БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Заңды тұлғаның орналаскан жері: 160225, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 32-көше, 11-ғимарат.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органнын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е.Сағымбаев |