Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 13-4-4/146 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің "Нурислам" қыстағының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі "Карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін қолданысқа еңгізіледі.
Сарышаған кентінің әкімі | А.Тоимбеков |