Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтi белгiлеу туралы" 2023 жылғы 1 тамыздағы № 3068 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | А. Шаменов |