құрылыстары мен жабдықтарын ағымдағы жөндеуді, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

      гаражды абаттандыру, іргелес аумақты көгалдандыру және жинастыру бойынша шараларды даярлайды және енгізеді;

      жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз етуді, жылжымалы құрылысқа уақытылы қызмет көрсету мен дұрыс сақталуына бақылау жүргізеді;

      кадрларды іріктеу мен орналастыру және оларды мақсатына сәйкес пайдалану бойынша шаралар қабылдайды;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік және еңбек тәртібі тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.

      79. Білуге тиіс:

      автокөлік ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құрылымдық актілері;

      автокөлік құралдарының құрылысы, мақсаты, конструктивтік ерекшеліктері, техникалық-пайдалану деректері және техникалық пайдалану тәртібі;

      жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету технологиясы мен ұйымдастыру;

      автомобиль көлігі жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша қолданыстағы тәртібі және оларды материалдық ынталандыру нысандары;

      есеп жүргізу мен белгіленген есептілікті жасау тәртібі;

      есептеу техникасын пайдалану тәртібі;

      жол қозғалысының тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      80. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

25-параграф. Ғылыми-техникалық кітапхананың меңгерушісі

      81. Лауазымдық міндеттері:

      ұйым бөлімшелерін, ғылыми-техникалық кітапхана оқырмандарын экономикалық және өзге де әдебиетпен, сонымен қатар отандық және шетелдік ғылымның, техниканың және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибенің жетістіктері туралы библиографиялық материалдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      кітапхананы кітаптар баспасының және мерзімді жазылу басылымдары каталогінің тақырыптық жоспарын зерттеу негізінде және ұйым жұмысының бағытын, оның даму перспективасын және ұйым жұмыскерлерінің ғылыми-техникалық кітапханадағы қажеттілігін және экономикалық ақпаратты есепке ала отырып жинақтау жоспарын әзірлейді;

      кітапхана қорының есебі, жинақталуы, мезгілді түгендеуді жүргізу бойынша жұмысты басқарады;

      ұйым жұмыскерлерінің әдебиетке сұранысын уақтылы қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстың жеделдігін арттыру үшін жағдайлар жасау бойынша шараларды қабылдайды;

      кітапханалық қызмет көрсетуге уақтылы компьютерлік және көшіру-көбейту техникасының енгізілуіне ықпал жасайды;

      оқырмандарға кітапханалық абонемент бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, өзге кітапханалармен байланысты жүзеге асырады;

      жаңа әдебиет түсімінің тізімін құрастыруды және оларды ұйым бөлімшелеріне таратуды ұйымдастырады;

      ғылыми-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және библиографиялық жұмыстардың жүргізілуіне, кітапханаға келіп түсетін әдебиетті техникалық және ғылыми өңдеуге, уақтылы ақпараттық-іздеу жүйелерін қолдануға арналған жүйелік және алфавиттік каталогтарды құрастыруға басшылық етеді;

      абонементте және оқу залында ұйым жұмыскерлерінің қызмет көрсетуін ұйымдастырады;

      ұйым бөлімшелерінің басшыларымен және мамандарымен олардың қызмет аясына қатысты мәселелер бойынша тұрақты байланысты қолдайды;

      келіп түсетін өтінім бойынша библиографиялық анықтамаларды құрастыруды қамтамасыз етеді;

      ғылыми, техникалық және алдыңғы қатарлы өндірістік техниканың өзекті мәселелері бойынша тақырыптық көрмені, оқырмандар конференциясын, көрнекті насихатты, стендті, сөрелерді ресімдеуді ұйымдастыруға қатысады;

      кітапхана қорының сақталуын, кітапхана жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша және белгіленген есептілікті дайындау бойынша статистикалық есептің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      кітапхана жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      82. Білуге тиіс:

      ақпараттық және кітапханалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      ұйым қызметінің бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері;

      кітапханалық қорды жинақтау, сақтау, іздеу, беру және есебін жүргізу тәртібі;

      кітапханалық қызмет көрсетуде қолданылатын заманға сай ақпараттық-іздеу жүйелері;

      қабылданған ақпараттық біліктілік жүйесі және каталогтарды құрастыру тәртібі;

      кітапханааралық абонементтің бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесі;

      ұйымның қызметіне қатысты технология, құрастыру, еңбек және басқару мәселелері бойынша библиографиялық анықтамалықтар;

      оқырмандар кітапханалық қорбірлігін жоғалтқан кезде өтемақы беру тәртібін;

      кітапхана жұмысы туралы есеп беру тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      83. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және кітапхана жұмысында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

26-параграф. Дәнекерлеу жұмыстары қызметінің бастығы

      84. Лауазымдық міндеттері:

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметіне (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша басшылық жасауды ұйымдастырады, өз міндеттерін ұйымның бірінші басшысының басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өара әрекеттестікте орындайды;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың технологиялық дайындығына басшылық жасайды, жоғары сапалы өнім дайындауды және шығаруды, бұйымның конструкциясын жетілдіруді, олардың технологиялығын, экологиялылығын, еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық жарақтандыру құралдарын әзірлеу және енгіз жүктелген бөлімшелерге техникалық басшылық жасауды жүзеге асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарының өндірісін технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, дәнекерлеу жұмыстарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін әзірлеуге, жұмыстың мерзімдері мен көлемін, еңбек және материалдық ресурстардың шығынын жоспарлауға басшылық жасайды;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың технологиясы мен сапасын, жабдықтың жұмыс жағдайларын зерделейді және талдайды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде еңбек шығындарын қысқартуды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауды, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін дәнекерлеудің прогрессивтік әдістерін әзірлеуді және өндіріске ендіруді ұйымдастырады;

      қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуді және онымен өндірісті қамтамасыз етуді, дәнекерлеудің технологиялық режимдерінің, материалдарды жұмсау нормаларының, жабдықты техникалық пайдалану және жұмыстың қауіпсіз жүргізу тәртібінің қатаң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін талап етілетін жабдықтар мен материалдар үшін өтінімдер жасауды, дәнекерлеу жабдығын есепке алуды ұйымдастыруды, оны паспорттауды қамтамасыз етеді;

      ұйымды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын ендіру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі шаралар қабылдайды;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, еңбекті ұтымды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы тәртібінің талаптарын ескере отырып оларды мамандандыру және жабдықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа басшылық жасайды, жобалау күштерін уақтылы игеруді, жабдық жұмысының ауысымдық коэффициентінің артуын қамтамасыз етеді;

      прогрессивтік техника мен технологияны ендіру, технологиялық жабдық пен жарақты, өндірістік алаңдарды пайдалануды жақсарту, дәнекерлеу құрылғыларының сапасын және сенімдігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады;

      дәнекерлеу әдістері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруға және дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты неғұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарайды және пікірлер мен қорытындылар береді;

      еңбек өнімділігін арттыру резервтерін пайдалана отырып өндірісті мамандандыру және кооперациялау деңгейін көтеруге байланысты жұмыстарды орындауды ұйымдастырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың әдістері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және эксперименттік жұмыстарға басшылық жасайды;

      ұйымның білікті дәнекерлеулерге деген қажеттілігін айқындау, оларды белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізу бойынша жұмысқа қатысады;

      дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау жөніндегі ғылыми-техникалық жетістіктерді, алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және ендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымның дәнекерлеу жұмыстарын орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын бөлімшелері мен қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      85. Білуге тиіс:

      өндірісті технологиялық дайындау жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдық-технологиялық құрылымының ерекшеліктері, оның даму перспективалары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясының негіздері;

      экономикалық қызмет түрінде және ұйымда дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      өндірістік қуаттар, дәнекерлеу жабдығының конструкциялық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану тәртібі;

      өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлаудың және дәнекерлеу жұмыстарын орындаудың тәртібі мен әдістері;

      дәнекерлеу әдістері мен тәсілдері, техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі тәртібі, нұсқаулықтар және өзге де басшылыққа алынатын материалдар;

      дәнекерлеу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар, оларды жұмсау нормалары;

      дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыру;

      дәнекерлеу ақауларының түрлері және оларды жою тәсілдері;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиясын жетілдіру және ұйымдастыру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу әдістері;

      дәнекерлеу жұмыстарына арналған стандарттар және техникалық шарттар;

      құрылыс нормалары мен тәртібі;

      жұмыстар мен жұмысшылардың тарификациясы;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      86. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

27-параграф. Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы

      87. Лауазымдық міндеттері:

      нормативтік-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, еңбек шығындарын қысқарту мен еңбек қызметінің нәтижелерін жақсарту мақсатында ғылыми негізде еңбекті нормалау деңгейін арттыру және оны ұйымдастыруы жетілдіруді қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу мен енгізуге басшылықты жүзеге асырады;

      нормативтік-зерттеу жұмыстардың перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын, ұйымның еңбек жөніндегі жоспарларын, еңбек өнімділігі және өндірістің, нормаларды қайта қарау күнтізбелік жоспарларының тиімділігін арттыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды дайындауға қатысады;

      еңбектің ұйымдастырылу жағдайын зерттеуді, еңбек шығындарының қолданыстағы нормаларының сапасын, дұрыс қолданылуын және орындалу деңгейін (сан нормативтері, уақыт, шығару және қызмет көрсету уақыт нормалары) тексеруді жүргізеді;

      еңбек процестерін зерттеудің заманауи техникалық құралдарын қолдану арқылы еңбек шығындарының прогрессивті нормаларын әзірлеуге қажетті соңғы деректерді жинауды, талдау мен өңдеуді қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуына, қолданыстағы жабдықтың жаңартылуына және жаңа жабдықтың енгізілуіне, прогрессивті технологиялық процестердің енгізілуіне байланысты нормаларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды дайындайды;

      жұмыскерлердің еңбегін нормалау саласын кеңейту, экономикалық қызметтің барлық түрлерінің еңбек бойынша нормативтерін қолдану, ұқсас өндірісте қол жеткізілген нәтижелер мен еңбек шығындарын сәйкестендіру негізінде прогрессивті нормаларды жасау мен енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      барлық жұмыскерлердің еңбек шығындарының бекітілген нормаларын игеруі үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      өндірістік нұсқаудың өткізілуін және еңбектің жаңа әдіс-тәсілдеріне үйретуді қамтамасыз етеді;

      еңбекті нормалауды жетілдірудің перспективалық бағыттары және персоналдың санын есептеу бойынша зерттеулер жүргізуді, жұмыс тәсілдерін өлшеу жүйесі сияқты микроэлементтік нормалау әдістері мен жүйелерін және еңбек шығындарының өзгермелі факторларға математикалық тәуелділігі түрінде нормативтерді ұсынудың өзге жаңа нысандарын қолдану жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады;

      еңбекке ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін жетілдіру, еңбекті ұйымдастырудың тиімді нысандарын дамыту бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;

      еңбек өнімділігін арттыру резервтерін анықтауға, жұмыс уақытының шығынын жою мен оның пайдаланылуын жақсарту бойынша шараларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

      нормалау бойынша жұмыстардың сапасын арттыру мен еңбекті көп қажет етуін қысқарту мақсатында нормалаушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарын, желілер мен дербес компьютерлерін енгізу бойынша ұсынымдарды жасайды;

      ғылыми негізде еңбекті нормалауды жаңарту бойынша шараларды әзірлеу мен іске асыру және олардың енгізілуінің экономикалық тиімділігін анықтау кезінде ұйымның бөлімшелеріне әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді;

      зертхана жұмыскерлерінебасшылық етеді.

      88. Білуге тиіс:

      еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау мен ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      еңбекті нормалау әдістері, еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеу тәртібі, өндірістің ұқсас түрлерінде қол жеткізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштер, еңбекке ақы төлеу, моральдық және материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелері;

      нормативтік-зерттеу жұмысын жоспарлау, нормаларды қайта қарау, еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу және олардың экономикалық тиімділігін айқындау тәртібі;

      еңбек нормаларының, көрсеткіштерінің сапасын талдау, еңбек процестерін, еңбек әдістері мен тәсілдерін зерделеу әдістері;

      еңбек процестерін жобалау тәртібі;

      еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейін бағалау әдістері;

      еңбек процестерін зерттеу, жұмыс уақытының шығындарын өлшеу және нормаларды есептеу үшін қолданылатын математикалық әдістер, техникалық құралдар;

      еңбек социологиясы, психологиясы және физиологиясының негіздері;

      еңбектің ұйымдастырылуының отандық және шетелдік озық тәжірибесі, коммуникация және байланыс және есептеу техникасы құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      89. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

28-параграф. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша техникалық басшы

      90. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің әзірленуін және қызмет етуін қамтамасыз етеді;

      ұйымның барлық бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәртібідың, нормалар мен стандарттардың жоғары тұрған органдардың қаулылары мен өкімдерінің, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының сақталуына бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында тәртібі мен нормалардың анықталған бұзылушылығын жою туралы, сонымен қатар жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктер туралы бөлімшелер мен қызметтер басшыларына нұсқау береді;

      жұмыс істейтіндердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларда жеке учаскелерде, машиналарда, механизмдерде және станоктарда жұмыс істеуге тыйым салады;

      еңбек қауіпсіздігі тәртібі мен нормаларының бұзылуына жол берген адамдарды жұмыстан шеттетеді (тиісті бөлімшелердің басшылары арқылы);

      өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысады, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді;

      өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді (автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу);

      осы іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      еңбек жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында ұйымның жұмысы туралы жиынтық есептерді, ақпаратты, анықтамаларды дайындайды;

      еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (тәртібіды, нұсқаулықтар мен стандарттарды) әзірлеуге қатысады және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз етеді;

      өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      "Еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы", "Зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны туралы" есептілікті әзірлейді және белгіленген мерзімде статистика органына тапсырады;

      еңбек жағдайын жақсартатын жабдықтар және механизмдермен, сонымен қатар ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен ұйымның жабдықталуына бақылауды жүзеге асырады;

      оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыскерлердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды.

      91. Білуге тиіс:

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдары;

      өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері;

      жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері;

      өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдістері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін;

      жұмыстың ауырлық санатына негізделе отырып (әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл жұмысқа ауыстырылған жұмыскерлердің) жұмыскерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар, қанағаттанғысыз еңбек жағдайлары үшінжұмыскерлерге көзделгентемақылар;

      ұйымда қолданылатын жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері, жабдықтардың техникалық жай-күйінің жұмыстың қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуіне сәйкестігін бақылау тәртібі мен құралдары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша насихаттау пен ақпараттандыру әдістері мен нысандары;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғаныс бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті құрастыру тәртібі мен мерзімдері;

      экономика, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері.

      92. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

29-параграф. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы

      93. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

      құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, өндірістік жарақаттың, кәсіптік және өндірістік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстың, ұйымдағы денсаулық сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін, жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуін аттестациядан өткізу және сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылайды;

      еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (тәртібіды, нұсқаулықтар мен стандарттарды) әзірлеуге қатысады және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз етеді;

      өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастырады;

      "Еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы", "Зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны туралы" есептілікті дайындайды және белгіленген мерзімде статистика органына жібереді;

      өндірістегі жазатайым жағдайларды қарауға және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;

      өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін (автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу) белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді;

      жұмыскерлерді жұмыс берушінің атынан жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етеді, өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде жұмыскерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге арналған құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді;

      ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуіне желдету жүйелері жұмысының тиімділігіне, санитариялық-техникалық құрылғылардың жай-күйіне, санитариялық-тұрмыстық орын-жайлардың, қызметкерлерді ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарының жай-күйіне тексерулер, зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, олардың уақтылы жүргізілуін бақылайды;

      қоршау техникаларының барынша жетілдірілген конструкцияларын, сақтандырғыш және оқшаулау құрылғыларын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғаудың өзге де құралдарын әзірлеу және ендіру туралы ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге, еңбектің қауіпсіз және саламатты жағдайларын, еңбек пен тынығудың ұтымды режимдерін жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және ендіруге бөлім жұмыскерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

      ұжымдық шарттың "еңбекті қорғау" бөлімін жасауға қатысады, оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      ұйымда әзірленетін жобалау құжаттамасын келісуге, өндірістік мақсаттағы құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған объектілерді пайдалану үшін қабылдау, қондырғыларды, агрегаттарды және өзге жабдықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуы бойынша жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

      ұйым бөлімшелерінің басшыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ұйымның стандарттарын әзірлеу және қайта қарау кезінде қолданыстағы заңнама негізінде қызметкерлер міндетті алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін, сондай-ақ кәсіптер мен лауазымдар тізімдерін жасауда әдістемелік көмек көрсетеді;

      кіріспе және қайталама нұсқау беруді, ұйым жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқытуды және білімін тексеруді қамтамасыз етеді;

      ішкі радио желісін, телевидениені, қабырға газеттерін, витриналарды пайдалана отырып, ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кабинеттің жұмысын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі насихатты және ақпаратты, ұйым бөлімшелерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртібімен, нормалармен, нұсқаулықтармен, плакаттармен және өзге де көрнекі құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ оларға тиісті ақпараттық стендтерді жабдықтауға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманы сақтауды, белгіленген нысандар бойынша есептілік жасауды ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарауға және олар бойынша жұмыс берушіге кездесіп отырған және тексеру барысында анықталған кемшіліктер мен қателіктерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптар дайындауға қатысады;

      медициналық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу және өзге ұйымдармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша байланыс жасауды жүзеге асырады және олардың ұсынымдарын енгізу бойынша шаралар қабылдайды;

      бөлімнің жұмыскерлеріне жетекшілік жасайды.

      94. Білуге тиіс:

      еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері жәнеәдістемелік материалдар;

      ұйымның өндірістік және ұйымдық құрылымы;

      өндірістің негізгі технологиялық процестері және режимдері;

      ұйымның жабдығы және оның жұмыс принциптері;

      жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу әдістері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі;

      жұмыстың күрделілік (жеңіл жұмысқа ауыстырылған жекелеген жұмыскерлердің санаты) санаты бойынша жұмысшыларға қойылатын психофизиологиялық талаптар;

      жабдықтардың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес келуін бақылау тәртібі мен құралдары;

      өндірістегі жазатайым оқиғаларға және денсаулыққа келген өзге де зақымдарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі насихат және ақпарат әдістері және нысандар;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі және мерзімдері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері.

      95. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

30-параграф. Еңбек социологиясы зертханасының (қызметінің) бастығы

      96. Лауазымдық міндеттері:

      әлеуметтік процестерді басқару және еңбектің физиологиясы, психологиясы мен социологиясы саласындағы зерттеулер жүргізуді, ұйымның әлеуметтік дамуы және олардың табысты іске асырылуы үшін ұсыныстар дайындау мақсатында нормативтік-әдістемелік және ақпараттық зерттеулер қорын жасау мен қолдауды ұйымдастырады;

      ұйымда әлеуметтік процестерді модельдеу мен әлеуметтік болжамдарды жасауда зертхананың (бөлімінің) қатысуын ұйымдастырады;

      социологиялық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізуді, сондай-ақ ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруды жетілдірудің нақты бағыттары бойынша әлеуметтік талаптар мен нормативтерге сәйкес оңтайлы еңбек процестерін жасауға, еңбек пен тынығудың ұтымды режимдерін белгілеуге, моральдық-психологиялық жағдайды жақсартуға, жұмыскерлердің еңбек уәждемесін дамытуға, олардың денсаулығын нығайтуға, көзделген кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуді басқарады;

      еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу шеңберінде ұйым жұмыскерлерінің әлеуметтік қорғанысын қамсыздандыру бойынша ұсыныстарды жасауға қатысады;

      экономикалық қызметпен бірлесе отырып, материалдық және моральдық ынталандырудың қолданыстағы нысандарының тиімділігіне талдау жасауды ұйымдастырады;

      кадрлардың әлеуметтік құрылымының, жұмыскерлердің кәсіптік, біліктілік және демографиялық құрамының өзгеруіне талдау ұйымдастырады, басшылар резервін жасау, кадрларға қажеттілікті болжау, кәсіптік бағдарлау, кәсіптік іріктеу, жұмыскерлерді орналастыру және бейімдеу, жұмыскерлерді және олардың еңбегінің нәтижелерін бағалау жүйесін әзірлеу жұмыстарына қатысады;

      жаңа техника мен прогрессивті технологияның енгізілуін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, еңбектегі өзгерістерді талдау және олардың жеке тұлғаның және еңбек ұжымдарының дамуына тигізетін ықпалын талдау жұмыстарын жүргізеді;

      еңбекпен қанағаттанушылықты арттыру, кәсіптердің беделінің беделінің қамтамасыз ету, еңбектің шығармашылық сипатын күшейту үшін жағдайлар жасау бойынша шараларды жасауға қатысады;

      ұйымның әлеуметтік дамуын басқару бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және жалпылау жұмыстарын ұйымдастырады;

      ұйымның бөлімшелеріне жұмыс тәжірибесіне персоналды басқарудың әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін енгізу, зерттеулер, әңгімелесулер (анкеталар, сауалнама парақтары) жүргізу кезінде құралдарды әзірлеу бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

      зертхана жұмысында заманауи ақпараттық технологиялар мен есептеуіш техника, коммуникация, байланыс құралдарын қолдану негізінде әлеуметтік ақпаратты өңдеуді қамтамасыз етеді;

      зертхана (бөлім) жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      97. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әлеуметтік даму мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның мақсаттары мен стратегиясы, кадр саясаты;

      ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні, еңбектің психофизиологиясы мен социологиясы;

      психологиялық тестілеудің әдістері, социологиялық зерттеулер жүргізудің, қоғамдық пікірді зерттеудің, кәсіптік бағдарлаужәне бейімдеу әдістері мен нысандары;

      ұйымның әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеудің тәртібі мен әдістері;

      ұйымның әлеуметтік дамуын басқаруды ұйымдастыру, әлеуметтік нормативтер;

      инженерлік және әлеуметтік психология;

      әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізу және олардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;

      еңбекке ақы төлеу және материалдық және моральдық ынталандыру жүйесі мен нысандары;

      әлеуметтік процестерді басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибесі;

      коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      98. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша персоналды басқару жөніндегі және басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

31-параграф. Есептеу (Ақпараттық-есептеу) орталығының директоры (бастығы)

      99. Лауазымдық міндеттері:

      өз атынан немесе бірінші басшының тапсырмасы бойынша Орталық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді және есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы қызметінің нәтижелерін қамтамасыз етеді, өз міндеттерін дербес немесе ұйымның бірінші басшысы мен оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және өзге де бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды;

      есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы қызметін ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу, инженерлік, экономикалық және өзге де өндірістік және ғылыми-зерттеу сипатындағы міндеттерді шешу үшін есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары жүйесін құру, қызмет көрсету, дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырады;

      ұйым бөлімшелерінің тапсырыстарына, өзге ұйымдар үшін жұмысты орындауға арналған шарттарға және есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ақпаратты өңдеу және есептеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге басшылық етеді;

      электрондық есептеу жабдықтарының негізгі құрамын таңдауды жүзеге асырады, оны негіздейді, ақпарат жинаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, ақпаратты есептеу техникасы құралдарымен өңдеудің міндеттері және техникалық процестері бойынша ақпарат өңдеудің технологиялық схемасын әзірлеуді және ұйымның тиісті бөлімшелерімен келісуді қамтамасыз етеді;

      бөлімшелердің және орындаушылардың тиімді жүктемелерін айқындайды, ақпараттың түсу барысын, міндеттерді шешудің кестелері мен реттілігінің сақталуын және жұмыстардың белгіленген уақытта орындалуын, орындалған жұмыстың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді;

      есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы және ақпараттық қызмет көрсетудің техникалық базасын жаңартуды, өндірістік және шаруашылық қызметті басқарудың ақпараттық-есептеу жүйесін дамытудың бірыңғай технологиясын іске асыру шеңберінде ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын ендіруді қамтамасыз етеді;

      ұйымды заманауи ақпараттық технологияларды өндіру мен басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қызметтер нарығын зерделеуді және талдауды жүргізеді;

      дерекқорлардың және оларға кіру тетіктерінің құрылымын жобалауға, осы жүйелер жұмысының регламентін әзірлеу мен қамтамасыз етуге, ақпараттық-талдау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ықтимал ақпарат көздерін зерделеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына сәйкес жүйені қорғауды қамтамасыз етуге басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның ақпараттық есептеу жүйесін құру мен дамыту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында есептеу техникасы құралдарын ендіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын әзірлеу үшін кәсіпорынның бағдарламалық-ақпараттық құралдардың әдістемелік базаларды пайдалануына арналған нормативтер мен стандарттарды әзірлеуге және дамытуға есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы қатысуын ұйымдастырады;

      жергілікті есептеу желілерінің және коммуникациялық жабдықтардың есептеу және аппараттық құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, есептеу құрал-жабдықтарына, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық құралдарға жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      профилактикалық жұмыстар жүргізуді, есептеу техникалары құрал-жабдықтарын пайдалану барысында пайда болған істен шығуларды жоюды ұйымдастырады;

      стандарттық бағдарламалар кітапханасының сақталуын және қызмет көрсетуді, машиналық тасымалдағыштарды сақтау мен пайдалану тәртібіін сақтауды, жарамсыз болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      қолданбалы бағдарламалық қосымшаларды пайдаланушыларды оқытуды ұйымдастыруға және жүргізуге, кәсіпорын қызметкерлерін үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін жобалауға және әзірлеуге қатысады;

      есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы қызметкерлерінің еңбегін оның қауіпсіздігі мен ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырады, еңбек және қаржы тәртібінің сақталуын бақылайды;

      белгіленген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді;

      есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

      100. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының қызметіне, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалануға және қызмет көрсетуге қатысты әдістемелік материалдар;

      ақпараттық қызметтер нарығы, ұйымның бейіні, мамандануы және даму перспективасы, ақпаратты жинау, беру және өңдеу құралдары, негізгі және жиынтықтаушы жабдықтардың техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, қолданылу мақсаттарын және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану тәртібі;

      ақпаратты механикалық және автоматты түрде өңдеу технологиясы және есептеу жұмыстарын жүргізу;

      есептеу техникасы және телекоммуникация құралдарын қолданудың желілік технологиялары;

      ақпаратты техникалық тасымалдаушылардың түрлері, оларды сақтау және пайдалану тәртібі;

      ақпаратты механикалық өңдеудің жобалау негіздері;

      есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығы және бөлімшелерінің жұмысжоспарларын, құрал-жабдықтардың жұмыс графигін, тапсырмаларды шешу регламенттерін әзірлеу тәртібі;

      ақпараттық-есептеу жүйелерінің нормативтік-әдістемелік базасын әзірлеуді ұйымдастыру;

      ақпаратты қорғау туралы заңнама, есептеу техникасы құралдарының даму перспективалары және бағыты;

      жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы тәртібі;

      орындалған жұмыстардың көлемін есептеу әдістері, жабдықтарды жөндеу қызметінің ұйымдастырылуы;

      ақпараттық қызмет көрсету және техникалық құжаттарды дайындау бойынша шарттарды жасау тәртібі;

      есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      101. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ақпаратты өңдеуді механикаландыру және автоматтандыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, ғылым кандидаты дәрежесі болған кезде ақпаратты өңдеуді механикаландыру және автоматтандыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

32-параграф. Жабдықтарды пайданалу қызметінің бастығы (бас механигі)

      102. Лауазымдық міндеттері:

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметін бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша басқаруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге де бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте өз міндеттерін орындайды;

      жабдықтардың үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмыс істеуін, ауысымын арттыруды, дәлдіктің талап етілетін деңгейінде ұстап отыруды қамтамасыз етеді;

      жоспарлы-алдын ала жөндеу жүйесі тәртібіна сәйкес жабдықтарды тексеру, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады, сол жоспарларды бекітеді және олардың орындалуын бақылайды, өндірістің техникалық даярлығын қамтамасыз етеді;

      мердігер ұйымдармен жөндеу жүргізуге қажет жоспарларды (кестелерді) келіседі, уақтылы қажетті техникалық құжаттамамен қамтамасыз етеді, күрделі жөндеуге титулды тізім жасауға қатысады;

      жабдықтың болуын және жылжуын есепке алу жұмысын, техникалық және есепті құжаттама жасау және ресімдеуді ұйымдастырады;

      жабдықтарды жөндеу, жөндеу-пайдалану қажеттіктеріне материалдық шығыс жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеуді, оны пайдалану көрсеткіштерін талдауды, жөндеу жүргізу сметасын жасауды, жабдықтардыпайдалану кезінде қажет болатын материалдар мен қосалқы бөлшектер сатып алуға өтінімді ресімдеуді басқарады;

      жөндеуаралық қызмет көрсету, уақтылы және сапалы жөндеу және жабдықтарды жаңғырту, олардың сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарауы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, ғимараттар мен құрылыстардың жағдайын, ұсталуын және жөнделуін техникалық қадағалауды, жөндеу жұмыстарының орындалуына кететін материалдардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарын аттестациялау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау, жабдықтарды жаңғырту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жөнінде ұсыныстар даярлау, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу, қоршаған ортаны қорғау, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      негізгі өндірістік құралдарға түгендеу жүргізуді ұйымдастырады, ескірген жабдықтарды, күрделі жөндеуді талаптары ететін объектілерді айқындайды, жөндеу жұмыстарының кезектілігін белгілейді;

      жаңа техниканы енгізу және игеру жөніндегі эксперименталдық, баптау және өзге де жұмыстарға, жабдықтарды сынауға, реконструкцияланатын ғимараттар мен құрылыстардың жаңа және жөндеуден шыққан жабдықтарын қабылдап алуға қатысады;

      жабдықтардың, жекелеген тораптар мен бөлшектердің жұмыс жағдайын зерттейді, жабдықтардың жоспардан тыс тоқтатылуының алдын алу, тораптар мен бөлшектердің қызмет ету мерзімін ұзарту, жөндеуаралық кезеңдерді, жабдықтардың сақталуын жақсарту, оны пайдалануда сенімділігін арттыру іс-шараларын жүзеге асырады, мамандандырылған жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен ауыстырылатын жабдықтарды орталықтан жасауды ұйымдастырады;

      жабдықтардың қатты тозу, оның тоқтап тұруы себептерін зерттеуге, аварияларды тергеп-тексеруге, оларды жою және ескерту шараларын әзірлеу және енгізуге қатысады;

      тиімділігі аз жабдықты өнімділігі жоғарысына ауыстыру, жабдықтарды жоспардан тыс жөндеу және тоқтап тұруын қысқару, бөлшектерді, тораптар мен механизмдерді жөндеудің және қалпына келтірудің жаңа прогрессивті әдістерін қолдану негізінде оны жөндеуге және оны ұстауға шығындарды қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді басқарады;

      жабдықтарды монтаждау жұмысының сапасын, күрделі жөндеуге кететін шығынның ұтымды жұмсалуын, жабдықтардың қоймаларда дұрыс сақталуын, тексерудің және мемлекеттік техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдарға көрсетудің уақытылылығын, жабдық паспортына өзгерістер енгізу жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

      пайдаланылмайтын жабдықты анықтау және іске асыру, жұмыс істеп тұрған жабдықты пайдалануды жақсарту, еңбекті механикаландыру және прогрессивтік технологияны енгізу негізінде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу қызметі жұмыскерлерінің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қабылдайды;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау тәртібінің және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын әзірлеу және енгізуге қатысады;

      жабдықтардың жұмысын жақсартуға қатысты рационализаторлық ұсыныстарды қарауды жүзеге асырады, олардың ішіндегі ең күрделі дегендеріне, сондай-ақ нормативтер мен мемлекеттік стандарттар жобаларына пікір білдіріп, қорытынды береді, қабылданған рационализаторлық ұсыныстарды енгізуге жәрдемдеседі;

      жабдықтарды сатып алуға өтінім жасауға қатысады;

      жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуді жүзеге асыратын бөлім мен бөлімшелердің жұмыскерлерін басқарады, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.

      103. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдық-технологиялық құрылымының ерекшеліктері, оның даму перспективалары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясының негіздері;

      ұйымдардағы жөндеу қызметін ұйымдастыру;

      жабдықтар жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын өндіру тәртібі мен әдістері;

      техникалық жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу және оңтайлы пайдалану жүйесі;

      ұйым жабдықтарының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс режимдері, оны пайдалану тәртібі;

      жабдықтарды монтаждау және жөндеу әдістері, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;

      ақау ведомостарын, паспорттар, қосалқы бөлшектердің сызбаларының альбомын, жабдықтар мен өзге де техникалық құжаттаманы пайдалану нұсқаулығын жасау тәртібі;

      жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау және тапсыру тәртібі;

      жабдықтар мен жөндеу жарағын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары;

      ұйымға жөндеу қызметін көрсетудің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      104. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

33-параграф. Жабдықты жинақтау бөлімінің бастығы

      105. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның күрделі құрылыс және жөндеу-пайдалану қажеттілігін жабдықпен және жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      күрделі құрылыс, реконструкциялау және жаңа техниканы енгізудің өндірістік жоспарларын орындау үшін ұйым бөлімшелерінің жабдыққа және жинақтауды бұйымдарға қажеттілігін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      қажетті есептермен және негіздемелермен жабдықты, материалдарды, құрылыс конструкциялары мен арматураны жеткізу өтінімін жасауды басқарады;

      өнім берушілермен шарт жасасуға, өнім берушілердің жеткізу шарттары мен мерзімін келісуге қатысады, ерекшеліктер дайындайды және келіспеушіліктер хаттамасын ресімдейді, жабдықты және жинақтаушы бұйымдарды жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстарды орнатудың мүмкіндігі мен мақсаттылығын зерттейді;

      стандартты емес жабдықты жасауға тапсырыстар орналастыруды ұйымдастырады және жобалау ұйымдарымен бірге техникалық шарттарды орындауды келісуге қатысады;

      жабдық пен жинақтаушы бұйымды саны, сапасы мен шартта көзделген мерзімде қабылдауды, оларды қоймалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      құрылыс-монтаж ұйымдары мен ұйым бөлімшелеріне монтаж және пайдалану үшін жабдықты шартқа айрықша талаптармен көзделген мерзімде беруді жүзеге асырады;

      құрылыс объектілеріне жабдықты тасымалдауды ұйымдастырады;

      жабдықтың техникалық хаттамаларының уақытында ресімделуін, шот төлемдерінің дұрыстығын бақылайды;

      наразылықтар бойынша қорытынды береді және өнім берушілерге, олардың шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты наразылықтар беру үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастырады;

      жабдық пен жинақтаушы бұйымның қорының нормаларын сақтауды бақылайды;

      орнатылмаған, қолданылмайтын жабдықты анықтау, оны өндірістік үдерісте қолданудың мүмкіндігіне талдау жүргізу, артық және ескірген жабдықты өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады;

      қойма орын-жайлары мен тиеу-түсіру құралдарының техникалық жай-күйіне қадағалауды жүзеге асырады;

      жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдарды сақтау шарттарын, оларды консервациялаудың дұрыстығын және сақталуын қамтамасыз етуді бақылайды;

      жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдардың болуы мен қозғалысының есебін жүргізуді, белгіленген мерзімде материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді, қажетті есептілік жасауды ұйымдастырады;

      бөлім қызметкерлерін басқарады.

      106. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның техникалық даму перспективасы;

      ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, күрделі құрылысты және жөндеу-пайдаланушылық қажеттіліктерді ұйымдастыру;

      ұйымға қажетті жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың номенклатурасы;

      жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың техникалық сипаттамасы, конструктивтік ерекшеліктері;

      қажеттілікті негіздеу және жабдық пен жинақтаушы бұйымдарға өтінімдер толтыру, өнім берушілермен шарт жасасу тәртібі;

      өндіріс технологиясының негіздері, қойма шаруашылығын ұйымдастыру;

      жабдық пен жинақтаушы бұйымдар қорларының нормаларын, оларды сақтау жағдайлары;

      жабдықтау және қоймалау операцияларын есепке алуды жүргізу, белгіленген есептілікті жасау тәртібі;

      есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      107. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

34-параграф. Жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (Әкімшілік директор)

      108. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестіке өз міндеттерін орындайды;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

      өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді байланысын ұйымдастырады, олардың жұмысын ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағыттайды;

      ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады;

      жаңа техника мен технологияны, басқарудың прогрессивті нысандарын, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

      заңнамаға сәйкес ұйым жұмысы мен басқару аппараты қызметінің тәртібін айқындайды;

      ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын әкімшілік қолдауды жүзеге асырады;

      офистік шығыстардың бюджетін жоспарлайды;

      офисті ұстау, жұмыс орындарын ұйымдастыру шығыстарын бақылауды жүзеге асырады;

      шаруашылық шарттарды жасауды ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды;

      ұйымның шаруашылық байланыстарын кеңейту шараларын қабылдайды;

      ұйымның жалдау саясатын басқаруды жүзеге асырады;

      корпоративтік құжаттамаларды тіркеу мен архивтеу бақылайды;

      жылжымайтын мүлік нарығын талдайды, кеңсе орындарын іздеуді басқарады;

      өртке қарсы құралдардың болуы мен дұрыстығын, орын-жайлардың, жабдықтар мен инвентарьдың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді;

      ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлік, жылумен және электрмен жабдықтау коммуникацияларына қызмет көрсету және пайдалану бойынша жұмыскерлердің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

      көліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл қызметті қажетті механизмдермен және құрылғылармен жабдықтау бойынша шараларды қабылдайды;

      жұмыскерлердің үшін денсаулығын және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;

      қажетті есепті және есептілікті жасауды ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылайды.

      109. Білуге тиіс:

      ұйымдардың шаруашылық-қаржылық қызметі, Әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның құрылымы және оны дамыту перспективалары, тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемесі;

      баға қалыптастыру негіздері, сатып алынатын жабдықтар мен инвентарьдың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс принциптері;

      көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есептеу тәртібі;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймаға салу тәртібі мен тәртібі;

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі, шаруашылық жүргізу әдістері;

      салық заңнамасының негіздері, шығыстар сметасын жасау тәртібі;

      шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі;

      жабдықтарды, жиһазды, инвентарьды, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу және қызметтер үшін есептесулерді ресімдеу тәртібі;

      қол еңбегін механикаландыру құралдары;

      жұмыскерлерді ұйымдастыру және басқару негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      110. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымдарда басшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

35-параграф. Жарнама менеджері

      111. Лауазымдық міндеттері:

      тұтынушыларды жарнамаланатын тауарлар немесе қызметтер сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары туралы хабардар ете отырып, өндірілетін өнімді немесе көрсетілетін қызметтерді оларды өткізу нарығында өткізу мақсатында жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жарнамалық науқандарды өткізу бойынша жұмыстарды басқаруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      тауардың (қызметтің) бір түрі немесе тобы бойынша жарнамалық шаралардың жоспарын даярлайды және оларды өткізу шығындарын айқындайды;

      ұйымның алдағы ұйымдық дамуының, инновациялық және инвестициялық қызметінің перспективалық бағыттарына негізделген жарнамалық стратегияны қалыптастыруға қатысады;

      жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарындағы нысандары мен тәсілдерін, олардың мәтіндік, түс және музыкалық ресімделуін таңдауды жүзеге асырады;

      жарнаманың нақты орнын (газеттер, журналдар, жарнама роликтері және өзгелер) және олардың оңтайлы үйлесуін айқындайды;

      жарнаманы орналастырудың оңтайлы уақыты мен орнын, жарнамалық науқандарды өткізу ауқымы мен мерзімдерін, жарнаманы мамандығы, жасы, сатып алу мүмкіндіктері, жынысы бойынша нысаналық топтарға бағыттай отырып, жарнама бағытталуға тиіс адамдар шеңберін айқындау мақсатында өткізу нарығы мен сатып алушылық сұранысты зерделейді;

      жарнамалық мәтіндерді, плакаттарды, жобаларды, каталогтарды, буклеттерді даярлауды ұйымдастырады, жарнаманың көрнекілігін және қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың сапасын, бәсекелестік күрес тәртібін бұзуға жол бермей отырып, қоғамдық мораль нормаларының сақталуын бақылайды;

      өнімді немесе қызметтерді жарнамалау бойынша шарттар мен келісімшарттарды әзірлеуді және іске асыуына бақылауды жүзеге асырады;

      жарнамалық қызметті жетілдіру мақсатында іскер әріптестермен байланысты, қажетті ақпаратты жинау жүйесін және сыртқы байланыстарды кеңейтуді ұйымдастырады;

      өндірілетін өнімге немесе көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың уәждемесін талдайды, сатып алушылардың сұранысын зерттеу және бағалау арқылы сату болжамы мен уәждемесін жүзеге асырады;

      жарнамалық шараларды әзірлеу және өткізу барысында ұйымның өзге құрылымдық бөлімшелерімен қажетті байланысты ұстанады, қойылған мәселелерді шешу үшін консультанттар мен сарапшыларды тартады, белгілі және кеңінен танымал адамдармен шарттар жасай отырып, оларды жарнамаға қатысуға шақырады;

      қарамағындағы жұмыскерлерді басқаруды жүзеге асырады.

      112. Білуге тиіс:

      кәсіпкерлік, коммерциялық және жарнамалық қызметті реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу негіздері, нарық конъюнктурасы;

      баға белгілеу және салық салу тәртібі;

      менеджменттің теориясы мен практикасы;

      жарнама ісін жүргізудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі, жарнама құралдары мен жеткізушілері;

      іскерлік әкімшілендіру, маркетинг негіздері;

      жарнамалық науқандарды жүргізу нысандары мен тәсілдері;

      шарттар мен келісімшарттарды даярлау тәртібі;

      жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру мен өткізуі;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      социалогия негіздері, жалпы және арнайы психология;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      ұйымды басқару құрылымын, инновациялық және инвестициялық қызметтің перспективасы;

      іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері;

      ақпаратты жинау және өңдеудің қазіргі заманғы құралдары;

      есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдары;

      персоналмен жұмыс істеу, еңбекті уәждеу нысандары мен тәсілдері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      113. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және менеджмент саласындағы арнайы даярлық, тиісті мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

36-параграф. Жатақхана меңгерушісі

      114. Лауазымдық міндеттері:

      жатақхананың қызмет көрсетуші персоналының жұмысын басқарады;

      жатақханаға келгендерді қоныстандыруды жүзеге асырады, жатақханаға қоныстанған және шығып кеткен азаматтардың уақтылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды;

      бөлмелерді жиыстыруды ұйымдастырады және ұйықтайтын бөлмелерде және ортақ пайдалану орындарында тазалықтың сақталуын қадағалайды;

      жатақхана электр желісінің, байланысының, су құбырының, кәрізінің және жабдығының дұрыс жұмысын қадағалайды;

      инвентарьдың және өзге де қажетті мүлікті беру мен қабылдауды қамтамасыз етеді;

      жатақханадан шығатындардың кету парағына белгі қояды немесе берешегі жоқ екені туралы анықтама береді;

      қолданыстағы мүліктің есебін жүргізеді, оны мерзімдік тексеруді және сақталуын қамтамасыз етеді;

      қажет болған жағдайда мүлікті, жатақхана тұрғындары бүлдірген немесе жоғалтқан материалдық құндылықтарды есептен шығару актілерін құрастырады, белгіленген тәртіпте кінәлі адамдардан олардың құнын өндіруге құжаттарды ресімдейді;

      жатақхананы қажетті мүлікпен, жабдықпен, инвентарьмен және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, өртке қарсы қорғау тәртібінің орындалуын бақылайды;

      санитариялық және өрт қадағалау жазба кітабын, сонымен қатар арыздар мен шағымдар кітабын жүргізеді, көрсетілген кемшіліктерді жою, жатақханада тұратындар және қызмет көрсету персоналы арасында пайда болатын даулы жағдайларды шешу бойынша шараларды қабылдайды;

      мәдени-бұқаралық және тәрбие жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      115. Білуге тиіс:

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жатақхананың тұрғын, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық бөлмелерін ұстау тәртібі;

      қызметтік қарым-қатынас этикасы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      116. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

37-параграф. Жоба басшысы

      117. Лауазымдық міндеттері:

      жобаны басқару жоспары мен жоба құжаттамасының құрылуын жетілдіреді;

      барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жобаның орындалуын ұйымдастырады;

      жобаның іске асырылу барысының мониторингі және орындалуын үйлестіреді;

      жобаның командасын құрайды;

      жоба командасын басқарады;

      жобаның қатысушыларымен және өнім берушілерімен техникалық тапсырмалар мен келісімшарттардың әзірленуін үйлестіреді;

      жобаның сапасын, қатерлерін, құнын, мерзімдерін, мазмұнын, коммуникацияларын басқарады;

      жобаны басқару тиімділігінің индикаторларына мониторингті және қажетті өзгерістердің енгізілуін жүзеге асырады;

      жоба құжаттарына сәйкес жобаның ілгерілеуі туралы есептерді құрайды;

      жоба бюджетіне сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      мемлекеттік құрылымдар, компаниялар және жобаның өзге де мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

      жоба әріптестерінің арасында жоба нәтижелері мен шаралары туралы ақпаратты таратады;

      есепті құрайды және жоба нәтижелерін құжаттайды.

      118. Білуге тиіс:

      жобаларды басқару жөніндегі нормалар мен стандарттар, заңнамалық, нормативтік құқықтық және өзге де актілер;

      басқару және жалпы ұйым туралы негізгі тәртібі, жаңа өнімдерді жасау стандарттары мен тәртібі;

      ақпаратты өңдеудің теориялық және практикалық принциптері;

      жобалау тәсілдерінің әдістері мен стандарттары және уақытты басқару негіздері;

      жобаларды басқару құралдары мен әдістері;

      жобалық құжаттарды жасау әдістемесі;

      тапсырыс берушілер және өнім берушілермен жұмыстарды келісу және келіссөздер жүргізу тәртібі;

      жұмыстар арасындағы тәуелділік құжаттамасы;

      жоба қатысушылары мен команданың әрекеттерін үйлестіру мен міндеттер қою принциптері;

      жоба мақсаттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру әдістері;

      жоба бойынша есептерді құру тәртібі;

      жобаны басқару бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану принциптері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      119. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, стратегиялық жоспарлау және жобаны басқару жұмыс өтілі, командалық жобаны басқару тәжірибесі кемінде 5 жыл, тиісті курстардан өткені туралы немесе кәсіптік сертификаттаудан өтуі туралы сертификатының болғаны құпталады.

38-параграф. Жоба менеджері

      120. Лауазымдық міндеттері:

      жобаны басқару жоспарын дайындауға қатысады, жоба құжаттамасын қалыптастырады;

      жобаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      жобалар бойынша сату болжамын, жоспарды бақылау және түзетуді дайындайды;

      жобалар бойынша шығыстар, кірістер, ақша қаражатының қозғалыс жоспарларын дайындауды жүзеге асырады;

      жобалардың кезеңдері бойынша қажетті құжаттаманы жүргізеді;

      өзгерістерді жобаның кураторларымен келіседі;

      бекітілген жоспарға (кестеге) сәйкес өнімді шығару мерзімін бақылауды жүзеге асырады;

      жобаның іске асырылу барысының орындалуына және мониторингіне қатысады;

      техникалық тапсырманы және жобаның жеткізушілері мен қатысушыларының арасындағы келісімшарттарды әзірлейді;

      жобаның коммуникациясын, мазмұнын, мерзімдерін, құнын, қатерлерін, сапасын басқаруға қатысады;

      жобалар бойынша жұмыстарды орындау сапасын бақылайды;

      жобаның бюджетіне сәйкес қаржы қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      жобалау топтарына қатысушылардың жұмыстарын үйлестіреді;

      кеңестерді өткізуге және оларды бекітілген жобаларды орындау мәселелері бойынша жоспарлауға бастама жасайды;

      жобалар бойынша іс-шаралар мен жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық шолуды жасайды және оларды жобаның әріптестеріне ұсынады;

      жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қалыптастырады және келіседі және оларды жобалардың кураторларына ұсынады;

      құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін сақтайды;

      еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларының, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      121. Білуге тиіс:

      ұйымдардың кәсіпкерлік және коммерциялық қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;

      жобаларды басқару құралдары мен әдістері;

      құнын, қатерлер мен ресурстарды бағалау әдістері мен өлшемшарттары;

      жобалық құжаттарды жасау тәртібі;

      іскерлік қарым-қатынас, келіссөздер жүргізу этикасы;

      жұмыстар құрамын өнім берушілермен келісу тәртібі;

      маркетинг негіздері, менеджмент теориясы;

      бизнес-жоспарлар мен келісімдердің, шарттардың, келісімшарттардың коммерциялық шарттарын әзірлеу тәртібі;

      жоба командасының құрамындағы жұмыстың теориясы мен практикасы;

      баспа-жобалау қызметінің негіздері;

      редакциялық-баспа процесінің негіздері, жобаны іске асыру бойынша мониторингті ұйымдастыру және есептерді қалыптастыру кезеңдері;

      жобаны басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану әдістері;

      менеджмент саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      122. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, тиісті курстарда оқығаны туралы сертификатының немесе кәсіптік сертификаттың болғаны дұрыс.

39-параграф. Жоспарлық-экономикалық бөлімнің бастығы

      123. Лауазымдық міндеттері:

      нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған ұйымдағы экономикалық жоспарлау жөніндегі жұмысқа басшылықты, ұйым жұмысының барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін анықтауды және пайдалануды жүзеге асырады;

      өнім, жұмыстарды (қызметтерді) тұтынушылардың тапсырыстарына және жасалған шарттарға сәйкес ұйым бөлімшелерінің қызметтің барлық түрлері бойынша ағымдағы жоспарлардың жобаларын, сонымен қатар оларға негіздемелер мен есептердің дайындауын басқарады;

      ұйымның шаруашылық қызметі мен басқару жүйесін нарық жағдайында өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатымен оның стратегиясын әзірлеуге қатысады;

      ұйымның қаржылық, коммерциялық және өндірістік қызметінің орта және ұзақ мерзімді кешенді жоспарларын (бизнес-жоспарларын) құруды басқарады және олардың бөлімдерін байланыстырып келіседі;

      жоспарлы тапсырмаларды ұйымның бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді;

      сұраныс пен ұсынысты есепке алып және пайданың жоспарлаған көлемін қамтамасыз ету мақсатымен материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті жоспарлық техникалық-экономикалық нормативтерінің, ұйым өніміне көтерме және бөлшек бағалардың, жұмыстар (қызметтер) тарифтерінің жобаларын әзірлеуді, өнімнің нормативтік калькуляциясын жасауды және оларға өндірісте пайдаланылатын шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың негізгі түрлеріне жоспарлық-есептік бағалардың ағымдағы өзгеруін енгізуге бақылауды ұйымдастырады;

      ұйымға жеткізілетін өнімге көтерме бағаның жобасына қорытындыларды дайындауды қамтамасыз етеді;

      ұйым қызметінің барлық түрлеріне кешендік экономикалық талдаудың жүргізілуін және күрделі салымдарды, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану бойынша, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін жоғарылату, өнім өндірісі және сату шығындарын қысқарту, өндірістің рентабельділігін жоғарылату, табысты ұлғайту, шығындар мен өндірістік емес шығыстарды жою бойынша іс-шаралардың әзірлеуін басқарады;

      ұйым бөлімшелерінің жоспарлық тапсырмаларды орындауын бақылауды, сонымен қатар ұйым жұмысының барлық өндірістік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық есепке алуды, белгіленген мерзімде жүйелік есептіліктің дайындалуын, статистикалық материалдардың жүйеленуін ұйымдастырады;

      ұйымның даму перспективаларын айқындау мақсатында нарықты зерттеудің нақты бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;

      бухгалтерия мен бірге өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу мен талдау жөніндегі жұмысқа әдістемелік басшылықты және ұйымдастыруды, ұтымды есепке алу құжаттамасын әзірлеуді жүзеге асырады;

      ұйым бөлімшелерінің қызметін техникалық-экономикалық жоспарлау бойынша, жаңа техника мен технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу бойынша әдістемелік құралдардың, өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      біріздендірілген жоспарлық құжаттаманың, экономикалық стандарттардың әзірлеуін, жоспарлық және есептік ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өндеу құралдарының енгізілуін ұйымдастырады;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      124. Білуге тиіс:

      өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      салық заңнамасы;

      ұйымның экономикасына қатысты әдістемелік материалдар;

      ұйымның даму стратегиясы және перспективалары, экономикалық қызмет түрінің даму перспективалары;

      ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері, өнімді, жұмыстарды (қызметтерді) сату нарығының жағдайы және даму перспективалары;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарларының әзірленуін ұйымдастыру;

      бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібі;

      ұйымның экономикалық стандарттар мен көрсеткіштер жүйесі;

      статистикалық есепке алуды ұйымдастыру, жоспарлық-есептік құжаттама;

      есептілікті құру мерзімі мен тәртібі;

      ұйым мен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістері;

      тауарлы өнімнің өзіндік құнын айқындау, материалдық пен еңбек шығындары, көтерме мен бөлшек сауда нормативтерін әзірлеу тәртібі;

      жаңа техника мен технологиялар, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша, еңбек және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;

      нарықтық экономика жағдайында ұйымның экономикалық қызметін тиімді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі;

      өндіріс технологиясының негіздері, есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      125. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

40-параграф. Жөндеу цехының бастығы

      126. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның жабдығын, ғимараттарын және құрылыстарын жөндеу бойынша цехтің өндірістік-шаруашылық қызметін басқарады;

      ұйымның негізгі өндірістік құралдарын жөндеудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      жабдықтарды уақытымен жөндеуді қамтамасыз ететін кешендік регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу бойынша, оны пайдалануды жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды басқарады;

      цехтің ырғақты жұмысын және белгіленген мерзімде жөндеу тапсырмаларын орындауын, жөндеу жұмыстарының сапасы жоғары болғанда жөндеу құнын төмендетуді, негізгі және айналымдағы құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      жоспарлық тапсырмалар мен жөндеу кестесінің әзірленуін және орындаушыларға (учаске бастықтарына, мастерлерге, бригадирлерге) жеткізілуін, жабдықты жөндеу жұмыстарын және оны сынауды жүргізуге, оны пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау тәртібінің сақталуына бақылауды ұйымдастырады;

      еңбекті және жөндеу жүргізуді, оның технологияларын, өндірістік процестердің механикаландырылуын және автоматтандырылуын жетілдіру бойынша, брактың алдын алу және өнімнің сапасын жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарылату резервтерін пайдалану және өндіріс шығындарын азайту бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      жөндеу-өндірістік қызмет туралы есеп жүргізу мен есептілікті құрауды, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру бойынша, еңбекке ақы төлеу мен материалдық ынталандыруды нысандары мен жүйесін дұрыс пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      стандарттарды, техникалық шарттарды және жабдықтарды пайдалану, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету бойынша өзге де нормативтік материалдарды әзірлеуге және енгізуге байланысты жұмысты ұйымдастырады;

      жабдықтар мен өзге де негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын және оларды жөндеу кестесін орындауды, қауіпсіз әрі саламатты еңбек жағдайларын, сонымен қатар жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша уақытымен көмек ұсынуды қамтамасыз етеді;

      өндірістің техникалық дамуын жоспарлау және жабдықтарды жаңғырту бойынша жұмыстарға, жабдықтардың қатты тозуының және өндірістік жарақаттану себептерін тергеп-тексеруге қатысады және оларды алдын алу бойынша шаралардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      мастерлер мен цех қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;

      білікті кадрларды таңдауды, оларды орналастырады және оларды мақсатты пайдалануды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тәртібін және қауіпсіздік техникасын, өндірістік пен еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылайды;

      жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      127. Білуге тиіс:

      заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның және цехтің техникалық даму перспективалары;

      жоспарлы-алдын ала жөндеудің және технологиялық жабдықты ұтымды пайдалану жүйесі;

      жабдықты жөндеу жұмыстарын және оған техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      ұйым мен цех жабдығының техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және пайдалану деректері;

      жөндеу жұмыстарын орындалу жоспарлау әдістері мен тәртібі;

      ұйымның өнім өндірудің негізгі технологиялық процестері, жөндеу жүйелері және жөндеу жұмыстарының технологиясы;

      жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және сынау бойынша стандарттар, техникалық шарттар және нұсқаулықтар;

      өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістері;

      еңбекке ақы төлеу бойынша қолданыстағы тәртібі, материалдық ынталандыру нысандары;

      жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      128. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

41-параграф. Жүк сақтау камерасының меңгерушісі

      129. Лауазымдық міндеттері:

      заттарды қабылдау, сақтау және беру жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады;

      заттардың стеллажға және сөрелерге олардың сақталуы мен беру кезінде тез табылуын қамтамасыз ететін тәртіпте ұтымды орналастыру мен қоюды ұйымдастырады;

      сақтау режимінің және жабдық, механизмдер мен инвентарьдың жарамды күйінің сақталуын қадағалайды;

      зат иелерінің шағымдарын қарайды және оларды қанағаттандыру бойынша шаралар қабылдайды;

      автоматты сақтау камераларының жұмысына бақылауды жүзеге асырады;

      қол жүгін сақтау үшін төлем сомасының дұрыс белгіленуін бақылайды;

      сақтау камерасына келіп түскен заттарға, сонымен қатар азаматтар (жолаушылар) жоғалтқан заттарға құжаттар ресімдейді, белгіленген мерзім өтісімен олардың қайтарылуын немесе сатуға тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      сақтау камерасының жұмысы туралы жиынтық есептілікті жасайды;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібінің, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      130. Білуге тиіс:

      ұйымның қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      сақтау камерасының жұмыс тәртібі;

      автоматты сақтау камераларын пайдалану тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      131. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтілі талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық.

42-параграф. Жұмыс өндіруші (Прораб)

      132. Лауазымдық міндеттері:

      учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      жұмыс өндірісінің жобаларын сақтай отырып, барлық сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша объектілерді белгілеген мерзімде пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындау жөніндегі өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жобалау құжаттамасына, құрылыс нормалары мен тәртібіна, техникалық талаптарға және өзге нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісін ұйымдастырады;

      учаскедегі құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің технологиялық кезектілігінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      жұмысты механикаландыру деңгейін арттыру, жаңа техниканы ендіру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының құнын төмендету, материалды үнемдеп жұмсау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін тарату бойынша жұмысты жүргізеді;

      объектілерді салуға арналған техникалық құжаттаманы алуды қамтамасыз етеді;

      құрылыс машиналарына, көлікке, механикаландыру құралдарына, материалдарға, конструкцияларға, тетіктерге, құрал-саймандарға, инвентарьға өтінімдер жасайды, олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      орындалған жұмыстардың есебін жүргізеді, техникалық құжаттаманы ресімдейді;

      құрылысы аяқталған объектілерді, жекелеген кезеңдерді және қатарға енгізілген объектілер бойынша жұмыс кешендерін тапсырыс берушілерге тапсыруға қатысады;

      қосалқы мердігерлік (мамандандырылған) ұйымдар үшін жұмыс шебін дайындайды және олардан орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      күзетілетін аймақтарда жұмыс жүргізу құқығына рұқсаттарды ресімдейді;

      мастерлерге құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының көлемі бойынша өндірістік тапсырмаларды белгілейді, олардың орындалуын бақылайды;

      жұмысшыларға тікелей жұмыс орындарында жұмысты қауіпсіз орындау әдістері бойынша нұсқау береді;

      технологиялық жарақты (ағаштар, төсеніштер, қорғаныш құрылғыларын, қазан шұңқырлар мен траншеялардың бекіткіштерін, тіреуіштер, кондукторларды және өзге құрылғыларды), құрылыс машиналарын, энергетикалық қондырғыларды, көлік құралдарын және жұмысшыларды қорғау құралдарын қамтамасыз етеді;

      ауыр заттарды тасу, жұмыс орындарындағы, өту және келу жолдарындағы тазалық және тәртіп нормаларының сақталуын, кран жолдарын дұрыс ұстау және пайдалануды, жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етуді қадағалайды;

      объект жанындағы қойма шаруашылығын және материалдық құндылықтары күзетуді ұйымдастырады;

      қауіпсіздік техникасының жай-күйін бақылайды және анықталған кемшіліктерді, өндірістік санитария тәртібінің бұзылуын жою, жұмысшылардың еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауы үшін шаралар қабылдайды;

      жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

      рационализаторларға көмек көрсетеді;

      жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      133. Білуге тиіс:

      учаскенің (объектінің) өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      құрылыс өндірісін ұйымдастыру және технологиясы, салынып жатқан объектілерге жобалау-сметалық құжаттама;

      құрылыс нормалары мен тәртібі, құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының өндірісіне және қабылдауға қойылатын техникалық талаптар;

      учаскедегі (объектідегі) өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістері;

      орындалатын жұмыстың нормалары мен бағалары, еңбекке ақы төлеу жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;

      мердігерлік ұйымның тапсырыс берушілермен және қосалқы мердігерлермен шаруашылық және қаржылық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі;

      құрылыс ұйымының өндірістік-технологиялық жиынтықталу және диспетчерлеу жүйесі;

      құрылыс өндірісін ұйымдастырудың ғылыми-техникалық жетістіктері мен тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      134. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыста маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және құрылыста маман лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

43-параграф. Заң бөлімінің бастығы

      135. Лауазымдық міндеттері:

      ұйым қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;

      ұйым дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, тәртібідің, стандарттар мен өзге құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;

      қолданылып жүрген заңнаманы бұза отырып шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою жөніндегі шаралар қолданады;

      ұйымның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, сондай-ақ ұйымның қайтарып алуына келіп түсетін актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;

      ұйымдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, қолданылып жүрген заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіруді, құрылымдық бөлімшелерге наразылық жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетуді, сот және төрелік сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді;

      құқықтық мәселелерді қарау кезінде ұйымның соттағы, төрелік соттағы, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүдделерін білдіреді, сот және төрелік сот істерін жүргізуді жүзеге асырады;

      ұжымдық шарттарды, салалық келісімдерді дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      наразылықтарды, сот және төрелік сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шаруашылық шарттарды жасау және орындау практикасын талдау және жалпылау бойынша жұмысты басқарады, өнімді жеткізу жөніндегі шарттық тәртіптің сақталуын бақылауды жақсарту, анықталған кемшіліктерді жою және ұйымның өндірістік және шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      талан-тараж, ысырап, кем шығу, сапасыз өнім шығару, стандартты емес және толық жиынтықталмаған өнім шығару және өзге құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына өткізу үшін әзірлеуге басшылық жасайды, ұйымға келтірілген шығынды өтеу жөнінде шаралар қолданады;

      шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      ұйым жұмыскерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындайды;

      мәжбүрлеп өндіру талаптар етілетін борыштарды анықтау мақсатында дебиторлық берешектің жай-күйі туралы материалдарды қарауға қатысады;

      ұйымда өнімді сертификаттаудың, тауарларды және өнімді саны және сапасы бойынша қабылдаудың заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      ұйымға келіп түсетін заңнамалық және нормативтік актілердің, сондай-ақ басшысы шығаратын актілердің жүйелендірілген есебін, сақталуын ұйымдастырады, кодификациялануын қамтамасыз етеді, қазіргі заманғы технологияларды, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын қолдану негізінде оларға пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде ұйым жұмыскерлерін қолданылып жүрген заңнама туралы хабардар етуді, түсіндіруді, сондай-ақ ұйымның лауазымды адамдарының олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлерге құқықтық мәселелер бойынша заңдық көмек көрсетуді, консультация беруді ұйымдастырады;

      бөлім жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      136. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйым қызметі үшін маңызы бар әріптес елдер заңнамасының негіздері;

      құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;

      азаматтық, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы;

      ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің есебін жүргізу және есептілігін жасау тәртібі;

      шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі;

      қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      137. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

44-параграф. Зерттеу зертханасының бастығы

      138. Лауазымдық міндеттері:

      отандық және шетелдік озық сапа стандарттарына және экологиялық қауіпсіздікке сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ететін қолданылатын технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіруге, жаңа техника мен технологияны игеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;

      өнімнің ақаулығының себебін анықтау және алдын алу, сапасын жақсарту, қолданыстағы өндірістік стандарттар мен техникалық шарттарға, экологиялық стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуін, сондай-ақ жаңа, анағұрлым үнемді және қауіпсіз негізгі және қосалқы материалдардың қолданылуын қамтамасыз ету бойынша эксперименталдық жұмыстардың жүргізілуіне басшылық жасайды;

      әзірлемелердің тиімділігін айқындайды, зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек шығынын қысқарту және зерттеудің, сынаудың анағұрлымжетілген әдістерін іздеу бойынша жұмысты басқарады;

      жаңа технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін енгізу және шығарылатын өнім мен жаңадан игерілетін өнімді сипаттайтын сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізуге қатысады;

      зертхана жұмысының перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларын әзірлейді;

      ұйымның бизнес-жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша техникалық есептер жасауды, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша ұсынымдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларды енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың орындалуы бойынша есеп дайындайды;

      ұйым шығаратын өнімге ұқсас өнім өндірісін жетілдіру технологиясын жетілдіру саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені зерттеуді ұйымдастырады;

      зертхананың қызметкерлерiне басшылық етедi;

      қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.

      139. Білуге тиіс:

      ғылыми-техникалық қызметке жататын заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның және экономикалық қызмет түрінің техникалық даму перспективалары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясы, зертхана жабдығы, оны пайдалану тәртібі;

      шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, стандарттар мен техникалық шарттар, экологиялық стандарттар мен нормативтер;

      техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

      зерттеу жүргізуді, әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындауды ұйымдастыру және әдістері;

      есептілік құрастыру тәртібі;

      ұқсас өнім өндіру технологиясы саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      140. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

45-параграф. Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер

      141. Лауазымдық міндеттері:

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйым қызметі бағыттарының біреуін басқаруды жүзеге асырады;

      перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды және жоспарларды, жекелеген іс-шаралар және/немесе іс-шаралар кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемасын әзірлейді;

      акционерлердің жылдық жиналыстарын дайындауға және өткізуге, ақпаратты ашу жүйесін іске асыруға, ұйымның жалпы басымдықтарына және оның даму перспективасына сәйкес инвесторлармен байланыс саласында ұйым қызметінің жекелеген бағыттарының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады;

      инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл әдістерін және нысандарын таңдауды жүзеге асырады;

      ұйымнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және оларды тасымалдағыштарды айқындайды;

      инвесторлармен және әріптестермен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді;

      рейтингтік агенттіктермен, инвестициялық компаниялардың талдаушыларымен, консалтингтік компаниялармен, аудиторлық ұйымдармен, бағалаушы фирмалармен, мемлекеттік және муниципалдық басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен, ақпараттық, жарнама агенттіктерімен, өзге де ұйымдармен тұрақты байланысты ұйымдастырады және қолдайды;

      ақпараттарды жинауды, талдауды және өңдеуді, оның ішінде әлеуметтік, маркетингтік зерттеулерді қолдана отырып ұйымдастырады;

      ақпарат көздерін үнемі мониторингілеуді қамтамасыз етеді;

      ақпараттық және инвестициялық нарықтың өзгеруін болжайды және жағдайын талдайды, ашықтық (транспаренттілік) саясатын түзету бойынша шаралар әзірлейді;

      инвесторлармен байланыс саласында ұйым қызметінің жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар және бағдарламаларды жарнамалық, ақпараттық ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шарттар мен келісімшарттардың дайындалуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      инвесторлармен байланыс саласындағы тәуелсіз сыртқы консультанттарды және сарапшыларды қойылған міндеттерді шешуге тартады;

      контрагенттерге қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультация береді;

      бірлескен қызмет кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін және корпоративтік басқару сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлауға қатысады;

      бағынысты қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады;

      еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.

      142. Білуге тиіс:

      инвесторлармен байланысты реттеу мәселелеріне, ұйымның ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принципі кодексі, корпоративтік басқару кодексі;

      кәсіпкерлік және инвестициялық менеджмент негіздері;

      ұйымның даму стратегиясы, инвестициялық және ақпараттық нарықтың конъюнктурасы, қаржы нарығының құрылымы;

      акциялар нарығының ағымдағы жағдайы;

      социологиялық және маркетингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы;

      дағдарыс жағдайында жұмыс істеу әдістері;

      жарнамалық және ақпараттық науқандарды жүргізуді жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері;

      инвестициялық бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шарттарды құрастыру мен жасасу тәртібі;

      саясаттану, әлеуметтану, психология, инвестициялық менеджмент және инвестициялық маркетинг негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      инвесторлармен байланыс саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      іс жүргізу негіздері;

      заманауи байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдар мен компьютерлік технологияны қолдана отырып, ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәсілдері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      143. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, инвесторлармен байланыс саласындағы қосымша даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

46-параграф. Инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы

      144. Лауазымдық міндеттері:

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымның сыртқы және iшкi саясат тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастырады;

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымның саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық жасайды;

      ұйымның қызметiне қатысты экономикалық, қаржы және өзге де ақпарат түрлерiн жинау, өңдеу және талдау қызметін үйлестіреді;

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйым қызметінің ағымдағы жоспарларын түзетуге арналған талдамалық материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

      ұйым басшылығының инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты және тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымның ашықтық (транспаренттілік) саясатын қалыптастыру және іске асыруға бағытталған іс-шараларды, акционерлердің жылдық жиналыстарын дайындау мен өткізуге басшылық жасайды;

      ұйымның қызметі туралы ақпаратты ашу, ақпараттық-жарнамалық материалдарды тарату жүйесінің қолданылуын қамтамасыз етеді;

      инвесторлармен байланыс саласындағы ұйым саясатының тұжырымдамасы мен қолданыстағы бағдарламаларын түзету мақсатында ұйымның іскерлік беделіне әсер ететін негізгі факторлар бойынша қоғамдық пікірге зерттеу жүргізуге басшылық жасайды;

      ұйым әзірлейтін ұйымның корпоративтік басылымының тұжырымдамасын, ресми интернет-ресурсын және өзге де құжаттарын бекітеді;

      ұйымның инвесторлармен байланыс саласындағы саясатын іске асыруға шығыстар сметасын әзірлейді және қажетті қаржы есебін жүргізуді ұйымдастырады;

      инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлім қызметкерлері мен менеджерлердің жұмысын басқарады;

      штаттық зерттеушілердің жұмысын басқарады және тиісті қызметтерді ұсынатын тәуелсіз сыртқы мамандандырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      ұйымның өзге де құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, ұйымның ақпараттық-жарнамалық саясаты стратегиясын әзірлеуге және жоспарлауға және оларды іске асыруға бағытталған жекелеген іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, инвестициялық маркетинг және нарыққа инвестициялық өнімдерді ілгерілету тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпараттық-жарнамалық қолдауды қамтамасыз етуге, ақпаратты қорғау және ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында тиімді ақпараттық байланысты құруға, ұйым ішінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайды қалыптастыруға, корпоративтік басқару сапасы мен компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған жоспарларын іске асыруға, беделінің түсуі және өзге де қатерлерді азайту қызметіне қатысады;

      уақтылы есептілікті, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      145. Білуге тиіс:

      инвесторлармен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатты реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принциптер кодекстері;

      корпоративтік басқару кодексі;

      инвесторлармен байланыс саласындағы халықаралық сапа стандарттары;

      ұйымның даму стратегиясы және бизнес-жоспары, инвесторлармен байланыс бойынша ғылыми-әдістемелік құжаттар;

      инвесторлармен байланыс саласындағы технологияның даму перспективалары және бағыттары, экономиканың, ұйымдардың және өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерінің жай-күйі, қаржы нарығының құрылымы, акциялар нарығының ағымдағы жағдайы;

      эмитентті бағалаудың қаржы-экономикалық өлшемдерін айқындау жүйесі;

      ақпараттық процестер мен жаппай коммуникация саласын дамытуды талдау, жоспарлау және болжау әдістері;

      саясаттану, социология, психология, инвестициялық маркетинг, инвестициялық менеджмент негіздері, сапалық және сандық зерттеулерді (социологиялық және өзге де) жүргізу технологиясы және бағалау әдістері;

      ұйымның ақпараттық-жарнамалық қызметінің қаржы-экономикалық өлшемдерін есептеу әдістері, ақпараттық және инвестициялық нарық конъюктурасы;

      баспа өнімін өндіру технологиясының негіздері;

      ісқағаздар жүргізу негіздері;

      ұйымның жеке дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      146. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және (немесе) инвесторлармен байланыс саласындағы арнайы даярлық немесе жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) біліміне "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" бағдарламасы бойынша қосымша білімі және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.

47-параграф. Инвесторлармен байланыс жөніндегі директор

      147. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның инвесторлармен байланыс аясындағы стратегиялық саясатын қалыптастыруға, іске асыруға және дамытуға басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның инвесторлармен байланыс аясындағы қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды;

      акционерлермен, қаржыны талдаушылармен, мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым қатынастың барлық кешенін іске асыруды, акционерлердің жылдық жиналысын дайындауды және өткізуді жүзеге асырады, осы жұмысты стратегиялық үйлестіруді жүргізеді;

      ішкі және сыртқы ақпарат саясатының, ашықтық (транспаренттілік) саясатының тұжырымдамасын, ақпаратты ашу жүйесін бекітеді;

      кешенді бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды дайындауға, ұйым қызметінің перспективалы және ағымдағы жоспарларын жасауға қатысады;

      жылдық есепті дайындау мен келісуді ұйымдастырады;

      қор нарығының кәсіпқой қатысушыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және коммерциялық ұйымдармен, жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде өкілеттік қызмет атқарады, ұйымның инвесторлармен байланыс бойынша қызметінің әрекеттері мен аспектілеріне түсінік береді және түсіндіреді;

      ұйымның инвесторлармен байланыс аясындағы ішкі және сыртқы саясатының бар жоспарлары, бағдарламалары мен тұжырымдамасын түзету мақсатында қоғамдық пікірді кешенді зерттеу туралы шешім қабылдайды;

      инвестициялық қоғамдастықтың қоғамдық пікірін зерттеудің нәтижелері негізінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ұйымның инвесторлармен байланыс аясындағы қызметінің тиімді көрсеткіштеріне жету үшін бақылауды жүзеге асырады;

      ұйымның іскерлік атағына кері әсер ететін ұйым қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы жоюды қамтамасыз етеді;

      жоғары тұрған басшылықты, сонымен қатар ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын ұйымның инвесторлармен байланыс саласындағы қызметіне, ақпараттық-жарнама саясатына, инвестициялық өнімді, ұйым өнімінің инновациялық түрлерін өткізу бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларға, қызметтің жаңа бағытын ақпараттық сүйемелдеуге байланысты барлық мәселелер бойынша жедел ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

      ұйымның қызметінде инвесторлармен байланыс жасау аясындағы кәсіби мінез-құлықтың халықаралық принциптері мен заң нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      ұйым қызметінің ұдайы жетілдірілуін инвесторлармен байланыс аясындағы алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу негізінде қамтамасыз етеді;

      ұйымның инвесторлармен байланыс аясындағы сыртқы саясатын, бірлесіп басқарудың сапасын және компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған ішкі саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына басшылық етеді және үйлестіреді.

      148. Білуге тиіс:

      инвесторлармен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатты реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      инвесторлармен байланыс аясындағы кәсіби және этикалық принципті кодексі;

      бірлесіп басқару кодексі;

      инвесторлармен байланыс аясындағы халықаралық сапа стандарттары;

      ұйымның мақсаты, даму стратегиясы және бизнес-жоспары;

      ұйымның бейіні, мамандануы, өндіріс технологиясы және құрылымының ерекшеліктер;

      экономиканың, ұйымның және жалпы өңірлердің инвестициялық мүмкіндігінің жай-күйі, қаржы нарығының құрылымы, нарықтың қаржылық институттары, нарық қатысушылары;

      қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредит беру, инвестицияларды және қарыз қаражатын тарту, өз қаражатын пайдалану, бағалы қағаздарды шығару мен сатып алу тәртібі;

      ұйымның қызметі туралы объективті ақпарат ұсыну мақсатында қаржылық есептілікті талдау әдістері;

      ұйым акциялары нарығының ағымдағы жағдайы, борыш жағдайы, эмитентті бағалаудың қаржы-экономикалық өлшемдерін айқындау жүйесі;

      эмитентті бағалау әдістемесінің негіздері;

      экономиканың инвестициялық секторындағы ақпараттық процестерді талдау, жоспарлау және болжау әдістері;

      инвесторлармен байланыс саласындағы қызметтің тиімділігін бағалау және ынталандыру әдістері;

      ақпараттық технологиялардың даму перспективасы мен бағыттары;

      инвесторлармен байланыс аясындағы озық технологиялар, отандық және шетелдік тәжірибе;

      келіссөздер жүргізу негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      саясаттану, әлеуметтану, психология, инвестициялық маркетинг, инвестициялық менеджмент негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      149. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе жоғарғы (жоғары оқу орнынан кейiнгi) біліміне "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" бағдарламасы бойынша қосымша білімі және басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

48-параграф. Кадр бөлімінің бастығы

      150. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның мақсатына, стратегиясына және бейініне, оның қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ұйымды талаптары етілетін кәсіптегі, мамандықтағы және біліктіліктегі жұмысшы және қызметші кадрлармен жиынтықтау, кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу бойынша жұмысты басқарады;

      еңбек нарығын зерттеу негізінде болжамдар жасау, кадрларға ағымдағы және перспективалық қажеттілікті және оны қанағаттандыру көздерін айқындауды, оқу орындарымен және жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыстарды, ұқсас бейіндегі ұйымдармен байланысты орнатуды, ұйым ішінде жұмыскерлерді бос жұмыс орындары туралы хабардар етуді, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыскерлер жалдау туралы хабарландырулар жариялауды ұйымдастырады;

      ұйымның кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеуге қатысады;

      кадрларды олардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапасын бағалау негізінде таңдау, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, ұйым бөлімшелерінде жұмыскерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

      жұмыскерлерді кәсібіне және мамандығына сәйкес қабылдауды, орналастыруды және бөлуді қамтамасыз етеді, бөлімшелер басшыларымен бірлесіп олардың тағылымдамадан өтуін және өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      іскерлік мансапты жоспарлау, кандидаттарды жеке жоспарлар бойынша ұсынуға даярлау, басшылар мен мамандардың ротациялық қозғалысы, арнайы курстарда оқыту, тиісті лауазымдарда тағылымдамадан өту сияқты ұйымдастыру нысандары негізінде ұсыну үшін резерв құру бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асырады;

      ұйым жұмыскерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, аттестацияның нәтижесін талдауға, аттестациялық комиссияның шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, аттестациядан қайта өтетін мамандар тобын айқындайды;

      жұмыскерлерді және олардың қызмет нәтижелерін, персоналдың қызметтік-кәсіби жоғарылауын кешенді бағалау жүйелерін әзірлеуге, аттестация өткізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындауға қатысады;

      еңбек заңнамасына, ұйым басшысының актілеріне сәйкес жұмыскерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, жұмыскерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізуді, сондай-ақ персоналды ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

      кадр жұмысының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін, оның материалдық-техникалық және ақпарат базасын жаңарту, қолданыстағы автоматтық жүйелерді ("АСУ-кадрлар" шағын жүйесі) және кадр қызметі жұмыскерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалана отырып кадрларды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу, ұйым персоналы туралы деректер банкін құру, оны уақытында толтыру, пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жедел ұсыну жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      ұйым бөлімшелерінің кадрлар жөніндегі мамандарының және инспекторларының қызметін әдістемелік басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады, бөлімшелер басшыларының кадр саясаты және персоналмен жұмыс жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ұйым басшысының актілерін орындауын бақылайды;

      ұйымдағы кадр жұмысын жүйелі түрде талдауды жүргізеді, оны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      табельдік есеп жүргізуді, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылауды, кадрлардың тұрақтамауын талдауды ұйымдастырады, еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытының шығынын төмендету жөнінде іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;

      жеке құрамды есепке алу және кадрлармен жұмыс жүргізу жөніндегі белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      151. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдар;

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы, ұйымның құрылымы мен штаты, оның бейіні, мамандануы және даму перспективасы;

      ұйымның кадр саясаты мен стратегиясы, болжамдар жасау;

      кадрға болашақтағы және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібі, ұйымды кадрлармен қамтамасыз ету көздері, еңбек нарығының жай-күйі;

      жұмыскерлерді бағалау жүйесі және әдістері;

      кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістері;

      кадрларға және олардың қозғалысына байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі;

      ұйым персоналы туралы деректер банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, табельдік есеп жүргізуді ұйымдастыру;

      кадрлар қозғалысының есебін жүргізу әдістері;

      белгіленген есептілікті жасау тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кадр қызметінің жұмысында пайдалану мүмкіндігі, персоналмен жұмыс істеудің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі;

      еңбек социологиясының, психологиясының және ұйымдастырылуының негіздері;

      профессиография негіздері, кәсіби бағдарлау және кәсіби бейімдеу жұмысының негіздері;

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      152. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

49-параграф. Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы

      153. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның мақсаттары мен стратегияларына, кадрлық саясатына, техниканың, технологияның және басқаруды ұйымдастырудың бағыттары мен даму деңгейіне, бұйымдардың, жұмыстардың (қызметтердің) жаңа түрлерін игеруіне, жұмыскерлердің бар ресурстары мен қызығушылықтарына сәйкес бәсекеге қабілеттілігі бар өнімді өндіру бойынша еңбектің жоғары тиімділігіне жету және ұстау үшін ұйым жұмыскерлерінің кәсіби білімінің деңгейін, дағдылары мен машықтарын үнемі жоғарылатуды қамтамасыз етеді;

      ұйымның барлық санатты жұмыскерлерін үздіксіз оқыту жүйесінің құрылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді;

      ұйым персоналын дамыту стратегиясын, кәсіби даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады;

      белгілі деңгейлі және дайындық бейініндегі кадрларға ұйымның жалпы қажеттілігі, құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері негізінде, аттестаттау мен жұмыскерлердің жеке даму жоспарларының нәтижелерін есепке ала отырып, оларды даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін жоғарылатудың жоспарлауын іске асырады, оқытудың бағыттарын, нысандарын, әдістерін және мерзімдерін айқындайды;

      персоналды оқыту және тағылымдамадан өткізу бойынша кәсіптік білім беру ұйымдарымен, біліктілікті жоғарылату, оның ішінде шетелдік курстарымен шарттар жасасуды, оқуға шығындарды айқындауды қамтамасыз етеді, жасалған шарттарға сәйкес жұмыскерлерді оқуға жіберуді ұйымдастырады, шетелде оқуға қажетті құжаттарды ресімдейді;

      ұйымдастыру-әдістемелік басқаруды, ұйым құрылымына кіретін кәсіптік білім беру ұйымдарының және біліктілікті жоғарылату курстарының материалдық базасын жабдықтау мен дамытуды, оқу процесіне автоматтандырылған оқу құралдарын және жаңа техника мен жаңа технологиялық процестер бойынша әртүрлі автоматтандырылған жаттықтыру кешендерін енгізуді жүзеге асырады;

      оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, жастардың ұстаздарын және мамандар мен жоғары білікті қызметкерлер арасынан инструктор кадрларды таңдауды ұйымдастырады, оқыту бағдарламаларына сәйкес кадрларды кәсіптік оқытудың барлық түрлері үшін сабақтар режимін белгілейді;

      жастарды кәсіби бағдарлау және кәсіби таңдауды ұйымдастыру, бұқаралық кәсіптер мен мамандықтарға оқыту үшін контингентті таңдаудың ғылыми әдістерін пайдалану бойынша жұмысты басқарады, кәсіби бағдарлау қызметімен байланыс орнатады;

      ұйым туралы арнайы басылымдар мен өзге де ақпаратты дайындауды қоса алғанда, өндірісте жас мамандар мен жұмысшыларды бейімдеу жүйесінің қызмет етуін, "ашық есік күндерін", жұмысқа шығу рәсімін өткізуді, бағдарламалардың іске асырылуын, практикалық оқытуды, тәлімгерлікті дамытуды қамтамасыз етеді;

      студенттер мен оқушыларға өндірістік практиканы ұйымдастырады;

      өндірістік оқыту оқытушыларымен және инструкторларымен жеке еңбек шарттарының (еңбек келісім шарттар) жасалуын қамтамасыз етеді;

      өткізілетін сабақтардың жүйелілігі мен сапасын, оқушылардың үлгерімін, оқу мерзімдерінің сақталуын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын, белгіленген құжаттаманың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      өндірістік оқыту тәлімгерлерінің, оқытушыларының, нұсқаушыларының кәсіби даярлығын және педагогикалық біліктілігін жоғарылату бойынша шараларды әзірлейді;

      оқытудың сапалық нәтижелерін және оның тиімділігін талдау, оқыту мен біліктілікті жоғарлату нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды, оқытудан өтіп жатқан ұйым жұмыскерлерінің тілектерін ескере отырып, бар ақаулықтарды жою бойынша шаралары әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;

      кадрларды даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша белгіленген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      154. Білуге тиіс:

      кадрларды даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      ұйымның құрылымы мен штаты, оның бейіні, мамандануы және даму перспективалары, ұйымның кадрлық саясаты және стратегиясы;

      кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жоспары, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын және өзге де оқу-әдістемелік құжаттаманы жасау тәртібі, жұмыскерлерді оқыту процесін ұйымдастыру, оқытудың прогрессивті нысандары, әдістері және құралдары;

      шарттарды жасау тәртібі;

      даярлау мен біліктілікті жоғарылату тиімділігін талдау әдістері, кәсіби бағдарлау мен кәсіби таңдау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      кадрларды даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша есепті жүргізу және есептілікті жасау тәртібі;

      социология, психология негіздері;

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары, оларды пайдалану тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      155. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кадрларды дайындау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

50-параграф. Кеңсе меңгерушісі

      156. Лауазымдық міндеттері:

      кеңсенің жұмысын ұйымдастырады;

      келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақтылы өңделуін, оның тиісті жеткізілуін қамтамасыз етеді;

      құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

      ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықты, бұйрықтарды және өкімдерді тіркеу, есебін жүргізу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымда іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды даярлайды және олардың енгізілуін ұйымдастырады;

      іс жүргізу қызметінің жұмыскерлерін қажетті нұсқау және анықтамалық материалдармен, сондай-ақ инвентарьмен, жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен, басшылық жұмыстың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

      бөлімшелердегі іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты, істердің дұрыс құрастырылуына, сақталуына және архивке уақтылы тапсырылуына бақылауды, құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамаларды дайындауды жүзеге асырады;

      қызметтік құжаттардың басылуын және көшірмелерін түсіруді қамтамасыз етеді;

      басшылықтың шақыруымен өткізілетін мәжілістерді дайындауға қатысады және оларға техникалық қызмет көрсетуді, іссапар құжаттарын ресімдеуді, іссапарға келген жұмыскерлерді тіркеуді ұйымдастырады;

      кеңсе жұмыскерлерін басқарады.

      157. Білуге тиіс:

      іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      іс жүргізу жүйесі, ұйымдық-өкімдік құжаттама бірегей жүйесінің стандарттары, ұйымның құрылымы, іс жүргізуді ұйымдастыру, құжат айналымының схемалары;

      істердің номенклатурасы, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізбесі, белгіленген есептілікті даярлау тәртібі, істерді архивке тапсыру мерзімдері және тәртібі;

      ұйымдастыру техникасы мен басшылық еңбектің өзге де техникалық құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      158. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс жүргізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

51-параграф. Коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың (коммерциялық директор, вице-президент) орынбасары

      159. Лауазымдық міндеттері:

      материалдық және қаржылық қорларды тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ете отырып, олардың шығындарын азайтып, айналым қаражаттарының айналымын жеделдетіп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шикізатты әзірлеу және сақтау, өнімді нарықта және жеткізіп беру шарттары арқылы сату, көліктік және әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету саласында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      өз міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте орындайды;

      оған бағынышты қызметтер мен құрылымдық бөлімшелердің өнімді өндіру және өткізудің перспективалы және ағымдағы жоспарларын, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің және қаржылық жоспарларының ұзақ мерзімді стратегиясын белгілеуге, сондай-ақ өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шикізатты сақтау және тасымалдау, дайын өнімді сату бойынша стандартты даярлауға қатысуын ұйымдастырады;

      шикізат және өнімді тұтынушылармен шаруашылық және қаржылық шарттар жасасу бойынша, тікелей және ұзақ шаруашылық байланыстарды кеңейту бойынша уақтылы шараларды жүзеге асырады;

      өнімді жеткізіп беру бойынша шарттық міндеттердің (саны, номенклатурасы, ассортименті, сапасы, мерзімі және жеткізіп берудің өзге де шарттары бойынша) орындалуын қамтамасыз етеді;

      өнімнің сатылуына, кәсіпорынның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, ұйым қызметінің қаржылық және экономикалық көрсеткіштеріне, айналым қаражаттарының дұрыс шығындалуына және банк кредитінің мақсатты пайдаланылуына, нашар сатылатын өнімді өндірудің тоқтатылуына бақылау жүргізеді және жұмыскерлерге жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;

      шикізатты үнемдеу және материалды шикізаттарды кешенді пайдалану, шикізаттың, материалдардың, айналым қаражаттарының және материалды құндылықтар қорының шығыс нормаларын жетілдіру, экономикалық көрсеткіштерді жақсарту және кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру, өндірістің тиімділігін арттыру, қаржылық тәртіпті бекіту, тауарлық-материалдық құндылықтардың нормадан жоғары қорының пайда болуының және жойылуының, сондай-ақ материалдық қорлардың шектен тыс шығындалуының алдын алуы бойынша шараларды әзірлеуді басқарады;

      ұйым атынан шығарылатын өнімді жарнамалау және сату бойынша жәрмеңкелерге, саудаларға, көрмелерге, биржаларға қатысады;

      тапсырмаларды және өнімді жеткізіп беру бойынша міндеттемелерді орындау кезінде және тәртіптің сақталуын және олардың шаруашылық шарттарға сәйкес болуын бақылайды;

      қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады, материалдық ресурстар мен дайын өнімнің тиісті сақталуына қажетті жағдайлар жасайды;

      көліктің барлық түрінің тиімді пайдаланылуын, тиеу-түсіру жұмыстарын жетілдіруді қамтамасыз етеді, бұл қызметтің қажетті тетіктермен және құрылғылармен барынша жабдықталуы бойынша шаралар қабылдайды;

      қайталама ресурстарды және жанама өнімдерді пайдалану және сату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      сметалық-қаржылық және өзге де құжаттардың, есептердің, дайын өнімді сату, қаржылық қызмет, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және көлік жұмысы бойынша белгіленген есептіліктің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      өзіне бағынышты қызметтер мен бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

      160. Білуге тиіс:

      экономикалық қызметтің тиісті саласының және ұйымның қаржы-экономикалық қызметінің даму бағыттарын белгілейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;

      ұйым құрылымының саласы, мамандануы, ерекшеліктері, ұйымның техникалық және қаржылық-экономикалық жағдайының перспективасы, ұйымның өндірістік қуаттылығы;

      ұйымның өнімді өндіру технологиясының негізі;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын даярлау және бекіту тәртібі;

      ұйымның шаруашылық және қаржылық менеджментінің нарықтық әдістері;

      ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін жүргізу және есептілігін дайындау тәртібі;

      ұйымның қаржылық жұмысын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, көліктік қызмет көрсетуді және өнімді өткізуді ұйымдастыру, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      айналым қаражаттарының нормативтерін әзірлеу тәртібі, тауарлық-материалдық құндылықтардың шығыс және қор нормалары;

      шаруашылық және қаржылық шарттардың жасалу және орындалу тәртібі, маркетинг және маркетингтік зерттеулерді жүргізу практикасы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      161. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшы лауазымында кемінде 5 жыл экономикалық жұмыс өтілі.

52-параграф. Күрделі құрылыс бойынша директордың (директор, вице-президент) орынбасары

      162. Лауазымдық міндеттері:

      тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіру бойынша, құрылыс саясатының қалыптасуы мен реттеуіне басшылықты жүзеге асырады, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте орындайды;

      ұйымдағы күрделі құрылыс бойынша жұмыстардың орындалуын, ұйымның техникалық қайта жасақталуы мен реконструкцияға қаражатты бағыттай отырып, инвестициялық ресурстардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуын, олардың іске қосу объектілерінде шоғырлануын, аяқталмаған құрылыс көлемінің қысқартылуын қамтамасыз етеді;

      жобалық-зерттеу жұмыстарының жақсаруы және арзандауы бойынша, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мен құрылыстың прогрессивті әдістерін енгізу, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру мен сапасын арттыруға шығындарды қысқарту, сонымен қатар оларды жүргізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмысты басқарады;

      күрделі құрылыстың перспективалы және ағымдағы жоспарын әзірлеуді, ұйымды реконструкциялау мен кеңейтуді, сонымен қатар негізгі өндіріс құралдарын, алаңдар мен қуатты, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді пайдалануға енгізу жоспарын, жаңадан қосылатын объектілер үшін құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімді, құрылысқа титулдық тізімдерді құрастыруды басқарады;

      титулды тізімдерде қарастырылған жұмыстарды орындауды, капитал салымдары орнының жабылу мерзімінің қысқаруын қамтамасыз етеді;

      өндірістің тиімділігін арттыру және техникалық қайта жасақталуы бөлігінде бизнес-жоспарларын құрастыруға, қажетті қаржылық құралдарды, соның ішінде құрылыс, жобалау және жабдықты сатып алу үшін инвесторлар қаражатын, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері жағдайларында күрделі құрылыс бойынша жұмыстарды орындау үшін мердігер ұйымның капитал салымдарын қаржыландыру көздерін анықтауға қатысады;

      мердігер ұйымдармен жобалық-зерттеу жұмыстарына және құрылыс-монтаж жұмыстарына, өзге де ұйымдармен материалдар мен жабдықты сатып алуға шаруашылық және қаржылық шарттарды уақтылы жасауға шараларды қабылдайды;

      жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерін орындауын қадағалайды, қажет болған жағдайларда шартта көзделген санкцияларды ұсынады, құрылыстың қымбаттауына әкеп соқтыратын және стандарттар мен техникалық жағдайларға жауап бермейтін құрылыс материалдарын, бөлшектер мен бұйымдарды қолдануға жол бермейді;

      құрылыс пен реконструкция объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті барлық материалдардың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

      жобалауға ғимаратты келіседі және оларды жоғары тұрған ұйымдардың бекітуі үшін дайындайды;

      тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдармен жасалған шарттар бойынша банктік операциялардың ресімделуін ұйымдастырады, мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен орындалып жатқан құрылыс объектілері бойынша қажетті құжаттаманың белгіленген мерзімде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      құрылыс жұмыстарын дайындау үшін жобалық-сметалық және өзге де техникалық құжаттаманың уақтылы берілуі үшін инвестициялық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, құрылыс ұзақтығының белгіленген нормалары мен өндірістік қуатты және негізгі қорларды іске қосу мерзімдерінің сақталуын, күрделі құрылыс бойынша тапсырмаларды уақтылы орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заң талаптарының сақталуын бақылауды, сонымен қатар барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасына және өзге де құрылыс жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен тәртібіна, стандарттары мен техникалық шарттарына, техника қауіпсіздігі нормаларына, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі, еңбекті ұйымдастыру талаптарына сәйкестігі үшін бақылауды және техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді;

      құрылыс алаңдарында жабдықты орнату, сынақтан өткізу және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі;

      жабдықты сатып алуға бөлінген қаражатты титулды тізімге сәйкес жұмсауды, орнатылмаған жабдықтың сақталуы мен сақтап қою сапасы тәртібін сақтауды бақылайды;

      аяқталған құрылыс объектілерін тапсыру, қабылдау мен пайдалануға беру бойынша жұмысты мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жүргізеді;

      құрылыстың құнын арзандататын және мерзімін қысқартатын, капиталды салым орнының жабылуы мерзімдерін (конструкцияның беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) қысқартатын рационализаторлық ұсыныстар мен жетілдірулерді енгізуге ықпал етеді;

      еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуді, оған бағынысты бөлімшелерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің кәсіби біліктілік әлеуетін орынды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      күрделі құрылыс бойынша есеп жүргізу мен есептілік жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      күрделі құрылыс бөлімшелерінің (басқарманың) жұмысын басқарады және оған бағынысты өзге бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.

      163. Білуге тиіс:

      экономиканың тиісті түрінің даму бағытын айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      күрделі құрылыс, сонымен қатар ұйым қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері;

      ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымдық ерекшеліктері, ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективасы, ұйымның өндірістік қуаты;

      технология негіздері, ұйым өнімін өндіру негіздері, ұйым бизнес-жоспарының бөлімі ретінде күрделі құрылыс жоспарын әзірлеу мен бекіту тәртібі;

      өндіріс технологиясы мен құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілдері, құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбек ұйымының талаптары;

      капитал салымдарын қаржыландыру мен инвесторларды тарту тәртібі, құрылыс нормалары;

      жобалау-сметалық және өзге де техникалық құжаттаманы әзірлеу мен рәсімдеу, күрделі құрылыс аясындағы ұйымның қызметінің есебін жүргізу және ол туралы есептер құрастыру тәртібі;

      шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу мен орындау тәртібі, экономикалық қызметтің тиісті түрінде ғылыми-техникалық жетістіктерді және күрделі құрылыс аясындағы ұйымдардың алдыңғы қатарлы тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      164. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және күрделі құрылыс саласындағы басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

53-параграф. Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы

      165. Лауазымдық міндеттері:

      күрделі құрылыс және өндірістік объектілерді реконструкциялау бойынша жұмыстарды тікелей орындауға басшылық жасауды жүзеге асырады;

      күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларының жобаларын әзірлеуді, барлық күрделі құрылыс объектілеріне титулдық тізімдер, құрылыс материалдарына және жабдығына өтінімдер жасауды ұйымдастырады;

      қаражатты ұйымды техникалық қайта жарақтандыруға және реконструкциялауға бірінші кезекте бағыттауды, оларды іске қосылатын объектілерде шоғырландыруды, аяқталмаған құрылыстың көлемін қысқартуды жүзеге асыра отырып, күрделі салымдарды жүзеге асыруға және олардың тиімділігін арттыруға арналған қаржы қаражатын мақсатты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасауға қатысады;

      жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерін орындауын қадағалайды, қажетті жағдайларда шартта көзделген санкцияларды қолданады;

      мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттар бойынша банк операцияларын ресімдеуді, мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен орындалатын құрылыс объектілері бойынша құжаттаманы белгіленген мерзімдерде банктерге ұсынуды қамтамасыз етеді;

      күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманы уақтылы беруді ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдерін және сапасын, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария нормаларына, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келуін техникалық қадағалауды жүзеге асырады;

      объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;

      жабдықты құрылыс алаңдарында орнатуға, сынақтан өткізуге және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органмен келіседі;

      титулдық тізімге сәйкес жабдық сатып алу үшін босатылған қаражаттың жұмсалуын, орнатылмаған жабдықты сақтау тәртібінің және консервациялау сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      құрылыстағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс жұмыстарының шығынын азайту және сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және арзандату бойынша жұмысқа жетекшілік жасайды;

      құрылыстың құнын арзандатын және мерзімдерін қысқартатын, күрделі салымдардың өтелуін жеделдететін (конструкциялардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) рационализаторлық ұсыныстарды ендіруге жәрдемдеседі;

      күрделі құрылыс жөніндегі есеп жүргізу және есептілік бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      бөлімнің жұмыскерлеріне жетекшілік жасайды.

      166. Білуге тиіс:

      күрделі құрылыс мәселелері жөніндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары, күрделі құрылыс жоспарларын әзірлеу тәртібі;

      мердігерлік ұйымдармен шарттар жасау тәртібі;

      құрылыс жұмыстарының технологиясы, күрделі құрылысты жүргізу тәсілдері;

      құрылысты қаржыландыру және жобалау-сметалық құжаттарды жасау тәртібі, құрылыс нормалары;

      құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары;

      жобалау құжаттамасын ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық талаптар және басшылыққа алынатын өзге де материалдар;

      құрылыс жұмыстарын орындау туралы есеп жүргізу және есеп беру құжаттамасын жүргізу тәртібі;

      экономикалық қызметтің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен күрделі құрылыс саласындағы алдыңғы қатарлы ұйымдардың тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      167. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыстағы мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

54-параграф. Қаржы бөлімінің бастығы (Қаржы директор)

      168. Лауазымдық міндеттері:

      өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру және сату барысында ресурстардың барлық түрін барынша тиімді пайдалану және барынша пайда алу мақсатында ұйымның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізетін субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастырады;

      ұйымның қаржы стратегиясын әзірлеуді және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

      перспективалық және ағымдағы қаржы жоспарларын, ақша қаражатының болжамдық баланстары мен бюджеттерін әзірлеуге басшылық жасайды;

      бекітілген қаржылық көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жіберуді қамтамасыз етеді;

      өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сату, күрделі салым жоспарларының жобаларын, ғылыми зерттеу және әзірлемелер дайындауға, өнімнің өзіндік құнын және өндірістің рентабелділігін жоспарлауға қатысады, пайданы және пайдаға салынатын салықты есептеу жөніндегі жұмысты басқарады;

      қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу, бағалы қағаздар шығару және сату, заемдық қаражат тарту және меншікті қаражатты пайдалану кіретін ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыру көздерін айқындайды, қаржы нарықтарын зерттеуді және талдауды жүргізеді, әрбір қаражат көзіне қатысты ықтимал қаржы тәуекелін бағалауды және оны азайту жөнінде ұсыныс әзірлейді;

      инвестициялық саясатты және ұйымның активтерін басқаруды жүзеге асырады, олардың оңтайлы құрылымын айқындайды, активтерді ауыстыру, жою жөнінде ұсыныстар дайындайды, бағалы қағаздар портфелін қадағалайды, қаржы салымдарын талдайды және олардың тиімділігін бағалайды;

      айналым қаражатының нормативтерін әзірлеуді және олардың айналымын жеделдету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      кірістердің уақтылы түсуін, қаржылық есеп айырысу және банктік операцияларды белгіленген мерзімде ресімдеуді, өнім берушілер мен мердігерлердің шоттарын төлеуді, қарызды өтеуді, жұмысшылар мен қызметшілерге пайыздар, жалақы төлеуді, салық пен алымды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы аударымдарын, банктерге төлемдерді аударуды қамтамасыз етеді;

      ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдайды, төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықтардың пайда болуының алдын алуға және жоюға, өндірістің рентабелділігін арттыруға, пайданы ұлғайтуға, өнім өндіру және сату шығындарын төмендетуге, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      қаржы жоспарының, өнімді сату жоспарының, пайда және өзге қаржылық көрсеткіштер жөніндегі жоспардың орындалуын, өткізілмейтін өнім өндірісін тоқтату, ақша қаражатының дұрыс жұмсалуы мен меншікті және заемдық айналым қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      қаржы қаражаты қозғалысының және қаржылық есеп және есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептілік жасаудың есебін жүргізуді, қаржылық ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етеді, есептік құжаттаманың дұрыс жасалуын және ресімделуін, оны сыртқы және ішкі пайдаланушыларға уақтылы ұсынуды бақылайды;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      169. Білуге тиіс:

      өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымның қаржылық қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;

      ұйымның даму перспективалары, қаржы нарықтарының және өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу нарықтарының жай-күйі және даму перспективалары;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      қаржылық жұмысты ұйымдастыру, қаржы жоспарларын, ақша қаражатының болжамды баланстары және бюджеттерін, өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жоспарларын, пайда жөніндегі жоспарларды жасау тәртібі;

      қаржы ағындарын басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық әдістер мен тетіктер жүйесі;

      кәсіпорынды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу, инвестициялар мен заемдық қаражатты тарту, меншікті қаражатын пайдалану, бағалы қағаздар шығару және сатып алу, салықтық және өзге де міндетті төлемдерді, жарналарды есептеу тәртібі;

      қаржы ресурстарын бөлу, қаржы салымдарының тиімділігін айқындау тәртібі, айналым қаражатын нормалау, қаржылық есептесу тәртібі мен нысандары, салық заңнамасы;

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері;

      қаржылық есепке алу және есептілік стандарттары;

      бухгалтерлік есеп, есептеу техникасы, телекоммуникациялар және байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      170. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша қаржылық қызметті ұйымдастыру саласында кемінде 5 жұмыс өтілі.

55-параграф. Қауіпсіздік қызметінің бастығы

      171. Лауазымдық міндеттері:

      заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, құндылықтарын және қауіпсіздігін қорғайтын, сондай-ақ клиенттерге қосымша күзету қызметтерін көрсететін қызметке басшылық жасауды жүзеге асырады;

      меншік иесінің объектілерін және мүлкін кешенді күзетуді, жүктер мен адамдарды күзетуді және маршруттарды, оның ішінде алыс және шығыс шетелдерден маршруттарды кезең-кезеңімен күзетуді, объектілерді жедел бақылауды, шұғыл ден қоятын мобильді топтардың инспекциялық бақылауын, көпшілік іс-шараларды өткізу орындарында тәртібі пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      мобильді топтардың шұғыл ден қоюын қоса алғанда, қазіргі заманғы күзету жабдығы мен жүйелерін (дабыл кнопкасын) орнатуды және оған кешенді қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      күзет-өрт сигнализациясының құралдарын, бейнебақылау, периметрді күзету, аудиобейнедомофон жүйелерін жобалау, монтаждау және оларға пайдалану қызметін көрсетуді жүзеге асырады;

      орын-жайларды жасырын бейнебақылаудан, аудиотыңдаудан сақтау, байланыстың барлық түрлерін қорғау жөніндегі арнайы іс-шараларды жүргізеді;

      жеке тұлғалардың қауіпсіздігін жеке күзету және құпия тапсырмаларды орындау қызметтерін көрсетеді;

      қиын жағдайларда өзін-өзі ұстау мәселелері бойынша консультациялар, иттерді ұстау және қызметтік иттерді үйрету бойынша консультациялар жүргізеді, ақпарат және жаңа технологиялар бөлімінің қызметтерін ұсынады;

      қызметтерді тиімді заманауи байланыс, белсенді және белсенді емес қорғаныс құралдарымен (оның ішінде заңнамаға сәйкес атыс құралдарымен), арнайы көлікпен жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

      тиісті мемлекеттік органдарда талап етілетін лицензияларды, рұқсаттарды және есепке алу құжаттарын алуды ресімдейді;

      күзету қызметтеріне тапсырыс берушілермен шарттар жасасады және шарттардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

      заңнамасына және халықаралық заңнамаға сәйкес қызмет жұмысын ұйымдастырады.

      172. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері;

      құқықтық қызмет бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік, қылмыстық құқық, салық заңнамасы;

      ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібі;

      шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды жасау және ресімдеу тәртібі;

      заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;

      ұйымның және экономикалық қызмет түрінің қызмет саласы, қолданылатын техника мен технология, өндірісті (қызмет көрсетуді) және жабдықтауды ұйымдастыру, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      173. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құқық қорғау органдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі.

56-параграф. Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы

      174. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастырады;

      ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын іске асыруға бағытталған перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды құру және іске асыру жөніндегі жұмысты басқарады;

      ұйым қызметіне қатысты экономикалық, қоғамдық-саяси және социологиялық ақпаратты жинау және талдау жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің ағымдағы жоспарын түзету үшін талдамалық материалдарды үнемі дайындауды ұйымдастырады;

      ұйым басшылығының ұйымдармен, қоғамның әртүрлі топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді және тұрақты екіжақты байланысын қамтамасыз етеді;

      ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды дайындауды және өткізуді басқарады;

      ұйым қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның ағымдағы бағдарламалары мен тұжырымдамасын түзету мақсатында ұйымның беделіне әсер ететін негізгі факторлар бойынша қоғамдық пікірге зерттеу жүргізуді басқарады;

      корпоративтік басылымның тұжырымдамасын, ұйымның ресми веб-ресурсын және ұйым шығаратын өзге де ақпараттық материалдарды бекітеді;

      ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы саясатын жүзеге асыруға шығыстар сметасын әзірлейді және қажетті қаржы есебін жүргізуді ұйымдастырады;

      қоғаммен байланыс бөлімдерінің қызметкерлері мен менеждерлердің жұмысына басшылық жасайды;

      штаттық социологтардың жұмысын басқарады және тиісті қызметтерді ұсынатын тәуелсіз сыртқы мамандандырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      ұйымның өзге де құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, ұйымның жарнамалық саясаты стратегиясын әзірлеуге және жоспарлауға және оларды іске асыруға бағытталған жекелеген іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, маркетинг міндеттерін шешуге және нарыққа тауарлар мен қызметтерді ілгерілету тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпараттық-жарнамалық қолдауды қамтамасыз етуге, ақпаратты қорғау және ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында тиімді ақпараттық байланысты құруға қатысады;

      ұйым ішінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайды қамтамасыз етеді;

      уақтылы есептілікті, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі тәртібі мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      175. Білуге тиіс:

      қоғаммен байланыс саласының, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілері;

      қоғаммен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принциптің қазақстандық және халықаралық кодекстері;

      қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық сапа стандарттары, ұйымның даму стратегиясы және бизнес-жоспары, қоғаммен байланыс жөніндегі ғылыми-әдістемелік құжаттар;

      қоғаммен байланыс саласындағы технологияның даму перспективалары және бағыттары;

      ақпараттық процестер мен жаппай коммуникация саласын дамытуды талдау, жоспарлау және болжау әдістері;

      саясаттану, социология, психология, маркетинг және менеджмент негіздері;

      сапалық және сандық социологиялфқ зерттеулерді бағалау әдістері мен жүргізу технологиясы;

      ұйымның ақпараттық-жарнамалық қызметінің қаржылық-экономикалық параметрлерін есептеу әдістері;

      ақпараттық нарық конъюктурасы;

      полиграфиялық өнімдерді өндіру технологиясының негіздері;

      ісқағаздар жүргізу негіздері, ұйымның жеке деректер базасын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      176. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі және (немесе) қоғаммен байланыс саласындағы қосымша даярлық.

57-параграф. Қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары

      177. Лауазымдық міндеттері:

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның саясатын қалыптастыру, іске асыру және дамытуға басшылықты жүзеге асырады;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның ішкі және сыртқы саясатының тұжырымдамасын бекітеді;

      ұйым қызметінің перспективалы және ағымдағы жоспарларын құруға, кешендік бағдарламаларын дайындауға қатысады;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және коммерциялық ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде өкілдік функцияларды орындайды, ұйым қызметінің іс-әрекеті мен аспектілерін түсіндіреді;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның ішкі және сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен бағдарламасын, қолданыстағы жоспарларын түзету мақсатымен қоғамдық пікірге кешендік зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің негізінде ұйым қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныс енгізеді;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйым қызметінің тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;

      ұйымның беделіне теріс әсер ететін ұйым қызметіндегі кемшіліктерді уақытында жоюды қамтамасыз етеді;

      жоғары тұрған басшыларды, сондай-ақ қоғаммен байланыс, ақпараттық-жарнама, ұйымның жаңа өнім түрлерін ілгерілету, қызметтің жаңа бағыттарын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама саласындағы ұйым қызметтерімен байланысты барлық мәселелері бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелері басшыларына жедел хабарлауды қамтамасыз етеді;

      қазақстанның заңнамалық нормаларын және ұйым қызметіндегі қоғаммен байланыс саласында кәсіби мінез-құлықтың халықаралық тәртібін бақылауды жүзеге асырады;

      қоғаммен байланыс саласында үздік технологияларды енгізу негізінде ұйым қызметін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      қоғаммен байланыс және жарнама саласындағы ұйымның саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және басқарады.

      178. Білуге тиіс:

      қоғаммен байланыс саласын реттейтін мәселелерге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама;

      қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптердің халықаралық және қазақстандық кодекстері;

      қоғаммен байланыс саласындағы сапаның халықаралық стандарттары;

      ұйымның мақсаттары, даму стратегиясы және бизнес-жоспары;

      ұйымның құрылымдық ерекшеліктері және өндіріс технологиясы, бейіні, мамандануы;

      ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялық құралдарды дамыту бағыты және перспективалар;

      ақпараттық процестерді және бұқаралық коммуникация салаларын болжау және жоспарлау, талдау әдістері;

      қоғаммен байланыс саласындағы қызметтерді бағалау және ынталандыру тиімділігінің әдістері;

      озат технологиялар, қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе;

      жұрт алдында сөйлеу және риторика негіздері;

      іскерлік қатынас этикасы;

      саясаттану, социология, психология, маркетинг және менеджмент негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      179. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе қоғаммен байланыс саласындағы қосымша дайындық және басшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

58-параграф. Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер (Пиар - менеджер)

      180. Лауазымдық міндеттері:

      қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      перспективалық және ағымдағы бағдарламалар мен жоспарларды, жекелеген іс-шараларды немесе аталған бағыт шеңберінде олардың кешенін, оларды ақпараттық сүйемелдеуді, қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету схемаларын әзірлейді;

      ұйым саясатының жалпы басымдықтарына және оның даму стратегияларына сәйкес ұйымның қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің жеке бағытының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады;

      қоғаммен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады;

      ұйымнан шығатын ақпараттық хабарламалардың сипатын, мазмұнын және олардың тасымалдағыштарын айқындайды;

      тұтынушылармен, әріптестермен және қоғамның өзге де топтарымен екіжақты байланысты қамтамасыз етеді;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, ақпараттық, жарнама, консалтингтік агенттіктермен, қоғаммен байланыс жөніндегі агенттіктермен, басылымдармен, өзге кәсіпорындармен және ұйымдармен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен үнемі байланысты ұйымдастырады және қолдайды;

      ақпаратты жинауды, оның ішінде социологиялық зерттеулерді қолдана отырып, ақпарат көздерін үнемі мониторингілеуді ұйымдастырады;

      ақпарат нарығы мен қоғамдық коммуникациялар саласының жағдайын талдайды және олардың өзгерістерін болжайды;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның саясатын тұзету жөніндегі шараларды қабылдайды;

      қоғаммен байланыс саласындағы ұйым қызметінің жекелеген бағыты шеңберінде ақпараттық, жарнамалық, ұйымдасытрушылық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша шарттар мен келісімшарттарды дайындауға және орындауға бақылауды жүзеге асырады;

      бірлескен қызмет кезінде ұйымның ішкі құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      қойылған міндеттерді шешуге қоғаммен байланыс саласындағы тәуелсіз сыртқы консультанттарды және сарапшыларды тартады;

      баспасөз конференциялары, брифигтер, медиа-киттер, бэкграундтар, ұйым басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беруін ұйымдастырады;

      бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымның қызметі туралы баспасөз релиздерін, корпоративтік бюллетеньдерді, оның қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

      ұйымның ашық есептілік құжаттамасын әзiрлейдi;

      қоғамдық пікірді зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды және ұйымның қызметi туралы қоғамның пiкiрiн зерттеу және айқындау бойынша өз бағдарламаларын құрастырады;

      қоғамдық пiкiрдi (тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, билік құрылымдары өкілдерінің, ұйым клиенттері мен әріптестерінің) сұрау нәтижесi туралы басшылықты хабардар етеді;

      кәсiпорынның қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өзге өкiлдерiнiң сұрауларын талдайды;

      түрлi акцияларға (көрме, баспасөз конференциялары, презентациялар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, қайырымдылық акциялары және тағы сол сияқты)ұйымның қатысуы жөнінде ұсыныстарды талдауға қатысады, бөгде ұйымдар ұйымдастыратын "PR"-акцияларға бiрге қатысу мүмкiндiгі туралы қорытынды бередi;

      жұмысында ұйымның барлық сәтті науқандары туралы әлеуетті аудиторияға (тұтынушылар, акционерлер, инвесторлар) жеткізуге қажетті пиар-құралдарды қолданады;

      өткiзiлген шаралардың тиiмдiлiгiн талдайды;

      бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымның және ұйымның пиар-персоналының бастамасымен жасалмаған материалдарын жалпылайды, талдайды және басшылыққа мәлімет үшін жеткізеді;

      ұйым басшылығына бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл бойынша тренингтер ұйымдастырады;

      бәсекелестерінің стратегиясын талдайды, олардың күштi және әлсiз тұстарын анықтайды;

      пиар-персоналдың ұйымның өзге құрылымдық бөлiмшелерiмен өзара қарым-қатынасының құрылымын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      ұйымның "PR"-архив жұмысын ұйымдастырады (қоғамның сұраулары, жауаптар, жүзеге асырылған акциялардың материалдары және тағы сол сияқты);

      ұйым басшылығына орындалған жұмыс туралы есепті ұсынады;

      еңбек қауіпсіздік пен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздік туралы нормалары мен тәртібін сақтайды.

      181. Білуге тиіс:

      қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      нарықтық экономика, кәсiпкерлiк және менеджмент негiздерi, ұйымның даму стратегиясы, ақпараттық нарықтың коньюктурасы, социологиялық зерттеулерді жүргізу технологиясы;

      дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері;

      жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері;

      бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасау тәртібі;

      социология, психология, филология және маркетинг негiздерi;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      заманауи техникалық байланыс құралдарын және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістері;

      мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі;

      клиенттік пиардың, корпоративішілік пиардың, дағдарыс пиарының, пиардың өзге де түрлерінің негізгі принциптері;

      бәсекелестік ортамен жұмыс жүргізудің негізгі принциптері;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу әдістері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      182. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қосымша даярлық және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

59-параграф. Қойма меңгерушісі

      183. Лауазымдық міндеттері:

      тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, инвентарьды жылдам әрі жеңіл тауып алу қажеттілігін ескере отырып, оларды орналастыру бойынша жұмысқа басшылық жасайды;

      қоймаға жиналатын тауарлық-материалдық құндылықтардың, сақтау режимдерінің, кіріс-шығыс құжаттарының ресімделу және тапсырылу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      өртке қарсы құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын, орын-жайдың, қоймадағы жабдықтар мен инвентарьдың жай-күйін бақылайды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, тәртібі мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада түсіру-тиеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      тиеу деректемелерін жинау, сақтау және өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады;

      қойма операцияларының, белгіленген есептіліктің есебін жүргізуді бақылайды;

      жұмысында салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің бағдарламалық қамтамасыз етілуін пайдаланады;

      қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығыстарын қысқарту, қойма шаруашылығы ұйымына есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      184. Білуге тиіс:

      қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау стандарттары мен техникалық шарттары;

      тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сорттары және өзге де сапалық ерекшеліктері және оларды жұмсау нормалары;

      тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға жинау тәртібі мен тәртібі, оларды есепке алу ережелері мен нұсқаулықтары;

      жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма орын-жайларын және жабдықтарды жалдау шарттарының талаптары;

      көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарды есептеу тәртібі;

      есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі;

      отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      185. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және есеп алу мен бақылау бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және есеп алу мен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

60-параграф. Қонақ үйдің директоры

      186. Лауазымдық міндеттері:

      қонақ үй жұмысын ұйымдастырады және қызметінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді;

      қонақ үйдің дәрежесіне, тұрғын бөлмелер және бос орындардың есебі, оларды бөлу және дұрыс пайдалануға, сонымен қатар паспорттық және визалық режимді сақтауға сәйкес клиенттерге қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;

      қонақ үйдің персоналы мен қызметтерінің жұмысын пайдалану тәртібі мен нормаларына сәйкес үй-жайлар мен мүлікті сақтау мен жарамды күйде ұстауды, жабдықтың үздіксіз жұмысын, абаттандыру мен жайлылықты, санитариялық-техникалық және өртке қарсы талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге бағыттайды;

      қонақ үй шаруашылығының рентабельділігін, тұрып жатқандарға қызметтер кешенін уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      тұрғын бөлмелерді, қойма және қонақ үйдің өзге де бөлмелерін профилактикалық тексеру, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу, оның материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамыту, жайлылықтың деңгейін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      қонақ үйдің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері, салықтар мен алымдарды төлеу туралы белгіленген есепті жүргізу және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      қонақ үйді білікті персоналмен қамтамасыз ету, басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін үйлестіру бойынша шараларды қабылдайды;

      клиенттерге қызмет көрсету мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      коммерциялық қызметтің кеңеюіне ықпал етеді.

      187. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету саласына қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      қонақ үйдің тұрғын және өзге де бөлмелерін күтіп ұстау тәртібі;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы;

      қонақ үй қызметін көрсету саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      қонақ үйдің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есептілік жасау тәртібі;

      еңбекақы төлеу нысандары мен жүйесі, қызметтік қарым-қатынас этикасы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      188. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта (немесе қонақ үй шаруашылығында) мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

61-параграф. Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

      189. Лауазымдық міндеттері:

      қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ұйымның жаңа объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде тұйықталған цикл экономикасын құру, сонымен қатар, әрекеттегі өндірістерді кеңейту және реконструкциялау саласындағы стандарттар мен нормативтерді сақтау бойынша заңнама талаптарын орындауға бағытталған шаралардың әзірленуі мен енгізілуін басқарады;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша перспективалық пен ағымдағы жоспарлардың жасалуын ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды;

      шығарылатын өнімнің экологиялық тазалығын, оның тұтынушылар үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, экологиялық сипаттары жақсартылған жаңа тауарларды және технологиялық процестерді құру бойынша шараларды әзірлеуге қатысады;

      техникалық-экономикалық негіздеудің, жобалардың, сонымен қатар, құрылатын жаңа технологиялар мен жабдықтаудың экологиялық сараптамасын жүргізуді, ұйым өнімінің экологиялық маркалау жүйелерін енгізуді қамтамасыз етеді;

      экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік, халықаралық (өңірлік) стандарттарына сәйкес ұйымның экологиялық стандарттары мен нормативтерін әзірлеуді басқарады, олардың орындалуын және уақытында қайта қаралуын бақылайды;

      тазарту мен қорғаныс құрылыстарының дұрыс пайдалануын бақылайды;

      қоршаған ортаның ластануын алдын алу, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін экологиялық нормаларды сақтау бойынша, сонымен қатар авариялар мен катастрофалардың алдын алу бойынша шараларды әзірлейді;

      жаңа технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеуге, ұйымда материалдың экологиялық ұтымды айналуына негізделген тұйықталған циклдің экономикасын құру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге, қалпына келтірілмейтін ресурстарды үнемдеуге және алмастыруға, қалдықтарды минимизациялауға, қайта қолдануға, қайта өндеу мен кәдеге жаратуға, өндірістің аз қалдықты, қалдықсыз және экологиялық таза технологияларын енгізуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, сонымен қатар табиғатты қорғау объектілері бойынша күрделі құрылыс жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      ұйым тазарту және өзге де табиғатты қорғау шаралары бойынша бағдарламаларды іске асырған кезде қоршаған ортаның жағдайы үшін қатерлердің негізделген есептерін жүргізеді;

      қоршаған ортаға зиянда заттарды тастау себептерін және салдарын тергеп-тексеруді ұйымдастырады, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар дайындайды;

      отандық және шетелдік ұйымдардың озық тәжірибесін зерттеу және талдап қорыту негізінде қоршаған ортаның қорғалуын жақсарту бойынша шаралардың әзірлеуін басқарады;

      қоршаған ортаның жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің есебін жүргізуді, жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді, экологиялық мониторинг деректерін, қалдықтарды жою бойынша құжаттаманы және табиғатты қорғау қызметін реттеушінің қарауына берілетін өзге де экологиялық сипаттағы ақпаратты сақтау жүйесінің құрылуын ұйымдастырады;

      ұйымда басқарудың барлық деңгейлерінде таратылатын экологиялық ақпараттың тиімді жүйесін құру, ұйым жұмыскерлерін қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелер бойынша заңнама талаптарымен таныстыру жұмысын жүргізеді;

      экологиялық оқыту бағдарламасының әзірлеуіне қатысады;

      белгіленеген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      190. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      экологиялық стандарттар мен нормативтер жүйесі;

      экономикалық қызмет түрінің және ұйымның даму перспективалары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясы, ұйымның жабдығы және оның жұмыс принциптері;

      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы;

      жоспарлық, жобалық және өзге де материалдардың экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі;

      экологиялық сертификаттау жүйесін, қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды метрологиялық қамтамасыз ету;

      экологиялық мониторинг жүргізу тәртібі;

      қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибесі;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      191. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

62-параграф. Құрал-сайман бөлімінің бастығы

      192. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік бөлімшелерін құрал-сайманмен және технологиялық жабдықпен, олардың даярлануына, пайдаланылуына, жөнделуі мен сақталуына аз шығын жұмсай отырып, үздіксіз және жиынтықты қамтамасыз етуді, құрал-сайман мен жабдықтың бәсекелестікке қабілеттігін жоғарылату бойынша шаралардың енгізілуін ұйымдастырады;

      ұйым бөлімшелерінің құрал-сайман мен жабдыққа қажеттілігін айқындау, өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз етудің перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлеу, құрал-сайман мен жабдықты сатып алуға, оларды жасау, жөндеу және қалпына келтіруге қажетті жабдық пен материалдарды алуға тапсырыстарды даярлау бойынша жұмысты басқарады;

      құрал-сайман мен жабдықты өзге ұйымдардың жасауына тапсырыстардың уақтылы орналастырылуын және өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз ету үшін қажетті металл мен өзге де материалдарға, сондай-ақ сатып алынатын құрал-сайман мен жабдыққа қажеттілікке сәйкес өнім берушілермен жасалатын шарттардың ресімделуін ұйымдастырады;

      өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындауын, қажет болғанда рекламациялар мен презентациялардың уақтылы дайындалуын бақылайды;

      арнайы құрал-сайман мен жабдықтың жобалануын, оларды стандарттау және бірегейлеуді, құрал-сайман мен жабдықтың жаңа түрлерін әзірлеу технологиясын жетілдіруді, жөндеуді және қалпына келтіруді, игеру мен ендіруді, сондай-ақ құрал-сайман мен жабдықтың үнемді шығындалуы, олардың өндірілетін өнім бірлігіне деген өзіндік құны және шығын нормаларының төмендеуі бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      құрал-сайман мен жабдықтың дұрыс пайдаланылуына техникалық бақылауды, олардың уақытынан бұрын тозуы мен бұзылуының себептерін есепке алуды және зерделеуді, құрал-сайман мен жабдықтың сапасын, тұрақтылығын және жөндеуге икемділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;

      құрал-сайман мен жабдықтың жұмыс орындарындағы, орталық аспаптық қойма мен құрал-сайманды беру қоймаларындағы шығыс және қорының нормаларын айқындау, олардың нормативтік деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты, сондай-ақ белгіленген лимиттерге сәйкес сақталуы, есепке алынуы және бөлінуін ұйымдастыруды басқарады;

      кесетін құрал-сайманның барлық түрінің орталықтандырылған қайралуын, пайдаланылған құрал-сайманның жөнделуі мен қалпына келтірілуін, жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөнделуін қамтамасыз етеді;

      ұйымда даярланатын құрал-сайман мен жабдықтың сапасына, оларды консервациялау, буып-түю, тасымалдау және сақтау тәртібінің сақталуына мерзімдік тексерулерді, сондай-ақ жұмысшылар пайдаланудан кейін тапсыратын құрал-сайманды сұрыптауды ұйымдастырады;

      ұйым бөлімшелерінің құрал-сайман және жабдықтың шығын нормаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады және олардың артық шығындалуының себептерін анықтайды, номенклатурасын қысқарту мақсатында қалпына келтірілген құрал-сайманның қолданылуын бақылайды;

      құрал-сайманның және жабдықтың болуы, келіп түсуі және шығындалуының есебін, нормадан жоғары қорды айқындауды ұйымдастырады, тозған құрал-сайманды есептен шығару мен артық және пайдаланылмай жатқанын сату бойынша шараларды қабылдайды;

      құрал-сайман мен жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықтарды даярлауды, оларды кәсіпорын бөлімшелері бойынша ұтымды бөлу бойынша ұсыныстарды даярлау мен енгізуді басқарады;

      өнімді мемлекеттік сертификаттау жүйесіне сәйкес сертификаттауға дайындау бойынша жұмысқа қатысады;

      құрал-сайман шаруашылығы қызметінің жұмысын, өндірісті құрал-саймандық даярлау жоспарының орындалуы туралы есептілікті дайындауды ұйымдастырады;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      193. Білуге тиіс:

      өндірісті аспаптық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелеріне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның техникалық даму перспективалар;

      аспаптық өндірісті ұйымдастыру және технологиясы;

      құрал-саймандар мен технологиялық жабдықтарды пайдалану және сақтау тәртібі;

      құрал-сайман цехының технологиялық жабдығы және оның жұмыс істеу принциптері;

      ұйымда қолданылатын құрал-сайманның және технологиялық жабдықтың номенклатурасы;

      құрал-сайман мен технологиялық жабдыққа, оларды жасауда қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

      экономикалық қызмет түрі мен ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттар;

      өнімді және қызметтерді сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі;

      аспаптың және технологиялық жабдықтың шығыс және қорының нормалары;

      техникалық құжаттаманы даярлау және ресімдеу бойынша басшылық материалдар;

      ұйымның құрал-сайманға және технологиялық жабдыққа қажеттілігін анықтау, оларды жасауды жоспарлау және сатып алынатын құрал-сайманға өтінім жасау, өнім берушілермен шарт жасасу тәртібі;

      пайдаланылған құралды дайындау, жөндеу және қалпына келтіру технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі;

      өндірісті аспаптық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      құрал-сайман қоймасын (сақтау орнын) ұйымдастыру;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      194. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз ету бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

63-параграф. Құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі топтың жетекшісі

      195. Лауазымдық міндеттері:

      өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі топтың өндірістік қызметіне олардың құрамын және техникалық жай-күйін мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында басшылық жасауды жүзеге асырады;

      құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі жұмыстардың жоспарын әзірлейді, олардың орындалуын ұйымдастырады;

      топқа қатысушылардың арасындағы жұмысты бөледі, оларға өндірістік тапсырмалар береді;

      орындалған жұмыстардың көлемін, уақтылығын және сапасын бақылайды;

      мемлекеттік қадағалауға жататын құрылыстар мен ғимараттарды техникалық куәландыруға, есепке алу, салық салу, мемлекеттік алымдар алу мақсатында және өзге мемлекеттік мақсаттар үшін олардың құнын айқындауға, нақты құрылыстар мен ғимараттарды тексеру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістерін негіздеуге, жоспарлы суретке түсіруді жүзеге асыруға, графикалық материалдарды және түсіндірме құжаттарды дайындауға қатысады;

      құрылыстардың (үйлердің, орын-жайлардың) және ғимараттардың техникалық паспорттарын жасау, олардың түгендеу істерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      құрылыстар мен ғимараттардың статистикалық есебін, мемлекеттік қадағалауға жататын есепке алу объектілерінің тізілімдерін жүргізуді, архивте сақтауға арналған құжаттаманы дайындауды ұйымдастырады;

      құрылыстарға (үйлерге, орын-жайларға) және ғимараттарға кадастрлық нөмірлер береді;

      тізілімдердің, техникалық паспорттардың, есепке алу объектілерінің экспликацияларының үзінді көшірмелерінің дұрыс ресімделуін бақылайды;

      заңды және жеке тұлғаларға құрылыстар мен ғимараттарды техникалық түгендеу, мәмілелерді, құрылыстар мен ғимараттарды иеленушілердің құқықтары мен міндеттемелерін ресімдеу мәселелері бойынша консультация береді;

      топқа қатысушыларды геодезиялық және өлшеу құрылғыларымен, нормативтік және анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауды бақылайды;

      топқа қатысушылардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      196. Білуге тиіс:

      өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың құрамын және техникалық жай-күйін мемлекеттік қадағалау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жылжымайтын мүлікті және онымен жасалған мәмілелерді есепке алу, техникалық түгендеу және тіркеу жөніндегі әдістемелік және нұсқаулық материалдар;

      жылжымайтын мүлікке салық салу және сақтандыру тәртібі, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;

      өндірістік мақсаттағы және азаматтық құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану тәртібі;

      жер телімдерін, құрылыстар мен ғимараттарды инструменталдық суретке түсіру әдістері;

      құрылыс нормалары мен тәртібі, құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі белгіленген құжаттаманы әзірлеу, жүргізу және сақтау тәртібі;

      құрылыстар мен ғимараттардың құнын белгілеу әдістері;

      мәмілелерді және жылжымайтын мүлікке құқықты ресімдеу тәртібі;

      тұрғын үй және коммуналдық қызметтің қолданылып жүрген тарифтері;

      еңбекке ақы төлеу және ынталандыру принциптері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      197. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі инженер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және құрылыстар мен ғимараттарды түгендеу жөніндегі инженер лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

64-параграф. Маркетинг бөлімінің бастығы

      198. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымда бәсекелестердің өнімдері мен қызметтерін және тұтынушылық сұраныс және нарықтық конъюнктураны болжаумен салыстыра отырып, өндірілетін өнімнің (қызметтің) тұтынушылық қасиеттерін талдау негізінде маркетингтік саясатты әзірлеуді жүзеге асырады;

      ұйым өніміндегі тұтынушылық сұраныстың динамикасын құрайтын негізгі факторларға, өнімнің ұқсас түрлеріне сұраныс пен ұсыныстардың қатынасын, бәсекелесетін өнімнің техникалық және өзге де тұтынушылық сапасына зерттеу жүргізуді басқарады;

      өндірістің және өнімді сатудың, өткізудің жаңа нарықтары мен өнімнің жаңа тұтынушыларын айқындаудың перспектиквалық және ағымдағы жоспарларын құруға бөлімнің қатысуын қамтамасыз етеді;

      коммерциялық-экономикалық ақпаратты жинау және талдау, ұйым өнімі маркетингі жөніндегі деректер банкін құру (жеткізуге берілген өтінім, өндіріс шарттары, қордың болуы, бағалар және тарифтер туралы ақпарат, нарық сыйымдылығы және өзге де) жөніндегі барлық функционалдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      тұтынушылардың ұйым шығаратын өнім туралы пікірін зерттеуді, оның өнімді өткізуге әсерін және оның бәсекелестікке қабілеттілігі мен сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды ұйымдастырады;

      тұтынушылардан түсетін рекламациялар мен наразылықтарда, тұтынушылардың ұйым өніміне белгілі көзқарасы дәлелдемелерінде көрсетілген кемшіліктерді уақытында жоюды бақылауды жүзеге асырады;

      сыртқы, жарықтық, электрондық, пошталық жарнама, көліктегі жарнама көмегімен жарнамалық шараларды жүргізу стратегиясын әзірлеуді, әлеуетті көрсеткіштері мен өткізу нарығын кеңейтуді ақпараттандыру үшін көрмелерге, сату көрмелері қатысуды ұйымдастырады;

      ұйымның фирмалық стилі мен жарнамалық өнімнің фирмалық ресімделуін құрастыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      делдалдық қызметке және оны барлық қажетті техникалық және жарнамалық құжаттамамен қамтамасыз етуге әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      өзге бөлімдермен бірлесіп өнімнің техникалық, экономикалық және оның тұтынушылық сапасы мен өткізілуін ынталандыруды жақсарту мақсатында өзге де сипаттарын өзгерту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысады;

      ұйым өніміне кепілдендірілген қызмет көрсету мен оны жөндеу бойынша қызмет көрсету орталықтарының жұмысына басшылықты жүзеге асырады;

      жоспарлаудың техникалық негіздемесі мен қосалқы бөлшектерді (саны және номенклатура бойынша) өндіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      өнімнің сақталуы, тасымалдануы мен қолданылуының дұрыстығын қадағалауды жүзеге асырады;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      199. Білуге тиіс:

      әдістемелік маркетингті ұйымдастыру мен қаржылық-экономикалық жағдай мен нарық сыйымдылығын бағалау жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      шығарылатын өнімге сұраныстың төлемге қабілеттілігін айқындау әдістері және өнімді өндіру мен өткізудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу тәртібі;

      өндірілетін өнімнің негізгі технологиялық және конструктивтік ерекшеліктерді;

      сипаты мен тұтынушылық қасиеті, оның отандық және шетелдік аналогтардан айырмашылығы, артықшылықтары мен кемшіліктері;

      нарық конъюнктурасын зерттеу мен шығарылатын өнімге сұраныстың болжамын жасау тәсілдері;

      өндіріс экономикасы, жарнама ісін ұйымдастыру;

      тұтынушылардың шығарылатын өнімге қатынасын уәждеуді зерттеу тәсілдері;

      өнімді жеткізу, сақтау және тасымалдау шарттары;

      делдалдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау тәсілдері мен әдістері;

      жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыру;

      тұтынушылардың наразылықтары мен рекламацияларын қарастыру мен оларға жауап дайындаудың тәртібі;

      өткізушілік және жарнамалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

      ұйым өнімінің стандарттары мен техникалық шарттары;

      технологияның, өндірісті еңбекті ұйымдастырудың, басқарудың негіздері;

      өткізу жоспары мен өнімді сатудың орындалуы туралы есепке алуды ұйымдастыру мен есептілікті құру;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      200. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және маркетинг саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

65-параграф. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің (логистика бөлімінің) бастығы

      201. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның барлық өндірістік қызметінде талап етілетін сападағы материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді және өндірістің шығысын қысқарту және неғұрлым мол пайда табу мақсатында олардың ұтымды пайдаланылуын ұйымдастырады;

      өндірістік бағдарламаны, ұйымның және оның бөлімшелерінің жөндеу-пайдаланушылық қажеттіліктерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету балансының перспективалық және ағымдағы жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етуді, сонымен қатар шығынның прогрессивті нормаларын пайдалана отырып, материалдық ресурстарға (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар, отын, энергия және өзге де) деген қажеттілікті айқындау негізінде қажетті өндірістік қорларды құруды басқарады;

      ішкі ресурстар есебінен осы қажеттілікті жабудың көздерін іздейді;

      өнім берушілермен шарт жасасуға дайындықты, жеткізудің талаптары мен мерзімін келісуді қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық ресурстарды жеткізу жөніндегі тікелей ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстарды орнатудың мүмкіндігі мен мақсаттылығын зерттейді;

      шұғыл маркетингтік ақпаратты және көтерме сауда тәртібінде материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу мүмкіндігін анықтау мақсатында фирмалар мен компаниялардың, ұсақ көтерме сауда дүкендерінің және көтерме жәрмеңкелерінің ұсыныстары туралы жарнамалық материалдарды зерттеуді, сонымен қатар еркін сауда тәртібінде сатылатын материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуды ұйымдастырады;

      шартта көзделген мерзімге сәйкес материалдық ресурстарды жеткізуді, олардың санын, сапасын және жинақталуы мен ұйым қоймасында сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      өнім берушілерге, олар шарттық міндеттемелерін бұзған кезде наразылықтар дайындайды, осы наразылықтар бойынша есеп айырысуларды құруды бақылайды, өнім берушілермен жасалған шарттардың талаптарының өзгерісін келіседі;

      шығарылатын өнім сапасының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, материалдық ресурстардың өнеркәсіптік (қоймалық) қорларының экономикалық негізделген нормативтері бойынша ұйымның стандарттарын әзірлеуді басқарады;

      материалдар мен жинақтаушы бұйым қорларының жағдайын, ұйымда өндірістік қорларды шұғыл реттеуді, материалдық ресурстарды жіберу лимиттерін сақтау және тікелей мақсаты бойынша ұйым бөлімшелерінде олардың шығындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, оларды тасымалдау мен сақтауға байланысты шығындарды азайту, қайталама ресурстар мен өндіріс қалдықтарын пайдалану, оларды жұмсау үшін бақылау жүйесін жетілдіру, жергілікті ресурстарды қолдану, артық шикізатты, материалдарды, жабдықтар мен минералдық ресурстардың өзге түрлерін сату жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізуді басқарады;

      қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады, сақтаудың қажетті талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;

      тасымалдау-қойма операцияларын механикаландыру мен автоматтандырудың, компьютерлік жүйе мен еңбекті ұйымдастыру мен қорғаудың нормативтік талаптарының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді;

      ұйым қоймаларында материалдық ресурстардың қозғалысын есепке алуды ұйымдастырады, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

      ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жоспарын орындау туралы белгіленген есептілікті құруды қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      202. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, қолданыстағы халықаралық құжаттар және ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдар;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, ұйымның даму перспективалар;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау, шикізаттың, материалдар мен өзге де материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтерін әзірлеу тәсілдері мен тәртібі, ресурсты үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру;

      өнім берушілермен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау, ұйымның бөлімшелеріне материалдарды жіберуге арналған құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

      өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар және техникалық шарттар, оларды әзірлеу тәсілдері мен тәртібі;

      көтерме және бөлшек сауда бағалары, тұтынылатын материалдардың номенклатурасы;

      технологияның, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

      қамтамасыз ету және қоймадағы операцияларды есепке алуды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілік жасау тәртібі;

      есептеу техникасы, телекоммуникация және байланыс құралдары;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      203. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

66-параграф. Мемлекеттiк сатып алу жөніндегі менеджері

      204. Лауазымдық міндеттері: өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді;

      конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

      мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді;

      конкурстық комиссияға дайын құжаттарды ұсынады;

      компания қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, ұйымға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаларды, тендердің жеңімпазын таңдау туралы хаттамаларды алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға сұратулары туралы ақпарат алады;

      конкурстық құжаттарды дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінім беруге қатысады;

      мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      конкурстық құжаттаманы жүргізеді;

      тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді;

      бюджетті қалыптастыруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады;

      өтінімдерді мемлекеттік органдардың сайттарына орналастырады;

      конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіреді;

      уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздік жөніндегі тәртібі мен нормаларын сақтайды.

      205. Білуге тиіс:

      мемлекеттiк сатып алу мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      менеджмент, маркетинг және экономика негіздері;

      баға белгілеу әдістері, стратегиясы мен тактикасы;

      құжаттарды әзiрлеу бойынша компъютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету;

      өңірлік экономикалық саясат;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      206. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, тиісті мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.

67-параграф. Менеджер

      207. Лауазымдық міндеттері:

      тұрақты қызмет ету, іскерлік беделді қолдау есебінен және берілген уәкілеттіктер мен бөлінген ресурстарға сәйкес тұтынушылардың талабын қанағаттандыру мен табыс алуға бағытталған кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына байланысты кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін жоспарлайды;

      бизнес-жоспарлардың және жасалатын келісімдердің, шарттардың және келісімшарттардың коммерциялық шарттарының даярлануы мен орындалуына бақылау жүргізеді, мүмкін қатердің дәрежесін бағалайды;

      өндірісті ынталандыру және өнімді өткізу көлемін ұлғайту, тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, материалдық, қаржы және еңбек ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастыру-техникалық, экономикалық, кадрлық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді талдайды және шешеді;

      кадрларды іріктеуді және орналастыруды, олардың кәсіби өсуін ынталандыруды, еңбекті бағалау мен оның сапасын ынталандыруды жүзеге асырады;

      сыртқы байланыстарды кеңейту және тәжірибемен алмасу үшін іскерлік әріптестермен байланысты, қажетті ақпаратты жинау жүйесін ұйымдастырады;

      өндірілетін өнімге немесе қызметтерге деген сұранысты талдауды, сатып алушылардың сұранысын зерттеу және бағалау арқылы сату болжамы мен ынталандырылуын жүзеге асырады;

      инновациялық және инвестициялық қызметті, кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметтің одан әрі дамуына байланысты жарнама стратегиясын дайындауға қатысады;

      табыстылықтың, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі және сапасының өсуін, еңбек тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді;

      белгілі бір бағыт (учаске) шеңберінде қызметті үйлестіруді, оның тиімділігін талдауды жүзеге асырады;

      бөлінген ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану бойынша шешімдер қабылдайды;

      түрлі мәселелер (құқықтық, техникалық, қаржылық) бойынша міндеттерді шешу үшін кеңесшілер мен сарапшыларды қатыстырады.

      208. Білуге тиіс:

      нарық конъюнктурасы, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу, нарықтық экономика, кәсіпкерлік және коммерциялық қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;

      баға белгілеу, салық салу тәртібі;

      маркетинг негіздері, менеджмент, макро және микроэкономика, іскерлік әкімшілік ету, биржалық, сақтандыру, банкілік және қаржылық істің теориясы;

      персоналмен жұмыс істеу теориясы мен практикасы, жарнамалық науқандарды жүргізу нысандары мен әдістері;

      бизнес-жоспарларды және келісімдердің, шарттар мен келісімшарттардың коммерциялық талаптарын даярлау тәртібі;

      социология, психология және еңбекті уәждеу негіздері;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      өндіріс технологиясының негіздері, ұйымды басқару құрылымы;

      инновациялық және инвестициялық қызметтің перспективалары;

      жұмыскерлердің іскерлік қасиеттерін бағалау әдістері;

      іс жүргізу негіздері;

      қазіргі заманғы техникалық, коммуникациялар мен байланыс құралдарын, есептеу техникасын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері;

      менеджмент саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      209. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

68-параграф. Орталық зауыттық зертхананың бастығы

      210. Лауазымдық міндеттері:

      өндіріске прогрессивті технологияны, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялық жабдықты енгізу мақсатында ұйымның ғылыми-техникалық саясаты мен даму перспективаларына сәйкес ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      бұйымдардың жаңа түрлерін әзірлеу және меңгеру, жобаланатын өнім түрлерінде жаңа материалдарды қолдану, сапаны жақсарту және өнімнің шығарылымын ұлғайту, материалдық-шикізаттық ресурстарды үнемді жұмсау бойынша зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      ұйымдарға ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстардың нәтижелерін ендіруге ықпал етеді;

      жүргізілген зерттеулер негізінде технологиялық нұсқаулықтар, техникалық шарттар және стандарттарды өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      өнеркәсіптік санитария, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаудың жаңа әдістерін, материалдар мен шығарылатын өнімдердің сапасын бағалау мен өлшеудің жаңа әдістерін жетілдіру және енгізу бойынша жұмысты басқарады;

      цехтардағы технологиялық тәртіптің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      өндіріске келіп түсетін шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сондай-ақ дайын өнімнің олардың қолданыстағы өндірістік стандарттар мен техникалық шарттарға, экологиялық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында сапаларына зертханалық бақылауды жүргізуді ұйымдастырады;

      сынақтар нәтижелері бойынша құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етеді;

      ұйым өнімінің сертификаттауы мен мемлекеттік аттестациясына қатысады;

      өнімдегі пайда болған ақаудың себебін анықтау үшін зерттеу жүргізуді және олардың алдын алу және болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады;

      зертхана күшімен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын әзірлейді, сондай-ақ ұйымның өзге де құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе оларды белгіленген мерзімде орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      бірлескен жұмыстарды жүргізуге ғылыми-зерттеу ұйымдарымен шарт жасасады;

      ұйымның стратегиялық және бизнес-жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      цехтық зертханаларға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады, олардың жүргізетін зерттеулері мен сынақтарының қорытындыларын талдау және жалпылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстардың жүргізілуіне кететін еңбек шығынын қысқарту мақсатында олардың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды;

      жаңа технологияларды, өлшеу әдістері мен тәсілдерін жобалау, өндірілетін материал, шикізат және өнімнің сапасын зертханалық бақылау саласындағы озық отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеуді ұйымдастырады;

      орталық зауыттық зертхана жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      211. Білуге тиіс:

      ғылыми-техникалық қызметке қатысы бар заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      техникалық даму перспективалары;

      өнім өндіру технологиясы, зертхана жабдығы және оны пайдалану тәртібі;

      материалдар, шикізаттар мен өнімдердің сапасын бақылау әдістері, заманауи өлшеу әдістері мен тәсілдері;

      стандарттар, техникалық шарттар және техникалық құжаттаманы рәсімдеу және әзірлеу бойынша өзге де материалдар;

      шикізат, материал және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      экологиялық стандарттар мен нормативтер, өнімнің сертификаттауы мен мемлекеттік аттестаттауының қолданыстағы жүйесі;

      ғылыми-зерттеу жұмысы мен өнімге зертханалық бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

      әзірлемелердің тиімділігін айқындау әдістері;

      өндірістің зертханалық бақылауы мен технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      коммуникациялар, байланыс және есептеу техникасы құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      212. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті технологиялық дайындау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

69-параграф. Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент)

      213. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік саясатын және нарықтық экономика жағдайында даму бағыттарын, қызметтегі өндірісті реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, келешекте өндірісті мамандандыру және әртараптандыру деңгейін айқындайды;

      өндіріс дайындығының қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін, өндіріс тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру, шығындардың (материалдық, қаржы, еңбек) қысқаруын, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің, қызметтер немесе жұмыстардың бәсекеге қабілеттілігі мен жоғары сапасын, шығарылатын бұйымдардың қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және дизайн мен техникалық эстетика талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ олардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді;

      ұйымның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған бекітілген бизнес-жоспарларына сәйкес ұйымды қайта құру және жаңғырту, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді басқарады;

      техникалық қызметпен бірлесіп, жаңа техника мен технологияны енгізу жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады;

      жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірістің уақтылы және сапалы дайындығын, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеу мен жаңғыртуды, өнімді әзірлеу мен өндіру процесінде оның жоғарғы сапасына жетуді қамтамасыз етеді;

      ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерінің, патенттік зерттеулер нәтижелерінің, сондай-ақ нарық конъюнктурасын ескере отырып, озық тәжірибенің негізінде шығарылатын өнімді, орындалатын жұмыстарды (қызметтерді), техника мен технологияларды жетілдіру және жаңарту, ассортиментін және сапасын жақсарту бойынша, принциптік жаңа бәсекеге қабілетті өнім түрлерін жасау, кешенді механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру, өнімділігі жоғары мамандандырылған жабдықтарды сынақтан өткізу және бақылау құралдарын жобалау мен өндіріске енгізу бойынша, бұйымдардың көп еңбек қажет ету нормативтерін және оларды дайындауға арналған материалдар шығындарының нормасын әзірлеу, үнемдеу режимін жүйелі жүзеге асыру және шығындарды қысқарту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жобалау, конструкторлық және технологиялық тәртіпті, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігінің бойынша нормалар мен тәртібіды, табиғатты қорғау талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық органдардың, сонымен қатар техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асырады;

      техникалық құжаттаманы (сызбалар, ерекшеліктер, техникалық шарттар, технологиялық карталар) уақытында дайындауды қамтамасыз етеді;

      ғылыми-зерттеу, жобалау (конструкторлық және технологиялық) ұйымдармен және жоғарғы оқу орындарымен өндірістің жаңа техникасы мен технологиясын, ұйымды, оның бөлімшелерін реконструкциялау, жабдықты жаңарту және жаңғырту, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жобаларын, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеуге шарттар жасасады, олардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асырады, бөгде ұйымдар әзірлеген техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарауды және енгізуді, жабдықты сатып алуға өтінім жасауды ұйымдастырады;

      патенттік-өнертапқыштық қызметтің, өнімдерді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды ету, метрологиялық қамтамасыз ету, өндіріске механикалық-энергетикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

      инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізу негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

      ғылыми зерттеулерді және эксперименттерді өткізуді, жаңа техника және технологияны сынақтан өткізуді, сонымен қатар ғылыми-техникалық ақпарат, рационалдау және өнертапқыштық саладағы жұмысты, озық өндірістік тәжірибені таратуды ұйымдастырады;

      енгізілген ғылыми-техникалық шешімдердің басымдылығы, оларды патенттеуге, зияткерлік меншікке лицензия және құқық алуға материалдар дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және оқытуды ұйымдастырады және персоналдың дайындығын әрдайым жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      ұйымның техникалық қызметінің жұмысын басқарады, олардың жұмысының нәтижесін, бағынысты бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылайды;

      өндірістік қызметтің нәтижелері мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

      214. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      экономиканы және экономикалық қызметтің тиісті түрін дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері;

      ұйымның қызметіне қатысты әдістемелік материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, ұйымның бизнес-жоспары және экономикалық қызмет түрінің техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары;

      ұйымның өндірістік қуаты, ұйымның өнім өндіру технологиясы;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын құру және келісу тәртібі;

      ұйымды басқару және шаруашылық жүргізу әдістері;

      шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі;

      экономикалық қызметтің тиісті түріндегі ғылыми-техникалық жетістіктер және озат ұйымдардың тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      215. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

70-параграф. Өндіріс меңгерушісі (Бас аспаз)

      216. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      еңбек ұжымының қызметін өндірістік тапсырмаға сәйкес өзі өндіретін өнімді қажетті ассортиментте және сапада қарқынды шығаруды қамтамасыз етуге бағыттайды;

      өндірістік процесті жетілдіру, прогрессивті технологияларды енгізу, техниканы тиімді пайдалану, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату мақсатында жұмысшылардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      қажетті азық-түлік тауарларына және шикізаттарға өтінімдерді дайындайды, олардың уақтылы сатып алынуын және базалар мен қоймалардан алынуын қамтамасыз етеді, олардың ассортиментін, саны мен олардың келу және сатылу мерзімдерін бақылайды;

      тұтынушылардың сұранысын зерттеу негізінде мәзір дайындайды және тағам және аспаздық бұйымдардың түр-түрін жасауды қамтамасыз етеді;

      тағамның әзірлену технологиясына, шикізатты салу нормаларына және жұмысшылардың санитариялық талаптарды және жеке гигиена тәртібін сақтауына үнемі бақылауды жүзеге асырады;

      аспаздар мен өндірістің өзге де жұмыскерлерін орналастыруды жүзеге асырады, олардың жұмысқа шығу кестелерін жасайды;

      дайын өнімнің бракеражын өткізеді;

      өндірістік қызмет туралы есепті, есептілікті даярлау және оны уақытылы беруді, еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізуді ұйымдастырады;

      жабдықтардың және өзге негізгі құралдардың дұрыс пайдалануын бақылайды;

      өндіріс технологиясы және өзге өндірістік мәселелер бойынша нұсқаулар жүргізеді;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртібін, санитариялық талаптарды және жеке гигиена тәртібін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылайды;

      жұмыскерлердің медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.

      217. Білуге тиіс:

      қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      өндірістің ұйымдастырылуы және оның технологиясы, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың ассортименті және оның сапасына қойылатын талаптар;

      ұтымды және диеталық тамақтану негіздері;

      мәзір жасау тәртібі, өнімнің есебін жүргізу тәртібі және оны беру нормалары, шикізат пен жартылай фабрикаттардың шығыс нормалары, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың калькуляциясы, оларға қолданылатын бағалар;

      азық-түлік тауарларының, шикізат пен жартылай фабрикаттардың стандарттары және техникалық шарттары;

      дайын өнімді, шикізат пен жартылай фабрикаттарды сақтау мерзімі мен тәртібі;

      технологиялық жабдықтың түрлері, жұмыс принциптері, техникалық сипаттамалары және оны пайдалану шарттары;

      қоғамдық тамақтану экономикасы, еңбекті ұйымдастыру негіздері;

      еңбекақы төлеуді және ынталандыруды ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      218. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

71-параграф. Өндіріс процестерін автоматтандыру мен механикаландыру бөлімінің бастығы

      219. Лауазымдық міндеттерi:

      өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, ауыр қол еңбек шығынын қысқартуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, қолайлы еңбек жағдайлары мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өндіріс процестерін кешенді автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жасау мен енгізуді ұйымдастыру;

      өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландырудың перспективалық және жылдық жоспарларын жасауға, өндірістің техникалық дамуының жоспары мен бизнес- жоспарының тиісті бөлімдерін жасауға, ұйымды техникалық қайта жабдықтау мен реконструкциялау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге басшылық етеді;

      автоматтандырылуға және механикаландырылуға тиіс учаскелерді, жұмыстар мен операцияларды анықтау мақсатында өндіріс процестерін зерттеуді, жобаланатын техника мен технология объектілерінің техникалық деңгейінің көрсеткіштерін айқындау және патенттік зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді;

      жасалынатын конструкциялардың техникалық-экономикалық негіздемесімен қоса автоматтандыру мен механизациялау құралдарын жасауға техникалық тапсырмаларды дайындауды ұйымдастырады;

      зерттеу, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге және кешенді автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жасауға мамандандырылған ұйымдармен шарттардың белгіленген тәртіппен уақтылы ресімделуін және жасалуын бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыстардың орындалу кестелерін жасау мен келісуге, бірлесіп орындаушы ұйымдардың қажетті техникалық материалдармен қамтамасыз етілуін басшылық етеді және олардың жұмысын бақылайды;

      өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін есептеуді орындауды, қажетті жабдыққа өтінім жасауды, оның келіп түсуі мен осы мақсаттарға бөлінген құралдарды пайдалануды есепкеалуды ұйымдастырады;

      ұйымның тапсыры бойынша әзірленетін эскиздік және техникалық жобаларды, жұмыстық сызбаларды қарауға қатысады;

      автоматтандыру мен механикаландыру объектілерін пайдалануға алу, жөндеу, монтаждау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, олардың дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

      автоматтандыру мен механикаландыру құралдарының сенімділігі мен үздіксіз жұмысын, олардың уақытылы жөнделуі мен пайдалану тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      жаңадан салынып жатқан объектілердің өндірісін автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жобалауға, қолданыстағы жабдықты жаңғыртуға, өндірістің зиян процестерін герметизациялау және қорғаныш техникасының анағұрлым жетілдірілген конструкцияларын жасауға байланысты техникалық құжаттаманықарауға қатысады;

      өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, енгізілген құралдардың техника дамуының қазіргі деңгейіне, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      автоматтандыру мен механикаландыру құралдарының жаңа конструкцияларын игеру кезінде жұмыскерлерге көмек көрсету шараларын қабылдайды;

      автоматтандыру мен механикаландыру құралдарына қызмет көрсету кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мен жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуды, өндірістің техникалық процестерін сақтай отырып, реконструкцияланған және жаңғыртылған машиналардың, механизмдердің және өзге де жабдықтың дұрыс пайдаланылуын ұйымдастырады;

      өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жобалау мен конструкциялау кезінде рационализация мен өнертапқыштықтың дамуына ықпал етеді, олардың ең күрделісіне қорытынды береді;

      өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландырудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу, еңбектің жаңа әдіс-тәсілдерін, осы саладағы жаңа жетістіктерді тарату мен енгізуді басқарады;

      жасалған жұмыстардың есебін және есептілігін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлеріне басшылық етеді.

      220. Білуге тиіс:

      өндірісті автоматтандыру және механикаландыру мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымдар мен экономикалық қызмет түрлерінің техникалық даму перспективалар;

      ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын тағайындау мен конструктивтік ерекшеліктері, оларды пайдалану тәртібі;

      жасалатын конструкцияларға қойылатын негізгі талаптар;

      өндірісті автоматтандыру және механикаландыру бойынша жұмыстардың перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау мен бекіту тәртібі, ұйымның өндірістік қуаты, ұйым өнімін өндіру технологиясы, коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары;

      жобалау әдістері, конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау;

      патенттік зерттеулерді жүргізу тәртібі мен әдістері;

      техникалық құжаттаманы жасау мен ресімдеу тәртібі, жобалау және конструкциялау кезінде еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары;

      бөгде ұйымдармен шарттар жасасу тәртібі;

      көркемдік конструкциялау және техникалық эстетика негіздері;

      өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің жетістіктері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      221. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті конструкциялық және технологиялық дайындау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

72-параграф. Өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыру жөніндегі зертхананың (қызметінің) бастығы

      222. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымды басқарудың инновацияларды енгізуге және сыртқы ортаның өзгерістеріне (нарық конъюнктурасы) жедел бейімделуге қабілетті ұйымдастырушылық құрылымын жасауға бағытталған, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқару саласындағы зерттеулерді жүргізуді және еңбектің тиімділігін арттыру қамтамасыз етеді;

      өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламаларын енгізу мен жасауда зертхананың (бөлімінің) қатысуын ұйымдастырады;

      еңбек жағдайларын, оның ұйымдастырылуын, еңбектің социологиялық және психофизиологиялық аспектілерін, олардың еңбектің сапасы мен өнімділігіне ықпалын зерттеулерді жүргізуге, еңбекті бөлу мен кооперациясы нысандарын жетілдіру, еңбек уақытын ұтымды пайдалану, еңбектің прогрессивті әдіс-тәсілдерін тарату, жұмыс орындарын аттестаттау мен ұтымды ету, ауыр дене еңбегін қолдануды қысқарту, психофизиологиялық және санитариялық гигиеналық тұрғыда қолайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбек пен тынығудың анағұрлым тиімді режимдерін енгізу, өндіріс мәдениетін өсіру бойынша ұсынымдарды әзірлеуге басшылық жасайды;

      ұйымды басқарудың әрекеттегі құрылымын зерттеуді, ұқсас өнімді шығарушы озат ұйымдардың құрылымымен салыстыру негізінде шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарына сәйкес оның тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастырады;

      ұйымның мақсаттары мен стратегиясына сәйкес басқару құрылымын, қолданыстағы өндірісті басқару әдістерін рационалдау, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы және құжатайналымды жетілдіру, ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын, дербес компьютерлерді, автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      өндіріс көлемінің өзгеруі жағдайында ұйымда жұмыс істейтіндердің санын орынсыз қысқартудың алдын алу (жұмыс уақытын реттеу, өзге жұмыс учаскелеріне көшіру, өзге де) бойынша ұйымдастырушылық шараларды жасауға қатысады;

      персоналдың еңбегін регламенттеу, ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы тәртібіді және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын жасау бойынша жұмыстарға әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;

      еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқару саласындағы отандық және шетелдік практика жетістіктерін зерттеу және жалпылау, үлгілік шешімдерді, барлық экономикалық қызмет түрлерінің нормативтік материалдарын ұйым жағдайларына бейімдеу, оларды қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, нормативтік әзірлемелердің бекітілгенінен кейін енгізілуін қамтамасыз етеді;

      еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың тиімділігін есепке алу, талдау мен айқындауға, сондай-ақ белгіленген есептілікті жасауға басшылық етеді;

      зертхана (бөлім) қызметкерлеріне басшылық етеді.

      223. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның мақсаты мен стратегиясы, ұйымның құрылымы мен штаты;

      еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу тәртібі, еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттарының мазмұны және осы бағыттар бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың жүргізілу әдістері;

      еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігін айқындау, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару деңгейін бағалау әдістері;

      өндірісті басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      ұйымдастырушылық техника, басқарушылық және инженерлік еңбекті механикаландыру құралдары;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      еңбек физиологиясы, психология, социология негіздері;

      ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      224. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

73-параграф. Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің (ақпараттық технологиялар орталығының немесе бөлімшесінің) бастығы

      225. Лауазымдық міндеттерi:

      экономикалық кибернетика теориясының элементтері мен қазіргі заманғы коммуникация, байланыс, есептеу техникасы құралдарын, экономикалық-математикалық әдістержиынтығын пайдалану негізінде өндірісті басқаруды жетілдіру жобаларын жасау және енгізуге басшылық етуді жүзеге асырады;

      тиісті процестері автоматтандырылған режимге көшіруді формализациялау мүмкіндігі мен мақсаттылығының мүмкіндігінен айқындау, сондай-ақ ұйымның және оның бөлімшелерінің автоматтандырылған басқару жүйелеріне қызмет көрсетудің проблемаларын зерттеу мақсатында өндірісті жобалау мен реттеу тәртібі мен әдістерін, басқару жүйесін зерттеуді жүргізуді ұйымдастырады;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін және оның жекелеген кіші жүйелерін жасауға техникалық тапсырмаларды құруға қатысады;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін жобалау мен енгізу жоспарларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды, міндеттердің қойылымын, олардың алгоритмдеу, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің барлық жүйелерін ұйымдастырушылық пен техникалық қамтамасыз етудің үйлесімін, үлгілік блоктарды жасау мен енгізуді қамтамасыз етеді;

      ұйымның немесе нақты бөлімшенің немесе жұмыс учаскесінің спецификалық қажеттіліктеріне қолда бар үлгілік бағдарламалық қамсыздандыруды бейімдейді;

      ұйымдағы құжат айналымын жетілдіру(кіріс және шығыс құжаттарды айқындау, олардың кіру және шығу, алу және қайта құру, байланыс арналарынан өтуі, құжаттардың оңтайландырылуы, тиісті орындаушылардың жұмысы үшін ыңғайлы және өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесініңталаптарын қанағаттандыратын құжаттарды құру мен мазмұнын рационализациялау тәртібі), есептеу техникасының көмегімен өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің барлық міндеттері бойынша ақпаратты өңдеудің технологиялық схемаларын және ақпаратты өңдеудің технологиялық процестерін жобалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінақпаратпен қамтамасыз етуге (шикізатты, материалдары, дайын бұйымдарды, бөлшектерді, жиын бірліктерін кодтау, қажетті анықтамаларды, дешифраторларды және өзгелерді дайындау), нормативтік-анықтамалық ақпараттың кіші жүйесін ұйымдастыруға, бастапқы деректердің машиналық жеткізгіштерге дұрыс көшірілуін қамтамасыз етуге байланысты нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуге басшылық жасайды;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі техникалық құралдарының кешенін орнату, жөндеу, тәжірибелік тексеру және пайдалануға енгізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және жұмыс барысында туындаған бұзулушылықтарды жоюдың жедел шараларын қабылдайды;

      жүйеде көзделген бастапқы құжаттардың уақтылы келіп түсуіне, ресімделуінің дұрыстығына, ақпараттың есептеу техникасы құралдарының көмегімен өңделген құжаттардың тиісті бөлімшелерге тапсырылуына бақылауды ұйымдастырады;

      жүйенің істен шығу жағдайларын талдайды, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесініңсапасы мен беріктігін арттыру, оның қолданылу саласын кеңейту, қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту, сондай-ақ өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінжобалау мерзімі мен құнын төмендету мақсатында алгоритмдеу міндеттерін дайындау әдістері мен ұйымдастырылуын жетілдіру іс-шараларын әзірлейді;

      ұйымның бөлімшелеріне өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінеарналған бастапқы деректерді дайындауға, өндірісті басқару процестерін автоматтандыру және механикаландыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

      бөлімнің жұмыскерлерін басқарады.

      226. Білуге тиіс:

      заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның даму перспективалары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясы;

      өндірісті жедел басқару мен жоспарлауды ұйымдастыру;

      ұйым құрылымы, бөлімшелерінің арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстар;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің мазмұны мен міндеттері;

      өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жобалары мен кіші жүйелерін әзірлеу тәртібі;

      коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдарының техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, мақсаты мен пайдалану тәртібі;

      міндеттерді қою және оларды алгоритмдеу тәртібі;

      ақпаратты автоматтандырылған өңдеу және бағдарламалау негіздері;

      бағдарламалаудың формализацияланған тілдері;

      есептеу, шифрлер мен кодтардың қолданыстағы жүйелері;

      ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың бірегейленген жүйесінің стандарттары;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      227. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ақпаратты өңдеуді автоматтандыру және механикаландыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

74-параграф. Өндірістік (өндірістік-техникалық) бөлімнің бастығы

      228. Лауазымдық міндеттері:

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын, қолданып, өндіріс барысын жедел реттеу бойынша, өндіріс жоспарына және жеткізу шарттарына сәйкес өнімді ырғақпен шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқарады;

      ұйым мен оның бөлімшелері бойынша өнімді шығарудың өндірістік бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін әзірлеуді, жоспарланған мерзім ішінде оның түзетілуін, жедел-өндірістік жоспарлау үшін нормативтердің әзірленуін және енгізілуін басқарады;

      өндіріс барысына, өндірістің техникалық құжаттамамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен, көлікпен, тиеу-түсіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне жедел бақылауды ұйымдастырады;

      өндіріс барысын, бұйымдардың саны мен номенклатурасы бойынша дайын өнімді шығарудың тәуліктік тапсырмаларын орындауды, аяқталмаған өндірістің жай-күйі мен жинақтылығын, қоймалар мен жұмыс орындарында белгіленген бітеу нормаларының сақталуын, көлік құралдарын пайдаланудың ұтымды болуын және тиеу-түсіру жұмыстарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      ұйым бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, өндірістің күнтізбелік жоспарларын орындаудың ырғақтылығын қамтамасыз ету, өндірістік процесс барысының бұзылуының алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды;

      кооперация және цехаралық қызметтер бойынша тапсырыстардың орындалуының уақытында ресімделуін, есепке алынуын және реттелуін қамтамасыз етеді;

      ұйым бөлімшелерінің өзара талаптарының және наразылықтарының орындалуын бақылайды, қуаттарды, жабдықтарды және өндірістік алаңдарды толығырақ және бірқалыпты жүктеу мүмкіндігін айқындау, өнімді дайындау циклын қысқарту мақсатымен өткен жоспарлық кезеңге олардың қызмет нәтижелерін талдайды;

      техникалық жаңалықтарды, ғылыми ашулар мен өнертабыстарды, технологияны жақсартатын озық тәжірибені айқындау және игеру бойынша, өндірісті ұйымдастыру және еңбек өнімділігінің өсуі бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      өндірістік қоймалардың жұмысын басқарады, аяқталмаған өндірісті түгендеуді жүргізуге бөлімнің қатысуын қамтамасыз етеді;

      жедел жоспарлауды жетілдіру бойынша іс-шаралардың, өндірістің және диспетчерлік қызметті механикаландырудың ағымдағы есебінің әзірленуін, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдарын енгізуді ұйымдастырады;

      ұйымның өндірістік-диспетчерлік бөлімшелерінің жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, бөлім жұмыскерлерін басқарады;

      құрылыста және геологияда – өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы сипаттамада аталған міндеттерден өзге, құрылыс саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуін, титул тізімдерін құруды, тапсырыс берушілермен және мердігерлермен шарттарды дайындау және ресімдеуді басқарады;

      құрылыстың жоғары техникалық деңгейін, технологиялық тізбектің және мердігер ұйымдармен жұмысты орындау мерзімінің байланысын қамтамасыз етеді;

      құрылыс объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамамен уақтылы қамтамасыз етілуін, құрылыс нормалары мен объектілерді белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      229. Білуге тиіс:

      өндірістік жоспарлау және өндірісті жедел басқару мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      ұйымның даму перспективалары;

      ұйымның және оның өндірістік базасының өндірістік қуаттары;

      ұйым бөлімшелерінің мамандануы және олардың арасындағы өндірістік байланыс;

      шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыс (қызметтер) түрлерінің номенклатурасы;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      ұйымда өндірістік жоспарлауды ұйымдастыру;

      өнім шығарудың өндірістік бағдарламалары мен күнтізбелік кестесін әзірлеу тәртібі;

      өндіріс барысын жедел есепке алуды ұйымдастыру;

      қойма шаруашылығын, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      230. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және өндірісті жедел басқару бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

75-параграф. Өндірістік зертхананың (өндірісті бақылау бойынша) бастығы

      231. Лауазымдық міндеттері:

      қолданыстағы экологиялық қауіпсіздік стандарттарына, талаптары мен техникалық шарттарына шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің сапалықсәйкестігін зертханалық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында химиялық талдау, физикалық-химиялық пен механикалық сынақ және өзге де зерттеулер өткізуді ұйымдастырады;

      өндіріске зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін енгізу, сондай-ақ бар әдістерді жетілдіру жұмыстарын басқарады;

      өнімдердің жаңа және түрлендірілген үлгілерін сынақтан өткізуге, сонымен қатар оның сапасын тиімді бақылауға жағдай жасау мақсатында оның техникалық құжаттамасын келісуге қатысады;

      өнімді аттестаттау мен сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарға қатысады;

      өндірісті бақылау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге еңбек шығындарын қысқарту мақсатында оларды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ өнім сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      өндірісті ағымдағы бақылау, оның ішінде жұмыс орындарындағы экспресс-талдаулар бойынша бақылау жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтар әзірлейді, зертхана қызметкерлерінің оларды дұрыс және дәл орындауына бақылауды жүзеге асырады;

      бақылау-өлшеу аппаратурасы жұмысының жай-күйін бақылауды ұйымдастырады, оның мерзімдік мемлекеттік тексеріске уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

      зертхана қызметкерлерінің зертханалық жабдықтары мен жұмыс орындарының жай-күйін, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, бар кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;

      зертхана журналдарының нақты жүргізілуін және сынақтар мен талдаулар нәтижелерінің уақтылы ресімделуін ұйымдастырады;

      зертхана қызметкерлеріне басшылық етеді.

      232. Білуге тиіс:

      өндірісті техникалық дайындау бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      өндірістің технологиялық процестері мен режимдері;

      зертхананың жабдығы, оның жұмыс принциптері мен пайдалану тәртібі;

      ұйымның техникалық даму перспективалары;

      зерттеу жұмыстарын өткізудің әдістері мен ұйымдастырылуы;

      өндірісті зертханалық бақылау бойынша стандарттар, техникалық шарттар, әдістемелер мен нұсқаулықтар;

      өнімді мемлекеттік аттестаттау мен сертификаттаудың қолданыстағы жүйесі;

      ұқсас өнім өндіру технологиясы саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      233. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

76-параграф. Өткізу (сату) бөлімінің бастығы

      234. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өнімін өткізуді ұтымды ұйымдастыруды, оны тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде және көлемде тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады;

      бөлімнің өнім өндіру мен сатудың болжамдарын, перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға, ұйымның өніміне сұранысты, өткізу нарығының даму перспективаларын зерделеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге қатысуын қамтамасыз етеді;

      өнімді тұтынушыларға жеткізу шарттарын дайындауды және жасауды, жеткізу талаптарын келісуді ұйымдастырады;

      өндірістік бөлімшелердің дайын өнімді тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде, номенклатура бойынша, жиынтықпен және сапада тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында жеткізу жоспарларын жасау және оларды өндіріс жоспарларымен байланыстыру жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды;

      өнімді сату жоспарының орындалуы, жеткізуге арналған тапсырмаларды, ерекшеліктерді және өзге құжаттарды уақтылы алу жөнінде шаралар қабылдайды;

      ұйым бөлімшелерінің тапсырыстарды, шарттық міндеттемелерді орындауын, қоймалардағы дайын өнім қорларының жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді;

      өндірістік бөлімшелерден дайын өнімдерді қоймаларға қабылдауды, ұтымды сақтауды және тұтынушыларға жіберуге дайындауды, дайын өнімді тиеп жіберуге арналған көлік құралдарына, механикаландырылған тиеу құралдарына, ыдыстарға және жұмыс күшіне қажеттілікті айқындауды ұйымдастырады;

      дайын өнімді сақтауды, өткізуді және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі стандарттарды әзірлеуді және ендіруді, сондай-ақ өткізу желісін, тұтынушыларға өнімді жеткізу нысандарын жетілдіру, көлік шығындарын қысқарту, дайын өнімнің нормадан тыс қалдығын төмендету және өткізу операцияларын жеделдету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      көрмелерді, жәрмеңкелерді, сату көрмелерін ұйымдастыруға және өнімді жарнамалау жөніндегі өзге де іс-шараларға қатысады;

      ұйым шығаратын өнімнің көтерме саудасын ұйымдастырады;

      сатылған өнім үшін қаражаттың уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      ұйымға тұтынушылардан келіп түскен шағымдарды қарауға және ұсынылған шағым-талаптарға жауаптар, сондай-ақ тұтынушылар шарттардың талаптарын бұзған кезде оларға талаптарды дайындауға қатысады;

      тапсырыстар мен шарттардың орындалуын, сатылмаған дайын өнімді тиеп жіберу және қалдығын есепке алуды, өткізу құжаттамасының уақтылы ресімделуін, өткізу (жеткізу) жөніндегі, өткізу жоспарының орындалуы туралы көзделген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді;

      дайын өнім қоймаларының қызметін үйлестіреді, бөлімнің жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      235. Білуге тиіс:

      дайын өнімді өткізуді және жеткізуді ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

      болжамдар, өнімді өндіру мен сатудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау әдістері мен тәртібі;

      ұйымның даму перспективалары;

      өткізу нарығын өңірлер бойынша дамыту перспективалары;

      ұйым өніміне сұранысты зерттеу әдістері;

      ұйым шығарған өнімнің көтерме және бөлшек бағалары;

      дайын өнімнің нормативтік қорларын әзірлеу әдістері мен тәртібі;

      өнімді жеткізуге шарттар жасасу, тиеу және көлік құралдарына қажеттілікті айқындау тәртібі;

      құжаттамасын ресімдеу тәртібі;

      өнімді сақтау және тасымалдау стандарттары;

      тұтынушыларға талаптарды және келіп түскен талаптарға жауаптар дайындау тәртібі;

      ұйым шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттар, қойма шаруашылығын ұйымдастыру;

      өндіріс технологиясы, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

      өткізу операцияларын есепке алуды және сату жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасауды ұйымдастыру;

      есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      236. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша өткізу саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

77-параграф. Пансионаттың (қонақ үйдің) тұрғын корпусының меңгерушісі

      237. Лауазымдық міндеттері:

      тұрғын корпустың тұрғын, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық орын-жайларында қолайлы жағдайларды, тазалықты және тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      пансионатқа (қонақ үйге) келген демалушыларды қабылдауға және тіркеуге бақылауды жүзеге асырады;

      тұруға және қызмет көрсетуге құқық беретін құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын және уақтылығын бақылайды;

      тұрғын корпустың (су құбыры, кәріз, электр желісі, байланыс құралдары) тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді, олардың жұмысында пайда болған ақаулықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      санитариялық және өртті қадағалаудың жазба кітабын жүргізеді;

      тұрғын корпустың қызмет көрсетуші персоналының жұмысын басқарады, жұмысқа шығу кестелерін құрайды, инвентарьды беруді және қабылдауды жүзеге асырады;

      тұрғын корпусты қажетті мүлікпен, жабдықпен және инвентарьмен қамтамасыз етуге өтінімдерді құрайды, материалдық құндылықтардың болуына есеп жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      материалдық құндылықтарды бұзуға немесе құртуға кінәлі адамдардан белгіленген тәртіпте өндіріп алуды жүргізеді;

      ішкі тәртіптің және өртке қарсы қорғаныстың орындалуын бақылайды;

      демалушылардың шағымдары мен ұсыныстарының есебін жүргізеді, белгіленген кемшіліктерді жояды;

      этикалық нормаларды сақтау, демалушылар мен қызмет көрсетуші персоналдың арасындағы жанжалдық жағдайларды болдырмау және шешу бойынша мәдени-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

      238. Білуге тиіс:

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты жоғары тұрған және өзге де органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, өзге де басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттары;

      тұрғын корпустың тұрғын, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық орын-жайларын ұстау тәртібі;

      демалушыларды тіркеу бойынша құжаттарды ресімдеу тәртібі;

      материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару бойынша ережелер мен нұсқаулықтар;

      пансионаттың (қонақ үйдің) ішкі тәртібі тәртібі;

      тұрғын корпустың техникалық жабдығын пайдалану тәртібі мен шарттары;

      этика негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      239. Біліктілікке қойылатын талаптар;

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

78-параграф. Патенттік және өнертапқыштық жұмыс бөлімінің бастығы

      240. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымда жоғары техникалық деңгейді, патент қабілеттілікті және жобалық-конструкторлық әзірлемелердің, өнертабыстардың, технологиялық процестердің және шығарылатын өнімнің патенттік тазалығын қамтамасыз ету бойынша, жаңа техникалық шешімдердің мемлекеттік басымдылығының патенттік қорғалуф туралы ұсыныстар дайындау, оларды лицензиялық негізде іске асыру, шетелдік ғылыми-техникалық әзірлемелерге лицензияларды сатып алу бойынша, сонымен қатар жұмыскерлер мен қызметшілердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, оларды рационализаторлық қызмет пен өнертабушылыққа тарту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымның техника мен технологияның жаңасын әзірлеу немесе ескісін жаңғырту бойынша өндірістік қызмет жоспарларын жасауды қамтамасыз етеді, технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау, өндірістің түйінді мәселелерін шешу үшін рационализаторлық және өнертабушылық жұмыстардың тақырыптық жоспарларын дайындау кезінде патенттік материалдарда қамтылған техникалық шешімдерді пайдалану бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;

      ойластырылған әзірлемелер тақырыбы бойынша, патенттік материалдарды пайдалануда консультация беру мен көмек көрсету бойынша, сонымен қатар бөлімшелерге келіп түсетін рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды уақытында қарастыру және олар бойынша қорытындылар дайындау бойынша патенттік материалдарға мамандардың қажеттілігін айқындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      патенттік зерттеулердің жүргізілуін, патенттік материалдарды іздеуді, таңдауды, өнертабыстың техникалық деңгейін зерттеуді және бағалауды, оларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеуді басқарады;

      жобалау-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың патенттік сараптамасының жүргізілуін, сонымен қатар патенттік тазалыққа тексеру жүргізілетін кезеңдерді айқындауды, техникалық құжаттамада пайдаланған патенттік материалдардың уақытында көрсетілуін бақылауды ұйымдастырады;

      ұйымдарға патенттік материалдарды қабылдау бойынша ұсынымдардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      өнертабыстар деңгейінде орындалған техникалық шешімдердің мемлекеттік басымдығын қорғау бойынша және олардың мәнін ашатын мәліметтердің уақытынан бұрын жариялануын немесе өзге де жария етілуін болдырмау бойынша, өнеркәсіптік үлгілер мен тауар белгілерін құқықтық қорғау бойынша шаралар қабылдайды;

      өндірісте өнертабыстардың, өнеркәсіптік үлгілердің және рационализаторлық ұсыныстардың пайдаланылуына, сонымен қатар шығарылатын өнімнің техникалық деңгейіне бақылау жүргізеді, рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстардың есепке алынуы мен жүйеленуін, енгізілген өнертабыстардың картотекасының жүргізілуін, патенттік қордың жаңа ақпараттық технологияларды қолданумен жинақталуын және оған анықтамалық аппараттың жасалуын, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін есептеуді, авторлық сыйақы мөлшерін айқындаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлерді патенттік қормен, патент жүргізу негіздерімен, конструкторлық әзірлемелер мен өнертабыстардың патенттік тазалығына талаптармен таныстыру жұмысын жүргізеді, рационализаторлар мен өнертапқыш жұмыстарының конкурстарын, байқауларын ұйымдастырады, техникалық құжаттаманы дайындауда, қажетті есептеулерді жасауда, тәжірибелік үлгілерді жасау және сынауда көмек көрсету бойынша консультацияларды, үздік рационализатор және өнертапқыш атағын беруге ұсыну үшін қажетті материалдардың рәсімделуін ұйымдастырады;

      ұйым бөлімшелеріндегі өнертапқыш және патенттік-лицензиялық жұмыстың жай-күйін талдайды, оны жетілдіру бойынша, сонымен қатар, өнеркәсіптік меншікті патенттеу, оған лицензияларды сату және сатып алу бойынша ұсыныстарды әзірлейді, рационализациялау мен өнертапқыш бойынша шараларды жүргізуге арналған қаражатты жұмсаудың дұрыстығын бақылайды;

      патенттеуге белгіленген өнертабыстардың, өзге құжаттаманың рәсімделуін және патенттік-лицензиялық жұмыс бойынша, рационализациялық қызмет пен өнертапқыш бойынша іс жүргізуді, белгіленген есептілікті дайындауды қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      241. Білуге тиіс:

      патенттану, рационализацияны және өнертапқышты ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, халықаралық құжаттар мен әдістемелік материалдар;

      ұйымның техникалық даму перспективалары;

      әзірленетін конструкцияларға қойылатын техникалық талаптар;

      ұйымның өнім өндірудің негізгі технологиялық процестер;

      ұйымның технологиялық жабдығы және оның жұмыс істеу принциптері;

      ұйымның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы;

      өнертабушылық және патент жүргізу негіздері;

      патенттік зерттеулерді жүргізу тәртібі мен әдістері;

      ұйымда патенттік жұмысты, рационализация мен өнертабушылықты ұйымдастыру;

      техникалық деңгей мен техниканың даму үрдістерін талдау әдістері;

      электрондық-есептеу техникасы мен телекоммуникацияның қазіргі заманғы құралдары;

      патенттік қорды құру мен жүргізу тәртібі;

      патенттік материалдар, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды есепке алу және жүйелеу тәртібі;

      өнертабысты шетелде патенттеу үшін өтінімдерді және өзге де материалдарды ресімдеу, лицензияларды сату және сатып алуды ресімдеу тәртібі;

      рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды ресімдеу және қарау тәртібі;

      негізгі шет елдердің патенттік сипаттамалар құрылымы;

      өнеркәсіптік үлгілер мен тауарлық белгілер туралы ережесі;

      патенттану және өнертабушылық жұмысты ұйымдастырудың отандық және шетелдік озық тәжірибесі, өнертабушылық құқығы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      242. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және патенттік немесе рационализация мен өнертабушылықты ұйымдастыру бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

79-параграф. Персонал бойынша менеджер (HR-Менеджер)

      243. Лауазымдық міндеттері:

      жұмыскерлерді тиімді пайдалану және кәсіби жетілуіне қол жеткізу үшін ұйымды дамытудың жалпы мақсаттарына және кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес персоналмен жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымды қажетті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар жұмысшылармен жинақтауды қамтамасыз етеді;

      персоналға қажеттілікті айқындайды, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің мүмкін көздерін анықтау мақсатымен еңбек нарығын зерттейді;

      кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, сонымен қатар жұмыскерлер штатын жинақтау мақсатымен жұмысқа қабылданатындармен, оқу орындарының бітірушілерімен әңгімелесу жүргізеді;

      персоналды оқытуды ұйымдастырады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік мансабын дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді;

      бейімдеу, команда құру (тимбилдинг), тұлғалық өсу бағдарламаларын жүргізеді;

      барлық жұмыскерлерге кадр мәселелері және маңызды кадр шешімдері бойынша ақпараттарды жеткізеді;

      жұмыскерлердің еңбек қызметінің нәтижесін бағалау, аттестациялау, бос лауазымдық орындарға конкурстар жүргізуді ұйымдастырады;

      құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп жұмыскерлерді жалдау, ауыстыру, қызметі бойынша ілгерілету, қызметі бойынша төмендету, әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ жұмыстан шығару мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысады;

      жұмыскерлердің тұлғалық және іскерлік қасиеттерін бағалау, олардың лауазымдық өсуін уәждеу жүйесін әзірлейді;

      әртүрлі деңгейдегі басшыларға персоналды басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша консультация береді;

      ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге қатысады;

      еңбек шарттары мен келісімшарттарын жасайды және ресімдейді, жұмыскерлердің жеке істерін және өзге де кадрлық құжаттаманы жүргізеді;

      бағынысты қызметкерлерге басшылықты жүзеге асырады.

      244. Білуге тиіс:

      ұйымның персоналды басқару жөніндегі қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздері;

      жұмыс күшінің және білім беру қызметтері нарығының конъюктурасы, стратегиялық жоспарлау;

      салық заңнамасының, экономика және маркетинг негіздері;

      персоналды басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары;

      еңбекті уәждеу мен персоналды бағалау жүйесінің негіздері;

      кадрдың біліктілігін арттыру және оқытудың әдістері мен нысандары;

      ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясы;

      еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасау тәртібі;

      менеджментті ұйымдастыру және оның әдістері;

      ұйымды дамыту перспективалар, басқару құрылымы және ұйымның кадрлық құрамы;

      жеке дерекқорларды жасау әдістері, тестілеу және әңгімелесуді өткізу әдістемесі;

      жалпы және әлеуметтік психологияның және еңбек социологиясының негіздері;

      өндірістік педагогика негіздері;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      персоналды басқару саласындағы отандық және шетелдік үздік тәжірибе;

      іс жүргізуді ұйымдастырудың негіздері;

      қазіргі заманғы техникалық құралдарды, коммуникация және байланысты, есептеу техникасын қолдана отырып, ақпаратты өңдеу әдістері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      245. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және "HR" саласында қосымша даярлық, мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

80-параграф. Персоналды басқару бойынша директордың орынбасары (директор, вице-президент)

      246. Лауазымдық міндеттері:

      өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және өзге бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара әрекеттестікте орындайды;

      ұйымның персоналын қалыптастыруды, пайдалануды және дамытуды басқаруды әрбір жұмыскердіңеңбек әлеуетін барынша іске асыру негізінде ұйымдастырады;

      кадрлық саясатты қалыптастыру, ұйымды дамыту стратегиясына сәйкес оның негізгі бағыттарын айқындау және оны іске асыру шаралары бойынша жұмысты басқарады;

      ұйымның бизнес-жоспарларын оны еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету бөлігінде әзірлеуге қатысады;

      ұйымның даму перспективасын ескере отырып, кадр әлеуетін ұтымды пайдалану, өндірістік және әлеуметтік саланың тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз етуді ескере кадрға қажеттіліктерді жоспарлау мен болжаудың ғылыми әдістері негізінде ұйымда талап етілетін мамандығы және біліктілігі бар жұмыскерлерді тарту мен бекіту мақсатында персоналмен жұмыс бойынша жоспарлар мен бағдарламалар кешенін зерттеуді жүргізуді, әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады;

      мансапты жоспарлау саясаты негізінде басшы лауазымдарға ұсыну, персоналды үздіксіз дайындау жүйесін жасау үшін кадр резервін қалыптастыру мен дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      материалдық ынталандыру, еңбек жағдайларын жақсарту, оның мазмұны мен беделін арттыру, құрылым мен штатты ұтымды ету, еңбек тәртібін нығайтудың икемді саясатын жүзеге асыру негізінде барлық санаттағы жұмыскерлердіеңбекке ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

      ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, өндірісті басқаруда жұмыскерлердің қатысу нысандарын дамыту мен ынталандыру, саламатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында персоналдың бос уақытын мазмұнды пайдалануын арттыру бойынша жұмыс бағытын айқындайды;

      персоналды басқарудың нормативтік-әдістемелік қорын жасау, еңбекті нормалау мен ұйымдастыру, персоналды бағалау, кәсіптік іріктеу мен кәсіптік бағдарлау, кәсіптік бейімдеу аясындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу мен жалпылау бойынша зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды және үйлестіруді, практикаға әдістемелік және нормативтік әзірлемелерді енгізуді қамтамасыз етеді;

      персоналмен жұмыс жасаған кезде еңбек заңнама нормаларының сақталуын бақылайды;

      жоғары тұрған басшыға, сонымен қатар бөлімшелер басшыларына персоналға қатысты мәселелер жөнінде кеңес береді;

      ұйымдағы әлеуметтік және кадрлық мәселелер бойынша талдамалық материалдарды мерзімдік дайындау мен уақтылы ұсынуды, персонал дамуының болжамдарын жасауды, пайда болатын мәселелерді анықтау және оларды шешудің мүмкін нұсқаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

      басқарудың әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін, кадрлық жұмыстың алдыңғы қатарлы технологиясын енгізудің негізінде ұйым персоналын басқару процестерін, персонал дерекқорын жасау мен жүргізуді, кадрлық құжаттаманың стандартталуы мен біріздендірілуін, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын қолдануды үнемі жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      персоналды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      есептілік құрастыру мен қажетті есеп жүргізуді ұйымдастырады.

      247. Білуге тиіс:

      еңбек және әлеуметтік даму мәселелеріне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

      персоналды басқару және оны уәждемелеу теориясының, қарым-қатынас психологиясының негіздері;

      ұйымның мақсаты, даму стратегиясы және бизнес-жоспары, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымдық ерекшеліктері, персоналға қажеттілікті жоспарлау және болжау әдістемесі;

      жұмыс істейтіндердің сандық және сапалық құрамын талдау әдістемесі;

      еңбек шарттарын, салалық және келісімдер келісімдерді жасау және еңбек дауларын шешу тәртібі;

      еңбек социологиясы мен психологиясы;

      еңбекақы төлеу, оны ынталандыру нысандары мен жүйесі;

      жұмыскерлердіжәне олардың еңбегінің нәтижелерін бағалау әдістері;

      кадрлық жұмыстың алдыңғы қатарлы технологиясы, кадрлық құжаттаманың бірыңғай нысаны;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      248. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша басшы лауазымында және персоналды басқару бойынша өзге де лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

81-параграф. Персоналды іріктеу бойынша менеджері (Рекрутер)

      249. Лауазымдық міндеттері:

      персоналды жалдау жүйелерін және процесін енгізеді және дамытады;

      персоналды белсенді іздеуді жүзеге асырады;

      кандидаттарға қойылатын талаптарды тұжырымдайды, қажетті жұмысшының және бос позицияның сипаттамасын жасайды;

      бос орын сараптамасын жүргізеді;

      анкеталарды жасау және толтыру мәселелері бойынша консультация береді;

      өз ақпараттық базалары мен байланыстары, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет арқылы, сондай-ақ әртүрлі ақпараттық көздерде хабарландыруды орналастыру арқылы қажет кандидаттарды іздеуді жүргізеді;

      нақты кәсіпке немесе лауазымға қатысты талаптарға байланысты сұрақ қою және оған жауап алу арқылы кандидаттармен әңгімелесуді ұйымдастырады және жүргізеді;

      кандидаттар қабылдайды және түйіндеме жасауға белсенді көмек көрсетеді;

      кандидаттардың іскерлік және психологиялық қасиеттерін бағалайды, оларға психологиялық және кәсіби тестілеу ұйымдастырады;

      кандидаттарды кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары, режимі, сипаты, біліктілік және психологиялық талаптары, жұмыскерлерге ұсынылатын жеңілдіктер, материалдық және моральдық көтермелеу бағдарламалары туралы хабардар етеді;

      аналитикалық материалдарды, құзыреттілігі бойынша құрылымдық бағалау қорытындысын, лауазымға кандидаттардың жеке қасиеттерін, лауазымға үміткердің қажетті талаптарға сәйкес келу дәрежесін бағалауды жасайды;

      кандидаттардың дерекқорын, бос жұмыс орындарын және еңбек нарығы бойынша (ақпаратты алу, енгізу, өңдеу, талдау, жіктеу, бағалау, салыстыру және сақтау) өзге де ақпаратты құруды қамтамасыз етеді, деректер базасынан ақпаратты алуды және пайдалануды үйлестіреді;

      уақтылы белгіленген есептілікті қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздік пен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ;-y3yltu3 тәртібін сақтайды.

      250. Білуге тиіс:

      адами ресурстарды басқару, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыскерлерді сақтандыру мәселелерін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтың актілері;

      кадрлар бойынша құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша нұсқаулық және әдістемелік материалдар;

      психология, социология, риторика, логика негіздері;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті, сұхбаттасушыларды сендіру құралдары мен тәсілдері;

      кандидаттарды уәждеу, еңбек социологиясының негіздері, сұхбаттасудың заманауи техникасы;

      еңбек нарығының мониторингі және оны талдау әдістері;

      еңбек нарығының ақпараттық дерекқорлары;

      ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, кәсіптер мен лауазымдарды іздеу технологиясы;

      ұйымдағы жұмыс жағдайының ерекшелігі, жеке дерекқорларды құру талаптары;

      рекрутердің кәсіптік-этикалық кодексі;

      әңгімелесуді, тестілеуді өткізу әдістері;

      ұйымдастырушылық-басқару және кадрлық міндеттерді шешу жолдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      251. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

82-параграф. Рұқсатнама режимінің меңгерушісі

      252. Лауазымдық міндеттері:

      белгіленген тәртіпке және ұйымның рұқсатнама режимін ұйымдастыру бойынша қолданылып жүрген басшылық құжаттарға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;

      өткізу режимінің сақталуын қамтамасыз етеді және ұйымға өтуге (шығуға) немесе олардың аумағына көлік құралдарымен өтуге (шығуға) құқық беретін рұқсаттарды ресімдеудің, берілуінің және қайтарылуының дұрыстығына, сондай-ақ бланкілердің және қайтарылған рұқсаттардың есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асырады;

      бөлімнің қызметіне және рұқсаттарды беруге байланысты есептерді және анықтамаларды дайындау бойынша жұмысты басқарады;

      белгіленген тәртіппен сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға актілерді дайындайды.

      253. Білуге тиіс:

      өткізу режимін ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      рұқсаттарды беру тәртібі мен тәртібін;

      ұйымның құрылымын және олардың бөлімшелерінің жұмыс режимін;

      бланкілердің және қайтарылған рұқсаттардың есебін жүргізу және сақтау тәртібі;

      ұйым жұмыскерлерінің басшылық құрамы және рұқсаттарды беруге құқылы адамдар қолтаңбаларының тізбесі;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      254. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

83-параграф. Сапаны бақылау бөлімінің бастығы

      255. Лауазымдық міндеттері:

      ұйым өндіретін өнімнің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуді, жұмыстардың (қызметтердің) стандарттарға және техникалық шарттарға, бекітілген үлгілерге (эталондарға) және техникалық құжаттамаға, жеткізу шарттары мен шарттардың талаптарына сәйкес орындалуын, сондай-ақ өндірістік тәртіпті күшейту, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады;

      өнімнің (жұмыстардың), қызметтердің сапасын арттыру, олардың ғылым мен техниканың заманауи деңгейіне, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне, экспорттық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сәйкес келетін сапаны басқару жүйесін енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      ұйымға келіп түсетін материалдық ресурстарды (шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жиынтықтаушы бұйымдарды) тексеруді, олардың сапасының стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестігі туралы қорытындылар дайындауды, өндірістік процестің барлық сатыларында операциялық бақылауды, дайын өнімнің сапасын және жинақталуын, ұйымда дайындалған құрал-саймандар мен технологиялық жарақтардың сапасын, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінде және қоймаларында шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың, дайын өнімнің дұрыс сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оны мемлекеттік аттестациядан өткізу және сертификаттауға дайындауға, сапаны басқару жүйесін, стандарттар мен нормативтерді, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын реттейтін көрсеткіштерді, бақылау операцияларын автоматтандыру және механикаландыруды көздейтін едәуір жетілдірілген бақылау әдістерін, бақылауды бұзбайтын өнімді ақаусыз тапсыру жүйелерін және өзгелер, осы мақсаттар үшін арнайы құралдар жасауға басшылық жасайды;

      өлшенетін параметрлердің номенклатурасын және өлшеу дәлдігінің оңтайлы нормаларын айқындау, оларды орындауға қажетті құралдарды таңдау, өнімді жаңартудың нормативтік мерзімдерінің сақталуын бақылауды және оны аттестаттаудан өткізуге және сертификаттауға дайындауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың сапасына, технологиялық жабдық пен құрал-саймандардың сапасы мен жай-күйіне, өндірістің жағдайына, өнімді сақтау мен тасымалдауға технологиялық процесте көзделмеген тексеру жүргізуді ұйымдастырады;

      дайын өнімдерді сынақтан өткізуді және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын растайтын құжаттарды ресімдеуді, өнім берушілер жеткізу сапасына қойылатын талаптарды бұзған кезде рекламациялар дайындауды, сондай-ақ өнімді дайындау барысын, ұйымдағы бақылау-өлшеу құралдарының жай-күйін ағымдағы бақылау жөніндегі әдістемелер мен технологиялық нұсқаулықтардың уақтылы дайындалуын және оларды мемлекеттік тексеру үшін уақтылы ұсынуды, бақылау қызметтерінің қажетті техникалық құжаттамамен қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етеді;

      рекламацияларды талдау, ақаулардың пайда болуы және өндіріс технологиясының бұзылуы, жұмыс сапасының нашарлауы, ақауы бар және төменгі сортты өнім шығарылу себептерін зерделеу жөніндегі, оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өндірістің барлық бөлімшелерінің белгіленген талаптарға сәйкес өнім шығаруы үшін жауапкершіліктерін арттыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыруды бақылау, сапасыз өнімді (жұмысты, қызметтерді) қабылдау және тиеп жіберуді тоқтату жөніндегі жұмысты басқарады;

      бақылау операцияларының нәтижесін ресімдеу, өнім сапасының көрсеткіштерін, ақауды және оның себептерін есепке алуды жүргізу, шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) сапасы туралы мерзімдік есептілік жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      бөлімнің жұмыскерлеріне басшылық жасайды.

      256. Білуге тиіс:

      өнім сапасын басқару бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

      өнім сапасын мемлекеттік қадағалау, бақылау жүйесі;

      техникалық бақылау жүйелері, әдістері және құралдары;

      ұйымның өнім өндіру технологиясы;

      экономикалық қызмет түрінде және ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттар;

      өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сертификаттауды жүргізу тәртібі;

      өнеркәсіп өнімінің сапасын аттестаттау тәртібі;

      шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың және дайын өнімнің сапасы бойынша шағым түсіру және қарау тәртібі;

      өнімді қабылдау және сынау жүргізу тәртібі;

      өнімнің сапасы жөніндегі есепті жүргізуді, есептілік жасау тәртібі және мерзімдері, ұйымдастыру;

      өнім сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу және оны бақылауды ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      257. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

84-параграф. Сатуды үйлестіруші (Супервайзер)

      258. Лауазымдық міндеттері:

      штат кестесіне, жұмыс сапасы стандарттарында белгіленген нақты жұмыс ауқымын орындауға сәйкес жұмыс кестесінің, жұмыскерлерді орналастырудың сақталуына бақылау ұйымдастырады;

      жұмыскерлердің материалдық-техникалық, өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуін тексереді, жұмыстың тоқтап қалуының, авариялардың, уақытша тоқтаулардың алдын алу шараларын қабылдайды;

      әрбір жұмыскердің жұмыс сапасын, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануын бағалайды, сондай-ақ жұмыскерлерге қосымша міндеттерді жүктеу мүмкіндігін айқындайды;

      жұмыс міндеттерін орындаудың басымдығы мен кезектілігін айқындайды;

      ұйымда қабылданған көтермелеу және жазалау жүйесін қолдану мүмкіндігі мен тәсілдерін айқындайды;

      жұмысында үлгере алмай жүрген жұмыскерлер өз жұмыстарын өздігінен орындауға қабілеті болмаған жағдайда оларға оқу курстарын және жеке тәлімгерлікті ұйымдастырады, ал оқыту нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда ұйым басшылығына аталған жұмыскерлер лауазымына (орындайтын жұмысына) сәйкес келмегендіктен оларды жұмыстан босатуға жібереді;

      жұмысқа қабылданатын үміткерлерге қойылатын талаптардың критерийлерін айқындайды және үміткерлерді іріктеуге қатысады;

      сауда жұмысшыларының жұмысына аудит жүргізеді;

      әр сауда нүктесінде нақты тапсырмалар мен санаты негізінде қозғалыс бағдарлары мен клиенттердің келуінің айлық жоспарларын түзетеді және әзірлейді;

      мерчендайзерлерден келіп түсетін тапсырыстарды береді;

      сауда агенттерінен тапсырыстар қабылдайды;

      сауда агенттері және мерчендайзерлермен жедел ақпаратпен алмасады;

      кеңестерді ұйымдастырып, өткізеді, бағдарларда пайда болған проблемаларды шешеді;

      сауда нүктелерін тауармен толтыру бойынша сату бөлімі бастығымен өзара әрекеттеседі;

      сауда агенттері және мерчендайзерлердің клиенттерге қызмет көрсету сапасын және клиенттердің келу жиілігін бақылайды;

      жұмысының сапасы туралы есеп алу үшін сауда агенттері мен мерчендайзерлерге арналған "кері байланысты" ұйымдастырады;

      сату көлемінің ұлғаю жолдарын айқындайды және оларды іске асырады;

      дистрибьютордың сату стратегиясын әзірлеуге қатысады, дистрибьюторға өнімді сату бойынша көмек көрсетеді;

      барлық әлеуетті клиенттер туралы ақпаратты жинайды, оларды жандандыру әдістерін айқындайды, олардың одан әрі ынтымақтасу себептерін айқындайды, сапарларды талдайды және одан әрі стратегияларды әзірлейді;

      тауардың клиентке жеткізілуін бақылайды;

      негізгі клиенттермен келіссөздер жүргізеді;

      сатудың және оның өсу мүмкіндіктерінің серпінін талдайды;

      қойманың жұмысын және қоймадағы өнімнің қорын бақылауды жүзеге асырады;

      тауардың қажетті және резервтік қорын жоспарлайды;

      дистрибьюторлармен бірлесе отырып, кезеңге тапсырыстарды жасайды;

      дистрибьюторлардың тауарды жеткізуін және жоспардың орындалуын бақылайды;

      тиімді құжат айналымын, ақаулы өнімді қабылдауды ұйымдастырады, дистрибьюторлармен бірлесе қойылған ақаулы тауарды қайтаруды азайту бойынша шаралар қабылдайды;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен тәртібідың орындалуын қамтамасыз етеді.

      259. Білуге тиіс:

      ұйымдардың шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның кадр саясаты және стратегиясы;

      нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздері;

      жалпы және арнайы психология, еңбек социологиясы және психологиясының негіздері;

      ұйымның құрылымы мен штаты, ұйымның бейіні, мамандануы мен даму перспективалары;

      бағынысты жұмыскерлердің мықты және осал жақтарын бағалау әдістері;

      ұйым қызметінің негізгі технологиялық процестері;

      жұмыстың әрбір түрі үшін сапа және уақыт нормалары;

      болжамдарды, перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеудің әдістері мен тәртібін, өткізу нарығының даму перспективалар, азаматтық құқық;

      ұйымның өніміне сұранысты зерделеу әдістері, ұйым өнімінің көтерме және бөлшек бағалары, өнімді сақтау және тасымалдау стандарттары;

      келіп түсетін шағымдарға жауап дайындау тәртібі, қойма шаруашылығын ұйымдастыру, іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      ұйымдастырушылық-басқарушылық және кадрлық міндеттерді шешу әдістері, заманауи коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      260. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санатты сатуды үйлестіруші (супервайзер): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санатты сатуды үйлестірушісі лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;

      II санатты сатуды үйлестіруші (супервайзер): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санаты жоқ сатуды үйлестіруші лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;

      сату үйлестіруші (супервайзер): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

85-параграф. Сауда маркасы менеджерi (Бренд-менеджер)

      261. Лауазымдық міндеттері:

      белгілі бір сауда маркасының (тауар) тауарлар тобының ілгерілеуі және сатылуына басшылық етедi;

      маркетинг бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

      ілгерілетілетін тауардың ерекшелiгiн зерттейді, маркетингтік зерттеулердiң нәтижесi негiзiнде тұтынушылардың тауарға қоятын талаптарын талдайды;

      нарыққа талдау жүргізеді, тауарларды ұсыну үшiн нарықтың нысаналы тұтынушылық сегменттерiн айқындайды;

      маркетинг және жарнама бөлiмшелерiнiң жарнамалалық науқандар, көрмелер, презентациялар, өзге де "PR" - науқандар жүргізу жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, тауарды нарықта ілгерілету стратегиясын әзірлейді;

      әлеуетті сатып алушылар мен тұтынушыларға тауардың презентациясын, тақырыптық семинарлар өткізуді ұйымдастыруға қатысады;

      тауардың тұтынушылық қасиеттері мен сапасы туралы кәсіби консультация беруді жүзеге асырады;

      маркетинг жоспарының баға құрауыштарын әзірлеуге қатысады;

      тауарларды сату шарттарын (сатып алушылардың жекелеген топтары үшін жеңiлдiктер жүйесi) айқындайды;

      сату көлемін болжайды;

      тауар бойынша бюджеттi қалыптастырады, тауарды нарыққа шығарған сәттен бастап күтілетін пайда мен рентабельділігінің есебін жүзеге асырады, тауарды ілгерілетудің бірінші кезеңдерінде кәсіпорын үшін шығын мүмкіндігін айқындайды және оларды төмендету бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      тауарды өткізу схемасын (жаңа өткізу бөлімшелерін құрудан бастап бар сату арналарын реконструкциялауға дейін) әзірлейді;

      тауармен айналысатын бөлімшеде шарттық жұмысты ұйымдастырады, төлем операцияларының есебін жүргізеді, сату қорытындысы бойынша жедел деректерді талдайды;

      тауардың нарықтағы жай-күйіне (тауардың сатылу барысы, оған сұраныс) бақылауды жүзеге асырады, тұтынушылардың өнімге қарым-қатынасын айқындайды және талдайды;

      тауардың қанағаттанғысыз өлшемдерін, тұтынушылардың тауарға қоятын талаптарын (тауарда ескерілмеген) айқындайды және өнімді жетілдіру, оған жаңа тұтынушылық қасиеттер қосу үшін олар туралы конструкторлық, технологиялық және өндірістік бөлімшелерге хабарлайды;

      баға саясатын және бәсекелестерінің брендтеріне сұранысты бақылайды, тауарының бәсекелестерінің ұқсас өнімдеріне қатысты позициясын айқындайды;

      өзіне бағынысты жұмыскерлердің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      жүргізілген жұмыс туралы кәсіпорын басшылығына есеп дайындайды;

      тауарды ілгерілету және сату бойынша өзге де ұқсас міндеттерді орындайды;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібі мен нормаларын сақтайды.

      262. Білуге тиіс:

      шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жарнама, маркетинг, өткізуді ұйымдастыру және дайын өнімді жеткізу, жұртшылықпен байланыс саласындағы әдістемелік, нормативтік және өзге де басшылық материалдар;

      нарықты дамытудың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын, оның сыйымдылығын, өндірісін, әртүрлі нарықтарда экспорттық қызметті іске асырудың әдістері мен тәртібі;

      тауар қозғалысы арналарының түрлері, авторлық және зияткерлік құқық, кәсіпкерлік және коммерциялық қызмет маркетингі;

      нарықтық экономика, кәсiпкерлiк және бизнесті жүргiзу негiздері;

      сауда маркасын ұйымдастыру тарихы;

      осы сауда маркасының өнімін технологиялық қайта өңдеу және жасау ерекшеліктері;

      жарнама, маркетинг жүргізу технологиясы;

      нарық конъюнктурасы, тауарлардың ассортименті, сыныптамасы, сипаты мен мақсаты;

      баға белгiлеу әдiстерi, баға белгiлеу стратегиясы мен тактикасы;

      менеджмент, макро және микроэкономика, iскерлік әкімшілік ету теориясы;

      жарнама жасау негіздері, жарнамалық науқандарды жүргiзудiң әдiстерi мен нысандары;

      "PR"-технология негiздері мен принциптері, сауда психологиясы мен принциптері, бренд ерекшеліктері, өндіріс технологиясы;

      бизнес-жоспарларды және келісімдердің коммерциялық шарттарын әзірлеу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      социология және психология негiздерi, ұйымды басқару әдістері;

      коммуникация және байланыстың заманауи техникалық құралдарын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдiстерi;

      экономика және жоспарлау негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      263. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, менеджмент/маркетинг саласындағы қосымша даярлық және өткізуді басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

86-параграф. Стандарттау бөлімінің бастығы

      264. Лауазымдық міндеттері:

      стандарттау және сертификаттау жөніндегі жаңа стандарттар, техникалық шарттар және өзге де құжаттар әзірлеу мен қолданыстағыларын қайта қарауға, олардың ұйымдарда енгізілуіне басшылықты жүзеге асырады, стандарттау әдістерімен өнім мен қызметтердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ құжаттаманы міндетті нормализацияланған бақылауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      стандарттау, нормалау және біріздендіру бойынша жұмыстардың жоспарлануын, шығарылатын өнімге жаңа прогрессивті стандарттарды енгізу бойынша және ұйымдарда әзірленетін жобаларды стандарттау мен біріздендіру деңгейі бойынша тапсырмаларды стандарттау, нормалау және біріздендіру жоспарына қосу үшін дайындықты ұйымдастырады;

      ұйым шығаратын өнімнің техникалық деңгейін және стандартталған және біріздендірілген бөлшектерді және жеке элементтерді пайдалану нәтижелерін зерттеуді, стандарттау мен біріздендіру деңгейін бағалау бойынша бұйымдар жобаларының сараптамасын жүргізуді басқарады;

      ұйымда қолданылатын стандарттардың, техникалық шарттардың және стандарттау мен сертификаттау бойынша құжаттардың, олардың көрсеткіштерінің ғылым мен техниканың осы заманғы даму деңгейіне, ішкі нарықтың талаптарына, экспорттық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен жүйелі тексеруді ұйымдастырады;

      ұйымдарда бекітілетін стандарттар мен техникалық шарттарға өзгерістердің, техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістердің қажеттілігі туралы ұсыныстарды, сонымен қатар тиісті базалық (бас) ұйымға жіберілетін стандарттау, стандарттаудың прогрессивті нысандарын, әдістері мен жүйелерін енгізу бойынша орталықтандырылып әзірленген ескірген құжаттарды қайта қарау немесе күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;

      стандарттар жобаларын, сертификаттауды жүргізуге өтінімдерді дайындауға техникалық тапсырмалардың жасалуын басқарады;

      стандарттау мен сертификаттау бойынша іс-шаралардың экономикалық тиімділігін айқындау, бекітілген стандарттарды, техникалық шарттарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша өзге де құжаттарды ұйымда енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өнімді мемлекеттік аттестаттау мен сертификаттауға дайындау бойынша шараларды әзірлеуге, стандарттарды әзірлеу үшін қажетті тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік жұмыстарға, стандарттау мен сертификаттау бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын іске асыруға бөлімнің қатысуын қамтамасыз етеді;

      стандартталған және біріздендірілген бұйымдардың, бөлшектердің тәжірибелік үлгілерін дайындауға және сынауға, ұйым бөлімшелерінің өнім мен қызметтерді стандарттау және сертификаттау жүргізуге дайындау бойынша тапсырмаларды орындауына бақылауды жүзеге асырады, оларға стандарттарды, техникалық шарттарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша өзге құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді;

      стандарттарды әзірлеу мен қолдану тәжірибесімен алмасуды, көрмелерді, семинарларды, стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша конференцияларды, ғылыми-техникалық ақпараттар органына ұйымда әзірленген стандарттар туралы экономикалық қызмет түрінің ақпараттық материалдарын, сонымен қатар өзге ұйымдардан кері қайтарып алуға келіп түскен нормативті-техникалық құжаттаманың жобаларына қорытындыларды ұсыну үшін дайындауды ұйымдастырады;

      стандарттарды есепке алу бойынша, сонымен қатар стандартталған және біріздендірілген бөлшектердің және жекелеген элементтердің қолданылуын талдау бойынша, ұйым бөлімшелерін стандарттау мен сертификаттау жөніндегі құжаттамамен, стандарттардың бар болуы, олардың өзгеруі және күшінің жойылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмысқа басшылық жасайды;

      стандарттар кітапханасын жүргізу, стандарттау бойынша құжаттардың бақылау даналарын сақтау дұрыстығына, стандарттарға өзгерістерді уақытында енгізуді және күші жойылған құжаттаманың алып тасталуына бақылауды жүзеге асырады;

      ұйым мамандарына стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша консультация береді;

      ұйымда стандарттау бойынша есеп пен есептіліктің уақытында жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады.

      265. Білуге тиіс:

      қолданыстағы стандарттау және сертификаттау мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық құжаттар мен әдістемелік материалдар;

      ұйымның техникалық даму перспективалары;

      өндірістің конструкциялық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру;

      ұйым шығаратын өнімнің техникалық сипаттамасы және оны өндіру технологиясы;

      өнімдер мен қызметтерді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі;

      стандарттау жөніндегі және өнімді сертификаттауды жүргізуге дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      стандарттар мен техникалық шарттарды, стандарттау және сертификаттау жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу, ресімдеу, бекіту және енгізу, қалыпқа келтіру бақылауын жүргізу, стандарттау деңгейін есептеу және техникалық құжаттаманы біріздендіру тәртібі;

      стандарттарды және стандарттау мен сертификаттау жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды жасау тәртібі;

      стандарттар мен техникалық шарттарды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу, сертификаттау бойынша шараларды жүргізу әдістері;

      стандарттау мен сертификаттау саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      266. біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және стандарттау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

87-параграф. Тәжірибелі өндірістің цех бастығы

      267. Лауазымдық міндеттері:

      жаңа немесе жетілдірілетін (жаңғыртылатын) өнімді жасау және сынау бойынша, сондай-ақ сериялық немесе жаппай өндірісті одан әрі ұйымдастыру үшін жаңа технологиялық процестерді зерттеу бойынша цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, тақырыптық жоспарлар мен олардың кезең-кезеңімен орындалу кестесін құруға, сынақтар бағдарламаларын және тәжірибелік үлгілердің сынақтарын әзірлеуге, жетілдіру жұмыстарын орындауға, техникалық құжаттаманың (жұмыс сызбалары, технологиялық нұсқаулықтар, техникалық шарттар, сынақтар жөніндегі әдістемелер және өзгелер) апробациясына, жүргізілген сынақтардың актілерін ресімдеуге қатысады;

      жаңа өнім мен технологиялық процестерді меңгеруде өндірістік цехтарға (учаскелерге) техникалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      негізгі және айналым қаражатын тиімді пайдалану кезінде белгіленген мерзімдерде тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өндірістің ұйымдастырылуын, оның технологиясын, өндіріс процестерінің механикаландыру мен автоматтандыруды жетілдіру, ақаулықтың алдын алу мен өнім сапасын жоғарылату, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау (ұтымды ету), еңбекті ұйымдастырудың озық түрлерін енгізу, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      өндірістік-шаруашылық қызмет туралы есептілікті құруды, есебін жүргізуді және жоспарлауды, шаруашылық етудің жаңа нысандарын енгізуді, еңбектің нормалануын жақсартуды, еңбекке ақы төлеу мен материалдық ынталандыру жүйелері мен нысандарының дұрыс қолданылуын, еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін тарату мен жалпылауды, ұқсас өнімдер өндірісінің технологиясы мен конструкциялаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеуді, өнертапқыштық пен рационалдауды дамытуды ұйымдастыру;

      жабдық және өзге де негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын, оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайлары, сондай-ақ жұмыс істейтіндерге ұйымда көзделген еңбек жағдайлары бойынша жеңілдіктердің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      мастерлер мен цех қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;

      кадрлардың іріктелуін, олардың орналастырылуы мен мақсатқа сай пайдаланылуын жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың нормалары мен тәртібін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылайды;

      цех жұмыскерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      цех бойынша белгіленген есептіліктің уақтылы ұсынылуы мен жасалуын қамтамасыз етеді.

      268. Білуге тиіс:

      цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      цех және ұйымның техникалық даму перспективалары;

      цех өнімінің жұмыс істеу принципі, конструкциясы, құрамы мен мақсаты, монтаждау шарттары, оны өндіру технологиясы;

      цех жабдығы және оны техникалық пайдалану тәртібі;

      техникалық-экономикалық және өндірістік жоспарлаудың әдістері мен тәртібі;

      өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістері;

      еңбекке ақы төлеу жөніндегі ережелері мен материалдық ынталандыру нысандары;

      ұқсас өнімді өндіру технологиялары мен конструкциялары саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      269. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және маман лауазымында өндірісті конструкциялық және технологиялық дайындау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

88-параграф. Техникалық бөлім бастығы

      270. Лауазымдық міндеттері:

      өндірістің техникалық даярлығын немесе негізгі ұйым қызметінің өзге де негізгі түрлерін ұйымдастырады, өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) сапасын жақсартуды және оның бәсекеге қабілеттілігін, өнім дайындау, жұмыстарды (қызметтерді) өндіруге кететін материалдық және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз етеді;

      ұйымның техникалық қызметінің техникалық жаңа құралдарды сынау, жаңа өнім түрлерін жасау және игеру, өндірісті кешенді автоматтандыру және механикаландыру, ғылыми-техникалық жетістіктерді, жаңа техника және прогрессивтік технологияны енгізуді жоспарлау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

      ұйымның ағымдағы және перспективалық техникалық дамуын жоспарлауды, оның өндірістік базасын басқаруды жүзеге асырады;

      жаңадан салынып жатқан өндірістерді, құрылыстарды, техникалық құралдарды жобалауға, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын енгізуге техникалық тапсырмалар жасауды, қолданыстағыларын кеңейтуді, дамытуды және реконструкциялауды басқарады;

      жабдықтарды жаңғырту және жұмыс орындарын оңтайландыру жөніндегі жобалау-конструкторлық құжаттаманы қарайды және келіседі;

      жаңа техниканы енгізуге байланысты шарттарды жасау және орындалуын, сондай-ақ жаңа техника және технологияларды, шикізат және дайын өнімнің жаңа түрлерін игеру жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділік есептерін қаржыландыру және дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

      өндіріске ресурс үнемдеуші технологияны, шикізаттың және материалдардың негізгі түрлерінің прогрессивті шығыс нормаларын енгізу және әзірлеуге, ақау себептерін және төмен сұрыпты өнімнің шығарылуын зерттеуге, өнім сапасын арттыру (жұмыстарды, қызметтерді) іс-шараларын әзірлеуге және өндірістік қуаттылықтарды тиімді пайдалануға қатысады;

      дербес конструкторлық және технологиялық бөлімдер болмаған кезде олардың басшыларының қызметін орындайды;

      өнімді стандарттау, ғылыми-техникалық ақпарат мәселелерімен, сондай-ақ патенттік-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын бөлімшелердің қызметін бағыттап отырады;

      бөлім жұмыскерлеріне басшылық жасайды, өндірістің техникалық дайындығын қамтамасыз ететін ұйым бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және бағыттайды.

      271. Білуге тиіс:

      өндірісті техникалық дайындау бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      экономикалық қызмет түрінің және ұйымның даму бағыттары мен перспективалары;

      ұйымның өнім шығару технологиясы, жабдықтардың өндірістік қуаттылығы мен жұмыс режимдері, оны пайдалану тәртібі;

      өндіріс резервін анықтау және пайдалану әдістері;

      шикізатқа, материалдар мен даяр өнімге қойылатын техникалық талаптар;

      технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау кезінде еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптары;

      өндірістің техникалық дайындығын ұйымдастыру;

      жабдықтарды пайдалануға қабылдау тәртібі;

      жаңа техника мен технологияны енгізудің, еңбекті ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері;

      өндірісті техникалық дайындау, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы озық отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      272. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті техникалық дайындау бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

89-параграф. Техникалық-экономикалық зерттеулер зертханасының (қызметінің) бастығы

      273. Лауазымдық міндеттері:

      нарықтың конъюктурасын ескере отырып, жаңа технологиялардың енгізілуін, өнімдер ассортиментінің ауыстырылуын негіздеу мақсатында ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне экономикалық зерттеулер жүргізуге, ұйымды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін бар ресурстарды анықтау және тиімді пайдалану және пайда табу мақсатында басшылықты жүзеге асырылады;

      зертхананың (бөлімнің) маркетингтік зерттеулер жүргізуге, ұйымның даму перспективасын айқындауға, бизнес-жоспарларды құру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің, сондай-ақ ұқсас өнімдерді шығаратын ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін сипаттайтын статистикалық ақпараттарды жинақтау, зерттеу және жүйелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өнімнің, жұмыстардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін көтеру мүмкіндігін айқындау, нарықтың талаптарын есепке ала отырып, өндіріс көлемін реттеу мақсатымен осы көрсеткіштерге талдау жүргізеді;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің барлық өндірістік-шаруашылық қызметіне кешендік экономикалық талдауды жоспарлау және жүргізудің сапалы нормативтік-әдістемелік қорын құруды қамтамасыз етеді, оның уақытында жаңартылуын қадағалайды;

      өндірістің көлемі мен өнім сапасы (сонымен қатар оның негізгі түрлері бойынша), еңбек өнімділігі, негізгі және айналым қаражатты пайдалану тиімділігі, өндірістің ырғақтылығы, өнімнің өзіндік құнының өзгеруі (өткен кезеңмен және бекітілген нормативтермен салыстырғанда) және өзге бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуына талдау жүргізуді басқарады;

      ұйым қызметін талдау нәтижесінің негізінде оның тиімділігін арттырудың ішкі шаруашылық резервтерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады;

      ұйымның құрылымдық бөлімшелерін жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысында жедел экономикалық талдау жүргізу, өндіріс резервтерінің пайдалану жолдарын анықтау және айқындау бойынша әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      озық ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын қолдану негізінде экономикалық зерттеулерді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      зертхана (бөлім) жұмыскерлеріне басшылық етеді.

      274. Білуге тиіс:

      ұйымның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның стратегиясы мен даму перспективалары, ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні, экономикалық қызмет түрінің, өнімді, жұмыстарды (қызметтерді) өткізу нарықтарының жай-күйі мен даму перспективалары;

      экономикалық стандарттар мен ұйым көрсеткіштерінің жүйесі;

      ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау әдістері және ұйымдастыру нысандары;

      ұйымның жұмыс нәтижесін ұқсас өнім шығаратын ұйымдардың көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау әдістері;

      экономикалық жұмысты ұйымдастыру;

      жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды айқындау әдістері;

      нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметті ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі;

      өндіріс технологиясының негіздері, статистикалық есепке алуды ұйымдастыру;

      коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      275. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

90-параграф. Учаске мастері

      276. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік учаскеге басшылықты жүзеге асырады;

      учаскенің өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру көлемі, сапасы, белгіленген номенклатурасы (ассортименті) бойынша өндірістік тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауын, еңбек өнімділігін арттыруды, жабдықты ұтымды іске қосу мен оның техникалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде өнімнің еңбекті көп қажет етуін төмендету, шикізатты, материалдарды, жанар-жағармайды, энергияны үнемді пайдалануды, шығынды азайтуды қамтамасыз етеді;

      өндірісті уақтылы дайындайды, жұмысшылар мен бригадаларды орналастыруды қамтамасыз етеді, технологиялық процестердің сақталуын бақылайды және олардың бұзылу себептерін жедел анықтайды және жояды;

      жаңа технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді жасауға және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      шығарылатын өнімнің және орындалатын жұмыстың сапасын тексереді, ақаулықтың алдын алу және өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      учаскені реконструкциялау, технологиялық жабдықтарды жөндеу, өндірістік процестерді және қол жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру, аттестаттау және оңтайландыру нысандарын енгізуді ұйымдастырады;

      жұмысшылардың өндіру нормаларын орындауын, өндірістік алаңдарды, ұйымдастыру-техникалық жабдықтар мен құралдарды дұрыс пайдалануын, учаскенің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді;

      бригадаларды қалыптастыруды (олардың сандық, кәсіптік-біліктілік құрамын) жүзеге асырады, бригадаларға тиімді қызмет көрсету бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, олардың қызметін үйлестіреді;

      бекітілген өндірістік жоспарлар мен кестеге сәйкес өндірістік тапсырмаларды, жабдықтарды, шикізатты, материалдарды, құралдарды, жанар-жағармай мен энергияны пайдалану бойынша нормативтік көрсеткіштерді белгілейді және оларды бригадалар мен жекелеген жұмысшыларға (бригадалардың құрамына кірмейтін) уақтылы жеткізеді;

      жұмысшыларға өндірістік нұсқау беруді жүзеге асырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік санитария, жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану жөніндегі тәртібі орындау бойынша іс-шараларды, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуге жәрдемдеседі, өндіру және бағалау нормаларын қайта қарау туралы, сондай-ақ жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы сәйкес жұмысшыларға жұмысшы разрядтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді, жұмыстарды тарифтеуге және учаске жұмысшыларына біліктілік разрядтарын беруге қатысады;

      өндірістік қызметтің нәтижесін талдайды, жұмыс уақытын, өнім өндіру және бос тұру уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      озық тәжірибенің таралуына, бастамашылықтың дамуына, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі;

      еңбек шығындарының нормаларын, техникалық негізделген нормалар мен нормаланған тапсырмаларды белгіленген тәртіппен қайта қарауды, жалақы мен сыйлықақы беру жүйесінің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді;

      шығарылатын өнімнің саны, сапасы және ассортименті бойынша өндіріс қорын анықтау бойынша жұмысты, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін көтеру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықтарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысады;

      жұмысшылардың еңбекті қорғау тәртібі мен қауіпсіздік техникасын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылайды;

      жұмысшылар мен бригадашылардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жұмысын ұйымдастырады.

      277. Білуге тиіс:

      учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      учаске шығаратын өнімге қойылатын техникалық сипаттамалар мен талаптар, оны өндіру технологиясы;

      учаскенің жабдығы және оны техникалық пайдалану тәртібі;

      учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметінің әдістері;

      жұмыстар мен жұмысшыларды тарификациялау тәртібі;

      жұмыстардың нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібі;

      еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары туралы қолданыстағы тәртібі;

      өндірісті басқару бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      278. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және өндірісте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірісте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

91-параграф. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы)

      279. Лауазымдық міндеттері:

      заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық басшылық жасайды;

      қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және толық пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;

      өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді;

      барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

      ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді;

      ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюнктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

      кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

      басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді;

      әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндіріс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

      кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, өзге лауазымды адамдарға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

      ұйым қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнестің (кәсіпкерлік қызметтің) ауқымын қолдау және кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді;

      сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

      280. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканың және жалпы экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының басым бағыттарын, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын айқындайтын заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік органдардың актілері;

      ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;

      ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі;

      есеп және қаржылық талдау негіздері, кредит беру схемалары;

      ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резервтері;

      ұйымның өнім өндіру технологиясы;

      салық заңнамасы;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі;

      ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері;

      стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасы, бәсекелестер, өнім берушілер мен тұтынушылар;

      ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі;

      практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару;

      өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық шетелдік және отандық тәжірибе;

      тиісті қызмет түрінің тәжірибесі және үздік ұқсас ұйымдардың қызмет тәжірибесі;

      шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі;

      салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі;

      ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      281. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, "Іскерлік әкімшілік ету магистрі" ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болғаны мүмкін.

92-параграф. Ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу бөлімінің бастығы

      282. Лауазымдық міндеттері:

      еңбек өнімділігін және жұмыстарды орындау сапасын жоғарылату мақсатымен әр жұмыскердің еңбек әлеуетін ұтымды пайдалану, еңбекті ынталандырудың тиімді нысандары мен әдістерін және еңбек жөнінде техникалық негізделген нормативтерді пайдалану негізінде жоғары сапалы, бәсекеге қабілеттілігі бар өнімдер мен қызметтер өндірісіне бағытталған мақсаттар мен стратегияларға сәйкес ұйымда еңбек процестері мен еңбекті басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      еңбек нарығындағы жағдайды, ішкі мен сыртқы факторларды есепке алып, ұқсас ұйымдар қол жеткізген прогрессивті көрсеткіштердің талдауына негізделетін еңбек жоспарлары мен еңбек бойынша көрсеткіштер жүйесінің жобасын әзірлеуді басқарады;

      бекітілген жоспарларды ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді;

      экономикалық қызмет түрлерінің еңбек бойынша нормативтерін, микроэлементтік нормалау әдістерін қолдану негізінде еңбекті нормалау, нормаларды есептеу, олардың сапасын талдау және уақытында қайта қарау, еңбек бойынша техникалық негізделген нормативтерді енгізу, жұмыскерлердің еңбектерін нормалау саласын кеңейту, нормалауды жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеудің прогрессивті әдістерін сапалы жаңа деңгейде енгізуін, дербес компьютерлердің, нормалаушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының кең пайдалануын, нормативтерді еңбек шығындарының ауыспалы факторлардан математикалық тәуелділігі түрінде ұсынудың жаңа нысандарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      еңбек процестерін, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын, ұйымдағы еңбек жағдайларын зерттеу және талдау, еңбек өнімділігінің өсу резервтерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуді, сонымен қатар еңбекті ұйымдастыру мен оған ақы төлеуді дамыту, жұмыс уақытының пайдалануын жақсарту, кадрлардың біліктілігін және ұтқырлығын жоғарылату, жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуді, еңбек тәсілдері мен әдістерін жетілдіру, ауыр жұмысты қолдануды қысқарту, қолайлы еңбек жағдайларын жасау және еңбек ұйымдастыруды жетілдіруінің өзге де бағыттары бойынша шаралардың әзірлеуін, сонымен қатар еңбекті ұйымдастыру бойынша шараларды енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау бойынша жұмыстарды басқарады;

      еңбекке ақы төлеудің, материалдық пен моральдық ынталандырудың әрекеттегі нысандары мен жүйелерін қолданудың тиімділігін талдайды, еңбекке ақы төлеу мен оны ынталандырудың прогрессивті нысандарын енгізу бойынша ұсыныстардың әзірлеуін, сонымен қатар ұйым жұмыскерлері қызметінің нақты жағдайларына қатысты оларға сыйақы төлеу туралы тәртібідің әзірлеуін қамтамасыз етеді, бұл тәртібідің дұрыс қолданылуын бақылайды;

      өндіріс көлемінің жоспарланған өсуіне, еңбекті көп қажетсінуді төмендету бойынша тапсырмаларға байланысты құрылымдық бөлімшелердің еңбегіне ақы төлеу қорларын қалыптастыруды басқарады;

      еңбекке ақы қорын жұмсауды, жалақы, лауазымдық айлықақы (тарифтік мөлшерлеме) төлеу және есептеу, жұмыскерлерге разрядтар белгілеу нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдануды бақылайды;

      басқарудың ұйымдық құрылымдарын жетілдіру, ұйымның құрылымдық бөлімшілер туралы тәртібі мен жұмыскерлерге нұсқаулықтар әзірлеу әзірлеу, коммуникациялар мен байланыстың, есептеу техникасының қазіргі заманғы техникалық құралдарын және ақпаратты өндеу озық технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      еңбек жағдайлары, өндіріс көлемі өзгерген жағдайда ұйымда жұмыс істейтіндер санының негізсіз қысқаруын ескертетін ұйымдастыру шаралардың әзірлеуін басқарады;

      еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқаруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымды кеңейту мен реконструкциялау жобаларын қарауға қатысады;

      әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде ұжымдық келісімшарттардың жобаларын әзірлейді және олардың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді;

      ұйымның жұмыскерлері, мамандары және өзге де қызметшілері үшін еңбекті ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша семинарлардың, дәрістердің және консультациялардың өткізуін ұйымдастырады, кәсіби шеберлік конкурстарының және жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін дамыту, озық өндірістік тәжірибені тарату бойынша іс-шаралардың шарттарын әзірлеуге қатысады;

      ұйымда еңбек заңнаманың, еңбекті ұйымдастыру мен еңбекке ақы төлеу, өндірісті басқару мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылайды;

      еңбек көрсеткіштері есебінің жүргізілуін және белгіленген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады, тиісті бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, еңбекті ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.

      283. Білуге тиіс:

      еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;

      ұйымның құрылымы мен штаттары, оның бейіні, мамандануы және даму перспективалары;

      еңбек жөніндегі жоспарларды, күнтізбелік жоспарларды әзірлеу, нормаларды қайта қарау тәртібі;

      еңбек бойынша көрсеткіштер жүйесі, оларды талдау және есепке алу әдістері;

      еңбекке ақы төлеу, материалдық пен моральдық ынталандыру нысандары мен жүйелері;

      еңбекті нормалау әдістері, еңбек бойынша нормативтерді әзірлеу тәртібі;

      салалық пен аймақтық келісімдер, ұжымдық келісімшарттар жасау тәртібі;

      қызметшілер лауазымдары және жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары;

      жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерін тарифтеу, жұмысшыларға еңбекақы төлеу разрядтарын белгілеу тәртібі;

      бөлімшелер туралы тәртібіді, қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі;

      ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары;

      жұмыс уақытының шығындарын, еңбек тәсілдері мен әдістерін зерттеу, нормалардың сапасын талдау, техникалық негізделген нормаларды есептеу кезінде қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар;

      өндіріс технологиясының негіздері;

      социология және еңбек психологиясы, қатынас психологиясы негіздері;

      ұйымдастырудың озық отандық пен шетелдік тәжірибесі;

      есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      284. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

93-параграф. Фотозертхана (фотоателье) меңгерушісі

      285. Лауазымдық міндеттері:

      фотозертхананың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      ұйым бөлімшелерінің немесе халықтың тапсырысы мен өтінімі бойынша фотожұмыстың барлық түрін уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

      фотожұмыстарды орындауға өтінімді қабылдау мен тіркеуді, техникалық құжаттаманың түсетін есебін және орындалған жұмыстар мен фотоматериалдар шығыны туралы есепті құрастыруды ұйымдастырады;

      фотозертхана қабылдаған техникалық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертхананың жабдыққа және фотоматериалдарға қажеттілігін айқындайды, оларды сатып алуды белгіленген тәртіпен қамтамасыз етеді, жағдайын, дұрыс сақталуы мен пайдаланылуын қадағалайды;

      жабдықты алдын ала тексеру мен уақтылы жөндеуді, бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеруді ұйымдастырады;

      ақауға алып келетін себептерді зерттейді, олардың алдын алу бойынша шараларды қабылдайды;

      фотоматериалдарды өңдеудің анағұрлым жетілген технологиялық процестерін және режимдерін әзірлеуге және игеруге басшылықты жүзеге асырады;

      жұмыстың алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін енгізу, оның сапасын арттыру және жобалық әзірлемелерді тездетіп шығару бойынша шараларды қабылдайды;

      фотожұмысты орындау кезінде зертхана жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қадағалайды.

      286. Білуге тиіс:

      фото- және фотокөшіру жұмыстарын орындау техникасы бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

      фотосурет түсіру және өңдеу тәртібі;

      фотозертхана жабдықтарының құрылғысы және пайдалану тәртібі;

      жұмыста пайдаланылатын фотоматериалдар және олардың техникалық сипаттамалары;

      тапсырысты ресімдеу, есепке алу және беру тәртібі;

      еңбекті ұйымдастыру, маркетинг негіздері, озық тәжірибе;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      287. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және осы салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

94-параграф. Цех (учаске) бастығы

      288. Лауазымдық міндеттері:

      цехтың (учаскенің) өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      өндірістік тапсырмалардың орындалуын, жоғары сапалы өнім шығару ырғақтылығын, негізгі және айналым қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      өндірісті, оның технологиясын ұйымдастыруды, өндірістік процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды жетілдіру, ақаудың алдын алу және бұйымдардың сапасын арттыру, ресурстың барлық түрін үнемдеу, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын ендіру, жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу және ұтымды ету, еңбек өнімділігін арттыру және өндіріс шығындарын азайту резервтерін пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді;

      ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есеп жүргізуді, цехтың (учаскенің) өндірістік қызметі туралы есептілікті жасауды және уақтылы беруді, шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарын ендіру, еңбек нормасын жасауды жақсарту, еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандарын және жүйелерін дұрыс пайдалану, алдыңғы қатарлы еңбек тәсілдері мен әдістерін жалпылау және тарату, ұқсас өнім өндіруді конструкциялаудың және технологиясының отандық және шетелдік озық тәжірибесін зерделеу және ендіру, рационализациялау және өнертапқыштықты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      жабдықтарды және өзге негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды және оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын, сондай-ақ жұмыс істеушілерге еңбек жағдайлары бойынша жеңілдіктерді уақтылы беруді қамтамасыз етеді;

      мастерлер мен цех қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;

      кадрларды іріктеуді, орналастыруды және мақсатты пайдалануды жүзеге асырады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, өрт қауіпсіздігін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек ттәртібінің тәртібін сақтауын бақылайды;

      цехтың жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      289. Білуге тиіс:

      цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның және цехтың техникалық даму перспективалары;

      цехтың (учаскенің) өніміне, оны өндіру технологиясына қойылатын техникалық талаптар;

      цехтың жабдығы және оны техникалық пайдалану тәртібі;

      техникалық-экономикалық және ағымдағы өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістері;

      цехтың (учаскенің) өндірістік-шаруашылық қызметінің нысандары мен әдістері;

      еңбекақы төлеу жөніндегі қолданыстағы ережелер және материалдық ынталандыру нысандары;

      ұқсас өнім өндіру саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      290. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша маман лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

95-параграф. Шаруашылық бөлімнің бастығы

      291. Лауазымдық міндеттері:

      ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау тәртібі мен нормаларына сәйкес тиісті жай-күйін, сонымен қатар жабдықтардың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және өзгелер) жарамдылығына бақылауды қамтамасыз етеді;

      негізгі қорларды (ғимараттардың, сумен жабдықтау, ауа құбырларының және өзге де) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметаларын жасауға қатысады;

      үй-жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды;

      жиһазбен, шаруашылық инвентарьмен, инженерлік пен басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды;

      қызмет көрсетуге, кеңсе құралдарын, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдық пен инвентарьды алуға және сақтауға шарттар жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және білгіленген есептіліктің жасалуын ұйымдастырады;

      шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылайды;

      қызметтік іссапарға келген делегациялар мен адамдарды тіркеу мен қабылдап алуды және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      ғимараттың сыртын және өтпелі жерлерді мерекелік бейнелі әсемдеу, аумақты жинау мен абаттандыру жұмыстарын басқарады;

      өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге де іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      жұмыс күнінің тәртібін және демалыс кестесін құру, түскі үзілістерде жұмыскерлердің түскі үзіліс уақытында ұтымды тамақтануы, табельдік есепке алуды ұйымдастыру жұмыстарын орындайды;

      өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өртке қажетті инвентарьды жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;

      байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды;

      бөлім жұмыскерлерін басқарады;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

      292. Білуге тиіс:

      әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның құрылымы және оның даму перспективалары;

      табельдік есеп жүргізу тәртібі;

      есептілікті жасау мерзімі мен тәртібі;

      байланыс, есептеу және ұйымдастыру техникасы, қол еңбегін механикаландыру құралдары;

      жабдықтарды, жиһазды, инвентарды, кеңсе заттарын сатып алу және көрсетілген қызмет үшін есептесулерді ресімдеу тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      293. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

96-параграф. Шаруашылық меңгерушісі (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер)

      294. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымды немесе оның құрылымдық бөлімшелерін жабдықтау және оларға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысты басқаруды жүзеге асырады;

      шаруашылық инвентарьдың сақталуын, қалпына келуі мен толықтырылуын, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      үй-жайлардың жай-күйін қадағалайды және оларды уақтылы жөндеу бойынша шаралар қабылдайды;

      жұмыскерлерді кеңсе құралдарымен және шаруашылыққа қажетті заттармен қамтамасыз етеді;

      қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына басшылық жасайды;

      жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.

      295. Білуге тиіс:

      ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдары;

      үй-жайларды пайдалану тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      296. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

97-параграф. Шеберхана бастығы (меңгерушiсі)

      297. Лауазымдық міндеттері:

      жылжымалы құрамға, агрегаттар мен машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қосымша бөлшектер мен бұйымдарды жасау бойынша жұмысқа басшылық етедi;

      белгіленген тапсырмалар және шарттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етедi;

      жөндеу жұмысшыларының тиімді еңбегін ұйымдастыруға, жөндеу жұмыстары жоғары сапалы болған кезде жөндеу құнының төмендетілуіне жәрдемдеседі;

      жұмыстың нәтижелерiн талдайды, шеберхананың өндiрiстiк қызметі туралы есепке алуды, есептілікті жасау мен уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;

      өндiрiстiң ұйымдастырылуын, технологияны, өндiрiстiк процестердi механикаландыру және автоматтандыруды жетiлдiру, ақаулықтың алдын алу және жөндеу сапасын арттыру бойынша жұмысты орындайды;

      еңбектi ұйымдастыру және өндiрiстi ұйымдастыру мен жабдықты пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжiрибесiн пайдалану, рационалдау мен өнертапқыштықты дамыту бойынша шараларды енгізуді қамтамасыз етеді;

      учаске мастерлерінің жұмысын үйлестіреді;

      кадрларды іріктеуді, оларды орналастыруды және тиімді пайдалануды жүзеге асырады;

      жұмыстарды және жұмысшыларды тарификациялауға қатысады;

      өндірістік процестің барысын, жабдықтың, энергетикалық және материалдық ресурстардың, қосымша бөлшектер мен бұйымдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік нұсқамалардың жүргізілуін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормаларын және тәртібін, өндірістік және еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

      298. Білуге тиіс:

      жылжымалы құрам мен жабдықтарды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      шеберхананың өндірістік қуаты, оны дамыту перспективалары;

      жөндеу жұмыстарының технологиясы;

      учаскелерді мамандандыру және олардың арасындағы өндірістік байланыстар;

      өндірістік учаскелердің жабдықтарының техникалық сипаттамалары;

      жөнделетін жабдықтар мен жылжымалы құрамның конструктивтік ерекшеліктері;

      еңбекақы төлеу ережелері және материалдық ынталандыру нысандары;

      жабдықтар мен жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;

      жөндеу жұмыстарын жүргізуді жедел бақылауды ұйымдастыру;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      299. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

98-параграф. Экономикалық мәселелер бойынша директордың (директор, вице-президент) орынбасары (аға экономист)

      300. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) сапасын арттыруға, оның өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігінің өсімінқамтамасыз етуге, ең аз материалдық, еңбек пен қаржы ресурстары шығынымен жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталған экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады;

      жасасқан шаруашылық шарттарға сәйкес бәсеке жағдайында қызметтің перспективалық жоспарын құрастыру, олардың негізіне алынған қажетті негіздемелерімен және есептерімен жоспарларды әзірлеу бойынша, сонымен қатар шаруашылық тетікті, экономикалық жұмысты жетілдіру, өндіріс резервтерін пайдалану бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жасау бойынша ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және әдістемелік басқарады;

      экономикалық жоспарлардың негізділігін арттыруға, ғылым мен техника, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру жетістіктерін ескере отырып, материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті техникалық-экономикалық нормативтері негізінде жоспарлы көрсеткіштерді белгілеуге ықпал етеді;

      ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізделуінің жоғарғы деңгейіне жету бойынша, жоспарлауды, тауарлық-материалдық құндылықтар шығыны нормаларын, айналым қаражаты мен өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту бойынша жұмысты жүргізеді;

      ұйымның өндірістік бөлімшелерінің жұмысын техникалық-экономикалық жоспарлау, күрделі салымдардың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігінің есебі бойынша әдістемелік материалдарды, өндіріс резервтерін барынша жұмылдыру мен жаңа техниканы және технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру әзірлеуді ұйымдастырады;

      басқарудың экономикалық әдістерін енгізу, рөлін арттыру мен жетілдіру бойынша жұмысқа әдістемелік басшылықты және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      ұйымның шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

      өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысады, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін арттыруға, ұйымның шаруашылық дербестігі мен экономикалық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған ұсыныстарды дайындайды;

      ұйымда қолданылатын жоспарлы, есептілік және есеп беру құжаттамасының ұтымды нысандарын әзірлеуді, сондай-ақ шаруашылық қызметті жоспарлау, талдау және есептеу саласындағы экономикалық есептеуді жүргізу үшін басқарудың автоматтандырылған жүйесін және есептеу техникасын кеңінен ендіруді ұйымдастырады;

      қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды қамтамасыз етеді, ұйым мен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалау және кешенді экономикалық талдау жүргізуді, ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану, жұмыс орындарын рационалдау мен аттестациялау өткізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

      ұйымда жүргізілетін экономикалық зерттеулерді басқарады, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғарғы оқу орындармен шығармашылық қарым-қатынас туралы шарттар жасасады;

      өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, техниканы дамытуға бағытталған іс-шараларды экономикалық бағалау әдістерін, сондай-ақ экономика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибелі пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді ұйымдастырады;

      экономикалық ғылыми жетістіктерді практикаға енгізу бойынша шараларды жүзеге асырады;

      жаңа техниканы және технологияны енгізудің, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың, сондай-ақ оларды құру мен игеру кезінде өнімнің жаңа түрлерін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізу тиімділігін экономикалық есептеуді және талдауды жүргізуді ұйымдастырады;

      ұйымдардың және экономикалық қызмет түрінің өзге де ұйымдарының жұмыс көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізуді, экономикалық жұмыс саласындағы озық тәжірибені енгізуді басқарады;

      ұйым жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бойынша (өндіріс көлемі, еңбек өнімділігін көтеру, өнімдердің өзіндік құнын азайту, табыстарды көбейту бойынша) іс-шараларды әзірлеу мен ендіруге, экономикалық жұмыстың прогрессивтік әдістері мен нысандарын іске асыруға қатысады;

      мамандардың экономикалық білім деңгейін арттыру бойынша жұмысты басқарады;

      жоғары тұрған органдарға экономикалық қызметтің нәтижелері туралы есептілікті уақытында ұсынуды бақылайды;

      ұйымның экономикалық жұмыстарды атқаратын құрылымдық бөлімшелерін басқарады, өндірісті басқару бойынша экономикалық анағұрлым орынды шешімдерді енгізуге жәрдемдеседі.

      301. Білуге тиіс:

      экономикалық қызметтің тиісті түрінің даму бағыттарын айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымдарда экономикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар;

      ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері;

      ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары;

      ұйымның өндірістік қуаты;

      ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі;

      ұйымды басқарудың экономикалық әдістері, ұйымда жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;

      өнімнің, техниканың, технологияның жаңа түрлерін, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды енгізуден экономикалық тиімділікті есептеу тәртібі;

      материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібі;

      шаруашылық шарттар жасау және орындау тәртібі;

      экономикалық қызметтің тиісті түрлеріндегі отандық және шетелдік техника мен ғылым жетістіктері және озат ұйымдардың экономикалық жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру саласындағы тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      302. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және басшы лауазымында кемінде 5 жыл экономикалық жұмыс өтілі.

99-параграф. Экспедиция меңгерушісі

      303. Лауазымдық міндеттері:

      экспедиция жұмысына басшылық жасайды;

      түсетін жүктерді, құжаттар мен хат-хабарды қабылдау, өңдеу, жіберілуге тиіс жеріне жіберу, олардың сақталуын және тиісті мекенжайға уақтылы жеткізілуін ұйымдастырады;

      экспедиция арқылы келіп түсетін жүктер мен құжаттарды алып жүру бойынша нұсқаулық жасайды;

      ораманың (буманың) сақталуын және ілеспе құжаттарға сәйкес ішкі салымының болуын тексеруге қатысады, қажет болған жағдайда – жетіспеушілікті немесе бүлінуді анықтау бойынша актілер жасауға қатысады;

      экспедиция жұмыскерлерін еңбекті механикаландыру құралдарымен, инвентарьмен, арнайы жабдықпен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, дұрыс пайдаланылуын және техникалық жарамдылық жай-күйін тексереді;

      көліктің қажетті түрлерінің болуын, дұрыс тасымалдаудың ұйымдастырылуын, жүктердің, құжаттар мен хат-хабардың орналастырылуын және жайғастырылуын, қабылдау-тапсыру құжаттарының дұрыс ресімделуін бақылайды;

      есеп жүргізу, белгіленген есептілікті жасау, жеткізу мерзімін сақтау туралы анықтама дайындау жұмыстарын ұйымдастырады;

      жүктерді, құжаттар мен хат-хабарды тасымалдау кезінде сақтаудың қажетті режимін қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      304. Білуге тиіс:

      іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ұйымның құрылымы, хат-хабарларды өңдеу тәсілдері мен әдістері, іс жүргізуді ұйымдастыру;

      тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

      жүкті қабылдау және тапсыру тәртібі, жүктерді негізгі жеткізушілердің, олардың қоймаларының мекенжайлары;

      жүктерді қабылдау және жеткізу құжаттарының нысандары және оларды ресімдеу тәртібі;

      көлікке қойылатын талаптарды құрастыру тәртібі;

      экспедицияланатын материалдарды тасымалдау, қоймаға жинау және сақтау ерекшеліктері;

      жүктерді, құжаттар мен хат-хабарды жіберушілер мен алушыларды тіркеу тәртібі;

      олардың жеткізілуіне бақылау ұйымдастыру, белгіленген есептілік;

      еңбекті механикаландыру құралдары, арнайы жабдықтар мен мүкәммал;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      305. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және экспедитор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

100-параграф. Энергетика менеджері (Энергетика аудиторы)

      306. Лауазымдық міндеттері:

      энергетика менеджменті стратегияларын және объектідегі жабдықтың энергияны тұтынуы бойынша ақпараттық материалдарды тексеру және жинау жөніндегі жоспарларды әзірлейді;

      энергетика жабдықтары мен энергетика желілерінің ағымдағы жағдайына, өндіріс жоспарларына және ұйымның электр энергиясын тұтынуына, шығыс нормаларына және энергияның барлық түрін тұтыну режимдеріне талдауды жүзеге асырады;

      энергияны үнемдеу іс-шараларын әзірлейді;

      энергия тұтынудағы үнемдеу бойынша іс-шараларды бағалауды ескере отырып энергия тұтынуға талдау жүргізеді;

      өндірістік процесті, жабдықты, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және оның жұмыс істеуін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      энергия тұтынуды есепке алу жүйесін құрады және қажет болған кезде оны автоматтандырады;

      энергияны үнемдеу іс-шараларына инвестиция салуға бақылауды жүзеге асырады;

      ішкі энергетикалық аудитті жүргізеді;

      энергия тұтынудың салмақтық нормаларын айқындап, қамтамасыз етеді;

      кәсіпорын персоналын энергетика менеджменті бойынша қызмет туралы хабардар етеді және қазіргі уақытта қабылданып жатқан, энергияны үнемдеуге бағытталған шаралар туралы хабардар етеді.

      307. Білуге тиіс:

      ұйымға энергетикалық қызмет көрсету бойынша заңнамалық, өзге де құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

      ұйымның профилін, мамандануын және энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру ерекшеліктерін;

      ұйым шеңберінде энергетикалық менеджмент стратегиясын әзірлеу дағдыларын;

      кәсіпорын бюджетін қалыптастыру принциптері мен энергетикалық тиімділік саласындағы бизнес-жоспарларды әзірлеу әдістерін;

      кәсіпорынның энергияны үнемдейтін жұмыскерлерін көтермелеу әдістемесін;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      308. Біліктілігіне қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

101-параграф. "HR" - Бизнес серіктес

      309. Лауазымдық міндеттемелері:

      ұйымның ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, "HR" жұмысының барлық бағыттары бойынша стратегиялық пайымды қалыптастырады;

      бизнестің стратегиялық мақсаттарын коммуникация, ақпараттық сессиялар арқылы қызметкерлер деңгейіне дейін трансляциялауға жәрдемдеседі;

      "HR"-бастамаларға бизнес-қажеттіліктерді қалыптастырады және нарықтағы "HR" басшылығына қазіргі озық тәжірибелерді талдауға, саланы дамытудың негізгі трендтерін және олардың персоналға әлеуетті әсерін талдауға қатысады;

      озық тәжірибелерді қолдану және "HR" ұйымның жұмыс бағыттарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және ілгерілетеді;

      құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, "HR" мәселелері бойынша басшылыққа кеңес береді, "HR" қызметтерінің "провайдері" және сараптама орталықтарының қызметтерін орындайды;

      бизнестің стратегиялық міндеттерін шешуге және анықталған тәуекелдерді төмендетуге ықпал ететін "HR"-іс-шараларды жоспарлайды және іске асырады;

      ұйымның бизнес шешімдерін қолдау үшін "HR" метрикалары мен өзекті "HR" талдауын пайдаланады;

      "HR" саласындағы нормативтік құжаттарды өзектендіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады;

      ұйымның бизнес мақсаттарына сәйкес еңбек ресурстарының жоспарын қалыптастырады, ұйымдық құрылымға, штат кестесіне, сондай-ақ нарықтық практикалармен салыстырмалы талдауды ескере отырып, санның өзгеру қажеттілігіне талдау жүргізеді;

      персоналға арналған шығыстар жоспарын келіседі, оның есепті кезеңде ұйымның қойылған стратегиялық және тактикалық (операциялық) мақсаттарына сәйкестігін тексереді;

      еңбек ресурстары жоспарының (кадрларды іріктеу мен жалдауға, оларды қызметке кіру кезінде бейімдеуге қатысады) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      мақсаттар қою бойынша уақтылы коммуникацияны қамтамасыз етеді және қызметкерлердің мақсаттарының ұйымның стратегиялық мақсаттарымен келісілуін бақылауға қатысады, қызметкерлердің мақсаттарының орындалу дәрежесіне тұрақты мониторинг жүргізеді;

      қызметкерлердің қызметін бағалау процесіне қатысады;

      ұйым бойынша кадр резервін келіседі;

      ұйым басшылығымен бірлесе отырып, ұйымның негізгі лауазымдары бойынша сабақтастық жоспарын қалыптастырады және қажеттілікті анықтайды;

      ұйым қызметкерлерін оқыту және дамыту қажеттілігін анықтайды;

      ұйымның ұзақ мерзімді даму жоспарларына және оның бизнес мақсаттарына сәйкес ұйымның басшылығымен бірлесіп, персоналды ротациялау бойынша жоспарды қалыптастырады;

      студенттермен жұмыс бойынша бағдарламаларды жоспарлайды;

      ерекше сіңірген еңбегі үшін қосымша және (немесе) материалдық емес сыйақы беру үшін, қызметкерлерді ұйым басшылығымен бірлесіп айқындайды;

      сала бойынша нарықтық практикалардың салыстырмалы талдауына негізделе отырып, ұйым персоналына сыйақы беру бойынша шығындар жоспарын бақылайды;

      ұйымның корпоративтік мәдениетін және/немесе әлеуметтік тұрақтылығын жақсарту бойынша басқару шараларын қабылдау мақсатында зерттеу нәтижелеріне мониторинг жүргізеді;

      тиімділік және командалық жұмыс мәдениетін дамытады;

      қызметкерлер арасында мүмкін болатын келіспеушіліктерді болжайды және басшылықпен бірге оларды болдырмау бойынша ортаны қалыптастырады;

      заңнамасын сақтау үшін күрделі мәселелер бойынша консультациялар бере отырып, еңбек қатынастарын басқаруға қатысады;

      ұйым қызметкерлері арасында табысты ынтымақтастық орнатады;

      тиімділік және командалық жұмыс мәдениетін дамытады.

      310. Білуге тиіс:

      заңнаманы және еңбек қызметін реттеу негіздерін;

      компанияның қызметін реттейтін тәртібіді, нұсқаулықтарды және өзге де басшылық материалдары мен құжаттарын;

      еңбекті ұйымдастыру негіздерін;

      "HR"-стратегиясын, ұйымдық құрылымын, өзгерістерді басқаруды, көшбасшылық дағдылары мен қызметкерлерді дамытуды, өтемақы және жеңілдіктерді, рекрутинг, оқыту және дамытуды;

      түрлі сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен (мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, өндірістік алаңдар, ақпарат баспасөз құралдары) тиімді өзара іс-қимыл негіздерін;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      311. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      персоналды басқару, құқықтану, экономика және қаржы, бизнесті басқару (менеджмент), психология және осыған ұқсас гуманитарлық білім саласында кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басқару, құқықтану, экономика және қаржы, бизнес басқару (менеджмент), психология және осыған ұқсас гуманитарлық білім саласында жұмыс өтілі және адам ресурстарын басқару саласында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуға тиіс;

      холдинг компаниялары үшін: персоналды басқару, құқықтану, экономика және қаржы, бизнес басқару (менеджмент), психология және осыған ұқсас гуманитарлық білім саласында кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мүмкіндігінше "МВА" (іскерлік әкімшілік ету магистрі), "MSС" (табиғи ғылымдар магистрі), "МА" (гуманитарлық ғылымдар магистрі) немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі және адам ресурстарын басқару саласында кемінде 8 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2-тарау. Мамандар лауазымдары

1-параграф. Автотехникалық сараптама жөніндегі маман (Сарапшы-автотехник)

      312. Лауазымдық міндеттері:

      көлік құралдарының техникалық жай-күйі, жол-көлік оқиғасының механизмі, жол ахуалы және қозғалыс қатысушыларының іс-әрекеттері, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының туындауына ықпал ететін жағдаяттар туралы нақты деректерді пайдалана отырып, автотехникалық сараптама жүргізуді жүзеге асырады;

      сараптаманы жүзеге асыру кезінде жекелеген бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың, жүйелердің және қосымша жабдықтың нақты өзгерістерін (зақымдануын), олардың жол-көлік оқиғасынан немесе сыртқы әсерлерден (әртүрлі заттардың тиію, атмосфералық құбылыстар және т.б.) болатын себептерін анықтау мақсатында көлік құралдарының техникалық жай-күйіне зерттеу жүргізеді;

      көлік құралдарына түрлі факторлардың әсерінің нәтижесінде болған көлік құралының өзгерістерінің (зақымдануының) күрделілігін және сипатын, сонымен қатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының технологиясы мен әдістерін айқындайды;

      сараптама жүргізу кезінде қолданылған техникалық талаптарға және мемлекеттік, халықаралық талаптарға, сондай-ақ көлік құралдарын жасаушы зауыттардың нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес зақымдалған көлік құралдарын қалпына келтіру үшін қажетті бақылау-диагностикалау жабдығы мен аспаптар қорын қолдану қажеттілігін негіздейді;

      көлік құралдарының зақымданулары мен техникалық ақаулықтарының себептері мен туындау уақытын анықтайды;

      жол көлік оқиғасы басталған сәтке дейін техникалық ақаулықты анықтау мүмкіндігін, көлік құралдарының анықталған ақаулығы (зақымдануы) және оқиға жағдайы арасындағы себептік байланысты, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйіне байланысты, жол көлік оқиғасының туындауына мүмкіндік туғызған немесе тудыруы мүмкін оқиғалар мен жағдайлар сәтінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін анықтау кезінде жол көлік оқиғасының (басып кету, қақтығысу, аударылып қалу, жанып кету және тағы сондайлар) алдын алу мүмкіндіктерін талдайды;

      көлік құралының жылдамдығы және қозғалыс бағытын, тежегенде тоқтайтын жолын, қақтығысқан көлік құралдарын арасындағы күштің әсерін ету бағытын, олардың жол көлік оқиғасының түрлі сәттеріндегі өзара жағдайын айқындау мақсатында жол-көлік оқиғасының механизмін немесе оның жекелеген элементтерін (фазаларын) сипаттайтын жағдайларды зерттейді;

      көлік құралдарының белгілі бір жол учаскелерін жүріп өту уақытын, қозғалыс үшін оқиғаның алдын алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін қауіп туындаған сәтті айқындайды;

      жол оқиғасының қажетті есептерін, модельдеуді және эксперименттер (жүргізуші оқиғаның алдын алу мүмкіндігі болған кездегі көлік құралы мен кедергінің өзара жағдайына), сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін (жүргізушінің көлік құралын басқару жөніндегі қандай іс-қимылдары қозғалыс үшін қауіп туындаған сәттен бастап жол қозғалысы тәртібіды көзделген талаптарға сәйкес жол-көлік оқиғасының алдын алуы мүмкін екенін) қамтамасыз ету үшін жүргізушілердің қалыптасқан жол ахуалындағы іс-қимыл тәртібі белгілеу мақсатында жол-көлік оқиғаларына қатысушылардың іс-әрекеттерін зерттеуді жүргізеді;

      жүргізуші қозғалыс үшін қауіптің туындауын, жүргізушінің көлік құралын және жол-көлік оқиғасының салдарын басқару жөніндегі іс-әрекеттері не әрекет жасамауы арасындағы себептік байланысты білуге тиіс және білген кезде жүргізушінің қозғалыс жылдамдығын төмендету арқылы оқиғаны болдырмау немесе алдын алу үшін қажетті іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін белгілейді;

      техникалық деректер және объективтік заңдылықтарды есепке алуды пайдалану негізінде көлік құралдарының және өзге объектілердің қозғалысын сипаттайтын параметрлер мен коэффициенттердің мәндерін (ілініс, бәсеңдеу, шайқалу кедергісінің коэффициенттері), жол көлік оқиғасы болған сәтте жүргізушінің орнынан көру және шолу жағдайларын (жол оқиғасы туралы деректер және жүргізілген шолу нәтижесі бойынша), жол оқиғасының туындауына себеп болған немесе болуы мүмкін жол көлік оқиғасының алдындағы жол оқиғасына қатысты жағдайларды анықтау үшін жол көлік оқиғасының орнындағы жағдайды зерттейді;

      жол-көлік оқиғасының алдын алудың техникалық мүмкіндігін тек сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) көрсеткен бастапқы деректер бойынша ғана емес, сонымен қатар есептеу арқылы алынған деректер бойынша, оның ішінде оқиға ахуалының ұсынылған материалдардан туындайтын бірнеше нұсқасы бойынша айқындайды;

      жүргізілген автотехникалық сараптаманың ғылыми негізділігін, толықтығын және дәлелділігін, сондай-ақ көлік құралдарының (автомото көлік, қалалық электр көлігі және өзі жүретін өзге көлік) қозғалысының қауіпсіздігіне және пайдалануға байланысты өзге мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді; отандық және шетелдік арнайы әдебиетті, сондай-ақ компьютерлік дерекқорларды зерделеу негізінде зерттеу жүргізеді және арыз талаптың негізділігі, көлік құралдарын жөндеудің қалпына келтіру құнының есебінің дұрыстығы, жол көлік оқиғасында келтірілген мүліктік шығынның мөлшерін анықтау жөнінде ұсынымдар береді;

      сараптама жүргізудің мәнін және мақсатын, меншік иесінің автотехникалық сараптама объектісіне құқықтардың тиесілігін белгілеу бойынша жұмыстар жүргізеді;

      құқықтық сараптама жүргізу үшін автотехникалық сараптама объектісі туралы ақпаратты талдайды;

      автотехникалық сараптаманың нысандары мен әдістерін негіздейді;

      іскерлік байланыстарды жүзеге асырады, клиенттермен келіссөздер жүргізеді, белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған шарттарды ресімдейді, олардың орындалуын бақылайды;

      клиенттерге автотехникалық сараптама жүргізуге қатысты материалдары дайындау кезінде басшылыққа алу үшін қажетті болатын қолданылып жүрген тәртібідің және нормативтік құқықтық актілердің талаптары бойынша консультация береді;

      заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, сондай-ақ автотехникалық сараптаманы жүзеге асыру кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, сараптамалық қорытындылар, актілер және жүргізілген жұмыс туралы белгіленген есептілік жасайды;

      сараптама барысында пайдаланылатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.

      313. Білуге тиіс:

      автотехникалық сараптамаға қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      автотехникалық сараптама жүргізудің нысандары мен әдістері, автотехникалық сараптама объектілерінің құнын белгілеу бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

      автотехникалық құралдардың тораптары мен агрегаттарының конструкциясы, олардың жұмыс принциптері, туындауы мүмкін ақаулықтар мен олардың себептері;

      қазіргі заманғы көлік құралдары конструкцияларының ерекшеліктері және олардың қосымша жабдықтары;

      автомобильдердің басқарылу және беріктік негіздері, автотехникалық құралдардың жарақтандырылуына қарай "Автомобиль - жүргізуші - жол - қозғалыс ортасы" жүйесінің ерекшеліктері;

      жол қозғалысы тәртібі, көлік ағындарын басқару жүйесі;

      жол оқиғаларын модельдеуге, тежеу және тоқтау жолының ұзындығын белгілеуге байланысты есептер жүргізу әдістері;

      көлік құралдарын бағалау нысандары мен әдістері;

      автотехникалық сараптама объектілерін пайдаланудың бәсекелестік туғызатын факторларын белгілеу тәртібі;

      кеден тәртібі, автотехникалық сараптама объектілерін сатып алу-сату шарттарын жасау және меншік құқықтарын өткізуді тіркеу тәртібі;

      автотехникалық сараптама объектілеріне байланысты құқықтық мәселелерді реттейтін халықаралық шарттар мен келісімдер;

      экономика және бухгалтерлік есеп негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, клиенттермен келіссөздер жүргізу тәртібі;

      автотехникалық сараптама және автотехникалық сараптама нәтижелерін пайдалану саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;

      құқық негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      314. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы-автотехник): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автотехникалық сараптама мәселелері бойынша сараптамалық зерттеулердің барлық түрін шектеусіз жүргізу құқығы бар "І санаттағы сарапшы автотехник" бағдарламасы бойынша қосымша даярлық, ІІ санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы-автотехник) лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      ІІ санаттағы автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы-автотехник): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жол-көлік оқиғалары себептеріне сараптамалық зерттеулер және олардың туындауына (көлік-трассологиялық зерттеулер жүргізу құқығынсыз) математикалық талдау жүргізуге құқығы бар "ІІ санаттағы сарапшы автотехник" бағдарламасы бойынша қосымша даярлық, санатсыз автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник) лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз автотехникалық сараптама жөніндегі маман (сарапшы автотехник кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және көлік құралдарына сараптама жүргізу құқығы бар (жол-көлік оқиғаларының тетігі және көлік-трассологиялық зерттеулер жөнінде қорытынды жасау құқығынсыз) маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

2-параграф. Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер

      315. Лауазымдық міндеттері:

      ақпаратты қорғаудың арнайы техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын жобалау және енгізу, ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру және техникалық шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      қойылған міндет шегінде ең орынды практикалық шешімдерді табу және таңдау мақсатында зерттеулер жүргізеді;

      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары және әдістері бойынша техникалық әдебиетті, нормативтік және әдістемелік материалдарды іріктеуді, зерттеу және жалпылауды жүзеге асырады;

      техникалық тапсырмаларды, ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарлары мен кестелерін қарауға, қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

      есептеу әдістемелері мен ақпаратты техникалық қорғау бойынша эксперименталдық зерттеулердің бағдарламаларын құрастырады, әзірленген әдістемелерге және бағдарламаларға сәйкес есептеулер жүргізеді;

      зерттеулер мен сынақтардың деректерін салыстырмалы талдауды жүргізеді, ақпарат жария болып қалуы мүмкін көздер мен арналарды зерттейді;

      ақпаратты қорғау жүйесін техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, ақпаратты қорғаудығ техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақпаратты қорғауды жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындауға, ғылыми-техникалық есептердің бөлімдерін жазуға және ресімдеуге қатысады;

      ақпаратты техникалық қорғау бойынша ақпараттық шолулар құрастырады;

      ақпаратты қорғау жүйесінің техникалық құралдары мен механизмдерін бақылауды қамтамасыз етуге байланысты жедел тапсырмаларды орындайды, ұйымдарға ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша тексерулер жүргізуге, нормативтік-техникалық материалдар мен техникалық құжаттамаға сын-пікірлер және қорытындылар дайындауға қатысады;

      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары саласындағы қызметтерді ұсынатын өзге ұйымдармен келісімдер және шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар дайындайды, қажетті материалдарға, жабдыққа, аспаптарға өтінімдер құрастырады;

      объектілерді, орын-жайларды, техникалық құралдарды, бағдарламаларды, алгоритмдерді тиісті қауіпсіздік кластары бойынша ақпаратты қорғау талаптарына сәйкестігіне аттестаттауды жүргізуге қатысады;

      ақпаратты қорғаудың әрекеттегі жүйелері мен техникалық құралдарының жұмысқа қабілеттілігі мен тиімділігін бақылап тексерулерді жүргізеді, бақылап тексерулердің актілерін жасайды және ресімдейді, тексерулердің нәтижелерін талдайды және қабылданып жатқан шараларды жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      ақпаратты қорғау және құпиялылық режимде сақтау бойынша жұмысты жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында өзге ұйымдардың оны қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытады;

      жұмыстарды жүргізу режимін жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жұмыстарды орындайды.

      316. Білуге тиіс:

      ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

      ұйымның мамандануы және қызметінің ерекшеліктері;

      ақпаратты алу, өңдеу және жіберу әдістері мен тәсілдері;

      ақпаратты қорғауды техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-техникалық және өзге де арнайы әдебиеттер;

      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары, ақпараттық қорғаудың бағдарламалық-математикалық құралдары;

      ақпаратты қорғау жөніндегі техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

      ақпарат жария болып қалуы мүмкін арналар;

      ақпаратты талдау және қорғау әдістері;

      ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      арнайы жұмыстарды жүргізу режимін сақтау жөніндегі нұсқаулықтар;

      техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      317. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және І санатты ақпаратты қорғау жөніндегі техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

3-параграф. Ақпаратты қорғау жөніндегі маманы

      318. Лауазымдық міндеттері:

      мемлекеттік және коммерциялық құпияларды сақтау, әзірленген бағдарламалар мен әдістемелердің негізінде ақпаратты кешенді қорғауды қамтамасыз етуге байланысты күрделі жұмыстарды орындайды;

      ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету және автоматикалық бақылау құралдарын тиімді пайдалану, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің ағу арналарын айқындау бойынша шешімдер мен шаралар жасау және қабылдау мақсатында экономикалық қызмет түріндегі ұйымдардың материалдарын жинайды және талдау жасайды;

      ақпаратты қорғау мен бақылау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарға талдау жасайды және осы қорғаудың тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;

      қорғау объектілерін тексеруге, аттестаттауға және санаттауға қатысады;

      ақпараттарды қорғау жұмыстарын регламенттейтін нормативтік және әдістемелік материалдардың, сондай-ақ тәртібідің, нұсқаулықтардың және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеп, бекітуге дайындайды;

      ақпараттарды қорғау және бақылау бойынша перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары мен шаралар бағдарламаларының керекті бөлімдеріне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу мен оларды уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;

      қайтадан салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттар мен құрылыстар жобасына және ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге әзірлемелерге пікір мен қорытынды береді;

      эскизді, техникалық және жұмыс жобаларын жобалауға техникалық тапсырмаларды қарастыруға, олардың қолданыстағы нормативтік және әдістемелік құжаттарға сәйкестілігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар бақылау аппаратурасының жаңа принциптік схемаларын, бақылауды автоматтандыру құралдарын, ақпаратты қорғау модельдері мен жүйелерін әзірлеуге, ұсынылған және іске асырылудағы ұйымдастыру-техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық деңгейі мен тиімділігін бағалауға қатысады;

      қорғау мен бақылаудың техникалық құралдарына деген қажеттілікті айқындайды, қажетті негіздемелер мен есептерді көрсете отырып оларды алуға өтінімдер жасайды, олардың жеткізілуін және пайдаланылуын бақылайды;

      экономикалық қызмет түрі бойынша ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын тексереді.

      319. Білуге тиіс:

      ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның мамандануы және олардың жұмыстарының ерекшеліктері;

      экономикалық қызмет түріндегі өндіріс технологиясы;

      есептеу орталықтарын техникалық құралдармен жабдықтау, олардың даму перспективалары және жаңғыруы;

      экономикалық қызмет түрінде әрекет ететін ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйесі;

      қорғалудағы мәліметтерді бақылау, ақпараттардың ағу арналарын анықтау құралдары мен әдістері;

      техникалық барлауды ұйымдастыру;

      ақпаратты қорғау және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру әдістері;

      ақпаратты қорғау және бақылаудың техникалық құралдары, оларды жетілдіру перспективалары және бағыттары;

      арнайы зерттеулер мен тексерулерді, ақпаратты берудің, өңдеудің, бейнелеудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістері;

      рефераттық және анықтамалық-ақпараттық басылымдарды, сонымен қатар ғылыми-техникалық ақпараттың өзге де көздерін пайдалану тәртібі;

      техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы еліміздегі және шетелдердегі ғылым мен техниканың жетістіктері;

      есептеулер мен есептеу жұмыстарын орныдау әдістері мен құралдары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      320. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санатты ақпаратты қорғау маманы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санаттағы ақпаратты қорғау маманы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      II санатты ақпаратты қорғау маманы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз ақпаратты қорғау маманы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      ақпаратты қорғау маманы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

4-параграф. Ақпаратты қорғау жөніндегі техник

      321. Лауазымдық міндеттері:

      зерттеулер мен әзірлемелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау жұмыстарына қатысады;

      аппаратура мен құралдарды орнату, жөндеу жұмыстарын реттеуді, техникалық күйін тексеруді, алдын ала тексеру және ағымдағы жөндеуді жүргізеді;

      ақпаратты қорғау және бақылау құралдарын пайдалану жұмысын орындайды, аппаратура мен өзге жабдықтың жұмыстарды қадағалайды;

      қорғауға жататын жұмыстар мен объектілердің, белгіленген техникалық құралдардың есебін, олардың жұмысының бұзылу журналдарын, анықтамалықтарды жүргізеді;

      жоспарлы және жоспардан тыс бақылап тексерулер, жабдықты аттестаттау және қажет болған жағдайда жөндеуге беру үшін техникалық құралдарды дайындайды;

      бақылау жүргізеді, арнайы өлшеулердің хаттамаларын және өзге де техникалық құжаттаманы, оның ішінде ақпаратты қорғау және бақылау құралдарын пайдаланумен байланысты есептілік құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстарды орындайды;

      арнайы есеп жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін қорытады, техникалық есеп, жедел ақпарат дайындайды;

      техникалық құралдардың жұмысында ақауының себептерін анықтайды, оларды жою және алдын алу, пайдаланылатын жабдықтың жоғары сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету, ақпаратты бақылау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      жасалған техникалық шешімдер мен жобаларды енгізуге, жобаланған аппаратураны дайындағанда, жөндегенде, сынағанда, монтажын жүргізгенде, пайдаланғанда техникалық көмек көрсетуге қатысады.

      322. Білуге тиіс:

      ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге және мемлекеттік құпияны сақтауға байланысты мәселелер бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      ұйымның мамандануы және оның қызметінің ерекшелігі;

      ақпаратты қорғау мақсатында қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар;

      орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар;

      жұмыс бейіні бойынша қолданылатын арнайы әдебиеттің терминологиясы;

      ақпаратты алу, өңдеу, беру, бейнелеу және сақтау техникалық құралдарының, бақылау аппаратурасының, қорғау және ақпаратты қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын өзге де жабдықтардың жұмыс принциптері мен пайдалану тәртібі, оларға жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыру;

      өлшеу, бақылау және техникалық есептеу әдістері;

      ақпаратты қорғау бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

      арнайы жұмыстарды жүргізу режимін сақтау жөніндегі нұсқаулық;

      ақпаратты қорғау мен техникалық барлаудың отандық және шет елдік тәжірибесі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      323. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санаттағы ақпаратты қорғау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және II санаттағы ақпаратты қорғау жөніндегі техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмы өтілі;

      II санаттағы ақпаратты қорғау жөніндегі техник: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және санатсыз ақпаратты қорғау жөніндегі техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз ақпаратты қорғау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

5-параграф. Ақпараттық инфрақұрылымдардың бастапқы жүйелерінің ақпараттарының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру маманы

      324. Лауазымдық міндеттері:

      ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындайды;

      ақпарат қауіпсіздігіне ықтимал қауіп-қатерлерді, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің осалдығын анықтайды, басып кіруді анықтау технологияларын әзірлейді, рұқсатсыз қол жеткізу, ақпаратты және ақпараттық-басқару жүйелерінің ресурстарын ашу, түрлендіру немесе жою салдарынан жүйелер мен желілерге зиян келтіруі мүмкін деструктивті ақпараттық әсер ету қатерлеріне байланысты тәуекелдерді бағалайды және қайта бағалайды;

      ақпаратты енгізу бойынша шектеулерді, қауіпсіздікті бұзу инциденттерін басқару рәсімдерін анықтайды және олардың пайда болуына жол бермейді, қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қорлардың қолжетімділігі туралы келісіммен байланысты ашық ақпараттық жүйелерге қосылу тәртібін, ақпаратты сақтау, өңдеу және көшіру орындарына қойылатын талаптарды, негізгі және қосымша телекоммуникациялық сервистерді (қызметтерді) пайдалану бойынша қызмет көрсетудің артықшылықтарын айқындайды;

      ақпараттық және коммуникациялық тасушыларды қорғау және тоқтап қалған немесе істен шыққан ақпараттық-басқару жүйелерін қалпына келтіру рәсімдерін әзірлейді;

      ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті бақылауды, ақпарат қауіпсіздігін ақпараттық, материалдық-техникалық және ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайта құрылған және жаңғыртылған объектілердің жобалары пікір және қорытынды береді;

      ақпараттық инфрақұрылының негізгі жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмаларды қарауға қатысады, олардың қолданыстағы нормативтік және әдістемелік құжаттарға сәйкестілігін бағалайды;

      ақпараттарды қорғаудың жаңа техникалық құралдарын енгізу жұмыстарына қатысады;

      ұйымда ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи ұйымдастыру-техникалық шараларын, құралдары мен тәсілдерін және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізуге және таратуға ықпал етеді;

      ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынылған және іске асырылып жатқан ұйымдастыру-техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық деңгейі мен тиімділігін бағалайды;

      персоналдың қорғау объектілеріне қол жеткізу тізімдерін, қызметкерлердің мінез-құлқының, оның ішінде оларды ауыстыру, жұмыстан шығару және өзге ұйымдардың персоналымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тәртібін әзірлейді;

      ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінің басшы және өзге де жауапты тұлғаларының іс-қимыл тәртібін қоса алғанда, дағдарыстық жағдайлардағы іс-қимылдарға басшылық жасауды және қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады.

      325. Білуге тиіс:

      мемлекеттік құпияны және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғау жөніндегі қызметті реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік құжаттар;

      басқару, байланыс және автоматтандыру құрылымы және ұйымның ақпараттық инфрақұрылымының негізгі жүйесінің негізгі элементтері;

      қолжетімділікті шектеу кіші жүйелері;

      шабуылдарды айқындау кіші жүйелері;

      әдейі әсерлерден қорғау, ақпараттың тұтастығын бақылау кіші жүйелері;

      бөлінген байланыс арналарын пайдалана отырып, ортақ пайдалану жүйесі арқылы өзара іс-қимыл жасайтын объектілер арасында қорғалған арнаны құру тәртібі;

      өзара іс-қимыл жасайтын объектілерді аутентификациялауды жүзеге асыру және жөнелтушінің түпнұсқалығын және деректерді жалпы пайдалану жүйесі арқылы берілетін тұтастықты тексеру тәртібі;

      ұйымның негізгі және қосалқы техникалық құралдармен және жүйелермен жарақтандырылуы, оларды дамыту мен жаңғырту перспективалары мен бағыттары;

      деструктивті ақпараттық әсерлерден ақпаратты қорғаудың техникалық және бағдарламалық-аппараттық құралдарының әдістері мен құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары;

      ақпараттандыру объектілерін жобалау және аттестаттау тәртібі;

      ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты қорғаудың тиімділігін бақылау;

      радиобайланыстың ашық арналарын пайдалануды бақылау тәртібі;

      ақпараттың қауіпсіздігіне төнген қатерлерді анықтау құралдары мен әдістері;

      ақпараттың жария болып қалу арналарын анықтау әдістемелері;

      ақпараттарды техникалық жағынан қорғау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және әзірлемелер жасау әдістері;

      ақпараттық инфрақұрылымның түйінді жүйелерін тексеру, тексеру актілерін, сынақ хаттамаларын, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арнайы құралдарын пайдалану құқығына нұсқамаларды, сондай-ақ тәртібіді, нұсқаулықтарды және өзге де ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды жасау тәртібі;

      ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өкілеттіктер;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің штаттық техникалық құралдарын қолдану тәртібі мен мүмкіндіктері және олардың тиімділігін бақылау тәртібі;

      тексеру нәтижелерін талдау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың бұзылуын есепке алу әдістері;

      ұсыныстарды дайындау әдістемесі;

      ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу мүддесінде есептеу жұмыстарын орындаудың әдістері мен құралдары;

      ғылым мен техника жетістіктері, елдегі және шетелдегі техникалық барлау және ақпаратты қорғау;

      кәсіби деңгейді бағалау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мамандарды аттестаттау әдістері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      326. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санатты ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санатты ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;

      II санатты ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз ақпараттық инфрақұрылымның негізгі жүйелерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

6-параграф. Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әкімші

      327. Лауазымдық міндеттері:

      пайдаланушылар өкілеттіктерінің ара-жігін ажыратуды және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібін, негізгі және қосалқы техникалық құралдар мен жүйелерді пайдалану тәртібін белгілейді;

      жұмыскерлердің ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тізіміне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруды орындауына бақылауды жүргізеді, штаттан тыс жағдайлардың есебін жүргізеді;

      басшылықты және қауіпсіздік қызметінің уәкілетті жұмыскерлерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің элементтеріне, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері мен оқиғалары туралы ақпараттандырады;

      басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздік механизмдері мен сервистерін, ақпарат пен бақылауды техникалық қорғаудың құралдары мен кешендерін басқаруды жүзеге асырады;

      ақпаратты өңдеудің белгіленген технологиясын сақтамау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындамау кезінде жұмысты тоқтатады, ақпаратты қорғаудың технологиялық шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      аппараттық және бағдарламалық құралдарды орнату, жаңғырту және профилактикалау бойынша жұмыстарды бақылайды, электрондық құжаттар мен деректер массивтерінің архивжәне резервтік көшірмелерін жасау, есепке алу, пайдалану және сақтау бойынша жұмысты бақылайды;

      басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің бағдарламалық-аппараттық кескініне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарға қатысады және оның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуын бақылайды;

      ақпаратты электрондық жеткізгіштердің есебін жүргізеді, оларды қабылдауды, жауапты орындаушыларға беруді, сақтауды жүзеге асырады, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді.

      328. Білуге тиіс:

      мемлекеттік құпиялар мен өзге де қолжетімділігі шектелген ақпаратты қорғауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар;

      қорғалуға тиіс ақпараттандыру объектілері;

      ұйымның және оның бөлімшелері қызметінің бағыттары мен мамандануы;

      қолданылатын ақпараттық технологиялар мен жүйелер;

      басқару, байланыс және автоматтандыру құрылымы;

      техникалық барлау әдістері және олардың мүмкіндіктерін бағалау әдістері;

      ақпарат қауіпсіздігінің қауіптері және бұзушылықтардың (санаттары) жіктелуі;

      ақпараттандыру объектілерінің негізгі және қосалқы техникалық құралдармен және жүйелермен, ақпаратты техникалық қорғау кешендерімен және құралдарымен, автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздік сервистерімен және тетіктерімен жарақтандырылуы;

      қол жетімділікті шектеудің кіші жүйелері;

      шабуылдарды анықтаудың кіші жүйелері;

      әдейі әсерден қорғаудың кіші жүйелері;

      ақпараттың тұтастығын бақылау әдістері, оларды дамыту және жаңғырту перспективалары;

      қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін бағалау, ақпараттың таралып кету арналарын анықтау, сыни есептеу және ақпараттық ресурстарды резервтеу және қайталау процесін бақылау әдістері;

      бақылау және ақпаратты қорғаудың техникалық, бағдарламалық-аппараттық құралдарымен, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздік механизмдері және сервистерімен жұмыс жасау тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      329. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ақпаратты қорғау жөніндегі маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

7-параграф. Аудармашы

      330. Лауазымдық міндеттері:

      ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және өзге арнайы әдебиетті, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауар алып жүру құжаттамаларын, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялардың, мәжілістердің, семинарлардың материалдарын аударады;

      аудармалардың түпнұсқасының лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкес келуін, пайдаланылған ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды белгіленген мерзімдерде орындайды;

      аудармаларды редакциялауды жүзеге асырады;

      шетел әдебиетінің және ғылыми-техникалық құжаттаманың аннотацияларын және рефераттарын дайындайды;

      шетел материалдары бойынша тақырыптық шолулар жасауға қатысады;

      терминдерді біріздендіру, экономиканың, ғылым мен техниканың тиісті салалары бойынша аудармалардың тақырыптары бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру, орындалған аудармаларды, аннотацияларды, рефераттарды есепке алу және жүйелеу бойынша жұмысты жүргізеді.

      331. Білуге тиіс:

      шет тілі, ғылыми-техникалық аударма әдістемесі;

      аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесі;

      ұйым қызметінің мамандану;

      қазақ (орыс) және шет тілдеріндегі аудармалардың тақырыбы бойынша терминология;

      сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар және анықтамалықтар;

      ғылыми және әдеби редакциялау негіздері;

      қазақ (орыс) және шет тілдерінің грамматикасы және стилистикасы;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      332. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты аудармашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы аудармашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      ІІ санатты аудармашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз аудармашы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз аудармашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

8-параграф. Аудармашы-дактилолог

      333. Лауазымдық міндеттері:

      дене қимылы арқылы (дактилогиялар) ұйымның саңырау жұмыскерлері үшін ауызша сөйлеудің (телефондық келіссөздерді, радиотелевизиялық хабарларды береді, өндірістік кеңестерді, жиналыстарды, әңгімелерді, сабақ оқу және өзге де) тура аудармасын жүзеге асырады;

      саңырау жұмыскерлердің дене қимылы арқылы сөйлеуінің (дактилогиялар) кері аударылуын біледі;

      естімейтін топтар бар ұйымда саңырау жұмыскерлердің бір-бірін түсінуін жақсартуға қол жеткізу үшін дене қимылы арқылы үндестіру бойынша тұрақты жұмыс атқарады;

      ұйым жұмыскерлерінің қалған естуін және ауызша сөйлеуін одан әрі дамытуға ықпал ете отырып, сөйлеу және еріннен оқу кабинеттерінің жұмысына сондай-ақ естімейтіндердің өндірістік немесе оқу қызметі мәселелерінен хабардарлығы деңгейін анықтау мақсатында жұмыс істейтіндер топтарын арнайы зерттеулерді жүргізуге қатысады;

      саңырау жұмыскерлердің мүдделерін олар ұйымдарға барғанда ұсынады, ұйымдағы өзге де жұмыскерлермен өзара түсінісінісуін қамтамасыз етеді;

      есту қабілеті төмен адамдар арасында бос уақыттағы мәдени және әлеуметтік-оңалту жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      кадр бөлімімен бірге еңбекті ұйымдастыруға қатысады және өндіріс учаскелерінде саңыраулармен нашар еститін жұмыскерлерді тиімді орналастыруға, сонымен қатар саңырау және нашар еститін оқушылардың қатысуына және үлгеріміне, олардың өндірістік іс-тәжірибесін орындауына бақылау жасауға қатысады, белгіленген құжаттаманы жүргізеді;

      саңырау және нашар еститін қызметкерлерді қауіпсіз еңбек әдістеріне оқыту, оларға өндірістік тапсырмаларды түсіндіру кезінде нұсқаманы ауыстыруды жүзеге асыра отырып, өндірістік бөлімшелердің басшыларымен жұмыс жүргізеді;

      өндірістік бөлімшелердің басшыларымен бірлесе отырып саңырау жұмыскерлердің біліктілігін артыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      өзінің дене қимылы арқылы сөйлесу білімін тұрақты толықтырады, саңыраулармен қатынаста болу ерекше құрал техникасын жетілдіреді.

      334. Білуге тиіс:

      есту қабілеті бұзылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, білім алу және қызмет көрсету тәртібін реттейтін, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      дактильді-қимыл тілі, оны жетілдіру әдістемесі, оның орындалу мәдениеті мен толықтығы;

      әлеуметтік психология, есту қабілеті бұзылған қызметкерлерді оңалтудың медициналық және техникалық аспектілері;

      негізгі технологиялық жабдықтар және олардың жұмыс істеу принциптері;

      цех, учаскелердің мамандануы, олардың арасындағы өндірістік байланыстар;

      есту қабілеті бұзылған адамдар жұмыс істейтін ұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері және бейіні;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      335. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      I санаттағы аудармашы-дактилолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санаттағы аудармашы-дактилолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      II санаттағы аудармашы–дактилолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз аудармашы–дактилолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз аудармашы–дактилолог: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

9-параграф. Аудитор (ревизор)

      336. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      бизнестің түрлі аспектілеріне байланысты бухгалтерлік қызметтер көрсетеді;

      меншік нысанына қарамастан ұйымның қаржылық қызметін талдауды жүргізеді;

      бухгалтерлік құжаттарды және есептілікті тексеруді, оның дәйектілігін бағалауды, сондай-ақ жүргізілген қаржылық операциялардың заңдылығын, олардың заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін, салық салудың белгіленген тәртібін ішкі және сыртқы бақылауды жүзеге асырады;

      айыппұл және өзге санкциялар қолдануға, пайданың төмендеуіне әкеп соғуы және ұйымның беделіне теріс әсер етуі мүмкін қате есептеулердің және қателердің алдын алу мақсатында қажетті ұсынымдар береді;

      заңды және жеке тұлғаларға шаруашылық және қаржы қызметінің, бухгалтерлік есептілік мәселелері, салық салу, заңсыз ұсынылған талап-арыздарды даулаудың қолданылып жүрген тәртібінің проблемалары және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультация береді;

      сот органдарында төлем қабілетсіздігі (банкроттық) туралы талап-арыздарды қарауға қатысады;

      нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қадағалайды.

      337. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері;

      қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттары, салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламалары;

      қаржылық, салық және шаруашылық заңнама, бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті жасау тәртібі;

      ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін талдау әдістері;

      тексерулер және құжаттамалық тексерулер жүргізу тәртібі;

      ақша айналымы, кредит, баға белгілеу тәртібі;

      заңды және жеке тұлғаларға салық салу мәселелері;

      бизнесті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, іскерлік қарым-қатынас этикасы;

      қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі;

      есеп пен есептіліктің қолданыстағы нысандары;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      338. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қосымша арнайы даярлық, кемінде 3 жыл бухгалтерлік жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және қосымша арнайы даярлық, кемінде 5 жыл бухгалтерлік жұмыс өтілі.

10-параграф. Аукционшы

      339. Лауазымдық міндеттері;

      тауарды (жеке үй мүлкін, автомобильдерді, өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, асыл тастарды, сондай-ақ акцияларды, шикізатты, өндірістік жабдықты, үй малдарын және тағы сондайлар) сату үшін аукциондық сауда-саттыққа ұсынылған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің сапасын айқындауға және бағалауға қатысады;

      аукционнан клиенттің немесе әртүрлі меншік нысанындағы ұйымның атынан тауар сатады;

      сатудың өспелі бағасын белгілей отырып, аукциондық сауда-саттық рәсімін жүргізеді;

      нарықтың конъюктурасын, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке сұранысты зерделейді;

      кепілдік аукциондар, инвестициялық конкурстар, аукциондық сауда-саттыққа түскен тауарларға сараптама жүргізуге қатысады;

      заңды және жеке тұлғаларға оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультация береді;

      сату тәртібі мен шарттарын талқылауға қатысады;

      құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды және белгіленген есептілікті ресімдейді.

      340. Білуге тиіс:

      жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;

      шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері, ішкі және сыртқы нарықтардың конъюнктурасы;

      іскерлік қарым-қатынас этикасы, тауартану, материалтану, өнертану;

      инвестициялық конкурстың, сауда-саттықтың, аукциондардың қатысушыларына, сату үшін түсетін тауарларға қойылатын талаптар;

      инвестициялық конкурстар, аукциондық сауда-саттықты және кепілдік аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

      аукциондық каталогтар жасау тәртібі;

      әлеуметтік психология негіздері;

      ішкі және сыртқы нарықтың конъюктурасын және даму үрдістерін талдау және сатылатын тауарлардың сапасы мен құнын белгілеу әдістері;

      қажетті құжаттарды және белгіленген есептілікті жасау және ресімдеу тәртібі;

      азаматтық заңнама, экономика негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      341. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және қосымша арнайы даярлық, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл қосымша арнайы даярлық.

11-параграф. Әкімші

      342. Лауазымдық міндеттері:

      келушілерге тиімді және мәдениетті қызмет көрсету, олар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      келушілерге көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша консультация береді;

      жанжалды жағдайларды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      келушілерге қанағаттанғысыз қызмет көрсетуге байланысты талаптарды қарайды, қажетті ұйымдық-техникалық шараларды қабылдайды;

      орын-жайдың тиісті безендірілуін бақылайды, орын-жай ішіндегі және ғимараттағы жарнама күйін және жаңартылуын қадағалайды;

      орын-жай ішінде және оның жанындағы немесе ғимаратқа іргелес аумақтың тазалығы мен ондағы тәртіпті қамтамасыз етеді;

      іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтайды;

      бағынысындағы жұмыскерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, өндірістік санитария мен гигиена талаптарын сақтауларын бақылайды;

      келушілерге көрсетілетін қызметтерде бар кемшіліктер туралы, оларды жою туралы қабылданған шаралар жайлы басшылықты хабардар етеді;

      жұмыскерлердің ұйым басшылығының нұсқауларын орындауын қамтамасыз етеді.

      343. Білуге тиіс:

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      басқару құрылымы, жұмыскерлердің міндеттері мен құқықтары, олардың жұмыс режимдері;

      келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудың әдістері мен тәртібі;

      көрсетілетін қызмет түрлері;

      марекетинг негіздері мен жарнама ұйымдастыру;

      орын-жайлар мен витриналарды безендіру тәртібі мен жоспары;

      эстетика және әлеуметтік психология негіздері;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

      344. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

12-параграф. Бағалаушы

      345. Лауазымдық міндеттері:

      бағалау объектісіне қатысты нарықтық немесе заңнамада және құнды бағалау стандарттарында көзделген өзге де белгілеуге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады;

      бағалау объектілерін бағалау жөніндегі қызметтерге қажеттілікті анықтайды, іскерлік байланыстарды жүзеге асырады, клиенттермен келіссөздер жүргізеді, тапсырыс берушілермен белгілеген нысанға сәйкес бағалау объектісін бағалауды жүргізу туралы шарттар жасайды және ресімдейді, жасалған шарттарда көзделген талаптардың сақталуын қадағалайды;

      құқықтық сараптама жүргі