БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша инвесторларды немесе олардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;";
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі қызметті үйлестіру мен мониторингті жүзеге асыру;";
8) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялауды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Нұртілеу |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі