"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 30/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналаскан жері: 160225, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 32-көше, 11-ғимарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органнын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е.Сағымбаев

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 августа 2018 года № 64 "Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 22 мая 2023 года № 30/қе

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 августа 2018 года № 64 "Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 124014) следующее изменение:

      в Положении о Департаменте Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Туркестанской области, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить следующей редакции:

      "8. Местонахождение юридического лица: 160225, Республика Казахстан, Туркестанская область, город Туркестан, улица 32, здание 11.".

      2. Департаменту Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Туркестанской области в установленном законодательством порядке:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в месячный срок известить соответствующий территориальный орган Министерства юстиции Республики Казахстан о внесенном изменении, указанном в пункте 1 настоящего приказа;

      3) разместить настоящий приказ на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета национальной
безопасности Республики Казахстан
генерал-лейтенант национальной безопасности
Е. Сагимбаев