Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Центральный ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Андренниковка ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін ауданы 0,0060 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге мемлекеттік тіркеуші органда одан әрі тіркей отырып, жария сервитут белгіленсін.
2. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
2) жер учаскесін пайдалану мен ауыртпалыққа шектеулер белгіленсін: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
С. Мейрманов |