БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 84981 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Қарасай аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Қарасай ауданы;
2) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы;
3) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімінің Шелек бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Кескенсу, Қаратұрық, Қаражота, Қорам, Бартоғай, Нұра, Аса, Масақ, Малыбай және Қазақстан ауылдық округтері;
4) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Жамбыл ауданы;
5) Іле аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Іле ауданы;
6) Райымбек аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Райымбек ауданы;
7) Кеген аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Кеген ауданы;
8) Талғар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Талғар ауданы;
9) Ұйғыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Ұйғыр ауданы;
10) Балқаш аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Балқаш ауданы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 18-ші шағын аудан, Құрылысшы көшесі, 19/31-үй.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдасын;
2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |