Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономостикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Өсібай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Өсібай ауылының көшелері қайта аталсын:
Заречная көшесін Болашақ көшесіне;
Озерная көшесін Ынтымақ көшесіне.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің әкімі | Т.Билялов |