Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 13.12.2023 № 5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 8 қарашадағы №15-4-1/411 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылында орналасқан Мектеп, Атамекен және Әл-Машани көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі | А. Бейсенбеков |