Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 12.01.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 18.11.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Шахтинск қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекеменің 2023 жылғы 19 қарашадағы №25-1-8/425-И хаты негізінде, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Нурлан Анетович Мажитов тағайындалсын.
3. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Н.А. Мажитов осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Мажитовқа жүктелсін.
5. Осы шешім 2023 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |