Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 03.07.2023 № 2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы, 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 13-4-4/86 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің "Нурислам" қыстағының аумағында ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарышаған кентінің әкімі | А.Тоимбеков |