Абай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 13/126 шешімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 10.10.2024 № 24/233 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2024 жылы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д.Сакенов

О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района

Решение Абайского районного маслихата Карагандинской области от 21 декабря 2023 года № 13/126.

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2024.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан", "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения Абайского районного маслихата Карагандинской области от 10.10.2024 № 24/233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      1. Предоставить в 2024 году меры социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района.

      2. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию по экономике, жилищно-коммунальному хозяйству и аграрным вопросам.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года.

      Председатель Абайского районного маслихата Д.Сакенов