Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра ауданы Тассуат ауылының Набережный көшесі Нұра көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресмі жирияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылының әкімі | А. Ахметов |