"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Қарағанды ауылдық округі Жартас ауылының көшелері:
Школьная көшесін Мектеп көшесіне;
Садовая көшесін Гүлдер көшесіне;
Комарова көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Молодежная көшесін Жастар көшесіне;
Советская көшесін Қаныш Сәтбаев көшесіне;
60 лет Казахстана көшесін Қазақстан көшесіне;
Комсомольская көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Приречная көшесін Күнгей көшесіне;
Коммунистическая көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Гагарина көшесін Нұркен Әбдіров көшесіне;
Ленина көшесін Абай көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды ауылдық округінің әкімі | В. Кирей |