"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 19/08 қаулысы. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 32/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 11.07.2023 № 32/03 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес, "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 19/08 қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ) мемлекеттік жоспарлау, қалалық бюджетті орындау, бюджеттік есепті жүргізу және қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есептілікті жасау, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, Мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға жәрдемдесуді, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

      2. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

      3. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 құрылыс. Индексі 101600.

      9. Осы ереже "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      10. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 Тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы қаржы жылына арналған қалалық (жергілікті) бюджеттің жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шахтинск қаласы бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етуге қатысу;

      жергілікті атқарушы органмен жүктелген құзыреті шегінде Шахтинск қаласының коммуналдық меншігін басқару;

      жергілікті атқарушы органмен жүктелген құзыреті шегінде Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарына талдау жүргізу және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      жергілікті атқарушы орган жүктеген құзыреті шегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыру.

      орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктер:

      1) құқығы бар:

      қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды, қаланың экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алуға;

      атқарушы органдардың иелігіндегі ақпараттық, оның ішінде құпия деректердің барлық түрлерін пайдалануға;

      қаланың экономика және қаржы бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

      мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босатуға;

      мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолдану және тәртіптік жаза қолдануға;

      қала әкімдігінің, жергілікті атқарушы органдардың отырыстарына қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастырумен және іске асырумен айналысады;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      14. функциялар:

      Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарына талдау және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

      қала бюджетінің жобасын жасау, бюджетке салықтар мен кірістердің жылдық түсімдерін болжау, жергілікті бюджетке кірістердің түсуіне талдау жүргізу;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін және жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      осуществление разработки городского бюджета на трехлетний период, подготовка материалов для работы бюджетной комиссии и формирование городского бюджета;

      жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жалпы сипаттағы трансферттер беру;

      өңір бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді қамтамасыз ету;

      шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;

      қалалық мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы шешіміне сәйкес Шахтинск қаласы әкімдігінің борышын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      аудандық коммуналдық мүлікті басқару, қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы акциялар пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену, пайдалану, сондай-ақ Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген жағдайларда билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөніндегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізу;

      аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту, аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу;

      Шахтинск қаласы әкімдігінің аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы қабылдаған шешімдері бойынша аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

      Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген тәртіпте аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру;

      коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асыру;

      тиісті саланың уәкілетті органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

      қалалық коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;

      аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;

      қала әкімдігіне тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі қала әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

      қала әкімдігінің қатысуымен аудандық коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;

      жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу;

      коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

      сыйға тарту шарты бойынша коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      бөлім жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу;

      мүлікті коммуналдық меншіктің бір деңгейінен екіншісіне қабылдау - беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Шахтинск қаласы әкімінің және (немесе) Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, коммуналдық меншік, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау мәселелері бойынша аналитикалық ақпараттар, анықтамалар дайындау;

      Шахтинск аймағының заңды тұлғалары үшін орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Шахтинск қаласының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;

      қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      15. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшылықты "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      18. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      мемлекеттік мекеменің құрылымын қалыптастырады;

      мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімнің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      бөлім мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      Мемлекеттік сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету шарттарының орындалуына, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз етеді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалмағаны үшін дербес жауапты болады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады