Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 31.10.2023 № 3654 қаулысымен (алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесi мөлшерде белгiленсiн:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетiлетiн қызметтерi арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезiнде - 85 (сексен бес) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде - 130 (жүз отыз) теңге.
2. "Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 09 желтоқсандағы № 16879 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7888 нөмірімен тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | А. Шаменов |