"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 32/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы "Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 19/08 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 32/03 қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ) мемлекеттік жоспарлау, қалалық бюджетті орындау, бюджеттік есепті жүргізу және қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есептілікті жасау, коммуналдық мүлікті басқару, Мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға жәрдемдесуді, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

      2. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

      3. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 құрылыс. Индексі 101600.

      9. Осы ереже "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 Тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы қаржы жылына арналған қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шахтинск қаласы бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етуге қатысу;

      жергілікті атқарушы органмен жүктелген құзыреті шегінде Шахтинск қаласының коммуналдық меншігін басқару;

      жергілікті атқарушы органмен жүктелген құзыреті шегінде Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарына талдау жүргізу және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      жергілікті атқарушы орган жүктеген құзыреті шегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру.

      орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктер:

      1) құқығы бар:

      қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды, қаланың экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алуға;

      атқарушы органдардың иелігіндегі ақпараттық, оның ішінде құпия деректердің барлық түрлерін пайдалануға;

      қаланың экономика және қаржы бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

      мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босатуға;

      мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолдану және тәртіптік жаза қолдануға;

      қала әкімдігінің, жергілікті атқарушы органдардың отырыстарына қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастырумен және іске асырумен айналысады;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      14. функциялар:

      Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарына талдау және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;

      қала бюджетінің жобасын жасау, бюджетке салықтар мен кірістердің жылдық түсімдерін болжау, жергілікті бюджетке кірістердің түсуіне талдау жүргізу;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін және жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      осуществление разработки городского бюджета на трехлетний период, подготовка материалов для работы бюджетной комиссии и формирование городского бюджета;

      жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жалпы сипаттағы трансферттер беру;

      өңір бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету;

      шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;

      қалалық мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешіміне сәйкес Шахтинск қаласы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      коммуналдық мүлікті басқару, қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы акциялар пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену, пайдалану, сондай-ақ Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген жағдайларда билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөніндегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу;

      коммуналдық мүлікті коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту, коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу;

      Шахтинск қаласы әкімдігінің коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы қабылдаған шешімдері бойынша коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

      Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру;

      коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асыру;

      тиісті саланың уәкілетті органына коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

      қалалық коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;

      коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;

      қала әкімдігіне тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі қала әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

      қала әкімдігінің қатысуымен коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;

      жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу;

      коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

      сыйға тарту шарты бойынша коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      бөлім жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу;

      мүлікті коммуналдық меншіктің бір деңгейінен екіншісіне қабылдау - беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Шахтинск қаласы әкімінің және (немесе) Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау мәселелері бойынша аналитикалық ақпараттар, анықтамалар дайындау;

      Шахтинск қаласының заңды тұлғалары үшін орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      15. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшылықты "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      18. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      мемлекеттік мекеменің құрылымын қалыптастырады;

      мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімнің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      бөлім мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      Мемлекеттік сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету шарттарының орындалуына, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалмағаны үшін дербес жауапты болады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения Государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска"

Постановление акимата города Шахтинска Карагандинской области от 11 июля 2023 года № 32/03

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственном имуществе", в целях приведения положения государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" в соответствие с действующим законодательством, акимат города Шахтинска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска", согласно приложению.

      2. Руководителю государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" осуществить в установленном законодательством порядке необходимые мероприятия, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата города Шахтинска от 14 апреля 2022 года № 19/08 "Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шахтинска Буравко Л. Д.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шахтинска М. Кыдырганбеков

  Утверждено
Постановлением акимата
города Шахтинска
от 11 июля 2023 года
№32/03

Положение государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Шахтинска"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" (далее – ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим качественный сбалансированный рост экономики с эффективной системой государственного планирования города, исполнение городского бюджета, ведение бюджетного учета и составление бюджетной отчетности по исполнению городского бюджета, управление коммунальным имуществом, координацию процесса государственных закупок, в том числе в качестве единого организатора государственных закупок осуществляющим процедуры организации и проведения централизованных государственных закупок, содействие реализации проектов государственно-частного партнерства, реализацию единой государственной политики в сфере информатизации.

      2. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица:

      Республика Казахстан, Карагандинская область, город Шахтинск, улица Казахстанская, строение 101. Индекс 101600.

      9. Настоящее положение является учредительным документом ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска".

      10. Финансирование деятельности ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" осуществляется из местного бюджета, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска".

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      разработка проекта городского (местного) бюджета на предстоящий финансовый год на основе экономически обоснованного планирования доходов и расходов в соответствии с действующим законодательством, и организация его исполнения;

      участие в соответствии с действующим законодательством в обеспечении исполнения бюджета города Шахтинска;

      управление коммунальной собственностью города Шахтинска, в пределах компетенции возложенной местным исполнительным органом;

      проведение анализа основных направлений социально-экономической политики и осуществление мониторинга социально-экономического развития города Шахтинска, в пределах компетенции возложенной местным исполнительным органом;

      осуществление мониторинга и анализа реализации государственных программ, направленных на социально -экономическое развитие города, в пределах компетенции возложенной местным исполнительным органом.

      осуществление централизованных государственных закупок.

      13. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций, финансируемых из городского бюджета необходимую информацию, документы и иные материалы, устные и письменные объяснения от должностных лиц по вопросам, отнесенным к компетенции отдела экономики и финансов города;

      пользоваться всеми видами информационных данных, в том числе секретными, имеющимися в распоряжении исполнительных органов;

      вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению отдела экономики и финансов города;

      принимать и увольнять с работы сотрудников государственного учреждения;

      применять меры поощрения и налагать дисциплинарные взыскания на сотрудников учреждения;

      участвовать в заседаниях акимата города, местных исполнительных органов;

      осуществляет иные полномочия, определенные Законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан;

      занимается формированием и реализацией гендерной и семейнодемографической политики;

      2) обязанности:

      соблюдать законодательство Республики Казахстан;

      14. Функции:

      осуществление анализа основных направлений социально-экономической политики и мониторинга социально-экономического развития города Шахтинска;

      осуществление проектного управления в деятельности государственных органов;

      составление проекта бюджета города, прогнозирование годовых поступлений налогов и доходов в бюджет, проведение анализа поступления доходов в местный бюджет;

      определение лимитов расходов администраторов бюджетных программ и лимитов на новые инициативы и их доведение до администраторов бюджетных программ;

      осуществление разработки городского бюджета на трехлетний период, подготовка материалов для работы бюджетной комиссии и формирование городского бюджета;

      предоставление трансфертов общего характера органам местного самоуправления;

      обеспечение ведения бюджетного учета и отчетности по исполнению бюджета города;

      составление консолидированной финансовой отчетности;

      обеспечение погашения и обслуживание долга акимата города Шахтинска в соответствии с решением городского маслихата о городском бюджете на очередной финансовый год;

      разработка нормативно правовых актов в сфере управления государственным имуществом в пределах своей компетенции;

      управление коммунальным имуществом, осуществление полномочий по владению, пользованию, а также в случаях, установленных акиматом города Шахтинска, распоряжению городской коммунальной собственностью, в том числе пакетами акций в акционерных обществах и долями участия в хозяйственных товариществах, находящихся в коммунальной собственности;

      проведение конкурса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации коммунального имущества;

      закрепление коммунального имущества за коммунальными юридическими лицами, организация учета коммунального имущества, обеспечение его эффективного использования, в установленном порядке ведение реестра государственного имущества;

      осуществление приватизации коммунального имущества по принятым решениям акимата города Шахтинска о приватизации коммунального имущества, привлечение посредника для организации процесса приватизации, обеспечение оценки объекта приватизации, осуществление подготовки и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      предоставление коммунального имущества в имущественный наем (аренду), физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, в порядке, определяемом акиматом города Шахтинска;

      передача коммунального имущества в безвозмездное пользование;

      передача коммунального имущества в доверительное управление осуществление контроля за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом;

      осуществление изъятия излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц, выявленного по результатам контроля целевого использования государственного имущества;

      дает согласие уполномоченному органу соответствующей отрасли на осуществление реорганизации и ликвидации коммунального юридического лица;

      дает согласие городскому коммунальному государственному учреждению на отчуждение или распоряжение иным способом закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств;

      проведение анализа предоставления в имущественный наем (аренду) имущества, закрепленного за коммунальными юридическими лицами;

      осуществление контроля за своевременностью и полнотой начисления дивидендов на принадлежащие акимату города акции и их выплаты, а также за распределением чистого дохода между участниками товарищества с ограниченной ответственностью, доля участия в уставном капитале которого принадлежит акимату города;

      осуществление организации и проведение мониторинга функционирования и эффективности управления коммунальными предприятиями, акционерными обществами и товариществами с ограниченной ответственностью с участием акимата города;

      согласование списания имущества государственных учреждений, содержащихся за счет местных бюджетов;

      организация учета, хранения, оценка и дальнейшее использование коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, безхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безнадзорных животных безвозмездно перешедших в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность;

      организация работы по приему в коммунальную собственность имущества по договору дарения;

      проведение процедур государственных закупок, осуществляемых отделом;

      организация работы по приему - передаче имущества из одного уровня коммунальной собственности в другой;

      подготовка аналитической информации, справок акиму города Шахтинска и (или) курирующему заместителю акима города Шахтинска по вопросам социально-экономического развития города, коммунальной собственности, государственных закупок, бюджетного планирования и исполнения бюджета;

      организация централизованных государственных закупок, для юридических лиц акимата города Шахтинска;

      осуществление мониторинга реализации проектов государственно-частного партнерства;

      осуществляет иные функции, возложенные на него действующим законодательством.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов (при наличии)

      15. Руководство ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" имеет заместителя, который назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска":

      формирует структуру государственного учреждения;

      осуществляет общее руководство государственным учреждением, организует организационно - правовое, материально-техническое и финансовое обеспечение деятельности отдела, координирует и контролирует работу отдела;

      утверждает должностные инструкции специалистов отдела;

      утверждает правила внутреннего трудового распорядка в государственном учреждении, контролирует исполнение законодательства о государственной службе;

      без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, и иных организациях;

      принимает все необходимые меры для неукоснительного исполнения поручений акима и акимата города Шахтинска;

      обеспечивает постоянный контроль и мониторинг за исполнением договоров государственных закупок, работ и услуг, в том числе за освоением выделяемых бюджетных средств;

      принимает меры по противодействию коррупции;

      несет персональную ответственность за неисполнение не исполнение антикоррупционного законодательства;

      осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом.

      Исполнение полномочий первого руководителя ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" относится к коммунальной собственности.

      22. ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение ГУ "Отдел экономики и финансов города Шахтинска" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.