Қарқаралы ауданы Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Өсібай ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономостикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Өсібай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің Өсібай ауылының көшелері қайта аталсын:

      Заречная көшесін Болашақ көшесіне;

      Озерная көшесін Ынтымақ көшесіне.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің әкімі Т.Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады