Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Қарқаралы ауданы әкімінің 2018 жылғы 05 наурыздағы №72 "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Е.Құсайын |
Қарқарлы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "16" тамыздағы № 228 қаулысымен бекітілген |
"Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) әлеуметтік және экономикалық процесстерін басқару саласында басшылық ететін, реформаларды тереңдету бойынша Үкіметтің шараларын іске асыру механизмін жетілдіретін және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
1) "Қарқаралы ауданының Жастар Ресурстық Орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөртаңбасы, бекітілген нысандағы бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты бар.
5. Бөлім өзінің жеке атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығады.
6. Егерде бұл заңнамамен сәйкес уәкілдік болса, мемлекет атынан азаматтық-құқытық қатынастар тарапынан шығуға құқығы бар.
7. Бөлім белгіленген заңнама тәртібінде өз құзыретінің мәселелері бойынша "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған және басқада актілермен ресімделген шешімдер қабылдай алады.
8. Бөлімнің құрылымы және штаттық санының лимиті күші бар заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, құрылыс 23.
10. Бөлімнің толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел внутренней политики Каркаралинского района".
11. Осы Ереже "Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субьектілерімен мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімнің қызмет кірісін әкелетін заңнамалық актілермен жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтерден алынған кірістер, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы:
Ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың бағытына қоғамдық және саяси қолдау көрсету,аудандағы қоғамдық саяси ахуалды нығайтуға бағытталған ақпараттық насихаттау жұмыстарын өткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды насихиттау арқылы жұмыс жасап жатқан биліктің әлеуметтік базасын кеңейту, аудан тұрғындарының әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінін арттыру.
15. Негізгі міндеттері:
1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үрдістер мен қоғамның бірігуін демократияландыру;
2) мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік және лауазымдық тұлғалардың жұмыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс пен аудан әкімінің тапсырмаларын үйлестіру;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайту, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
4) ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар жасау, азаматтық сәйкестігін қалыптастыру, ауданның ұзақ мерзімді даму басымдылықтарының негізінде қоғамның бірігуін қалыптастыру;
5) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси үрдістер мен тенденциялардың дамуын жаң-жақты және объективті түрде зерттеп, жинақтап қорыту және талдау;
6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
7) аудандағы қоғамдық саяси жағдайларды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргізу;
8) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдерімен өзара әрекет жасау.
9) коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, әкімшілік құқық бұқушылық туралы хаттамалар жасау.
16. Бөлімнің функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ішкі саясат саласындағы әкімдік қаулыларын, облыс пен аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) өңірлік бағдарламаларды әзірлеуді, мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің жобаларын сараптап және дайындауды ұйымдастырады;
3) аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік мәжілістік органдардың отырыстарына қатысады;
4) аудан әкімі мен оның аппаратының қызметін ақпараттық-талдауды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) республикалық, облыстық, аудандық қоғамдық-саяси мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;
6) ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы республикалық, өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
7) мәліметтердің ақпараттық жиынтығын қалыптастыру, жинақтап қорыту және топтастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
8) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
9) аудандағы ішкі саяси тұрақтылық пен саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
10) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
11) өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асыратын балалар және жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді;
12) заңды тұлғалық белгілері жоқ, аз санды діни топтар және діни- ағартушылық қызметтері арқылы қандайда бір діни оқуларды жүргізу және насихаттауды жүзеге асыратын шетел азаматтарының қызметтеріне мониторинг жүргізеді;
13) мемлекеттік рәміздер бойынша аудандық комиссияның жұмыстарын ұйымдастырады;
14) аудандық деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады;
15) діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
16) аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
17) аудандық үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу және өзара байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
18) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын, оның ішінде конкурстық рәсімдер өткізу және жобаның іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
19) Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;
20) Мемлекеттік мекеменің қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
1) ішкі саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, бұйрықтар шығару;
2) ішкі саясат саласындағы нормаларды, ережелер мен әдістемелік құжаттарды қолдану мәселелері бойынша түсініктеме беру;
3) өз функцияларын орындау үшін заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар сұрауға және алуға, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметшілерін мекеме құзіретіне жататын мәселелер дайынадауға қатысуға тарту;
4) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болуға және жүзеге асыру, сотта талапкер және жауапкер беруші болу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен басқа да заңды актілер жасау;
6) мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдауды және басқа да материалдар дайындауды жүзеге асыру;
7) ақпараттық саясатты жүргізуге және басқа да мемлекеттік тапсырыстарды іске асыру бойынша жергілікті бағдарламаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізу;
8) Бөлімнің құзіретіне кіретін ішкі саясат саласындағы мәселелермен, адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және басқа да мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру - әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсету.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылық ету өз функцияларын жүзеге асыруына және жүктелген бөлімнің міндеттерін орындау үшін жеке жауап беретін басшы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
20. Бөлімнің басшысының орынбасары болмайды.
21. Бөлімнің басшысының уәкілеттігі:
Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген өзінің құзіретіне және осы Ережеге сәйкес, Бөлімнің қызметтерінің мәселелерін өзі және дара басшылық принципінде әрекет етіп шешеді.
22. Қызметін жүзеге асыру кезінде басшы Заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Бөлімнің атынан сенімхатсыз жұмыс істейді, азаматтар мен заңды тұлғалармен барлық ұйымдарда оның мүдделерін көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген жағдайларда мүлікке иелік етеді, банктік есепшоттар ашады, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, қызметшілерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқау береді;
2) Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
3) Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін және өкілеттіктерінің шеңберін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес, ҮЕҰ-ға қатысты мәліметтерді ұсынбағаны, кешіктіріп ұсынғаны және дәйексіз немесе жалған ақпаратты ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырады, атап айтқанда: (ҚР ӘҚБК 489-1-бабының 1- бөлімі бойынша) ескерту, (ҚР ӘҚБК 489-1-бабының 2-бөлімі бойынша – жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан бұзғаны үшін) айыппұл немесе үш айға қызметін тоқтатады;
5) Бөлімнің қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау үшін жеке жауап береді;
6) ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерінің және тең құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз етеді;
7) Бөлімнің басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асыра алады;
8) заңнамалармен осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
4. Бөлімнің мүліктері
23. Бөлім жедел басқару құқығы бар, коммуналдық меншікке жататын оңашаланған мүлкі бар.
24. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады жқне негізгі қорлар мен айналым қаржыларынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады;
25. Бөлімнің өзіне бекітілген мүліктен бас тартуға немесе басқа да тәсілмен билік жасауға құқығы жоқ;
26. Заңнамамен анықталған жағдайларда және шектеуде бөлімге мүлікке билік жасау құқығы беріледі.
27. Бөлім қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда оның мүлкі мемлекетке қайтарылады немесе құқықты иеленушіге көшеді.
5. Бөлімнің қайта құру және тарату
28. Бөлім тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.