Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 5 шешімі. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров ауылдық округінің әкімінің 29.02.2024 № 2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №15-4-1/474 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдарының арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашасындағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі А. Бейсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады