Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, Сарыөзек ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 қаңтардағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округіндегі Сарыөзек ауылының көшелері келесідей:
Центральная көшесі – Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Школьная көшесі – Абай көшесіне;
Комарова көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Молодежная көшесі – Жастар көшесіне;
Степная көшесі – Көкалаат көшесіне;
Подстанция көшесі – Жарық көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К.Мусалим |